Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар

Тексерген:Муратбаев. Д. М

Орындаған: Нұрмұқаш А.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Шошқа обасы
  2. Этиологиясы
  3. Патогенезі
  4. Диагноз
  5. Емі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Шошқа обасы ( Pestis Suum) - аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлі тиіп, геморрагиялық диатезбен, септицемиямен, ал жітілеу және созылмалы түрде дамығанда өкпенің крупозды, ішектің крупозды, дифтеритті қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Обамен жасына, тұқымына қарамастан үй жән жабайы шошқалар ауырады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы шшқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады.

Қоздырушысы - құрамында РНК бар Pestivirus тұқымындастығына жатады, жоғарғы вирулентті.

http://refdb.ru/images/745/1488393/51e9cb4d.jpg

Тарихи деректер. Шошқа обасы агғаш 1833 жылы Солтүстік Американың Огайо штатында анықталған. 19 - ғасырдың 60 - жылдарында оба Европа елдерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20 - ғасырдың 70 - жылдарына дейін шошұа өсіруімен шұғылданатын елдерінде індет жиі байқалады.

Оба вирусын алғаш 1903 жылы американ ғалымдары Швейнитц пен Дорсет анықтады. Дорсет пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан сарысуын алып, оны вируспен бір мезгілде егіп, обаға қарсы иммундеудің симультанды әдісін пайдаланады. АҚШ -та 1936 жылы Мак - Браид, КСРО - да 1939 жылы И. И. Кулеско шошқа обасына қарсы өлтірілген кристаллвиолетвакцина әзіренеді. Өткен ғасырдың 50 - жылдарынан бастап шошқа организіміне раектогендік қасиеттері әртүрлі, қоян организіміне өсуге бейімделген әлсіретілген штамдардан (Робак, SFA, Гудзон) дайындалған құрғақ вирус вакциналар кең пайдаланыла бастады. Сондай - ақ К штамынан торша өсінділерінде өсірілген вирусвакцина да дайындалады.

http://ksu.edu.kz/images/ksu/Postup/vetm1.jpg http://ksu.edu.kz/images/ksu/Postup/tppj5.jpg

Этиологиясы . Аурудың таралауының негізгі көзі - вирусты экстреттермен және секреттермен бірге сыртқы ортаға шығарып отыратын ауру шошқа. Аурудың таралуының екінші бір көзі - микроб түскен азық, төсеніш, еден, құрал - сайман және тағы басқа заттар. Малды күтуші адамдар (аяқ киім, киім ) арқылы, тазартылмаған және зарарсыздандырылмаған көлік құралдары, сондай - ақ ит- құс пен кеміргіштер қоздырғышты механикалық жолмен таратуы мүмкін. Бұл ауру вирус азықпен және сумен бірге асқазан арқылы денеге тарағанда немесе вирусы бар зат көздің кілегей қабығына, жаңа жараға және басқа жеріне түскенде жұғады.

Патогенезі. Обаның вирусы шошқа организіміне енгеннен кейін лимфоидты ағзаларда көбейіп, 6 сағатан кейін сол организімге түгел жайылады, бірақ негізінен көкбауыр, бездер, бауыр, жілік, кемігі сияқты лимфоидты торшаларға бай ағзаларда жинақталады. Вирус енген қан тамырларының эндотелиі зақымданып, өліеттенеді. Осының салдарынан көптеген геморрагиялар кездеседі (геморрагиялық диатез) . Осыған орай гемодинамика бұзылып, оның әсерінен сөл түйіндерінде, ішекте, басқа да ағзаларда некроз ошақтары, ал аталақта инфарктер пайда болады.

Қан түзу жүйесінің зақымдануына байланысты қаназдық - анемия, лейкопения өрбіп, лимфоидты- макрофагты ұлпалар бұзылады . Егер оба қосалқы бактериялық індеттермен асқынса, ішекте крупозды - дифтеритті қабыну болады. Мидағы және жұлындағы қабыну процестерінің әсерінен іріңсіз энцефалитке тән периваскулярді пролиферат кездеседі. Жүйкенің осындай өзгерістерінен жануарлардың күйзелуі немесе қозынуы байқалады.

Ауру жіті өткенде бүкіл организмдегі, әсірсе гемопоэз және гемодинамикалық жүйелерінің кеселденуі өлімге әкеп соғады. Оба жітілеу және созылмалы өтекенде жануарлардың табиғи төзімділігі әлсіреп, иммундық жүйенің жұмысы бұзылады . Нәтижесінде организімдегі шартты түрде зардапты микроорганизімдер (сальмонеллалар, пастереллалар, т. б) көбейіп, енгізгі ауру қосалқы инфекциямен асқынады. Мұндай көбінесе өкпеде крупозды, тоқ ішекте крупозды - дифтеритті қабыну өрбіп, шошқа әлсіреп, арықтап, өліп қалады.

Диагноз. Обаны індеттанулық, клиникалық, патологикалық - анатомиялық деректерге сүйеніп анықтайды. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде бактериялық індеттерден ажыратады.

Аурудың жылдам таралып, жасына, күйіне, жыл мезгіліне қарамастан ауыр түрде өтіп, көп шығынға ұшыратуы, өлекседегі өзіндік өзгерістер обаны анықтауға мүмкіндік береді. Күмәнді болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Зертханаға торайдың өлексесін түгелімен немесе қанның, ішкі ұлпалы ағзаларын, сөл бездерін жібереді. Зертханада вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі. Серологиялық реакциялардан ИФР, КБР, БР (иммуннофлуоресценция реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы, бейтараптау реакциясы) пайдаланады. Түкпілікті диагноз қою үшін шошқаға жұқтыру арқылы биосынама пайдаланады.

C:\Users\Думан\Desktop\сурет\Фото1094.jpg

Фибринозды-геморрагиялық пневмония және геморрагиялық лифмаденит.

C:\Users\Думан\Desktop\сурет\Фото1100.jpg

Соқыр ішектегі бутордар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

  1. А. В. Жаров, В. П. Шишков, М. С. Жаров “ Патологическая анатомия сельско - хозяйсттвенных животных” М., “Колос ” 2001ж.
  2. Ж. Б. Ахметов “ Патологиялық анатомия” Алматы “ Ана тілі”1993ж.
  3. Т. Сайдулдин ‘‘Ветеринариялық індеттану „ 1 - кітап. Алиаты 1999 ж
  4. Малдәрігерінің анықтамалығы. Алматы “Қайнар „ 1971 ж.
  5. Х. С. Жұмабеков. К. Ю. Дербышев, «Жануарлардың патологиялық анатомиясы» Алматы 2011ж
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар туралы
Қарасан ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Ауески ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқаның обасы
Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Шошқа обасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz