Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. жеке кәсіпкерлік туралы заң
Орындаған: Мұханова М. А
Тобы:БЛ - 409
Тексерген: Есенбекова З. Ж
2015 ж
Жоспар
- Шағын кәсіпкерлік қатынасындағы қызметтер
- Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңдары;
- Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар;
- Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi;
- Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
- Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi;
- Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары;
- Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру;
- Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар;
- Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту;
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудыңмемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлікбағдарламалары;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау;
- Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолда.
Мемлекеттің шағын кәсіпкерлік қатынасындағы екі негізгі қызметті бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.
Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.
Қолдау қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырастарды, оларға қызмет көрсетуді және т. б. жеткізу.
Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкерлікті көбейту емес, оның қалыптасы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.
Шағын кәсіпкерлікті дамыиудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.
Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңында қарастырылады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы
заңдар 2-бап.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002. 07. 10. N 341 Заңымен.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 3-бап.
1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
толық серiктестiк;
коммандиттiк серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады. <*>
5. Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi бойынша жатқызылады.
6. Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
7. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа) ;
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi;
банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды. <*>
8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден айырылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2001. 01. 30. N 154, 2001. 03. 02. N 162, 2002. 07. 10. N 341, 2003. 10. 13. N 487 Заңдарымен.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың
негiзгi принциптерi 4-бап.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
бағыттары 5-бап.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу; <*>
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді. <*>
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999. 07. 26. N 458, 2002. 07. 10. N 341, 2003. 10. 13. N 487, 2004. 12. 20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары
6-бап.
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
1-1. <*>
1-2. <*>
2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999. 07. 26. N 458, 2002. 07. 10. N 341, 2004. 12. 20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске
асыру
7-бап.
1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы: <*>
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк, салалық бағдарламалар аясында осы қызметтi қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдары:
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді; <*>
технопарктер желiсiн, лизингтiк орталықтарды, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiстiк үй-жайларды және коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiктi жеңiлдiкпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті органына жергілікті жерлерде бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептерді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты өзге де ақпаратты табыс етеді. <*>
3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
комиссиялар
7-1-бап.
1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң, сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының өкiлдерiнен, ғалымдардан, мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен, кәсiпкерлерден құралады.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар туралы ереженi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту 19-бап.
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
5) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды;
2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
4. 2009. 13. 02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды
5. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары халықты жеке кәсіпкерлікке тарту, жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру мақсатында құрылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:
1) кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;
3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) семинарлар, тренингтер өткізу;
8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;
9) шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.
6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.
Бизнес-инкубатордың міндеттері:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
7. Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік
бағдарламалары 20-бап.
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.
5. Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.
6. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;
жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;
ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz