Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат



1. Л.С.Выготскийдің мәдени.тарихи теориясы
2. Л.С. Выготский бойынша даму сатысы
3. Л.С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі
4. Қорытынды
Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекті психолог ғалым. Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы, Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да, психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
1. Антоненко Т.В. Доверие: социально-психологический феномен. - М., 2004.
2. Антонова И.В. Идентичность педагога и особенности его общения: Автореф.дис.канд.наук. – М., 1996

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №5

Тақырыбы: Л.С. Выготскийдің оқыту және
дамыту жөніндегі тұжырымдары

Орындаған: Рапикова С.А. (магистрант,
6М010300 –Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н.А. (п.ғ.к., доцент м.а.)

Семей 2015

Жоспары:

1. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы
2. Л.С. Выготский бойынша даму сатысы
3. Л.С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі
4. Қорытынды

Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекті психолог ғалым.
Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы, Орша қаласында
(бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан
Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен
өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы
және ардақты азаматы болып жетілді.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да, психология ғылымына
ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің
методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX
ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-
салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен
қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор
үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы
психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық
тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам
психикасының мәдени-тарихи дамуы және бала психикасының жақын арадағы даму
аймағы дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді.
Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның
әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден,
ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне
тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне
дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-
әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан
дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи
фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі,
кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі
де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерскше орын алатын теориясы –
бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады.
Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп,
дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды
талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан
дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы
жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен
құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-
тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар
арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары
керек.
Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі
жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен
білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп,
қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер
етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга
(интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның
мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары
адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік
шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі.
Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін
өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары
оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмет, яғни,
болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар
ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады,
яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен
пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша
материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға
(оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске
айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету – сол зат
жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға
айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер
нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризацияға)
айналады.
Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени
дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі
бағытта анық байқалады екен. Оның бірі – әлеуметтік сипатта болса, екіншісі
– психологиялық сипатта көрініп отырады.
Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара
қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі
көңіл-күйінен жақсы байқалады. Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы
дейтін еңбегінде (1931) Выготский осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп,
баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-
қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жағдайда ғана оның сана-сезімі
өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың жақын арадағы даму
аймағы жайындағы қағидасын негіздеуге тірек болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске
түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын
жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жариялнған Ойлау мен
сөйлеу деген енбегінде жан-жақты қамтылған.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-
қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы
әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі
қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет
пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала
санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра
отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты
салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің
де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы: Баланың мәдени дамуындағы
барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық,
интерпсихикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда,
интерпсихикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін
баланың ішкі әлемінде көрсетеді дегенге негізделген. Выготский бойынша
барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың
ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның
санасына тұтастай енеді.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар
жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының
қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі
үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары
саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-
қатынастарының бірлігін құрайды.
Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті
өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның
ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және
әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның
дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың
тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы
факторларға тәуелді болып келеді.
Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", -
деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың
тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар:
жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі
ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы,
жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның
маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс
тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы
көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі
арқылы анықталады.
Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар
екенін сипаттайды. "Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы
ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы
анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе,
қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі .
Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын "индивидке
тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық
деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни
қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның
даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық.
Әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері
шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше
сипаттама беруге болады.
Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-
ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық
өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-
әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.
Рухани құндылықтар құрамына тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық
(әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар
мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр
болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.
Л.С.Выготский бойынша даму сатылығы
Жасқа байланысты даму - балалық шақта – өзінің бір қатар
ерекшеліктерінің салдарынан әр жас сатысында баланың тұлғасын түгел
өзгертетін күрделі процесс.
Л.С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдеуі төмендегідей болады
- жаңа туу кризисі – нәресте кезеңі (2 ай – 1 жас)
- 1 жас кризисі – балбөбек кезеңі (1-3 жас);
- 3 жас кризисі – сәбилік және мектепке дейінгі кезең (3-7 жас)
Л.С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдеуі төмендегідей болады
- 7 жас кризисі – мектеп жасы (7-13 жас;
- 13 жас кризисі – жеткіншек кезеңі (13-17 жас);
- 17 жас кризисі
Кемістік және оның орнын толтыру
Дамудың біріншілік және екіншілік кемістігі туралы ұғымды Л.С.
Выготский енгзді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің
(анализаторлар,ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық
зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Екіншілік кемістіктер –
бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын
(саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті
бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік
мінез – құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден
қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға
оңай бағынады. Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар
анағұрлым тәрбиге көнгіш болады.
Даму процесінде бірінші және екніші кемістіктер арасындағы биологиялық
және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту
мен тәрбиелеу негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни туынды
кемістік бағыты төменнен жоғары болған жағдайда дер кезінде коррекциялық
– педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық
жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға
деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын
алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды
кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын
жасай бастайды, патогендік әсерлер жоғарыдан төмен қарай бағытталады.
Л.С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі.
А.Адлерден кейін Л.С. Выготский де функционалдық позициядан алғанда
қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел
еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір
жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан –
кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай
жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазды: Жалпыға бірдей бұл заң ағзаның
биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы
компенсация плюсіне айналады.
Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау
тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар – жүйеішілік
қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе
жүйе аралы, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы
сипап сезумен компенсацияланады (Брайль шрифті).
Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік
педагогиканың негізін көреді: Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның
қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған
функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан.
Қорытынды
Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке
тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы,
жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның
маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс
тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы
көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі
арқылы анықталады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-
қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы
әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі
қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет
пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала
санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра
отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты
салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің
де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Выготский Л.С. Психология личности. - Том.2. - М., 2000.
2. Намазбаева Ж.И., Психология. Оқулық. – Алматы, 2005.
3. Выготский Л.С. Избранные психологические труды. - М.: Институт
практической психологии, 1995

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №6

Тақырыбы: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы сананың
жүйелі және мағыналық құрылымы

Орындаған: Рапикова С.А. (магистрант,
6М010300 –Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н.А. (п.ғ.к., доцент м.а.)

Семей 2015

Жоспары

1. Л.С.Выготскийдің тарихи-мәдени концепциясы
2. Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес
мәселесі

Л.С.Выготскийдің тарихи-мәдени концепциясы туралы Л.С.Выготский өзінің
қатарластарының еңбектерін жалғастырушы болып (Г.Я.Трошина, А.С.Грибоедова,
Э.Сегена, М.Монтессори және т.б.), аномальды даму концепциясын ұсынушы
болады. Бұл концепцияның негізінде Л.С.Выготский қалыпты дамуды зерттеп,
психиканың дамуының тарихи-мәдени концепциясын ұсынады. Әлеуметтік
бейімделудегі қиындықтарды, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесудегі
бұзылыстарды Л.С.Выготский ашып көрсеткен. Мұндай жеке тұлғаның
ерекшеліктеріне – төмен көңіл-күй фоны, астеникалық белгілер, ипохондырлық,
әлеуметтік байланысқа түсудің шектелуі, өзін-өзі бағалаудың төмендігі,
қорқыныштың жеңіл пайда болуы жатады. Мұндай бұзылыстар көбінесе отбасылық
тәрбиенің жетіспеушілігінен және оқытудың дұрыс жағдайда жүргізілмеуінен
пайда болады. Сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалардың оқуындағы
қиндықтарға әсер ететін дамуындағы ерекшеліктермен қатар тиімді сипаттағы
заңдылықтар да бар. Оның бірі Л.С.Выготскиймен көрсетілген: дамуында
ауытқуы бар балалардың психикасының қалыптасуына потенциальды мүмкіндіктер
туғызудамудың жақын аймағы түрінде болады. Л.С.Выготскийдің концепциясы
бойынша дамудың жақын аймағы мына міндеттердің негізінде анықталады: бала
белгілі бір тапсырманы өз бетінше шеше алмайды, бірақ ересектердің
көмегімен біріккен іс-әрекет барысында шеше алады. Л.С.Выготский
ересектердің көмегіне өте үлкен мән берген. Ол жоғары психикалық
функциялардың қалыптасуы, баланың ересектермен әрекеттесуінің арқасында
жүретінін айтқан. Әрекеттесу түрлерінің әртүрлілігі ересектердің көмегін
өнімді қолдана алуы және тапсырманы ұқсастырып орындау, оқытылады деген
түсінікпен сипатталады. Жаңа білімді, білік және дағдыны игеру темпі,
оқытуға байланысты өте жоғары оқыту деңгейі қалыпты дамушы балаларда.
Дамудың кез-келген бұзылысында оқу деңгейі төмен болады. Балалар
ересектермен қиындықпен бірлесіп жұмыс жасайды, олардың көмегін төмен
деңгейде қолданады, ұқсастық бойынша берілген тапсырмаларды орындауда
қиындықтарға жолығады. Яғни, Л.С.Выготскийдің қарастырған концепциясы 70
жылдардың соңына дейін арнайы педагогиканың және психологияның теориясы
есебінде қолданылды. Аномальды дамудың тағы да бір жалпы заңдылықтарының
бірі іс-әрекетінің сөздік регуляциясының бұзылуы болып табылады, ол сөздік
жеткізудің жетіспеушіліктерінде және спецификалық ерекшеліктерінде көрініс
береді. Ақпаратты қабылдау және талдауда кездесетін қиындықтар, сөздің
жеткізудегі қиындықтар, есте сақталатын материалдың бұзылуы, ойлаудың
дамуының бұзылысына әкеп соғады. Көбінесе жалпылау және жекелеу процесінің
баяу қалыптасуына, белгілеудің қиындықтарына әкеп соғады. Жалпы
заңдлықтарда бөлек дамудың бұзылыстары бар балалардың кейбір
категорияларына тән спецификалық заңдылықтар, ерекшеліктер бар Аномалияның
бір түріне қатысты дамудың бұзылысы әрбір жеке жағдайда үлкен
вариативтілікпен, әсіресе ауыр деңгейі бойынша ерекшеленеді.
Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес
мәселесі
Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің
филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму
кезеңдері. Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің
жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының
өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және
рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын
құралдар күрделене түсті. Құралдар арасындағы ең маңыздысы: сөйлеу, жазу,
және ғылыми психикалық прогреске байланысты (компьютер). Сөйлеудің
түрлеріне байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша. Ес процесі
дами отырып ойлау процесіне жақындай берді. Выготскийдің айтуынша, баланың
ойлауы оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану еске түсірумен бірдей.
Тек балалық шақта ғана ойлау мен естің арасында қатты байланыс болады.
Естің басқа психикалық процесімен байланыстың өзгеруі жасөспірімдік шаққа
қарай пайда бола бастайды. Бұл байланыстар балалық шаққа қарағанда
керісінше болады. М: егер балалық шақта ойлану үшін еске түсіру қажет
болса, ал жасөспірімдік шақта есте сақтау үшін ойлану, түсіну қажет.
Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі. Ойлау процестерінің сатылары. Ойлау-
жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие.
Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі
заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті
шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей
қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа
шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет
барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі
проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен
басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы
ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың
миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз
байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау адамның
сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Ойлаудың ішкі
мазмұны қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Выготский Л.С. Психология личности. - Том.2. - М., 2000.
2. Намазбаева Ж.И., Психология. Оқулық. – Алматы, 2005.
3. Выготский Л.С. Избранные психологические труды. - М.: Институт
практической психологии, 1995

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №7

Тақырыбы: Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары

Орындаған: Рапикова С.А. (магистрант,
6М010300 –Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н.А. (п.ғ.к., доцент м.а.)

Семей 2015
Жоспары

1. Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері
2. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып
қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз
оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану
тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея
жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы
идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның
дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен
дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және
позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс,
зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен
өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс
абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс,
олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде
түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты,
құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет
етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін,
яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің,
заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.
Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен
қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін
нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік
құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады,
бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида –
ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект
қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.)
білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет
математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал,
әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды,
процестерді зерттегенді "позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс
теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б.
арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол
О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң
болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды,
өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған
топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс
жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері
әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың
қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім
бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі
корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып
кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық
және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың
арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп
отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және
әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық
өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт
әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті,
дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және
адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт
қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі
жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани
бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау
әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді.
Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді.
Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О.Конттың
пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік
процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша
әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың
өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы
пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.
О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын
әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына
қысқаша тоқтасақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден
тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу
теориясының негізінде пайда болған.
Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар
тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың
тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі
организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен
теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер
туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама
тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын
құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің,
игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Дидактиканың оқыту технологиясы
Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы
Естімейтін балалардың сөзжасамды меңгеру ерекшеліктерін анықтау
Тұлға зейінін зерттеудің ғылыми-теорилық негіздері (1 тарау)
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Пәндер