Киімнің негізгі түрлері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Киімнің негізгі түрлері

Орындаған: Бекбаева М

Тобы : ТК -321

Тексерген: Нұрымхан Г. Н.

Семей

2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімКиімнің негізгі түрлеріКиімдердің әлеуметтік дәрежесіҰлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарНеке киімдеріне қатысты салт - дәстүр
  3. Қорытынды

Кіріспе

Киім - адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С. И. Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түр-ге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:

Іштік киімдер. Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.

Сулық киімдер. Аба, кебенек, кенеп, сырт-тық, шекпен. Ерлердің бас киімдеріБашлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күл- пара, қалпақ, құлақшын, ма-лақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

Әйелдердің бас киімдері. Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, ора- мал, қарқара, сәукеле, та-қия, шәлі. Аяқ киімдерКебіс, көк етік, мәсі, мық- шима, саптама етік, шоң-қайма.

Киімдердің әлеуметтік дәрежесі

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі) . Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киім-дер, ғұрыпты киімдер, қа- зақтың неке киімдері, күй-еу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салт- тық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т. б. Біздің арнайы зерттеп, пай-ымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т. с. с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қа-рай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқа-тар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасыр- ларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үл- гілері бізге жеткен жоқ. Біз-дің ұлттық киімдеріміздің не- гізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.

Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар. Баскиімдер бойынша

Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғы-на тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Баскиімге қауырсын тағу. «Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауыр-сын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қыл- мыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн тө-ленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті біл- діреді. Күйеуі өлген әйел өзі-нің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

Баскиімге қатысты тыйымдар. Баскиімді іліп қояды, кез - келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас - су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.

Сырт киімдер бойынша. Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған - туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый - сияпат, киіт орнына жүрген.

Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде ба-ғалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы - жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу - қазақ халқында үлкен мәртебе.

Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, ба- қытты тұрмыс құрған қария-лардың жолын берсін деп, олардың жейде - көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала кө-термеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару - жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным - сенім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары,олардың негізгі қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері
Аяқ киімнің дизайны
Киімнің функциялары жайлы
Спорттық киімдер мен аяқ киімдерге жалпы сипаттама
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Киімнің адам тіршілігіндегі маңызы
Киімді конструкциялау және тігу
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хром былғары
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
Киімге қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz