Құтқарушының беделі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:

Құтқарушының беделі. Құтқарушыға қойылатын талаптар. Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Орындаған: Кусайнова Б.

Топ: БЖ-315

Тексерген: Бакирова Л. С.

Семей 2015

Жоспар

1. Кіріспе

2. Құтқарушының беделі

3. Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.

Құтқарушы - құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы аттестациядан (қайта аттестация) өткен азамат.

Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.

Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.

Құтқарушының беделі

Құтқарушы - апатты құтқару жұмыстарын жүргізуші азамат. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады.

Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі.

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

1997 ж. 27 наурыздағы № 87-I Қазақстан Республикасының Заңы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi.

Құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету

Құтқарушылардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.

Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.

Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.

Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 - 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел) ;
  • қосалқы.

Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.

Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды. Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.

Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.

Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары: зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел) ;
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3, 5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.

Талықсу - адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің ая асты сырқырауы) .

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.

Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменіре етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет(жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру) . Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.

Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о-қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апаттық-құтқару қызметтерінің міндеттері мен әрекеттері. Құтқарушының құқықтары мен міндеттері
Қолданбалы жүзу. Суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету
Йозеф Гайдн - Австрияның композиторы
Ежелгі христиан мәдениеті
Бонапарттың Италияға жорығы
Суда жүзуді үйрету сабақтарының түрлері
Өрт сөндіру көлігі
Қатты жел жағдайында өртті сөндіру ерекшеліктері
Римнің рухани құлдырауы
Қазақстандағы христиан тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz