Реферат жазу және өңдеу әдістері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Реферат жазу және өңдеу әдістері.
Орындаған: Мамырбеков Е.
Тексерген: Татенов А.
Топ: ТЖ-405с
Семей 2015
ЖОСПАР:
- Рефератқа жалпы сипаттама.
- Рефераттың құрылымы туралы түсінік.
- Рефератты құрудағы мақсаты мен міндеттері.
- Рефераттың объектісімен тақырыптары.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Реферат (латынша referat - баяндасын, refero - баяндаймын) - кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады. Реферат - білімгерлердің өзіндік жұмысының бір түрі. Оқу жоспарына сәйкес білімгерлер «Шағын бизнес субъектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» пәні бойынша реферат жазып, оны қорғау қажет. Берілген әдістемелік нұсқауда рефераттың мазмұны мен рәсімделуіне жалпы талаптарды, сонымен қатар жұмыс жоспарының үлгі нұсқасы, тақырыптары және оларды орындауға тапсырмалар қарастырылады. Реферат - білімгерлердің өзіндік жұмысының бір түрі. Оқу жоспарына сәйкес білімгерлер «Ауыл шаруашылық өнімдерін ғылымй зерттеу әдістемесі» пәні бойынша реферат жазып, оны қорғау қажет. Берілген әдістемелік нұсқауда рефераттың мазмұны мен рәсімделуіне жалпы талаптарды, сонымен қатар жұмыс жоспарының үлгі нұсқасы, тақырыптары және оларды орындауға тапсырмалар қарастырылады. «Ауыл шаруашылық өнімдерін ғылыми зерттеу әдістемесі» пәні бойынша реферат орындаудың мақсаты білімгерлердің теориялық білімдерін тереңдету, тиянақтау келесі міндеттерді шешуге бағытталған: Білімгерлерде оқу және ғылыми әдебиеттермен өзіндік және шығармашылық жұмыстар, сонымен қатар өнімдер (жұмыс, қызмет), халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша кәсіпорындардың дамуына қатысты теориялық, статистикалық және басқа материалдарды жинау, өңдеу мен қорытындылау машықтарын (дағдыларын) дамыту; өнімдер (жұмыс, қызмет), тауарлар өндірісі бойынша кәсіпорын қызметіне талдау жасау, сонымен қатар ұсыныстарды, іс-шараларды негіздеу бойынша білімгерлерге шеберлікті дағдыландыру. Рефераттың таңдалған тақырыбы, зерттеу объектісі мен тақырыбы, жүргізілетін талдау сипаты мен іс-шаралардың негізделуі ескерілген рефераттың жоспары оның жетекшісімен анықталады, нақтыланады және келісіледі.
Реферат білімгердің өзіндік жұмысының нәтижесі болады. Семестрдің басында білімгер кафедрада жасалған тақырыптардың ішінен тақырып таңдайды немесе өзінің реферат тақырыбын ұсынады, осыдан кейін бұл тақырып кафедра кеңесінде қаралып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Тақырыпты бекіткеннен кейін білімгер оған әдебиеттерді таңдап алады, кәсіпорын, аймақ пен өнеркәсіп мәліметтері, сонымен қатар өнім (жұмыс, қызмет) өндіру бойынша статистикалық мәліметтер жиналады. Осыдан кейін ол жоғарыда көрсетілген материалдарды мұқият зерттеп, олар бойынша қажетті көшірмелер жасайды. Білімгер өздігінше реферат жоспарын жасап, оны мақұлдау үшін жетекшіге ұсынады. Рефераттың жоспарымен жетекші танысып, мақұлдағаннан кейін білімгер қолда бар материалдарды, зерттелетін тақырып бойынша мәліметтерді мұқият талдайды және өңдейді. Сандық мәліметтерді өңдеу нәтижесінің нысандары кестелер, диаграммалар, графиктер және т. б. болып табылады. Осыдан кейін білімгер реферат тақырыбын жазып, ашып көрсетуге кіріседі. Рефераттағы өңделген мәліметтерге сипаттаулар мен қорытындылар қоса берілуі қажет екеніне басты назар аударылуы керек. Білімгер өздігінше шеше алмайтын ауыртпалықтар туындаған жағдайда, ол оқытушыдан кеңес алуы қажет. Рефератқа қойылатын негізгі талаптар : реферат жүйелі, бүтіндей, аяқталған және оның мазмұнының ашылуында қисындылық болуы керек.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді, мәселелердің зерттелу деңгейі сипатталады, зерттеудің объектісі, тақырыбы мен әдістері анықталады, оны жасаудың мақсаты мен міндеттері құрылады. Теориялық бөлімінде құрылатын тақырыптың маңызды теориялық жағдайлары сипатталады: негізгі түсініктер, заңдылықтар, тенденциялар, ерекшеліктер, тақырыптың даму бағыты (құбылыстар, процесстер) және т. б. Бұл жерде олар құрастырушылық сыншылдық көзқарасында анық қарастырылуы тиіс. Таңдалған тақырыпты шешуге талдаудың әртүрлі көзқарастары мен ыңғайлары кең көлемде қолданылады. Мәтінде қарастырылып жатқан мәселелерді шешу бойынша автордың позициясы анық көрсетілуі керек. Талдаудың әрбір кезеңінде зерттеудің міндеттері анық құрылады, оларды шешудің әдістері анықталатынына ерекше назар аударамыз. Бұл жұмыстарды жүргізгенде сәйкесінше қорытындылар жасалады. Олар зерттелетін мәселелердің теориялық жайларына тән болады. Рефераттың теориялық бөлімі оның келесі бөлімдерде тәжірибелік орындалуына сәйкес келуі керек екенін атап айтқан жөн. Өндірістің дамуы (немесе жетілдірілуі) бойынша іс-шаралар жасауда олардың терең негіздемесі беріледі. Бұл жерде ұсынылған іс-шаралардың көмегімен анықталған өндірістің резервтерін толық көлемде әрқашан жүзеге асыруға бола бермейтінін ескеру қажет. Оларды жүзеге асыру кәсіпорынның, аймақтың өнім өндірісі бойынша дамуын қамтамасыз ету үшін олар маңызды. Бұл бөлімде экономикалық эффект, күрделі қаржылар мен өндіріске енгізуге ұсынылған іс-шаралардың ұтымдылығы мен тиімділігін сипаттайтын басқа көрсеткіштердің шығындарын қайтару мерзімін анықтау бойынша есептеулер жасалады. Өндірістің тиімділігі (немесе жетілдіру) рефераттың түйіні болып табылатынына және білімгердің экономикалық ойлауының толығуын және оның экономикалық мәселелерді шешуге дайын екенін сипаттайтынына ерекше көңіл аударылады. Қорытындыда жұмысқа қорытынды жасалады. Бұл бөлімде кіріспеде қойылған міндеттерге жауаптар беріледі, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа білімдер құрылады. Білімгер рефератты МЕМСТ-2-105 талаптарына сәйкес рәсімдеуі тиіс. Стандарттық форматты қағаз парағының бетінде трафарет бойынша 28-30 жол: жоғары жағынан-2, 5 см, сол жағынан 3 см, төменгі жағынан 2 см, оң жағынан 1 см қалдырып орналастырылады. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары жаңа азат жолдан (абзацтан) басталады. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларында тасымалдау жасауға болмайды және атаулардың соңында нүкте қойылмайды. Атаулар мен мәтін арасынан бір жол тасталып жазылады. Әрбір бөлім жаңа парақтан басталады. Бөлімдерде бүкіл реферат шегінде реттік номер болуы керек және соңынан нүкте қойылады. Бөлімше номерінің соңынан да нүкте қойылады, мысалы 1. 2. (бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі) . Бөлім шегіндегі орналасқан кестелер, графиктер, диаграммалар иллюстрациялары кезекпен араб цифрларымен номерленеді. Иллюстрация номері (кестеден басқа) нүктемен бөлінген бөлім номері мен иллюстрацияның реттік номерінен тұруы тиіс. Реферат дегеніміз бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен құралған белгілі тақырыпқа жазылған жазбаша немесе ауызша баяндама. Рефераттарда ғылыми жұмыс, көркем шығармалар мазмұндалуы мүмкін.
Қорытынды:
Рефератта мәлімделген мәселеге жалпы қорытынды жасалады. Реферат келесі белгілерден тұрады. Реферат мазмұны баяндалатын түпнұсқадан толықтай тәуелді. Реферат мазмұны нақты ақпартты еш бұрмалаусыз және субъективті бағалау арқылы баяндап жазу. Реферат тұрақты құрылымнан тұрады. Реферат (латынша referat - баяндасын, refero - баяндаймын) - кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.
Рефераттардың екі түрі болады: өнімді және өнімсіз . өнімсіз рефераттар мәтіннің бастапқы мазмұнын баяндайды. Өнімді рефераттарда зерттелу объектісіне шығармашылық немесе сыни мән беру басым болады. Өнімсіз рефераттарағы екі түрге бөлінеді: реферат-конспект және реферат-резюме. Реферат-конспект иллюстрациялық материал, әртүрлі зерттеу әдістері туралы мәлімдемелер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндігі жайлы жалпы нақты ақпараттан тұрады. Реферат-резюме берілген тақырыптың тек қана басты негізгі ережелерінен тұрады. Өнімді рефераттарда реферат-баяндама және реферат-шолу ерекшелінеді. Реферат-шолу зерттелетін тақырып бойынша әртүрлі көзқарастар мен бірнеше түпнұсқа әдебиет негізінен құралады. Реферат-баяндамада түпнұсқа ақпараттарын талдаумен қатар мәселені шынайы бағалау беріледі. Бұл рефераттар толық ашылған болып табылады. Реферат анықталған құрысы бар: Кіріспе. Кіріспеде таңдалған тақырыпты негіздейді баяндалатын мәтіннің бастапқы мәліметтері(аты, қайда жариаланған, қай жылы), автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы), таңдалған тақырыптың проблематикасы ашылады. Негізгі бөлім. Баяндалатын мәтіннің мазмұны, негізгі тезистер көрсетіледі және дәлелденеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz