Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасындағы ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесінің ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің түсінігі
оның функциялары мен арналуы
1. 2 Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасу
тарихы
- Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы
ΙΙ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау
жүргізу мен олардың даму тенденциялары
2. 2 Мемлекеттік емес «Грантум Жинақтаушы Зейнетақы
қоры»: зейнетақымен қамтамасыз ету рыногындағы оның
ролі мен орыны
2. 3 Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету
проблемалары ( Мемлекеттік емес Грантум Жинақтаушы
зейнетақы қорының мысалында)
ΙΙI-ТАРАУ. Қазақстанда ЗЕЙНЕТ АҚЫ қорларының дамуын талдау
3. 1 Зейнет ақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен
олардың тиімділігін бағалау
3. 2 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел
тәжірибесі
- Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СІЛТЕМЕЛЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы маңызды рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі.
Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік - экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зертеуді қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуы дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбы болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентiмiз Н. Назарбаев атап өткендей, елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. ЖЗЖ тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi .
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi, нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.
Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т. б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін, экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар жасау қажет. Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді. Біздің ойымызша, оның басты себептері: қаржы құралдарының қайтарылуына мемлекеттік кепілдіктердің болмауы, қаржы нарығындағы тұрақсыз жағдай. Сондықтан, зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек деп есептейміз.
Жұмыстың мақсаты ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде дипломдық жұмыстың алдында мынандай міндеттерді шешу керек:
1) ҚР ЖЗҚ жалпы сипатын суреттеу үшін оның бірінші - түсінігі мен функцияларын құрылуы мен экономикада пайдаланылуын айта кеткенім жөн деп есептеймін.
2) Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтардың сақталуын қамтамасыз ету, халықтың сеніміне нарықтық ортада ие болу, оның қаражаттарын жинақтау бұл қорлар үшін басты мәселелердің бірі.
3) Еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры өз сипаты мен ерекшелігіне ие болса, шетел тәжірибесіндегі осы қорлар қандай сипатқа ие деген салыстырмалы көзқарас сияқты мәселелер сөз етіледі.
4) ҚР ЖЗҚ - ның дамуындағы маңызды мәселелерді талдау.
Жұмыстың зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары жатады. Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік ғалым экономистердің осы тақырыпты зерттеуге бағытталған ғылым еңбектері жатады. Соның ішінде: отандық экономистер Нұрмағанбетов Е. Е. , Алибаев А. С. , Гастенко Г. Н. шетелдік М. Абухадба, Ч. Виплош және т. б.
Берілген жұмысты жазуда методологиялық база болды:
Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілер,
мемлекеттік емес зейнет ақы-жинақтаушы қорларымен ұсынылған мәләметтер,
Е. М. Четыркин, Е. Р. Елемесұлы сияқты экономисттерінің экономикалық сипаттағы әдебиеттер,
бұқара ақпарат құралдарынан жиналған мәлімметтер,
ғаламтордан алынған мәліметтер болып табылады.
Ι-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТАҚЫ жҮйесінің ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі, оның функциялары мен арналуы
Бірнеше жыл бұрын үкіметпен қабылданған зейнетақы сферасын реформалау туралы шешім бүкіл ел үшін тарихи маңызды оқиға болды. Қазақстан ТМД елдері ең бірінші болып азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың ескі ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен жоспарлы түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл реформа бюджеттік ауыртпашылықты болдырмауға және зейнетақымен қамсыздандырудың әділетті жүйесін құру үшін ойластырылып жүзеге асырылған болатын. Сонымен қатар оның мақсаттары анықталды - ол салымшылардың зейнетақы жинақтарын сақтау және көбейту болды. Зейнетақы жинақтарын сақтау үшін мемлекет үш сатылы қорғану механизмін құрды:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үстінен әртүрлі мемлекеттік институттар арқылы - ҚР-дағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу комитеті (бұрын Ұлттық зейнетақы агентствосы деп аталған), ҚР Ұлттық Банкінің құнды қағаздарды нарығын реттеу және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық болатын. Бірақ кейіннен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының іс-әрекетін қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында 2001 жылдың тамыз айында құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның, ал 2002 мамыр айында ҚР-дағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу комитетінің функциялары ҚР Ұлттық банкіне берілді. Осылайша, Ұлттық банк - қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іс-әрекетін реттейтін жалғыз орган болып отыр.
Жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының негізгі үш тобының арасында - жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар мен банк кастодиондар арасындағы нақты заң шеңберінде функциялары мен бірін-бірі қадағалау жүйесін орнату) ;
Пруденциалдық нормативтерді заң жүзінде орнату және зейнетақы активтерін инвестициялаудың қатаң түрде қаржы инструменттерін анықтау.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты қатысушылары зейнетақы қорлары болып табылады, олардың саны қазіргі таңда 14-ке жетті, соның ішінде біреуі мемлекеттік (МЖЗҚ), 13-мемлекеттік емес жинақтаушы қоры бар(МЕЖЗҚ) . Бұл дегеніміз, қорлардың бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтінін көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тікелей қатысушыларына үш қоғамдық бірлестікті жатқызуға болады- оларға мемлекеттік емес зейнетеқы қорларын, банк кастадиондарды, ЗАБК және зейнетақы сферасына программалық өнімдерді дайындаушыларды біріктіретін ҚР зейнетақы жүйесінің қатысушылары одағын, Зейнетақы қорлары Ассоциациясын және ҚР қаржыгерлер Ассоцицациясын жатқызуға болады. Жүйемен бірге сонымен қатар коммуникациялық қызметтерді ұсынатын компаниялар, әртүрлі жабдықтаушылар мен тұтынушылар жұмыс істейді (1 сурет) .
Сурет - 1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні - ол салымшылардың қаржыларын сақтау және көбейту, яғни нақты өндіріске инвестициялау. Оның жұмыс істеу механизмі келесідей: жұмыс берушілер әр ай сайын міндетті түрде еңбек ақының 10% есебінен зейнетақы жарналарын аударып тұрады. Онда еңбекақының барлық түрі, әртүрлі премиялар, үстеме ақылардың барлық түрі кіреді. Осы қаржылардың көзінен жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшылардың зейнетақы жинақтары қалыптасады. Салымшылар немесе олардың жұмыс берушілері міндетті зейнетақы жарналарымен қоса көлемі шектелмеген ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады.
Зейнетақы жарналары салымшылардың қалауымен Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, зейнетақы келісім шарты негізінде жеке зейнетақы шоты және жеке нөмір - әлеуметтік жеке код ашылады (ӘЖК) (2 сурет) .
Сурет - 2. Зейнетақы жүйесінің қатысушылары мен олардың өзара қарым-қатынасы
Салымшылардың жинақталған жарналарын зейнетақы қорлары өкілетті банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқаратын компанияларға береді, олар өз кезегінде қаржыларды бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне және тағы да басқа қаржы құралдарына орналастырады. Орналастырудан алынған табыс инвестициялық табыс деп аталады және ол салымшылардың жеке шоттарында жинақталған қорға байланысты бөлінеді. Осындай жолмен салымшылардың зейнетақы жасына жеткенде төленетін жеке зейнетақы жинақтары құралады (3 сурет) .
Сурет - 3. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандырудың ең маңызды бөлігі болып табылады. Зейнетақы қоры дербес қаржы - банктік жүйе ретінде құрылған және оның қаржысы мемлектеттік бюджет құрамына кірмейді. Зейнетақы қоры әлеуметтік қаматамсыз ету органын аустырмайды және көшірмейді: оның қызметі жәрдемақыны, зейнетақыны тағайындау және төлеу. Зейнетақы қорлары белгілі себептермен қаржылық ауыр жағдайда қалып, зейнетақыны және жәрдемақыны төлей алмай жатқан территорияларға жіберуге болатын резервтік қорлар құрайды. Ол резервтік қорларды ары қарай өсіру үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға салуға, комерциялық іс-әрекетпен айналысуға рұқсат берілген. Жинақтаушы зейнетақы қорлары сонымен қатар өкілетті органның келісімімен филиалдар мен өкілеттіліктер ашуға құқығы бар, бірақ олар басқа бір жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды.
Зейнетақы қорының басқарушы органы - төрағаның басқаруымен болады.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қарларының екі түрі бар. Біріншісі және әрі ең ірісі Мемлекеттік және Мемлекеттік емес. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болатын жабық акционерлік қоғам нысынында құрылады.
Мемлекеттік зейнетақы қоры қаржыландырады:
зейнеткерлік жасына жеткен зейнеткерлерге және зейнетақы төлемдерін алушылардың пайдасына, көрсетілген қорға төлеген зейнетақы төлемдері есебінен мемлекеттік зейнетақы төлеу;
зейнетақы мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы негізінде үстеме ақы ретінде төлеу.
Бұл қор зейнетақы активтерін бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндігі үәкілетті орган белгілейтін тәртіппен мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады. Оның құрылтайшылары Қазақсан Республикасының резиденті болатын жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары тағайындалады. Бірақ мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттік үлесі немесе акциялар пакеті бар кәсіпорындар мемлекеттік емес зейнетақы қорларының құрылтайшылары бола алмайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары келесідей болып бөлінеді:
- ашық;
- копоративті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымсылардың зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Копоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары немес акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы қызметкерлері үшін құралады/1/.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 36 бабына сәйкес Ашық зейнетақы қорын құру кезінде берде-бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мүндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентінен астамынан, билік етуге және/немесе басқаруға қақылы емес. Бірақ аталған шектеулер корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды. Бір ескеретін жай, жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кеміген жағдайда копортивтік зейнетақы қорларының акционерлері бірдей жауапты болады және ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен инвестициялық кіріс ысырабының орнын толтырады.
Осылайша мемлекеттік зейнетақы жүйесін демонополизацилау зейнетақы сферасында нарықтық ортаны қалыптастыруға ықпал жасады. Зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурустардың маңызды құраушысы болды және қазіргі уақытта еліміздің қаржылық жағдайын өзінше бір тұрақтандырушысы болып отыр.
Бұдан басқа жинақтаушы зейнатақы қорлары тағы бір маңызды қызметті - ол инвестициялық қызмет. Зейнетақы жүйесін реформаларын Зейнетақы жүйесін реформалау кезінен бастап зейнетақы қорларының активтері ҚР капитал нарығын реформалау процестерінің құраушы бөлігі болды деп ойластырылған. Қазақстан экономикасының даму стратегиясының басқа бөлінбес екі процесі құнды қағаз нарығының дамуы мен жекешелендіру болуы тиіс. Сонымен бірге жеке зейнетақы қорларының активтері бағалы корпоративті қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру үшін жоспарланған. Бірақ зейнетақы реформасының алғашқы жылының нәтижелері бойынша 99, 3% активтер сол немесе басқа мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған болатын: еврооблигацияларға - 15, 53%, Қаржы министрлігінің қысқа, орташа және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарына - 81, 78%, Ұлттық Банк ноталарына - 2% .
Осылайша мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының барлық іс-әрекеті келесіге келеді, Үкімет жарлығы бойынша азаматтар табыстың 10% жинақтаушы зейнетақы қорларына аударып отырады. Бұл ақшалардың 90% инвестициялық табыс ретінде салымшының жеке шотына, ал қалған 10% қор қажеттілігіне жұмсалады . /1/
1. 2. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы
Қазақстанның жүргізген зейнетақы жүйесінің қалыптасу белестері алдын-ала қорытынды шығару, болашағын және қазақстандық үлгіні бұдан әрі дамытудың мүмкіндікті жолдарын анықтау үшін құқық пен негіздеме береді.
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда даулы мәселелер мен талқылаулардың тақырыбына айналды. Осы құбылыстың себебінен демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипат факторлар кешені орын алды. Осылардың бірқатары орта өмір сүру ұлғаюының фонында туылудың қысқару нәтижесіндегі халықтың қартаю үрдісінің жылдамдауымен байланысты болды. Факторлардың келесі тобы еңбек нарығындағы ілгері жылжушылықпен байланысты болды: жұмыссыздар санының өсуі, бейресми және толық емес жұмыспен қамтушылықтың таралуы, міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен халық бөлігінің шығуы. Бұл өз кезегінде көп елді тәжірибеде болғандай ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің қаржылық негізін құраған жарналары бар жұмыс істейтін халық санының кемуіне алып келді. Зейнеткерлер санының өсуі және қызметпен жасайтын сала жағдаятының өзгеруі ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің тұрақтылығына күмән келтірді, өйтені жұмыс істейтін халыққа зейнетақы жүктемесінің шамадан тыс күшеюі анықталды. Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің шарттарында инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Зейнет ақы қорының шығындарының азаюы қазіргі зейнетақылардың мөлшерінің қысқаруы есебінен, не зейнетке шығу жасын өсіруінен, бірақ бұл бәрімізге түсінікті себептерден мүмкін емес. Яғни, ынтымақтастық зейнетақы жүйесінде барлық жеңілдіктердің алынып тасталуы маңызы зор нәрсе болды. Шынында да, ынтымақтастық жүйеде әр түрлі жеңілдіктер көп болды, соның ішінде мерзімнен ерте зейнетке шығу 45-50 жасында.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары - бұл жалпы ортақ қазан емес, адамның өз зейнетіне ақша жинауға үлкен ынтасы пайда болады, себебі жеке зейнет ақы шотында қандай ақша көлемі жинақталса, сонша зейнет ақы төлемі де болады.
Егер салым салушы өзінің жинақталған соммасымен түгел немесе жартылай қолдана алмай қалса, ол бұрыңғыдай жоқ болып кетпейді, ол мұрагерлеріне қалады.
Бірақ, әрине, қоғамда әрқашанда әр түрлі себептерге байланысты өздеріне зейнетақыны толығымен немесе жартылай жинақтай алмайтын адамдар болады. Олар денсаулығы жоқ, жұмыссыздар, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар және т. с. с. Мемлекет Конституция бойынша әлеуметтік кепіл болғандықтан, оларды өз қол астына алады.
Жаңа зейнетақы заңы бұл проблеманы әлеуметтік адрестік жәрдемақы институттары арқылы шешеді. Зейнетақы - бір кездерде салым түрінде ынтымақтық немесе жинақтық зейнетақы жүйесіне аударылған аударымдар болып табылады. Жәрдемақыны мемлекет бюджет есебінен бөледі. Бүгінгі таңда оның көлемі үлкен емес - 2000 теңге шамасында. Бірақ бұл экономикалық жағдайға байланысты, мемлекет байланысты түссе, жәрдемақылар мөлшері де өседі.
Жаңа зейнет ақы жүйесінде еңбек ақы төлеу қорының 25% - зейнет ақы аударымдар қойылымы алынып тасталған, ал 10% көлеміндегі салымдар жинақтаушы жүйесіне түседі.
Зейнет ақыны есептеуде ынтымақтық жүйесіндегі еңбек стажының 1998 жылы 1 қантарынан есепке алынбайтынын ескерсек (кім қанша тапса - сонша қалады) 15% салымды ынтымақтастық жүйесіне бір салық ретінде қарастыруға болады. (бұрын аударымдар ұзақтығынан еңбек стажы байланысты болатын, және сәйкесінше болашақ зейнетақы мөлшері) . Бірақ біз бұл ақшаның бүгінгі зейнеткерлерге төлем ретінде жаратылғанын білеміз, оларды мемлекет есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Бұндай аударымдар көлемі ақырындап кішірейіп, бүгінгі күнге олар жоқ болатындай заңмен қарастырылған. Бұл 1999 жылға Республика бюджеті туралы заңда анықталған. Осы аударымдардан бас тарту мүмкін емес еді, әлі халықтың көп саны ынтымақтық жүйеден зейнет ақы алу құқығына ие.
Салымдардың екі ағымға бөлінуінен көбісінде түсініспеушіліктер туады: «Егер 25, 5% аударымдар кезінде зейнет ақы төлеу үшін ақша қаражаттар жеткіліксіз болса, онда 15%-қ төлемдер ғана түскен жағдайда зейнет ақы қалай төленеді?»
1998 жылы республикалық бюджетте үкіметпен 50 млрд теңгеден аса зейнет ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа трансферттер қарастырылған. Өтпелі кезеңде бюджет ынтымақтастық зейнетақы жүйесіне бонустар, роялти, жекешелендіру құралдары есебінен көмек көрсетті. Ынтымақ жүйесінен жинақтаушы жүйесіне бір сағатта көшу мүмкін емес. Және бұл екеуі әлі көп уақыт бірге жүзеге асады, ынтымақтастық жүйесі 1998 жылы 1 қантар еңбек стажы кем дегенде жарты жыл болған соңғы адаммен есептеспейінше бұл процесс жүзеге асып отырады . /2/
Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгері басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және осы қиыншылықтардың бірқатарымен Қазақстанда кезігіп, ТМД елдері кеңістігінде өз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруды бірінші болып бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz