Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ 1

ТАҚЫРЫБЫ: Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары

ОРЫНДАҒАН: Балғабайқызы Ә

ТЕКСЕРГЕН:Байғазанов А. Н

СЕМЕЙ

2015

Жоспар:

1. Токсикоздар (улану) туралы түсінік.

2. Уланудың (токсикоздардың) классификациясы.

3. Токсикоздардың (уланудың) алдын алу шаралары.

Мал дәрігерлігі тек қана ауру малды емдеп, жазып қоймайды, ол адамдарды және жануарларды аурулардан сақтандыратынын өздерің жақсы білесіңдер.

Әлемнің әр жерінде, мал және өсімдік өнімдерін тағамға пайдаланғаннан болған ауруларды әртүрлі топтарға бөліп қарайды. Әсіресе, олар жеген тағамына байланысты: егер адам ет жеген соң ауырса - ем тек, балық жеген соң- балықтан уланған деп есептеген

Өздеріңіз жақсы білесіздер, ет пен балық және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер - адамдардың негізгі тағамы болып есептеледі. Ал олар неге адамдарда аурулар (токсикоздар) туғызады?.

Аяқ астынан болған және жаппай уланғанды қалай түсіндіруге болады?

Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін, тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.

Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.

Бұзылған етте болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.

Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады.

Адам мен жануарлардың уланғанын ғалымдар бірге қарап, етті уландыратын қоздырғыштарды жинақтай отырып, 4 топқа бөледі. Оның негізгілері болып ботулинус бацилласы және паратифозды бактериялар саналынып, қалғандары уыты күмәнді және нашар зерттелген микроорганизмдер қатарына жатқызылды.

Қоздырғыштарды бұндай бөлу, уланудың бар сұрағын ашпаса да, еттен болатын улануды әрі қарай зерттеуге үлкен жол ашып берді. Мысалы:

Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер де ауру (токсикоздар) туғызады. Бұдан басқа кейбір балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді, білместіктен тағамға пайдаланса, токсикоздар туғызады.

Көптеген ғалымдар астан кейін болатын аурулардың классификациясын құрастырып, ізделуде.

Бұл бағытта Алматы Агротехникалық университеті «Ветеринариялық-санитариялық » кафедрасы көп еңбек сіңірді. Бұлар «еттен», «балықтан» уланған деген атауларды алмастырып, «тағамдық аурулар» және «тағамдық токсикоздар» деп атады.

Мысалы, бактериялар бөлген уыты бар тамақты жеп уланған адамның ауруының атын «тағамдық бактериялармен улануы» немесе «тағамдық токсикоз» деп атады, ал өсімдікпен уланғанда - фитотоксикоз ; егер де саңырауқұлақтың улы заттарымен уланғанда -«тағамдық микотоксикоз» немесе қазақшаласақ «тағамдық саңырауқұлақтармен улану», ал минеральді және синтездік (синтетикалық) заттармен уланғанды - тағамдық химиялық улану немесе «тағамдық химиялық токсикоз».

Сондықтан бұндай бағыт барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақтауға көмек берді және оған мынандай анықтама берілді. Сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және инвазиялық ауруларлдың ( топалаң, туберкулез, бруцеллез, тениарринхоз) көзі болуы мүмкін. Одан басқа аурулар тудыры да, олар токсикоинфекция және токсикоз деп аталады. Бұлардың барлығы тек азықтан болатын аурулар, оларды екі топқа бөледі. 1. Бактериясыз болатын тағам аурулары; Бұл топқа организмге әр түрлі жолдармен түскен улы химикаттармен улы заттар бар тағмдармен улану.

-жануарлардан алынатын өнімдермен улану (улы балықтар: бауыры, уылдырық

-улы саңырауқұлақтармен, улы жеміс-жидектер.

-Себебі белгісіз уланулар; тамаққа аллергия және тағы басқа.

Бактериялар мен микробтар арқылы болған тағамдық аурулар. Бұл 2 түрге бөлінеді:

1. Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl. perfringens, B. сereus.

2. Тағамдық токсикоз - дегеніміз микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың (сыртқы улардың) организмді улауы. Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. Экзотоксиндерді өнімдерде коккилі микроорганизмдер (стафилококки, стрептококки) анаэробты микрооргнизмдер және улы саңырауқұлақтар (Cl botulinum) .

Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар дегеніміз - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.

Сондықтан да, уланудың классификацияның негізіне жеген тағам атына емес, уланудың себептері алынады.

Тағамдық аурулардың классификациясы (бөлінуі)

Тағамдық инфекциялар - туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, түйе обасы, орнитоз, аусыл және басқа да адамға, малға ортақ аурулардың

(зооантропоноз) қоздырғыштары тағамдық инфекциялар туғызады. Бұдан басқа бұл топта жануарларда кездеспейтін, кейбір адам ауруларының қоздырғыштары (іш сүзегі (брюшной тиф), холера (тырысқақ) дизентерия (жұқпалы іш ауруы) . Бірақ бұлар да тағам арқылы жұғады.

  1. Тағамдық улы инфекциялар - Enterobacthereaceae семьясына жататын сальмонелла және бактериялар әр түрінің даму процесінде пайда болатын микроорганизмдердің және олардың уларының әсерінен туады. Кей жағдайларда олар басқа да микроорганизмдермен бірігіп, жиналып, адам үшін өте қауіп тудырады.
  2. Тағамдық инвазиялар - тоғышарлардың қоздырғыштары тағам арқылы адам денесіне өтуі. Бұлар трихинеллез, цистицеркоз, описторхоз және басқа гельминтоз қоздырғыштары.
  3. Тағамдық бактериотоксикоздар. Себебі, бактериал тектес улы уыт, басқа сөзбен айтсақ сыртқы уыт (экзотоксин) . Мысалы: стафилококтар, стрептококтар және Cl. botulinus тағам өнімдерінде дамығанда пайда болатын уыт.
  4. Тағамдық фитотоксикоздар (өсімдік токсикоздары) . Тағы және мәдени өсімдіктердің құрамында алкалоид немесе гликозид, салониндер, фито (токсиндер) сияқты уытты заттардың әсерінен улану.
  5. Тағамдық микотоксикоздар - саңырауқұлақтар бөлетін уытты заттардың (микотоксины) әсерінен туады. Бұған көбінесе фузариум және зеңді (көгерткіш) саңырауқұлақтар тұқымы жатады.
  6. Тағамдық зоотоксикоздар. Табиғатында улы мал өнімдерімен тағамданудың әсерінен болады (улы балықтар мен ұлулардың еті мен уылдырығы) және кейбір жәндіктермен зақымданған өнімдерді азыққа пайдаланғанда да ауру тууы мүмкін.
  7. Тағамдық химиялық токсикоздар. Күшәлә ( мышьяк ), сары фосфор, гранозан, хлорорганикалық және басқа химиялық улы заттармен уланудың әсерінен болатын токсикоз.
  8. Тағамдық радиактивті заттармен зақымдану. Радиактивті заттармен зақымданған және радиактивті сәулемен зақымданған өнімдерді тағамға пайдаланудың әсерінен болады.
  9. Әлі себебі өте нашар зерттелген басқадай токсикоздар. Мысалы: тағамдық аллергия туғызатын токсикоздар.

Тағамдық уытты инфекциялар.

Salmonella, Escherihia coli, Proteus тобына жататын микроорганизмдермен зақымданған тағамнан адамдардың ауруы. Адам организміне микроорганизмдер мен олардың уыттары қатар әсер еткенде ауру туғызады. Сондықтан да аты - уытты инфекциялар.

Осылардың ішінен өте жиі кездесетіні Salmonella тобы тудыратын ауру - Сальмонеллез деп аталады. Кәдімгі тоңазытқыштың төменгі сатысында сақталған. Етте, сүтте сальмонеллалар тек қана сақталынып қоймай, дамиды да. Тұздау мен қақтау сальмонеллаға өте нашар әсер етеді. Комната температурасында ұсталынған шикі, пысқан, қуырылған етте сальмонеллалар өніп-өсіп, уыттарын жинай береді. Сүтті, етті және басқа өнімдерді 80*

жоғары қыздырғанда сальмонелла жойылады. Сондықтан да мал өнімдерінің сальмонеллез ауруын туғызғанда рөлі өте жоғары.

Сойғаннан кейінгі диагностика.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал өнімдерін ветеринариялық – санитариялық зерттеу
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ет және ет өнімдердің құрамы мен қасиеттері
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы. Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Эндогенді ластану
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Малдың ұшасын тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz