Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
2.2 П.Я. Чаадаевтың орыс философиясына қосқан үлесі
2.3 Соловьевтың философиясы
2.4 Славянофильдік . орыстың философиялық . идеологиялық ағымы
Кіріспе
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол ұлттың рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интеллектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды. өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Философиясы өзінің мазмұны жағынан универсалды, әр түрлі тақырыптарды зерттейді. Әлеуметтік болмыстың әртектілігі, қайшылықтылығы әлеуметтік-саяси мәселелерге деген қызығушылықты туғызды. Орыс философиясы әлеуметтік-философиялық мәселелерімен қатар, өз елінің тағдыры мәселесімен де айналысты. Бұл тақырыпқа деген кызығушылық Ресейде әлеуметтік ахуалдың аса шиеленісуімен байланысты өсе түсті. Орыстың өзіндік санасы мен мәдениетінің ерекшелік Ресейдің тағдыры, оның адамзатты өзгертудегі рөлі туралы мәселелер В.Соловьевтің «орыс идеясы» (1886) негізінде қалыптасты. Ресей тағдырын зерттеу оның ізбасарлары Е.Трубецкой, В.Иванов және т.б. еңбектерінде жалғасын тапты. Олардың «орыс идеясы» Ресей мен Батыстың терең рухани бірлігін негіздеуге және орыс халқының таңдаулы халық ретіндегі ерекше мессиандығы туралы славянофильдер көзқарастарын сынауға негізделеді.
Орыс философиясының тарихында ХІХ- ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1829-1889), НАДобролюбов (1836-1861), Д.И.Писарев (1840-1868) теория жүзінде ғана емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60-жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.
Әдебиеттер тізімі

1. Адаева Г. А.Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы гендер мәселесі: тарихи философиялық талдау [Мәтін]: философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Адаева Г. А.- Алматы, 2007.- 22 б.
2. Ибраева Н. Ә. Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау [Мәтін]: философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Н. Ә. Ибраева.- Алматы, 2007.- 24 б.
3. Орыс философиясы [Мәтін] / Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі.- Алматы: Жазушы, 2006.- 568 б.-(Әлемдік философиялық мұра: жиырма томдық: Т. 12)
4. Рақымжанов Б.Қ. Шәкәрім Құдайберді ұлының дүниетанымына
тарихи-философиялық талдау: Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: Б.ж., 2005.-24 6.
5. Философия: Оқулық.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2002.- 352 б.
6. Философия [Мәтін]: Оқулық / Құрас. Т.Ғабитов.- Толық. 3-ші басылым.- Алматы: Раритет, 2005.- 400 б.
7. Философия тарихы [Мәтін]. Т. 14.- [Астана]: Аударма, 2006.- 488 б.(Қазақ халқының философиялық мұрасы).
8. Философы русского полеоктяборского зарубежье. / Сердяев Н.А – М: Наука, 1990 – С.71
9. Орыс философиясының тарихы / Зеньковский В.В – ростов – на – Дону: Феникс.1999 – С. 30
10. Философия начала цельного знания / Соловьев В.С – С. 222

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
2. П.Я. Чаадаевтың орыс философиясына қосқан үлесі
2.3 Соловьевтың философиясы
2.4 Славянофильдік - орыстың философиялық – идеологиялық ағымы

Кіріспе
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес,
мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол ұлттың рухани
тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның
интеллектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің
синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның
ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат
тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және
іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды. өйткені ол
тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Философиясы өзінің мазмұны жағынан универсалды, әр түрлі
тақырыптарды зерттейді. Әлеуметтік болмыстың әртектілігі, қайшылықтылығы
әлеуметтік-саяси мәселелерге деген қызығушылықты туғызды. Орыс философиясы
әлеуметтік-философиялық мәселелерімен қатар, өз елінің тағдыры мәселесімен
де айналысты. Бұл тақырыпқа деген кызығушылық Ресейде әлеуметтік ахуалдың
аса шиеленісуімен байланысты өсе түсті. Орыстың өзіндік санасы мен
мәдениетінің ерекшелік Ресейдің тағдыры, оның адамзатты өзгертудегі рөлі
туралы мәселелер В.Соловьевтің орыс идеясы (1886) негізінде қалыптасты.
Ресей тағдырын зерттеу оның ізбасарлары Е.Трубецкой, В.Иванов және т.б.
еңбектерінде жалғасын тапты. Олардың орыс идеясы Ресей мен Батыстың терең
рухани бірлігін негіздеуге және орыс халқының таңдаулы халық ретіндегі
ерекше мессиандығы туралы славянофильдер көзқарастарын сынауға негізделеді.
Орыс философиясының тарихында ХІХ- ғасырдағы революцияшыл
демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын
алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері
В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1829-
1889), НАДобролюбов (1836-1861), Д.И.Писарев (1840-1868) теория жүзінде
ғана емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60-жылдары пісіп жетіліп келе
жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Орыс діни-философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
Орыс философиясы деген концепт (үғым) туралы сөз қозғағанда, ең
алдымен, талдаудың мазмұндық және мағыналық шектерін көрсету қажет.
"Орыс философиясы" үғымын философтардың этникалық тегіне қарап
қолдануға болмайды және де оны "Ресейдегі философия" деген топтамалық
түсініктен де ажырата білу керек. Біріншіден, XX ғасырдың екінші ширегінен
бастап орыс философиясын көбінесе шетелдегі орыс ойшылдары дамытты.
Екіншіден, ұлттық өзіндік сана-сезімнің түрі ретінде орыс философиясының
мәселелік-мағыналық тұтастығын құрайтын ерекше "бірінші интуицияға"
қатыссыз алғандағы, батыс еуропалық философияның әр түрлі бағыттарын
(неокантшылдық, неогегельдік, позитивизм, марксизм, интуитивизм,
ницшешілдік, феноменология және т.б.) дамытып жүрген көптеген ресейлік
философтарды орыс философиялық дәстүріне сөзсіз қосуға болмайды.
Егерде философиялық ой әркез өзінің негіздемелерін өзі ашатын
құрайтын-дәлелдейтін ой екенін ескерсек, онда орыс философиясы термині
философиямен шұғылданудың ерекше түрі деп есептелуі керек. Ол философиялық
рефлексияның өрістеуінің ерен рухани-болмыстық негіздеу тәсілін беруімен
ерекшеленетін философия. Бұл бірегейлік орыс философиясы деген идеалды-
типтік түсінікті "француз", "американ"; "қытай" және т.б.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресейде ұлттық философиялық дәстүрдің
пайда болуына жеткілікті, нақты мәселелік-мағыналық мәтіндер болды.
"Орыстың өзіндік ерекшелігі бар ойлау дәстүрі тарихсофиялық мәселеге
байланысты оянды. Ол Ресей туралы Жаратушы не ойлағандығына терең бойлады,
- деп афористік қысқа да нұсқалықпен Н.А. Бердяев нақты да мінсіз
тұжырымдап берді. Ресейдің өз тағдырын анықтауы, оның өркениетті және
мәдени даму жолдарын таңдауы мен дүниежүзілік тарихтағы алатын орны мен
талаптануы туралы сұрақ өте кең дүниетанымдық, мәдени-тарихи, рухани-
адамгершіліктік, діни-философиялық түрде талданылып, қорытылды. "Орыс
идеясы". Ресейдің тағдыры мен өмір сүру мағынасы тақырыбы ретінде болмыстың
діни-метафизикалық мәселесіне қарқынды түрде енді: абсолютті ақиқатты
қандай мәдени және өмірлік түрде түсіндіруге болады, адамзат тарихы мен
жеке адам өмірінің акырғы мәні неде? Ресей тақырыбының құдайтану құпиясы
мен әлем тағдырын түсіну, ұлттық өзіндік рефлексияның әмбебап метафизикалық
болмыстың негізіне айналуы - орыс философиялық дәстүрлерін анықтаушы
ерекшелік, бірақ ол Батыстың және Шығыстың көптеген ұлттық-философиялық
мәдениетіне тән емес. Бұл ерекшелік біртұтастық метафизикасының негізіне
саналы түрде алынған болатын. Бұл түрғысынан В.С. Соловьевтың біртұтасық
философиясының Шеллингтің біртұтастық философиясынан айырмашылығы бар
екендігі бірден көзге баттиып түсе кетеді. Философияның немістік жүйеленуі
Абсолют метафизикасын неміс ұлтының мәсіхшілік (мессиялық) қызметі
идеясымен түбегейлі қатынаста байланыстыра қойған жоқ.

2. П.Я. Чаадаевтың орыс философиясына қосқан үлес

Орыс философиясының өзіндік сана-сезімінің оянуы П.Я. Чаадаевтың
1829-1831 жж. жазылған "Философиялық хаттарынан" басталады. Онда орыстың
өзіндік философиясының әрі қарай дамуының негізіне айналған мәселелік-
тақырыптық және құндылықтық-мағыңалық кең мәтінді суреттелген, жетекші
себептер беріліп, философиялық рефлексияның бағыттары көрсетілген.
Тарихтан шеттеп қалған көшпелі-адам нигилизмді тасымалдаушыға
айналады, себебі әлеуметтік байланыстарды ұйымдастырудың міндетін сыртқы
күш - мемлекет өзіне алады.
Ресейлік болмыс ерекше философиялык жағдайды туғызады. Чаадаевтың
айтуы бойынша, адам өзінің болмысының негізі болғаны үшін, болмыстағы
өзінің орнын еркін таңдағаны үшін жауап беруі керек. Бірақ Ресейдің қиқы-
жиқы күйсіздігінде, сол "желенің онтологиясында" (М.Мамардашвили) бастапқы
"құпия еркіндіктен" басқа адам тірек қылатын ештеңе жоқ. Оны Пушкин біліп,
қызғана қорғаған, ал Чаадаев сонымен қатар ойланудың философиялық
тәжірибесін жүргізген. Бұл еркіндік жаулап алатын, жасап алатын әлдебір
дүние емес, бірақ оны ешқашан жоғалтуға болмайды. Бұндай тәжірибені
тұрмысы, жай-күйі жақсы Европаның тұрғындары басынан өткізе алмайды. Бірақ
күші жағынан рационалды сана-сезімнің батыстық метафизикасына абсолютті
және шығыстық мистицизмге тең келетін өзіндік философия жасауға орыс
ойшылдарының алдынан болашақ жол ашылады. "Шығыс пен Батыс арасындағы
дүниенің екі ұлы бөлінісінің арасында созылып жатқан біздер, бір шынтақпен
Қытайға, екіншісімен Германияға сүйеніп отырған біздер, өзімізде рухани
табиғаттың екі ұлы бастауын - қиял мен ойды тіркестіріп қоюымыз керек еді,
сөйтіп, біздің өркениетте барлық жер шары тарихының басын қосуымыз керек
еді.
Әрі қарай жеке адам болмысының онтологиялық негізі ретінде адамның
рухани еркіндік мәселесі, ондағы философиялық өткірлікті және түбегейлі
маңыздылықты бәсеңсіткен діни-конфессиялық бағытқа көше бастады. Тарихи
болмыстың жеке тұлғалық мағынасының туындаған орны ретіндегі еркіндіктің
абсолюттік мәселелілігі емес, православиелік рухани дәстүрге сүйенуге
ұсыныс жасалды; яғни сенім актісіне сүйенуге ұсыныс жасалды, кейінірек оған
философиялық рефлексия қоса берілді. Өзінің өмірінің соңғы кезеңінде жазған
"Жындының Апологиясында" Чаадаев орыс тарихсофиясы үшін негізгі ой бола
алатын пікірді айтады: тарихтан тысқарылықтың өзі, Ресейдің өзін-өзі таныта
білмеуі, адамзатты ойландырып жүрген сұрақтарға жауап беруге, әлеуметтік
және рухани мәселені шешуге, ешқандай формамен байланысы жоқ, жасырылып
жатқан әлеуетті күшті табуға бірегей мүмкіндік береді. Демек, ол Ресейдің
болашақтағы ұлы және бірегей әлемдік-тарихи миссиясын тұжырымдайтын
мәсіхшілік идеяға келеді.
Бұл тұжырымда христиандықтың мәсіхшілік-эсхатологиялық себептері ғана
емес, сонымен бірге, кейініректегі Шеллингтің де философиялық идеялары
кездеседі. Русь болмысының тарихтан шеткері қалып қоюы, шын мәнінде, басқа
тарихилық онтологиясының бар екендігінің айғағы. Русь тарихтан тыс уақытта
өмір сүрмейді, бірақ уақыттың басқа түрінде - мифологиялық уақытта өмір
сүріп келеді. Бұл уақыт батыс еуропалық тарихи даму уақытынан іштей
ерекшеленді және мифология пайда болатын үрдіс болып табылады. Демек, уақыт
мифологиялық жүйенің пайда болуына алып келетін ішкі үрдістер мен сананың
қозғалысына толып қалған. Басқа сөзбен айтқанда, сана болмыстың тарихы
ретіндегі теогониялық үрдіске байырғы уақыттан бері келе жатқан мәнділік
тұрғысынан қосылған. Сондықтан да мифологиялық жүйелер тарихи оқиғаларды
бейнелемейді, бірақ оның жалғыз мазмұны болып табылады. Міне, сондықтан да
болар, Соловьев тұжырымдағандай, Русьтің миссиясы христиандықты өмірлік
тұрғыдан бекіту болып табылады, ал мәдени түрлер шығармашылығы қаншалықты
маңызды болса да, тарихи орындалудың жеке өзіндік мазмұнын құрамайды.
Ресейдің философиялық оянуының бастамасы еуропа мәдениетін қарқынды
игеру кезеңіне сай болды. Бұның ішіне философиялық мәдениетті игеру де
кірді. Егеменді, өзіне-өзі жеткілікті мемлекеттік биліктің қанауында
"бүгілген, қысылған, үнсіздік жамылған" (Г.Флоровский), жүректің "ішкі
шөліне" кеткен сананың азат етілуінің алғы шарты масоншылдық болды.
"Масоншылдықта бірінші рет орыс интеллигенциясы (зиялылары) өзінің
болмысының жыртықтығын, екіге бөлінгендігін танып, біртұтастық туралы ойлап
мұңаяды және соған талпынады. Масоншылдық өзінің мәні жағынан
платондандырылған гностицизмнің өзіндік бір түрі болды. Табиғатты
мистикалық қабылдау, әлемдік гармонияны жақын сезіну, болмыстың бір
тұтастығын тану, өткір антропоцентристік көңіл-күй орыс шеллингиандығына
негіз дайындап берді. XIX ғ. басында нағыз ынтықтық және барлығынан басым
түсер ынтықтық түрі болып, жаңа дін рөліндегі философия табылды. Мәскеу
мен Петербургте "даналықты сүюшілердің" көптеген үйірмелері пайда болды.
Олар неміс трансценденталист философтарының ілімдерінің қыр-сырлары туралы
таласқанда тіпті өздерін ұмытып кетуге дейін барады. А.И. Герцен
мысқылдағандай, жас адамдар өз махаббат сезімдерін білдіргенде де
Шеллингтің натурфилософиясының терминдерін қолданушы еді. В.Ф. Одоевский
тұжырымдағандай, Шеллингтің рөлі Колумбтың рөлімен бірдей: ол адамға
көптеген аңыздарда айтылған адам дүниесінің белгісіз бөлігін, яғни жанын
ашты. К.С. Аксаков ол туралы жартылай қалжыңды, жартылай байсалды мына өлең
жолдарын жазды:
Тарантаста, арбада болсын
Түнде мен Брянскіден келемін,
Тек ол туралы, Гегель туралы,
Мен дворянша ойлаймын.
Оның орыс халқы Гегель философиясын түсіну үшін арнайы өмір сүреді деп
асыра сілтеген жері де бар.
Бірақ Чаадаевтың талдауына сенетін болсақ, онда Ресей өмірінде
философиялық рефлексия сүйене алатын, ешқандай жағымды бастаулар жоқ.
Славянофилдердің өзіндік орыс философиясы Ресейдің тарихи болмысының терең
негізі ретіндегі православиенің мызғымас сенім бастауына сүйенетін рухани
тәжірибеден туындауы керек деп есептеді, оның тарихи миссиясын -
христиандықты әмбебапты-өмірлік іске асыруды орындау арқылы болашақтағы
рухани өзгерістерге деген үміттің бастауынан туындауы керек деп есептеді.
Егерде Чаадаев - философиямен шұғылданудың біртұтас және әмбебап
үлгісін ("парадигма") тудырған Ресей тақырыбының негізін салушы болса, онда
батысшылдар мен славянофилдердің пікірталастарынан бастап оны нақтылау және
мазмұнды толықтыру үрдісі басталады. Өзіндік бастапқы тұғыр мен орыс
философиялық дәстүрінің принциптерін анықтайтын маңызды ерекшеліктердің
қатарына келесі типологиялық-маңызды сипаттамалар жатады:
1. Орыс философиясы діни-философиялық ойдың түрі. Христиандық
ілімді зерде куәландырмайды, бірақ православиелік сенім философиялық
зердені ақылға сыйымды етеді. Сенуші ақыл жеке адамның бүкіл құрамын
кеңейтіп, оны зерделі етеді және адам өмірін бірқалыпты жасайды. Сенуші
ақыл туралы осындай түсінікті орыс философтары православиелік ілімнен
табады, олар христиан философиясын "тіршіліктің" (Хомяков) және "біртұтас"
(Киреевский, Соловьев) білімнің жоғарғы түрі деп есептейді.
В. Соловьев үшін "еркін теософия" ретіндегі "біртұтас білім"
философияның белгілі бір түрі емес, философиядағы үш басты бағыттың:
мистицизм, рационализм және эмпиризм бағытының бірлігіндегі және оның
теологиямен, ғылыммен синтезіндегі барлық философияның жоғарғы күйі. Бұндай
философия "адамды толығымен адам қылады", оны еркін рухтың тіршілік иесі
етеді, себебі еркін ішкі шығармашылық және рухани азат етілу арқылы жоғары
ақылдағы, сенімнің металогикалық тәжірибесіндегі нағыз Құдайдың ашылуына
қалып (форма) береді. Өмірде ұтымды ұйымдастырылған философиялық ой,
жауапты сәтте қасиетті құдай әке туралы аңыздарды құтқарушы догмаға
айналды, сөйтіп, философиялық ойлау бастауларын мәселе ретінде қарастырмау
орын алды. Хомяков, тіпті, философиялық танымның Үштікке сенуге тәуелді
екені туралы да айтты.
2. Осындай философия түрінің негізі болып өзінен жоғарғы білім
жүйесін туындататын, рационалды діни-мистикалық тәжірибенің мазмұны
табылады. Бұл жеке бастың рухани-діни тәжірибеге сүйенгендігінің салдарынан
туындайды:
3. Философиямен шұғылданудың терең жеке тұлғалық, өте шиеленіскен
"экзистенциалдық сипаты" тікелей және тура бағытта ғаламдық әлем тізбесін
құруға бастап отырады.
4. Теориялық және адамгершілік-тәжірибелік философияның бөлінбеуі,
өмірлік-көзқарастық принциптердің және ойланудың дерексіздігі. Орыс
философиясы әлем мен өмірді танумен қатар, ақиқатты іздейді. Ол сөз
(правда) теориялық ақиқат пен адамгершілік әділеттілігінің бірлігін
білдіретін ұғым ретінде басқа тілдерге аударылмайтын сөз болып табылады.
5. Орыс философиясы антропоцентристік философия, яғни әлеуметтік-
саяси, рухани-адамгершілік және экзистенциалдық кеңістіктегі адам
мәселесіне ұмтылады. Адам мәселесіне бұлайша қатты қадалатын философиялық
рефлексияның басты бағыты әлеуметтік философия мен тарихи философия болды.
Логикалық-әдістемелік және теориялық-танымдық сұрақтарға назар аудару,
категориялық аппараттарды жасау бұндай философияға тән емес. Ол XX ғасырда
жеткілікті мөлшерде, орыс діни-философиялық ойдың дәстүрлі шеңберінен
шыққан Г. Шпет, Н. Лосский, С. Франк, А. Лосев сияқты философтардың
шығармаларында кездеседі. Әдетте, бұл ықылас философияны абстрактылыққа,
дерексіз рационализмге, жеке адамның рухани-болмысының негізіне жат нәрсеге
редукциялаумен теңдестіріледі. Рухани-адамгершілік мәселесіне сөзсіз
басымдылық беріледі, оның үстіне, этика сана мен жүріс-тұрыстың нормативті-
құндылық принциптері туралы ілімнен, адамзатты өзгеріске және ақыреттегі
құтқарылуға алып келетін, тарих пен космостың діни-метафизикалык тәртібі,
әлемнің болмыстық мәні туралы ілімге өрбиді. Адамды барлығын өз бойына
сыйдыратын құдай-адамдық байланыстың буыны деп қарау орыс діни-философиялық
антропологиясының ең жақсы көретін тақырыптарына айналады.
6. Болмыстың тікелей берілген шындық болуы және онда танитын сананың
терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға туралы теориялар жайлы ақпарат
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Абай Құнанбайұлы
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басындағы тұлғалар
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Абай шығармашылығының рухани болмысы туралы
Пәндер