Психологиялық кеңес беру жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психологиялық кеңес беру

Тексерген: Адильжанова Қ. С.

Орындаған: Мухамедиярова А

Пх-215

2015ж

Психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес - бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары - ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.

Психологиялық кеңес беру - практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты. Психолог - кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді. Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді. Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.

Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:

  1. Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т. б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты - 20-30 минутқа созылады.
  2. Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.
  3. Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы) . Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан - 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
  4. Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт - 40мин-1 сағатқа дейін.
  5. Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Уақыт - 20-30 минут.

Егер жоғарыда аталғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда барлық 5 этапқа орташа есеппен (тестке жіберген уақытты қоспағанда) 2-3 сағат - 10-12 сағат уақыт берілуі мүмкін.

Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері.

Кеңес берудің кеңістігіне келетін болсақ, бұл жұмысты жүргізу үшін, жайлы бөлме немесе үлкен бөлмеде арнайы бөленген бұрыш болуы керек. Клиентті есікке арқаымен отырғызып, кеңес беру процесінде болатын әңгімеге назарын аудару керек. Ең ыңғайлы варианты - психолог пен клиент арасында қашықтық болу керек. Екеуінің арасындағы арақашықтық тым жақын болмағаны жөнінде олардың аяқтары еркін сыятын, керек кезінде еркін отырып тұра алатындай болу керек.

Бөлмеде устел міндетті түрде болады, онда керекті жазбалар болады. Үстелдің үстінде немесе қабырғада ілулі тұрған сағат та - маңызды атрибут. Оған қарап белсенді жұмыс жасау керектігі ескеріледі.

Сонымен, психолог бөлмесі келесі жабдықтармен жабдықталуы керек: жұмыс үстелі, 2 кресло және журналдарға арналған үстелше, орындықтар, кілем, лампа, құжаттарға арналған шкаф, сейф, компьютер (принтер), көрнекі құралдар (тестер, сұрақтар, фигуралар, приборлар) және телефон.

Сейфте «Қызметтік қолдану үшін» деген жазу болуы керек және онда келесі құжаттар сақталады:

  • Психологиялық-педагогикалық тексерулердің жекелей картасы (паспорт) ;
  • Жекелей кеңес беруді тіркеу журналы;
  • Тест материалдары, олардың жауап-кілттері және олардың анализдері;
  • Келіп түскен және жіберуге керек құжаттар;
  • Психологиялық-педагогикалық консилиум және медико-психолопедагогикалық тексеру материалдары.

Психолог өзінің кеңес берулік жұмыстарын орындаған «жұмыс түрлерін тіркеу» журналына енгізіп отырады. Сонымен қатар жазбаша түрдегі педагогикалық кеңес бекіткен жұмыс режимі, жекелей және топтық кеңес беруге алдын ала жазылу журналы, барлық методологиялық материалдар мен әдебиеттер картотекасы болу керек. Қосымша мына ақпараттар болуы мүмкін:

  • Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің үй телефондары;
  • Арнайы кеңес беру орталықтары мен медико-психологиялық кеңес беру орталқтарының тізімі мен сенім телефондарының номерлері.

Психологиялық кеңес берудің түрлері

Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:

  1. Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру адамның тұлғалық сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы: психологялық немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды адамдармен қарым-қатынас, әр түрлі қорқыныштар, сәтсіздіктер, психогендік аурулар (дәрігердің қарауын қажет етпейтін) және т. б. Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға болады.
  2. Жанұялық кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамның өзінің және басқасының, туысының жанұясындағы мәселелермен айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы және т. б. сұрақтар қарастырылады.
  3. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Бұған балаларды оқыту мен тәрбилеуге байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен қоса, ересектердің педагогикалық біліктілігін көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер ұжымын басқару мәселелері қарастырылады.
  4. Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.

Кеңес берудің этикалық принциптері

Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде. Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас

тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-

әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.

Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары

Психоаналитикалық бағыт.

Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері; жеке бас құрылымы, сана және санасыздық, қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т. б. )

Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау және өңдеу) .

Қадамды бағалау: жетістіктері мен шектеулері. Юнг бойынша санасыздық құрылымы. Юнг және фрейдтің түс талқылауындағы айырмашылықтар. Жеке адам құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және комплекс түсініктері. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.

КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ: ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Юнгтің психоанализді қайта жасаудың нәтижесінде білімнің әр түрлі аумағынан (психология, философия, астрология, археология, мифология, теология, әдебиет) күделі ойлардың кешені пайда болды. Бұндай интеллектуалды ізденудің кең ауқымдығы және оған қоса оңай емес Юнгтің авторлық стилі оның психологиялық теориялар ішінен түсінуге ең қиыны деп те айтуға болады.

Жеке тұлғаның құрылымы:

Юнг жанды (Юнг теориясында бұған жеке тұлға термині аналогты) үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық .

Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес беру психологиясы
Психологиялық кеңес беру туралы ақпарат
Психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері
Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Психологиялық кеңес жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz