Қазақстандағы жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері



1.Қазақстандағы жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
2.Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін -жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.
1. «Экономикалық теория», - А.Н. Доғалов, Н.С.Досмағанбетов, Алматы, 2014, 56-58 б
2. «Экономикалық теория», - С. Қ. Құрманбаев, Ш. Т. Аитимова, Е. К. Молдакенова, Алматы, 2011, 101б.
3. «Экономикалық теория негіздері», - Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев , Алматы, 2011, 478б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері

Орындаған: Молдрахмет.А
Тобы: ЮР-407
Тексерген:  Габдуллина Л.Б

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз
тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы
КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту
мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің
бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін -жекешелендіру қажет еді.
Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей
шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес
өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың
мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың
акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген
кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін
арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.
Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі
бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың
кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің
алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлкеттік меншікті басқа нысандарға
айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін
(акцияларын) сатып алуды мақсат етіп қойды.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және
жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық
экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен
жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың
басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезең.
Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда,
қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындарының 50%-ы
жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу,
меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші кезең.
Үлкен және жаппай жекешелердіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл
кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші
жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке
жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде
жаппай жекешелендірудің мынандай артықшылықтарын көрсетуге болады,
біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге
жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен
мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру
мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып,
кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді
және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады.
Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%- ның тағдыры жаппай
жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.
Үшінші кезең.
Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру
жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері:
экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру,
жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының
бәсекелік қабілеттілігін көтеру.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын
қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу мемлекеттік
кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін
тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру, ал
жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да
заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату) дегенді білдіреді. Әрине,
мұнда мемлекеттің иелігінен (сату) алу мен жекешелендірудің ара жігін
ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттік
мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық
жүргізуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіру
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері. Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлық иегерлері .ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Мемлекеттік меншіктің үлесі
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы
ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Пәндер