Ассемблер тілінде программалау туралы ақпарат жайлы


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ -МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: «Ассемблер тілінде программалау».

Орындаған: Кулдрайханова Т.

Тобы: Т-241

Тексерген: Каженова Ж. С.

Семей қаласы

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ассемблер машиналық тілі
  2. Ассемблер тілінің негізгі артықшылықтары
  3. Ассемблер тілінің арифметикалық командалары
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ассемблер - машиналық тілдің символдық көрінісі. Машиналардағы барлық процессер ең төмен, аппараттық деңгейде тек машиналық тілдің командаларымен (нұсқамаларымен) жүзеге асады. Бұдан белгілі, жалпы атында, әр компьютер типіне өзіндік ассемблер тілі болады. Бұл ассемблерде жазылған бағдарламаның сыртқы көрінісінде де байқалады. Аппаратураға байланыста мәселерді ассемблер тілін білмей шеше алмасын. Бағдарламауды немесе кез келген қолданушы жоғары деңгейлі бағдарламалау ортасын қолданып толығымен виртуальды әлемдер ортасын құра отырып, ол компьютерде өзінің бағдарламасындағы командалар емес, негізінде оның ұзақ және қызықсыз түріндегі транформирленген түрінде мүлдем басқа тілде - машиналық тілде командалар тізбегімен орындалатынын сезбеуіде мүмкін.

Ассемблер таңбалы (символдар) тілі болып отырып, белгілі бір дәрежеде машина тілінде программа жасаудаға кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Ассемблер тілінде программаның барлық элементтері таңбалармен берілетіндігі оның басты артықшылығы болып табылады. Басқаша айтқанда ассемблер тілінің машина командаларының цифрлық кодтарын әріптермен немесе әріп-цифрлармен таңбалауға және деректердің таңбалық айырмашылығы болып табылады.

Ассемблер машиналық тілі

Ассемблер тілінің командалрын машина тіліне аударғанда машина командасын білдіретін әрбір оператор осы команданың цифрлық кодтарымен алмастырылады. Командалардың таңбалық аттарын олардың екілік кодтарына түрлендіру жұмысы программа жасаушы адамды өте қиын әрі күрделі машақаты көп жұмыстан босататын және бұл жағдайда құтылуға болмайтын қателіктерден құтқаратын арнайы программа - ассемблерге жүктеледі. Ассемблер тілінде программалауда пайдаланылатын таңбалық аттар программаның семантикасын, ал команданың қысқартылып берілген атаулары оның негізгі функциясын білдіреді. Мысалы, АД Д-қосу, СҰБ-азайту, ПАРАМ-параметр т. с. с. мұндай аттарды программа жасаушылар оңай есінде сақтайтын болады. Ассемблер тілінде программа жасау үшін машина тілінде программа жасағандағыдан көп күрделі құралдар қажет болады:

  • Сыртқы құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер;
  • Процессордың түріне қарай резиденттік немесе жүйелік программалар.

Машина тіліне қарағанда ассемблер тілі едәуір күрделі, программаларды ұтымды жазуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Ассемблер тілі машинаға бағдарланған тіл, яғни процессордың әрбір командасына таңбалық ат меншіктейтіндіктен машина тіліне және процессордың құрылысын тәуелді тіл болып табылады. Программа жасауда ассемблер тілі машина тіліне қарағанда программа жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыруға сонымен бірге процессордың программалық және аппараттық ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Ассемблер тілінің осындай артықшылықтарына байланысты өңдіру-шығару құрылғыларын басқарушы программалар неше түрлі жоғарғы деңгейлі тілдердің көптігіне қарамай ассемблер тілінде жазылады. Ассемблер тілінің көмегімен программа жасаушы адам мынадай параметрлерді бере алады:

  • Процессордың машина тілінің әрбір командасының таңбалық атын;
  • Ассемблер тілінде жазылған программалық қатардың стандартты пішімін;
  • Командалардың нұсқаларын және адрестеудің тәсілдерін қалай көрсету керектігі туралы пішімді;
  • Таңбалық тұрақтыларды және бүтін сандық тұрақтыларды әртүрлі санақ жүйелерінде көрсетуге үлгілерін;
  • Программалауды ассемблерлеу (транслациялау) процесін басқарушы пседокомандаларды.

Ассемблер тілінде жазылған программа кез келген басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өте тез орындалады. Мысалы, ассемблер тілінде жазылған программа дәл осы программаға баламалы СИ немесе Pascal тілдерінде жазылған программалардан екі-үш есе, ал Basic тілінде жазылған программалардан он бес және одан да көп есе тез орындалады. Ассемблер тіліндегі программалар басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өлшемі жағынан шығын болады, сондықтан компьютердің жадын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ассемблер тіліндегі программалар компьютердің барлық мүмкіндіктерін толық ұтымды пайдалануға сізге жол ашады. Ассемблер тілін әрқайсысы машина командаларының бір тобына баламалы макрокомандалармен толықтыру жүйе қолданылады. Мұндай тіл макроассмеблер тілі деп аталады. Макрокомандаларды пайдалану ірі құрылыс блоктарының программаларын құруға мүмкіндік береді және ассемблер тілін жоғары деңгейлі тілдерге жақындатады.

Ассмеблер тілі - машиналық тілдің аналогі болып табылады. Ассемблер тілінде жазылған программа МП-р құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операциялврды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін анықтап көрсету қажет. Әр МП-ң өзінің Асссемблері болады. Ассемблер тілінде жазылған программа жад сегменттері деп аталатын жадблоктарының тобынан тұрады. Программа осындай бір немесе бірнеше блок-сегменттерден тұруы мүмкін. Әр сегмент программа кодының әр қатарында орналасқан сөйлемдерден ққұрылады.

Ассемблер тілінің сөйлемдері төрт түрлі болады:

Командалар машиналық кодтарың аналогтары. Бұл командалар трансляциялау кезінде МП-ң сейкес командаларына түрленеді;

Макрокомандалар: трансляциялау кезінде басқа сөйлемдерге алмасатын сөйлемдер;

Дерективалар: ассемблер трансляторына орындалатын әрекеттер туралы түсінік береді, яғни қызметші ақпараттар жиыны. Дерективалар машиналық кодтарға түрленбейді;

Комментарий: кез - келген белгілерден тұрады.

Ассемблер бастапқы модульді объектілік программаның бір түрлі болып табылатын объектілік модульге түрлендіреді.

Объектілік модульдің оны оған тәуелсіз трансляцияланған басқа модульдермен біріктіруге және оның жедел жадтағы орналасуы реттеуге арналған машиналық командалары және информациялары бар. Объектілік модуль компьютерлерде тікелей орындалмайды, сондықтан да оны программа құрастырушының қосымша өңдеуіне тура келеді.

Ассемблер тілінің негізгі артықшылықтары.

Ассемблер тілінің екі негізгі артықшылығы бар: бұл тілдің көмегімен программаны МПкомандалары деңгейіне жазуға болады және сандық кодтардың барлығын еске сақтауды талап етпейді. Программа клмандалары жазылып болған соң, Ассемблер программасы шақырылады да, ол бұл командаларды олардың кодтарына айналдырады. Командалар жиыныннан тұратын программа негізгі ие алғашқы программа деп аталады, ал негізгі программаның сандық кодтары, яғни машиналық тілге айналған түрі - объектілік программа деп аталады.

Ассемблердің атқаратын негізгі қызметі - қолданушыға түсінікті негізгі программаны МП түсінетін объекттік программаға айналдыру. Ассемблердің кең тараған түрлері: IBM фирмасының MACM(Мацро Ассемблер) программасы және Борланд фирмасының TACM(Турбо Ассемблер) программасы.

Ассемблер тілінде программа құру келесі кезеңдерден:

  • Есептің қойылымы және програмасының құрылымын анықтау;
  • Текстік редактордың көмегімен компьютерге программа командаларын енгізу;
  • Ассемблердің көмегімен программаны трансляциялау;
  • Загрузяик (жадқа жүктеуші программа) көмегімен трансляцияланған программаны (сандық кодтарды) өздігінен орындалатын модульге айналдыру;
  • Программаны орындау;
  • Отладчиктің көмегімен программаны жүргізу.

2 - ші кезеңде қолданылатын редактор ретінде WORD редакторімен басқа кез - келген текстік редакторді қолдануға болады. Негізгі программа операторлар тізбегінен тұрады. Оператор ретінде Ассемблер тілінің командалары немесе псевдокомандалар қолданылады.

Ассемблер тілі - ол әрбір жеткізуі бір машиналық командаға сәйкес болатын тіл. Ассемблер тілінің программасында машиналық командалар мен операторлардың арасында бірмәнді сәйкестік бар. Мұнда екілік және сегіздік аттар мен адрестердің орына символдық белгілеулер қолданылады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассемблер тілінде программалау туралы ақпарат
Программалау тілдерімен танысу
Микропроцессорлық техниканың командалары
Ассемблер тілінде программалау туралы мәлімет
Ассемблер тілінде бағдарламалау
Java кең таралған программалау тілі
Айнымалыларды хабарлау бөлімі
Микроконтроллер құрылғысына арналған программалық қамтамасыз етуді әзірлеу
Алгоритмдерді құрылымын негізге ала отырып құрастыру
«Ассемблер-күрделі машиналық тіл»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz