Қазіргі кезеңдегі әдеби-теориялық пайымдаулар



I. Әдебиеттің теориялық мәселелері
1.1. Қазіргі кезеңдегі әдеби.теориялық пайымдаулар
1.2. Әдебиет теориясы және методологиясы
II. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
2.1. Жүсіпбек қалдырған ғылыми мұралар ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әдебиет теориясындағы бұрынғы қисындарымыз бен қағидаларымыздың тұтас бір арналарының ескіргені, қайбір өзекті деген мәселелерде заман сипатына лайықты жаңа ғылыми қисындар мен қағидалардың жасалмағандығы белгілі болады. Бұлай дегенде, қазіргі әдебиет әлемінде, әдебиеттануда белең алып отырған кейбір жағдайларға арнайы назар аудару дұрыс болатын сияқты.
 Әдебиеттің теориялық мәселелері туралы әдебиеттанушы да, сыншы
да, жазушы да, оқырман да пікір айтатын болды. Оның үстіне бұлардың
пікірлері қарпайым түсінік деңгейінде, көбінесе, өзара шектес, деңгейлес
айтыла бастады. Пікірдің айтылғаны, пікірді түрлі мамандардың айтқаны
жаман емес. Бірақ әдебиеттің теориялық мәселелерін ақын мен жазушы,
сыншы мен оқушы, әдебиеттанушы –бәрі жамырай көтеріп, жарыса пікір
айтуы, оның теориялық тұрғыдан қорытылмауы жұрттың әдебиет теориясы
туралы ұғымын, жалпы көркем әдебиет туралы түсінігін бұзуға немесе теріс
қалыптастыруға алып келеді.
1. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы// 5 том//.-Алматы: Ғылым, 1996.- 512 бет;
2. Аймауытов Ж.- Қазақ әдебиеті /Энциклопедиялық анықтамалық/.-Алматы: Аруна, 2005.- 18-19 беттер; Қирабаев С.Жүсіпбек Аймауытов.-Алматы: Ана тілі, 1993.- 224 бет; Тұрысбек Р. Жүсіпбек.- Алматы: Санат, 1997.- 224 бет
3. Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989.- 560 бет
4. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 бет;
5. Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-Алматы: Білім,1995.- 288 бет; 5.
6. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.-Астана: Күлтегін,2002.- 525 бет;

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары.

Орындаған: Байдильданова А.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Тобы: КЯ-313

Семей 2015 ж.
Жоспары:

I. Әдебиеттің теориялық мәселелері
1.1. Қазіргі кезеңдегі әдеби-теориялық пайымдаулар
1.2. Әдебиет теориясы және методологиясы
II. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
2.1. Жүсіпбек қалдырған ғылыми мұралар ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Әдебиет теориясындағы бұрынғы қисындарымыз бен қағидаларымыздың тұтас бір арналарының ескіргені, қайбір өзекті деген мәселелерде заман сипатына лайықты жаңа ғылыми қисындар мен қағидалардың жасалмағандығы белгілі болады. Бұлай дегенде, қазіргі әдебиет әлемінде, әдебиеттануда белең алып отырған кейбір жағдайларға арнайы назар аудару дұрыс болатын сияқты.
Әдебиеттің теориялық мәселелері туралы әдебиеттанушы да, сыншы
да, жазушы да, оқырман да пікір айтатын болды. Оның үстіне бұлардың
пікірлері қарпайым түсінік деңгейінде, көбінесе, өзара шектес, деңгейлес
айтыла бастады. Пікірдің айтылғаны, пікірді түрлі мамандардың айтқаны
жаман емес. Бірақ әдебиеттің теориялық мәселелерін ақын мен жазушы,
сыншы мен оқушы, әдебиеттанушы - бәрі жамырай көтеріп, жарыса пікір
айтуы, оның теориялық тұрғыдан қорытылмауы жұрттың әдебиет теориясы
туралы ұғымын, жалпы көркем әдебиет туралы түсінігін бұзуға немесе теріс
қалыптастыруға алып келеді.
Әдебиеттің теориялық мәселелері туралы теориялық дайындығы
жеткіліксіз мамандардың теориялық негізі жоқ ой айтуы әдетке айналып
келеді. Мысалы, белгілі бір жазушының белгілі бір шығармасы туралы сөз
бола қалса, белгілі бір теориялық қисын айтылады
да, әлгі жазушының шығармасы осы қисынға сай екендігі туралы дәлелсіз пікір ұсынылады.
Әдебиеттану саласында жазылған қайбір еңбектерде автордың әдеби
шығарманы, әдеби-теориялық мәселені түсіну деңгейінің төмендігі көзге
көрініп тұрады. Осы деңгейде әдеби шығарма әлеміндегі кемшілікті жетістік
ретінде, жетістікті кемшілік ретінде бағалау немесе оны жыға тани алмау
орын алады. Енді бір еңбектерде әдеби шығарманы талдау мен бағалаудың
саяздығына, жұтаңдығына, негізсіздігіне, жүйесіздігіне жол берілді.
Қазіргі заманның ел өмірінде елеулі орны бар шындық құбылыстарын
көркемдік жинақтау деңгейі де, оны әдеби -теориялық пайымдау деңгейі де
қанағаттанарлықтай емес. Бүгінгі әдеби процесті теориялық пайымдау
саласындағы олқылықтар әдебиетке, әдебиетті насихаттауға, әдебиетті
зерттеуге, әдебиетті оқытуға бірдей салқынын тигізуде. Жаңа ғылыми-
теориялық білімнің жүйелі түрде өндірілмеуі, өндіріске енгізілмеуі орта және
жоғары мектептерге арналған әдебиет, әдебиеттің сыны, әдебиеттің
теориясы, әдебиеттің тарихы салаларындағы оқулықтардың сапасына кері
әсеретуде. Мұның зардабынан, әрине, әдебиет мамандарын даярлау ісі де
тыс қала алмайды. Біздің әдебиетіміздің теориясының қазіргі шақтағы жалпы ахуалы, бір ауыз сөзбен айтқанда, осындай. Мұндай ахуалдың бетіне қарап отыра беретін уақыт бізде енді жоқ. Енді қайттік дегенде, әдебиет теориясының алдағы күйіне қатысты нақты іс-шараларды атқаруға, пісіп-жетілген мәселелерді шешуге тура келеді. Олардың өзекті деген бір-
екеуіне назар аударайық.
Әдеби шығармаға, оны талдаумен бағалауға қойылатын тиісті талаптар, ұстанымдар болады. Болады дегенімізбен, ақын мен жазушы,
әдебиетсыншысы мен әдебиет зерттеушісі болғысы келетін талапкерлер
үшін сол талаптар мен ұстанымдарды нақты көрсетіп, лайықты сипаттап
берген еңбек қазақ әдебиеттануында осы күнге дейін болған емес. Ең берісі
жас талапкерлерге әдеби шығармаға рецензия жазудың үлгісін көрсететін,
оның қарапайым амал-тәсілдерімен таныстыратын танытқыш құрал да жоқ.
Мұндай сипаттағы құралдарды жасау, зерттеу еңбектер жазу, оларды әдебиет
пен әдебиеттанудың пайдасына жарату - қазақ әдебиеттануындағы ғылыми
және практикалық маңызы аса жоғары қолданбалы мәселелердің қатарына
жатады.
Әдебиет теориясы, методологиясы дегенде, ойда тұратын іргелі
мәселелер аз емес. Бір ғана поэтиканың өзінде
тарихи поэтика, теориялық поэтика, жалпы поэтика, лингвопоэтика, мифопоэтика, психопоэтика секілді тыңына түрен түспеген салалар жатыр. Әдіс пен бағыт, стиль жайы және бар.
Жекелеген әдеби шығармаларда ұлттың рухани-адамгершілік құндылықтары шет қалып, бірыңғай жамандықтың басым суреттелуі
байқалады. Қандай оқиға суреттелгенде де, жақсыдан -жаман, тұлпардан
тұғыр озған жағдайда да, әділеттілік әділетсіздіктің құрбаны болып кеткенде
де оқушы жұрт шығарма өзегіндегі ұлттың асыл текті рухани-адамгершілік
қасиеттеріне деген ұмтылысы мен құлшынысын бір мысқал да азайтпауы
қажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеудің маңызы зор.
Кезінде кеңестік әдебиеттің шығармашылық әдісі социалистік реализм
екенін айттық, соны басшылыққа алдық, зерттеулер жаздық. Ендігі жерде
қоғамымызда, әдебиетіміз де жаңа. Жаңа қоғамның жаңа әдебиетін ескі
қоғамның ескі әдебиетінің шығармашылық әдісімен дамытуға болмайды.
Шығармашылық әдісі жоқ әдебиет-бағыт-бағдарын анықтай алмаған
әдебиет.
Өнер туындысы мен өмір шындығы арасында тепе-теңдік болмайтыны
белгілі. Өнер туындысы өмір шындығының өзін емес, суретін көрсетеді.
Көркем әдебиет өмір шындығын суреттейді дейтін болсақ, реализмнен теріс
айналып кете алмаймыз. Одан теріс айналғанмен, өмір
шындығын суреттеудің жаңа шығармашылық әдісін ойлап таппаймыз. Кезек
күттірмейтін міндеттердің бірі -көркем әдебиеттің шығармашылық әдісін,
ол әдістің жаңа ұстанымдарын, қағидаларын елдің асыл мұратына, ұлттың
рухани құндылықтарына сай анықтау.Әрине, әдебиет теориясының қай мәселесі де үлкен ізденісті талап
етеді. Ал шығармашылық әдістің ғылыми негізін жасау үшін ізденіс қана
емес, тиянақты білім мен үлкен еңбек қажет. Бұл бағытта құр қол емеспіз, әл-
Фарабиден бері жалғасып келе жатқан қағидалар қоры бар. Әл-Фараби
шығарманың оқушысына әсерін сипаттай отырып, шығармашылық әдіс
ұстанымыдеңгейінде бірнеше қағида негіздейді. Ол қағидалар бойынша,
оқушы жұрт оқыған шығармасы арқылы мынадай күйлерді бастан кешуі
шарт: біріншіден, ақылға қонымды қуат-
күшін жақсартып, өзінің әрекеттеріменде, ойларымен де жақсылыққа асық болуға, жамандықтан қашық болуға құлшынуы ләзім; екіншіден, ақыры күшке, күш көрсетуге ұласатын жан аффектілерін (ашу, тәкаппарлық, қаталдық, арсыздық, күншілдік, атаққұмарлық, мансапқорлық, дүниеқорлық, т.б.) бәсеңдетуге, басуға және оларды жамандық істерде емес, жақсы істерде пайдалануға бағыттауы керек; үшіншіден, құмарлық, қорқақтық, уайымшылдық, ұялшақтық, көнгіштік, көнбістік, жігерсіздік, салғырттық, еріншектік және басқа осындай босаңдықпен жұмсақтыққа ұқсайтын жан аффектілерін жақсартуға, шектен асырмауға, игілікті істерге пайдалануға лайықты етіп өзгертугеталпынуы қажет.
Айтылған қағидаларды жинақтағанда, оқушы жұрт әдеби шығарманы
оқу нәтижесінде, Абай насихат еткендей, ақыл, қайрат, жүрегін бірдей
ұстауға талпынуы керек. Кеңестік дәуірде жасаған көрнекті ғұлама
ғалымдарымыздың іргелі зерттеу еңбектерінде де бүгінгі талаптарға сай
оқшау тұжырымдар бар. Көркем әдебиеттің шығармашылық әдісін, оның
ұстанымдарын анықтауға негіз боларлық қағидалар қазақ әдебиеттануының қазынасында аз емес.
Ғылым саласын мемлекеттік басқарудың заманауи талаптарын
ойдағыдай орындау міндеті әдебиеттің осындай теориялық мәселелерін
арнайы ғылыми жоба көлемінде зерттеуді, зерттеудің нәтижелерін, қол
жеткен теориялық ойлар мен пікірлерді, тұжырымдар мен қағидаларды
арнайы ғылыми орталық деңгейінде жинақтап, қорытуды, сөйтіп сыннан,
сараптаудан өткен теорияны әдебиеттанудың, әдебиетті зерттеу мен
оқытудың барлық саласы мен деңгейі бойынша басты ұстанымға
айналдыруды қажет етеді. Міндеттерді тиісті сапалық деңгейде
шешу үшін әдебиет теориясын зерттеуші маман кадрлардың басын қосу, жас мамандар даярлау, олардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін қажетті жағдай жасау әдебиет үшін де, әдебиет туралы ғылым үшін де, қоғамдық сананың интеллектуалдық дамуы мен кемелденуі үшін де пайдалы, игілікті екені де түсінікті. Өзектілігі мен көкейкестілігі айдай анық, түсінікті деген осы мәселелерді шешудің өзіндік қиындығы да бар. Қиын да болса шешу қажет. Олай болмаған жағдайда әдебиеттің теориялық негізін жаңарту, ұдайы нығайту қиын. Олай болмаған жағдайда әдебиеттің теориясы да, әдебиеттің тарихы да, әдебиеттің сыны да, әдебиеттің өзі де бауырын жаза алмайды. Олай болмаған жағдайда қоғамдық сананың интеллектуалдық дамуы мен кемелденуіне елдің асыл мұраты мен ұлттың рухани құндылықтарына сай үлес қосу қиын.
Елдің асыл мұраты, ұлттың рухани құндылықтары туралы ұғым
кісінің тілінде емес, ділінде тұрады. Елдің асыл мұраты мен рухани
құндылықтары білім мен ғылым қорында, өнер туындыларында сақталады,
кемелденеді, ұрпақтан ұрпаққа жетеді, жеке адамның іс-әрекетінен мемлекет
қызметіне дейінгі аралықта бірдей көрініс табады. Елдің өсер өркенінің
дүниетанымының, ұлттық санасының қалыптасуы мен адамгершілік, әсемдік әлемінің ұдайы жетілуіне, кемелденуіне көркем әдебиеттің танымдық,
тәрбиелік мәні өлшеусіз зор ықпал етеді. Ұлттық сана осы жолмен жетіледі.
Көркем әдебиет - ұлттық сананың болмысының, жетілуінің, дамуының
бірден-бір басты формасы. Көркем әдебиетте, әдеби шығармада, әдеби-
теориялық пікірде орын алған білімсіздіктің зардабы ұлттық санаға салқанын
тигізбей қалмайды. Сондықтан көркем әдебиеттің эстетикалық және рухани-
адамгершілік негізін ұлттық санамыздай сақтау, қорғау, ұдайы жетілдіру,
дамыту - әдебиеттанушылардың ғана емес, барша зиялы қауымның, тұтас
қоғамның ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, дәуірден дәуірге ұласатын парызы.

Жүсіпбектің драматург есебінде көзге түсуі ерте басталған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, домбыра тартып, əн салып, спектакльдер қойған, өзі басты рөлдерде ойнаған. 1917жылы 17-желтоқсанда Семейде оқитын жастардың əдеби кеші болып, онда Жүсіпбектің "Ескі тəртіппен бала оқыту", "Рабиға" атты бір перделі пьесалары қойылған. Ол жөніндегі хабар кезінде жергілікті баспасөзде жарияланған. Кейін "Ел қорғаны" (1925), "Мансап-қорлар" (1925), "Қанапия мен Шəрбану" (1926), "Шернияз" (1926) аттыдрамалар жазған.
Жүсіпбек пьесаларының да негізгі тақырыбы - халықтың азаттығы идеясы. Ол феодалдық-патриархалдық салтты, қалың бұқараның қараңғылығын, мешеулігін сынап, оларды оқу, білім, өнер жолына үгіттейді. Бас
5 Тоғжанұлы Ғаббас. Əдебиет жəне сын мəселелері. 1919. 142-б.
көтеретін азаматтарды да ел қорғаны болуға шақырады, əйелдердің бас бостандығын қорғайды. "Рабиға" пьесасында ескі салт негізінде мал берген қойшы шалға тиген Рабиға деген жас əйелдің өмірі сөз болады. Əуелі бата бұзудан, ата-ана қарғысынан қорыққан Рабиға тағдырына мойын ұсынып бақса да, шалының ожар мінезіне (əр нəрсені сылтау қылып, жас əйелді ұра береді) шыдай алмай, одан кетуге мəжбүр болады. Ескі салт қосақтаған шалдан өз басына бостандық алып кетіп бара жатып, ол: "Кел, қазақтың күң қыздары, қол ұстасып, бостандықтұрмысқажетейік!" - деген ұран тастайды.
Осы тектес идеяның анықтығы басқа пьесаларда да көрінеді. "Қанапия мен Шəрбануда" жаңа өкіметтің арқасында теңдік алып, қосылған екі жас сахна соңында "Жасасын теңдік!" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай философиясындағы адам болмысы Әл-Фараби Ұлы даланың ұлы ойшылы
Қазақ прозасының зерттелуі
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесі
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым
Орыс философиясының ерекшеліктері
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Пәндер