Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады. Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек» деген ойда болады. Айта кету керек, ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды.
1. Оспанова С. Г., Бозшатаева Т. Г. «Экология оқулығы». 336-337,321-328, 155-158 беттер аралығы.
2. Жатқанбаева Ж. Ж. «Экология негіздері». Алматы.2003ж.114-132 беттер.
3. Нұрғызарынов А., Шілдебаев Ж. «Экология және тұрақты даму». Оқулық. Фолиант баспасы. Астана, 2014 ж. 325-327 беттер.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті Ветеринарлық Медицина Кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті
сатысы.
Орындаған: Ахмадиева А.Ж.
Тексерген: Мурзалимова А.
К.
Тобы: ВМ – 401.
Семей, 2015 ж.
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

бір түрі.
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми
негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар
бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына
экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-
Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау
алады. Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып
отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті
борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен
ластап жүрсе, екінші біреулері Табиғаттың жаратылысы ешқашан да
өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады деген
тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп
отырмай, оны бағындыруымыз керек деген ойда болады. Айта кету керек, ХІХ
ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі
философ Ф.Энгельс Табиғат диалектикасы атты еңбегінде ... біз табиғатты
жеңдік деп шаттанбайық, себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін
алып отырады. Осындай жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге,
дағдарыстарға әкеліп бұл жеңістердің маңызын жоққа шығарады, - деп ойын
білдірген екен. Егер бұдан да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай
бұрын сол заманның ғалымы Эпикур – Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар
өзіне қажетті тілектерін, оны ырқына көне отырып залал келтірмей іске
асыруы тиіс... - депті.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық
мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану
болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды
бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық
білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат
баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс
- тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны
кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен
арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік
және әлеуметтік шара. ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы (73-74 баптар), ҚР
Білім туралы заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру
мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап
көрсетілген.
Негізгі бөлім.
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның
мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау
үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда
жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік
ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық
бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн.
Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білімжәне
Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда Экологиялық білім бағдарламасын
бекіткен болатын. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып кез
келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне
сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына
түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық
білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі табиғат-қоғам-адам
жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп,
экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен
табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті
өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу
жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің
өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның
ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар
мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен
әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына
айтарлықтай ықпал жасауда.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы
тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі.
Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.
Экологиялық білім беру – балабақша, ортамектеп, лицей, гимназия,
колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру
жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесіне айналды.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау,
іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге
бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын
игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз
байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді,
әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал
етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып
табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ,
кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Әрине табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына
адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы
қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Белгілі педагог-психолог
Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің
табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге,
табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі
әлемге терең көзбен қарауға үйретеді. Ғылыми-техникалық прогрестің
өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат
заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-
теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев,
Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік ұстанымы бойынша,
әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере
отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксіз ұстанымы,
азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған
ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты
экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін
көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты -
қоғамдық сананы экологияландыру болып табылады. Экология міндеті - адамның
тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты
дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар,
өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше
алатын бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен кәсіби мамандардың
жеткіліксіз болуына және қазақ тіліндегі оқу құралдары мен
бағдарламалардың жеткіліксіз болуына байланысты экологиялық білім мен
тәрбие беру жүйесі шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика
мектептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде
пайдаланатын экология пәні бойынша арнайы оқулық пен оның кешендері
(бағдарламасы, жұмыс дәптері, әдістемелік нұсқау, хрестоматия) 2005
жылдан бастап Мектеп баспасынан ҚР Білім және Ғылым министрлігінің
бекітіп ұсынуымен жарық көрді. Деседе, министрліктің ұйғарымын орындау
орнына республиканың мектептері Экология негіздері пәнін сабақ
кестесіне енгізген жоқ, тек факультатив есебінен жүргізіледі. Көрші
Ресей Федерациясы 1994 жылдан бастап мектептерге экология пәнін
енгізгені көпшілікке мәлім. Ал мектептегі химия, география, биология
пәндерінде экологиялық білім толық берілмейді, кейбір оқулықтарда
қарастырылған мәселелер Қазақстандағы экологиялық проблемалардың
ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім
берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер,
гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде
жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында
экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық
талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер
ғана есепке алынады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков, Н.Н.
Нұғыманов, А.Б. Бигалиев, Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова, Ж.Б.
Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат қорғауға
байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді. Онда алғашқы рет
мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар
дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде
болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда
университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде
тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп,
экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым
Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география-экология
факультеті ашылып эколог мамандарын даярлауға жол ашылды.
Қазір жоғарыда аталған университет экологиялық білім мен
тәрбие беруде Қазақстанның жоғары оқу орындарының көшбасшысына
айналды. Соңғы жылдары қызметке келген университеттің жаңа басшысы,
академик С.Ж.Пірәлиев география-экология факультетінің оқу процесін
күшейтіп Экомониторинг зертханасын ашуға көп көңіл бөлді. Зертхана
жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Білім алушылар
зертханада ауа, су, топырақ, өсімдік құрамындағы ауыр металдар,
нитраттарды анықтай алатын практикалық білім ала бастады. Тек
студенттер ғана емес осы университеттің Магистратура және PhD
докторантура институтында оқитын білім алушыларда экология ғылымы
бойынша іргелі ғылыми зерттеулерге қатысып білімдерін дамытуда. Яғни,
Жаратылыстану мамандықтары кафедрасында Биоэкомониторинг, Химия және
химия техникасы зертханалары жұмыс істейді. Онда магистранттар мен
докторанттар экологиялық зерттеу жұмыстарын жасап магистрлік және
докторлық еңбектерін аяқтайды. Осының бәрі экологиялық білім берудің
жаңа стратегиялық бағыттары деп білеміз.
2. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі
бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет
тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар
табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде
түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және
биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи
территориялық ұйымдардың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территориялар
туралы Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау режимдеріне және
пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық табиғи парктер,
табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер және басқалар.
ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар
деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 10
мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи
ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк
бар. Ал, енді ЕҚТТ-ның негізгі түсініктеріне тоқталайық.
Қорық – аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа
пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су
кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи
кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға
арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықтың негізгі міндеті–табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді),
осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру,
табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу.
Қорық аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды. Қорық–қорғалатын
аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік
ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу
әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан
жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру
мәселесі терең зерттеледі. Қорықта табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары
белгіленеді. Қорықтарда ғылыми зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі.
Табиғаттың қорғалатын бұл аймағы – ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық
байланыстарды сақтайды. Қорықтар–табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай,
жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем
қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің
негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В.И.Ленин қол қойған
Ескерткіштерді, бау–бақшаны және парктерді қорғау туралы деректен алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар. Олар :
Ақсу –Жабағлы, Алматы, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым, Үстірт, Алакөл,
Батыс Алтай және Қаратау қорығы.
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас
Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы).
Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-
географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік
белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам
түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес
аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км.
Аралдың хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар
түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және
құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан
әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары
аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында
орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің,
рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында
орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер
жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен
астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің
62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының
Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық
аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго
популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су
құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның
44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау
жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай
және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан
астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі
мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.
Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда
орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына
кіреді.
Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және
Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990
жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы
Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда
өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик
түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында
тұр.
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер
нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланатын
аумақ. Ол мемлекеттік табиғи қорының бір немесе бірнеше нысандарын
сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша территориясында шаруашылық
жұмыстары шектеулі түрде ғана жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы
онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек бір бөлігі ғана қорғалады.
Қорықшалар қорғалатын нысандарының құндылығына қарай жергілікті және
республикалық мәндегі болып бөлінеді. Мысалы, зоологиялық қорықша–
Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету
қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған арнайы аумақтар. Бұл
аумақтар шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ең
алғаш ұйымдастырылған зоологиялық қорықша–Андасай қорықшасы. Елімізде
республикалық мәні бар 44 зоологиялық қорықшалар бар.
Ботаникалық қорықша – Қазақстанда өсетін өсімдіктердің және бағалы
түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін
сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар. Бұларда шаруашылыққа
пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ботаникалық қорықшаның
сипатына байланысты бұнда орман кесудің барлық түрлеріне (санитарлықтан
басқа), мал бағу, шөп ору сияқты адамның шаруашылық іс-әрекетіне жол
берілмейді. Республикамызда жалпы көлемі 217 мың гектар болатын 16
ботаникалық қорықша бар.
Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың
бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.
Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің
(биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы
және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz