Қазақ жазуы және орфографиясы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультеті

СӨЖ

Пән: Қазіргі қазақ фонетикасы

Тақырыбы: Ассимиляция құбылысы және диссимиляция. Қазақ орфоэпиясының жай - күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері.

Тобы: Фи-503

Орындаған: Сайлауова Н. А

Тексерген: Қалиева С. Е

Семей 2015 жыл

Жоспары:

  1. Ассимиляция құбылысы және диссимиляция
  2. Қазақ орфоэпиясының жай - күйі
  3. Қазақ жазуы және орфографиясы
  4. Пунктуация мәселелері

Ассимиляция құбылысы және диссимиляция

Сөз құрамында несесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрде көрінеді:

а) ілгерінді ықпал;

ә) кейінді ықпал;

б) тоғыспалы ықпал

Қазақ тілінде ілгерінді ықпал өте күшті. Бұл заңдылық бойынша алдыңғы сөздің соңғы дауыссыз дыбысы кеінгі қосымшаның басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп игеріп тұрады. Мысалы: білім-ге, еңбек-тің, қаз-дар т. б

А) Ілгерінді ықпал заңы бойынша алдыңғы дауыссыз кеінгі дауыссызды дауыстың қатысы жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Яғни ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсер етіп тұруын айтады. Бұл, әсіресе сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына бағынып тұрады. Ілгерінді ықпал мынадай түрде болады:

- сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: қала-ға, білім-ді, күз-гі, бүгін-гі т. б.

- сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады: жент-ті, ат-қа, бас-пен т. б.

- бунақтағы кейінгі сөздің басқы дыбысы қ, к қатаңдарынан басталса, өзінен бұрынғы сөздің соңындағы үнділердің ілгерінді ықпалына ұшырап, ұяңдап кетеді: кітабым қайда - кітабымғайда, таң қалды - таңғалды, тау қайда - тауғайда, мал қора - малғора т. б.

- бунақтағы сөз соңындағы ұяңдардың ілгерінді ықпалынан кеінгі сөздің басқы қ және к қатаң дыбыстары ұяңданады: жаз келді - жазгелді, қағаз-қалам - қағазғалам, біз келдік - бізгелдік т. б.

- соңы қатаң ш-ға аяқталған сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады: ашса - ашша, шешсе - шешше, қашса - қашша, ұшса - ұшша, ашсын - ашшын, шешсін- шешшін, кешсін - кешшін т. б.

Бунақтарда қатаңдардың кейбір ұяңдарға азды-көпті ілгерінді ықпалы болады. Мәселен:

  1. Бунақтағы сөздердің алдыңғысы қатаңдарға аяқталып, келесі сөз ұяң б, г, ғ дыбыстарынан басталса, онда олар қатаңданып айтылады: кеш болды- кешполдұ, ақ бота - ақпота, тас бөгет - таспөгөт, бес бет - беспет, көк бет - көкпет, аш бала - ашпала т. б. ;
  2. сд, тд, шд тіркестері қатар келгенде д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тас дәуір - тастәуүр, жат дауыс - жаттауұс, бес дыбыс - бессыбыс т. б:
  3. қатаң дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң де көмекші етістігі келгенде д дыбысы қатаңданады: кет деді - кеттеді, ақ де - ақте, көк де- көкте, тарақ де - тарақте, кітап де - кітәпте т. б.

ә) кейінгі ықпал деп сөз ішінде несес сөздер аралығында кеінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін айтады.

- сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяңданады, кейде п дыбысы у-ға айналадыц: жүрек - жүрегі, білек - білегі, парақ - парағы, жап - жауып, теп - теуіп т. б.

- түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуында ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: сөзшең - сөшшең, жазшы - жашшы, тез шық - теш шық, жүз шақты - жүшшақты, т. б.

- түбірдің соңғы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады: жазса - жасса, жазсын - жассын, жаз жақсы - жажжақсы, бізсіз -біссіз, Қыз Жібек - Қыжжібек т. б.

- сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалаор қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады: жанға - жаңға, жөнге - жөңгө, қанға - қаңға, онға - оңға т. б.

- сондай-ақ тіл алды н-ның қос ерін м дыбысына айналуы сөз бен сөздің аралығында да байқалады: онбір - омбір, он бес - ом бес, ән мен жыр - әмменжыр, Жанбота - Жамбота т. б.

-алдыңғы сөз қ, к, п қатаңдарына аяқталып, кейінгі сөз үнді және ұяң д, ж, з дауыссыздарынан басталса, онда сөз соңындағы қ, к, п ұяңданып, ғ, г, б дыбыстарына алмасады: ақ жауын - ағжауын, ақ дала - ағдала, көк зерен - көгзерен, жоқ зат - жоғзат т. б.

Б) тоғыспалы ықпал деп қосымшалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінен алмасуға ұшырауын айтады. Мысалы: он күндік - оңгүндүк, қайран қалды - қайраңғалды, айдын көл - айдыңгөл, тас жол- ташшол, Досжан - Дошшан, Есжан - Ешшан т. б.

Тоғыспалы ықпал кезінде көрші дауыссыздар әрі ілгерінді, әрі кейінді ықпалға бірдей ұшырайды. Бұл құбылыстек сөз бен сөздің аралығында ғана кездеседі. [1. 78-81бет]

Диссимиляция. Диссимиляция ( лат. dissimilatio - ұқсамау ) дыбыстардың бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орынын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция - бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Олар бірімен-бірі қатар және араға басқа дыбыстар салуы мүмкін.

Бұл - әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нормаланбаған тілде (диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрде айту ұшырайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы «аласталып» оның орнын тіл алды и алады. Сондай-ақ коридорды колидор түрде айту бар. Бұлар регрессивті диссимиляция.

Ал февральді феврар түрде айту - прогрессивті диссимиляция.

К. Аханов «Шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз, қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция құбылысының нәтижесі» деп қарайды. Молда деп айту араб тілі үшін диссимиляция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғи заңдылық болса керек.

А. Айғабылов түбір ішінде кездесетін қайталама дыбыстарды атайды. Бұдан гөрі диалектілік айту: маңлай (маңдай), таңлай (таңдай), қарапайым сөйлуде кездесетін: айдалайын («Айман-Шолпада») немесе айланайын (айналайын), балалар тіліндегі қолбақ (қолғап) осы заңға орай жасалған деуге болады. [2. 161-162бет]

Қазақ орфоэпиясының жай - күйі

Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан бірыңғай нормалары болады. Солар жайындағы ережелердің жиынтығы ол орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоепиясы дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтиды.

Сөз құрамында дыбыстар немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп үйлесе айтылады. Сөйлеуде олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіріп айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарын жете білі қажет.

Сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуының бір-біріне әрқашан сайма-сай келе беруі шарт емес. Тіл-тілдің әрқайсысында жазылуы мен айтылуының арасында пәлендей айырмашылық болмайтын сөздердің де бар екені рас. Бірақ әрқашан бұлай бола бермейді. Мысалы, қанқұрт, сөнбеді деген сөздердің жазылуына қарап, дәл осылайша оқу орфоепиялық жақтан дұрыс болмас еді. Бұларды айтқанда, ол сөздердің ішіндегі дыбыстардың бір-біріне әсер ету, соған орай, өзара үндесу ерекшеліктерін сақтау қажет. Бұл сөздер жоғарыдағыдай жазылғанмен, қаңғұрт, сөмбеді түрінде айтылады.

Орыс тілінде қатаң дауыссыздарды белгілейтін әріптер ұяң дауыссыздардың алдында келгенде, айтылуыда ұяң дауыссызға айналады. Мысалы: сберкасса (айтылуы: зберкасса), сделать (айтылуы: зделать), сделка (айтылуы:зделка), экзамен (айтылуы: эгзамен) .

Қазақ тілінің орфоепиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы , торы ала ат, бара алмады, келе алмады, бала ісі, бері отыр деген тізбектер торалат, баралмады, келалмады, балісі, беротыр түрінде айтылады.

Орфоэпия мәселелерінің ішіндегі негізгілердің бірі - екпін туралы мәселе. Мұның әсіресе екпіні жылжымалы тілдерде атқаратын қызметі айрықша.

Екпіні тұрақты тілдерде екпіннің сөздердің айтылуына тигізетін әсері екпіні жылжымалы тілдердегідей емес. Алайда екпіні тұрақты тілдерде де екпін сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуына әсер етпей қала алмайды. Мысалы, Сарыарқа деген сөздің сөйлеуде Сарарқа болып айтылуы бұл сөздің бірінші сыңарының (сары) дербес екпіннен айырылып қалып, соңғы сыңарымен (арқа) екпін жағынан бір топ құрап айтылуымен байланысты болса, тары ала ат деген сөз тіркесінің айтылуыда торалат болып ықшамдалуы оның сыңарларының әрқайсысының дербес екпінге ие болу қасиетінен айрылып, бір екпінге бағынып айтылуымен байланысты.

Әрбір сауатты адам үшін жазудың ережелерін менгеріп, дұрыс жаза білу қаншалық қажетті және міндетті болып саналса, айтылудың ережелерін меңгере білу, сөйлеуде үндестілікті сақтап айту, жалпыға ортақ қалыптасқан қағидалардан ауытқымау да соншалықты қажет және міндетті болып саналады. [3. 350-353бет]

Орфоэпиялық сөздік. Орфоэпиялық сөздік - сөздің орфоэпиялық түрін, яғни оның қазіргі әдеби айтылуын және екпінін қамтып көрсететін сөздік. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ. Неталиева-ның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңга жуық сөздер мен сөз тіркестері енген. Автор емле-ережесі бойынша жазылған сөздерді қалыптасқан әдеби тіл орфоэпиялық нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік зандылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.

1981 жылы М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілінің кысқаша орфоэпиялық сөздігі” басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуык, сөздер қамтылган. [4. ]

Қазақ жазуы және орфографиясы

Орфография - жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі және біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын, зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды.

Орфографияның ережелер жүйесі:

  • дыбыстарды әріптермен беру:
  • сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
  • сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
  • тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды.

Орфографияның негізгі қағидаттары

Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қағидаттарға негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.

Орфографиялық қағидат бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның бірін таңдап алуды мақсат етеді. Осы қағидаттардың негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін қажет.

Орфографияның негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

1. Фонетикалық қағидат бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, жазса - жасса т. б., яғни айтылуындай жазылады да, фонемалық транскрипцияға жақындайды.

2. Морфологиялық қағидат - сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, сөз бен қосымша құрамында болатын дыбыс алмасуларды елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: қолбасшы, басшылық, асшы, тұзсыз т. б. сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады. Морфологиялық қағидатты фонемалық қағидат деп те атайды. Мұнда бір фонема әртүрлі құбылғанына қармастан үнемі әліппидегі бір-ақ әріппен белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
Қазақ фонетикасының құрылымы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы Пунктуация мәселелері туралы ақпарат
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Орфография
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жайлы
Латын графикасына ауысудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz