Клеткалық теория


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Клеткалық теория. Гуморальді иммунды жүйе.

Тексерген: Зейнеттинова Д. Б. Орындаған: Отарғажыева А. А.

Тобы: ВС-403

Семей 2015

Жасуша теориясы:

Цитология-жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды(грек-ше“цитос”-жасуша, ”логос“-ғылым) . Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайымқұрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекула-лық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты.
Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитхимияның негізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз. Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, сонымен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математика және т. б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы алдында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды. Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көруге болады.
Жасуша теориясының ашылуы.
Жасуша теориясы дегеніміз-тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гукөсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылыстытапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“-“жасуша” деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, оның көмегімен судағы біржасу- шалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымыЯн Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады, оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты. 19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж. ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог ТеодорШваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді.
Олардың тұжырымдауы бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі, сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады. Мәселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады. Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып, көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда, зигота түзетінін анықтады. К. Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:1) жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі: 2) әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас: 3) жасушалар бастапқы(аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді. Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжа-сыл балдрлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар, қарапайымдар, жо-ғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар, т. б. жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорта келгенде, жасуша теориясы”жасушаның“барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқын-дай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материа-листік тұрғыдан түсінуге, ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.

Гуморальды Иммундық жүйе:

Иммундық жүйе ағзаны генетикасыз жасушалардан немесе сыртқы өсерден, немесе ағзада пайда болатын зиянды заттардан сақтап тұратын ұлпалар мен мүшелер болып табылады. Иммундық жүйенің мүшелері лимфойдты ұлпадан түзіліп, өмір бойы адам агзасының ішкі ортасын бір қалыпты сақтайды. Ол мүшелер иммундық қасиеті (түрлі ауруға қарсы тұра алады) бар лимфоциттер мен плазмоциттерді жасап, қорғаныш қызметіне қатыстырады. Мұны орындауға Т және В - лимфоциттері қатысады.

Иммунды жүйе мүшелеріне жілік кемігі (майы), айырша без (тимус), түйінбездер, талақ, аскорыту мен тыныс жүйелерінің қуысында болатын түйінбез шоғырлары, сокыр ішек пен мықын ішектегі түйінбездер, бадамшалар жатады. Олар иммуногендік қызметіне карай орталық жөне шеткі иммундық мүшелер деп бөлінеді. Орталық мүшелерге айырша без, жілік майы, соқыр ішек пен мықын ішектердегі мүйінбездер, ал шеткісіне - бадамшалар, асқорыту мен тыныс жүйесінің қуысындағы түйінбездер және талақ жатады.

Айырша без-иммуногендік орталық мүше. Без туралы «Ішкі секреция бездері» деген бөлімде айтқанбыз. Бұл безге жілік майынан шығатын ерекше (бағаналық) жасушалар қан арқылы келеді. Осы жасушаның иммундық (иммунитеттік) қабілеті жетіледі, сөйтіп Т-лимфацитіне айналады. Қорғаныш қызметін атқару үшін лимфоциттер қан мен сарысу қосылады. Айырша без қандағы Т-лимфоциттердің қызметіне әсер ететін «тимиялық (гуморальдық) фактор» деген сұйықтық зат шығарып тұрады. В-лимфоциттерінің беткі қабаттарыңда қабылдағыштары (рецепторлары) болады. Сол сезгіш иппараттары арқылы ағзадағы антигендерді сезеді. Сөйтіп, күрделі иммундық реакцияға кіріседі де антигенге қарсы антитела немесе иммуноциттер түзеді.

Иммунды жүйе мүшелері адам денесінде қалай болса солай орналаспай, белгілі төртіппен ретпен орналасады. Ол мүшелер ағзадағы микрофлорасы көп шоғырланатын генетикасыз туындылардың денеге өтеді-ау деген жерлерінде шоғырланады. Адам денесінде иммундық жүйе мүшелерінің жалпы салмағы (жілік майынан басқасы) шамамен 1, 5-2 кг болады.

Лимфоидты ұлпадан түзілген тақ санды тіл бадамшасын (тілдің түбінде орналасады) ; жұп санды тавдай бадамшасын (тіл мен таңдай аралық шұңқырына орналасады), тақсанды жұтқыншақ бадамшасьш (жұтқыншақ тесігімен оң және сол жақ дыбыс түтігінің аралығында орналасады) және жұп санды түтікті бадамшасын , (бұл да жұтқыншақ тесігі мен дыбыс түтігінің аймағында орналасады) ерекше атауға болады.

Жілік майы. Қан жасайтын жөне иммундық мүше - сүйек майы ересек адамның жілігінің кемік затында орналасады. Эмбриондық даму кезеңінде жіліктің түтік бөлігіндегі жілік майынан да қан жасалады. Ересек болғанда жіліктің диафиздегі майы оның сары майына алмасып, нағыз май жасушаға айналатындықтан, қан жасау қызметін тоқтатады. Жіліктің кемік бөлігіндегі майлар қызыл майға айналады. Кеміктің қызыл болып көрінуі майда қылтамырлардың өте көп болуына байланысты.

Кеміктік қуыстардың арасында орналасқан май қан жасайтын ұлпаға айналып, одан үздіксіз қанның қызыл түйіршіктері, гранулоциттер жөне тромбациттер пайда болып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Гистология
Клеткалық теория.Гуморальды реттелу
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Цитологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері туралы алған ұғымдарын қосымша-материалдар арқылы дамыту
Жасушаның зерттеу әдістері
Гистология туралы
Ауытқушылықтар мен аурулар, иммунитет генетикасы
Ұлпалар туралы
Өсімдік клеткаларының in vitro жағдайында өзгергіштігі және оны селекцияда қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz