Ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың жобалануы



I.Кіріспе
1.1 Ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың дамуы...

II.Негізгі бөлім
2.1. Кондиционер...
2.2. Түрлері...
2.3. Істен шығу себептері...

III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
Техникалық жобалау жұмысы – автоматика және телемеханика саласының басты мәселелерінің бірі. Кез келген техникалық жүйені құру алдында оның техникалық жобасы орындалады. Яғни, оның техникалық тапсырмасы беріліп, осы тапсырма негізінде жүйені жасау (құрастыру) құжаты дайындалады..
Кондиционер (conditioner (ағыл.) - ауаны тазартқыш) жүйелері – тұрмыстық техниканың дамып келе жатқан салаларының бірі [8]. Қалжырататын қапырықпен күресу керек екенін біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бұрын білген. Бұрыңғы КСРО-да 1963-1965 жж. Мәскеудің қасында орналасқан Домодедово қ. ракеталық және кемелік жүйелерге арнап алғашқы кондиционерлер шығара бастады. Мемлекеттік масштабтағы өндіріс 70-жж. Баку қ. жапонның Hitashi фирмасының лицензиясы бойынша басталды. 80-жж. ортасында Бакуда жылына 400 – 500 мың кондиционерлер шықты, оның 120–150 мың данасы экспортқа кетті.
1. Современные кондиционеры. Монтаж, эксплуатация и ремонт. – М, 2010. – 176 с. – (Серия - Ремонт).
2. Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі: 50 мыңға жуық термин. Төрт бөлім. – Алматы, 2009. – 616 б. Қазақша, орысша, немісше, ағылшынша
3.Умаров А.Р., Умаров А.А. Автоматика құрылғылары мен элементтері: Оқу құралы. Түркістан: Тұран, 2013. - 144 б.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ №1
Тақырыбы: Ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың жобалануы.

Орындаған: Ислямов С.А. ТО-207
Тексерген: Кабулов Б.Б.

Семей-2015

Жоспар

I.Кіріспе
1.1 Ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың дамуы...

II.Негізгі бөлім
2.1. Кондиционер...
2.2. Түрлері...
2.3. Істен шығу себептері...

III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер

Техникалық жобалау жұмысы - автоматика және телемеханика саласының басты мәселелерінің бірі. Кез келген техникалық жүйені құру алдында оның техникалық жобасы орындалады. Яғни, оның техникалық тапсырмасы беріліп, осы тапсырма негізінде жүйені жасау (құрастыру) құжаты дайындалады..
Кондиционер (conditioner (ағыл.) - ауаны тазартқыш) жүйелері - тұрмыстық техниканың дамып келе жатқан салаларының бірі [8]. Қалжырататын қапырықпен күресу керек екенін біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бұрын білген. Бұрыңғы КСРО-да 1963-1965 жж. Мәскеудің қасында орналасқан Домодедово қ. ракеталық және кемелік жүйелерге арнап алғашқы кондиционерлер шығара бастады. Мемлекеттік масштабтағы өндіріс 70-жж. Баку қ. жапонның Hitashi фирмасының лицензиясы бойынша басталды. 80-жж. ортасында Бакуда жылына 400 - 500 мың кондиционерлер шықты, оның 120 - 150 мың данасы экспортқа кетті. Совет кондиционерлерінің көбісін Кубаға жіберді (700 мың), ірі импортерлер болып Қытай, Иран, Мысыр, Австралия болды. Бакулық кондиционерды үлкен көлемі үшін және қатты шулайтыны үшін жамандауға болады, бірақ олар ең сенімді және шыдамды болып шықты. Жапондық, американдық, израилдік немесе кәрістік ешқандай кондиционар біздікі сияқты шыдамды емес. Совет өнімдерінің сапасы туралы айтатын болсақ, Бакудағы зауытта шығарылған компрессорлардың жартысы (жылына 1 000 000 дана) Toshiba компаниясының тапсыры бойынша дайындалды.
КСРО мемлекеті тарқаған соң Бакудағы зауыт та тоқтады, сонымен қатар Нева (Ленинград) зауытында да кондиционерлер шыққан болатын. 1990 жж. кондиционерлер Железногорскте шығарылған, 1997 ж. Мәскеуде Элемаш зауыты Samsung - тың комплектілерінен сплит-жүйелер жинала бастады.
Әлемдік деңгейде кондиционер жүйелерін шығарушы фирмаларға: LG, Carrier Corporation, Daikin, Gree, Mitsubishi Heavy Industries, Panasonic, Samsung Electronics, Дун Минчжу жатады. ТМД елдерін айтсақ, сплит- жүйелер Фрязинода (Rolsen), Хабаровскіде (ЕВГО), Мәскеуде (МВ), Ижевскіде (Купол), Ростов-на-Дону қ. (Artel) шығарылып жатыр.

Кондиционер - бөлмедегі ауаны қыздыруға немесе суытуға (желдетуге) арналған прибор.
Жасалу әдісіне, қолдануына және функционалдығына қарай ол кондиционерлер бірнеше топтарға бөлінеді.
Конструктивтік іске асырылуына қарай кондиционерлер екі үлкен топқа бӛлінеді: моноблокты жүйелерге (бір блоктан құрылған): терезелік, мобилді түрі және сплит-жүйелерге (екі және одан да көп блоктар тұрады): қабырғалы, каналды және кассеталы түрі.
Мамандар негізгі үш сегментты ерекшелейді:
Тұрмыстық кондиционерлер - RAC (Room Air Conditions);
Жартылай ӛндірістік кондиционерлер - PAC (Packages Air Conditions);
Өндірістік кондиционерлер - (Unitary).
Азия, Еуропа, Америкада бұл ұғымдар өзара ерекше түсінікте болады. Қазақстанда және Ресейде сатылатын кондиционерлердің 90% жапондық, кәрістік және қытайлық өнімдер болып саналады. Сондықтан азиаттық классификация жасаған жөн.

Кондиционерлердің қосымша түрлері
Инверторлы сплит-жүйелер бөлмені суыту қуатын автоматты түрде реттейді (кәдімгі сплит-жүйелер қосуажырату арқылы жұмыс істейді). Мұнда берілген температура дәл реттеліп тұрады, қатты шуламайды, 30% энергияны үнемдейді. Бұның себебі - бөлме температурасы берілген мәнге келгенде қоректену қуаты азаяды. Осы кезде инвертор тӛмен қуат режимына ауысады. Инверторлы жүйенің бағасы кәдімгі жүйе бағасынан жоғары.
Чиллер-фанкойл жүйесінде басқа жүйелерге қарағанда айналып жүретін фреон емес - су (немесе суымайтын сұйық). Суды чиллер (сұйықты суытуға арналған арнайы машина) суытады.
Орталық кондиционерлер - үлкен ғимаратты орталықтан кешенді азартуға, ысытуға және суытуға арналған кондиционерлер жүйесі.
Орталық кондиционерлер дала ауасын кешенді тазартуға, ысытуға және суытуға арналған кондиционерлер. Кондиционер арқылы өңделген ауа кіріс ауажүргізгіштер арқылы тікелей тұтынушыға беріледі. Осы ауа бөлмеде жылып, шығыс ауажүргізгіштер арқылы орталық кондиционерге беріледі. Ауаны суыту үшін орталық кондиционер чиллерден келетін суды пайдаланады. Әдетте орталық кондиционер чиллер-фанкойл жүйесімен бірлесе істейді (қонақ үйде, музейде, т.б.).
Шатыр-кондиционер жазық шатырда орнатылатын кондиционер- қондырғы болып саналады. Ол түрлі бӛлмелерді жылытатынсуытатын қуатты қондырғы. Өңделген ауаны беру және айналған ауаны тартып алу арнайы ауаӛткізгіштер арқылы жасалады. шатыр- кондиционерді пайдалану бӛлме интерьерлерін сақтауға мүмкіндік береді.
Шкаф-кондиционер әдетте өндірістік, қоймалық бөлмелерде орнатылады, яғни, күнделікті ауаны тазартуды және жылытуды қажет ететін жерде. Олар толық аяқталған моноблоктар болып табылады, кейде екі бөліктен тұрады: булағышы шатыр астында, конденсаторы - жертөледе. Оның негізгі компоненттері ішкі блокта тұрады.

Кез келген кондиционердың жұмысы сұйықтардың булану кезінде жылуды жұту және конденсацияч кезінде оны шығару қабілетіне негізделеді. Бұл құбылыс қалай орындалатынын түсіну үшін кондиционер құрылымы мен жұмыс атқару принципын көреміз.
Кез келген кондиционердың құрылымы келесі бӛлшектерден тұрады:
К о м п р е с с о р - фреонды қысып, бүкіл тоңазытқыш контур бойымен жүргізіп, айналдырып тұрады.
К о н д е н с а т о р - сыртқы блокта орналасқан радиатор. Конденсатор аты кондиционердың жұмыс барысын көрсетеді - фреонның газды фазадан сұйық фазаға ауысуы (конденсация).
Б у л а ғ ы ш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы мәлімет
Өрт қауіпсіздік негіздері туралы
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы
Су қоймаларын ластаушы көзі ретінде Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің әртүрлі салаларының іркінді суларының сипаттамасы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Қазандардың құрылмасы, классификациясы
Өндірістік жарақаттану туралы
Желдетудің қондырғылары
Пәндер