Frontpage редакторы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Frontpage редакторы
Орындаған:Қайырбек А. С
Тобы: ВТ-211
Қабылдаған:Шайханова А. К
СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
- Front Page тілі туралы жалпы мағлұматтар және оның мүмкіндіктері
- Front Page программасының стандартты аспаптар тақтасы
- Front Page редакторында жұмыс істеу
- Front page тілін тиімді пайдалану
- Пайдаланылған әдебиеттер
FRONT PAGE тілі туралы жалпы мағлұматтар және оның мүмкіндіктері
Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Microsoft Office 2003 құрамына кіретін программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды және т. б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Front Page программасын іске қосу үшін орындалатын команда: Пуск-Программы- Microsoft Front Page. Программа іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі ашылады.
Front Page программасының стандартты аспаптар тақтасы
Front Page программасында қолданылуына байланысты әртүрлі түймелер жиынтығынан тұратын көптеген аспаптар тақтасы бар. Қандайда бір жұмыс режиміне көшкенде программаның негізгі терезесінде қажетті аспаптар тақтасы пайда болады. Мысалы, Web-түйінді көру режимі мен есеп құруға өткен Reporting тақтасы қосылады, ал графикпен жұмыс істегенде Pictures тақтасы қосылады. Аспаптар тақтасын экранға шығару үшін View(Түр) мәзіріндегі Тoolbars (Аспаптар тақтасы) командасын орындау керек. Бұл команда орындалғанда Front Page программасының барлық тақталар тізімі шығады.
1. 1-кесте. Front Page программасының аспаптар тақтасы.
Мәзірдегі керекті тақтаны таңдағанда оның сол жағында белгі (V) пайда болып, қажетті тақта негізгі терезеде көрінеді. Экрандағы керек емес тақтаны алып тастау үшін мәзірдегі сәйкес келетін команданы қайта таңдау қажет, сонда ол Front Page программасының негізгі терезесінде көрінбей қалады.
Аспаптар тақтасының тізімін экранда көру үшін курсорды Front Page программасының негізгі терезесінде орналасқан кез келген аспаптар тақтасына
Жұмыс режимі тақтасы . Front Page программасында Web-түйінді көру мен құрудың 6 түрлі режимі бар. Осы режимдердің біріне өту үшін негізгі терезенің сол жағында орналасқан 6 батырмасы бар Views жұмыс режимі тақтасы қолданылады (1. 2-кесте) .
1. 2-кесте. Жұмыс режимі тақтасының түймелері.
Көру және редакциялау режимдері. Front Page программасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Программаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.
Page режимінде жұмыс облысының төменгі жағында Web-беттерді түрлі режимде көруге мүмкіндік беретін 3 қосымша орналасқан (1. 3-кесте) .
1. 3-кесте. Web-беттерді көру режимі.
Front Page программасындағы Web-түйін . Web-түйін біртұтас информациялық блок болып табылатын, өзара байланысқан Web-беттер қорларынан тұратын жиынтық (мысалы, энсиклопедиялық томдар сияқты) . Көбіне Web-түйін бір серверде орналасады, бірақ бұл міндетті талап болып саналмайды. Web-түйіннің негізгі беті (home page) - нақты бір файлдың атын көрсетпей, желіге қосқан кезде өзі автоматты түрде ашылатын бет. Мысалы, www. okmu. kz ОҚМУ-і сайтының негізгі беті болып саналады.
Front Page программасында Web-түйін құру . Web-түйін құру үшін One Page Web шаблоны пайдаланылады. Бұл шаблон Front Page программасының мүмкіндіктерін оқып үйренушілерге ыңғайлы. Берілген шаблонда Web-түйіндер құрылымы жасалып, кейіннен информациялармен толықтырылатын бір таза бет қосылады. Бұл жағдайда бет үшін қандайда бір арнайы безендірулер мен форматтаулар көрсетілмейді. Барлық қажеттіліктер өз бетінше орындалады.
Бір беті Web-түйін құру үшін орындалатын әрекеттер:
- File(Файл) мәзірінен New(Жаңа) командаларын таңдап, ашылған ішкі мәзірден Web (Web-түйін) командасын орындау. Экранда New сұхбат терезесі пайда болады.
- New сұхбат терезесінің Specifu the location of the new Web (Жаңа Web-түйіннің орналасуын көрсетіңіз) жолында құрылатын Web-түйіннің орны мен атын беру.
- One Page Web белгісін екі рет шерту. Түйін құрылу процесі басталады. Біраз уақыттан кейін Front Page программасының негізгі терезсінде жаңадан құрылған және оны жетілдіруге болатын Web -түйін ашылады. Folder _List облысында Private және Images екі бумаларынан, Index. htm бетінен тұратын құрылым көрініп тұрады. Folder List облысындағы Index. htm функциясын екі рет шерткенде Front Page программасының жұмыс облысының оң жағында берілген бос Web-бет ашылады. Оған обьектілерді орналастыруға кірісе беруге болады.
Бетке мәтін орналастыру . Web-беттің негізгі мақсаты - бұл Web-түйіндерді қолданушыларды өздерін қызықтыратын информациялармен таныстыру. Информацияны жеңіл түсіну үшін, оны мынадай түрде жеткізу керек: безендіру бірыңғай болмай, көзге тартымды болуы керек. Осыған байланысты Front Page программасы Web-түйін құрушылар үшін, символдар мен абзацтарды форматтау, шрифтердің әртүрлі параметрлерін, символдар аралығын, шегіністерді орнату, символдарды жоғарғы және төменгі индекстер түрінде кішірейтіп жазу және т. б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы әрекеттерді пайдалана отырып, беттегі маңызды жерлерді белгілеп, информацияны оңай оқуға мүмкіндік жасауға болады. Бұдан басқа құжатпен жұмыс істегенде арнайы шрифт символдарын пайдаланып бетке түрлі безендірулер енгізуге де мүмкіндік бар.
Web-беттерді құрғанда шолушылар кейбір арнайы безендіру стильдерін қабылдамайтынын есте ұстау керек, сондықтан құрылған бетті бірнеше шолушылардың көмегімен, мысалы, Internet Explorer және Netscape Navigator арқылы тексеріп шыққан жөн.
Тізімдер. Жабылмалы тізімдер.
Web-беттерінің обьектілер тобын тізімдер түрінде ұйымдастырған өте ыңғайлы. HTML-де тізімдер типтері бар. Көбіне қолданылатындары:
- Bulleted list (Маркерленген тізім) . Әрбір абзац алдында маркер қойылады.
- Numbered list (Нөмірленген тізім) . әрбір абзац алдында оның реттік нөмірі қойылады.
Тізімді берілгендерді енгізер алдында немесе оны енгізіп болған соң да құруға болады. Оның әрбір обьект жеке абзац болып табылады. Енгізілген мәтіндегі тізімге айналдыратын абзацтарды түгел белгілеп, Bullets (Маркерленген тізім) түймесін шерту арқылы оларды маркерленген тізімге немесе Numbering (Нөмірленген тізім) түймесін шерту арқылы нөмірленген тізімге айналдыру мүмкіндігі бар. Тізімді мәтінді тікелей енгізу барысында құру кезінде орындалатын әрекеттер:
- Жаңа жол басында Bullets (немесе Numbering) түймесін шерту.
- Мәтін енгізу.
- Тізімдегі келесі жолға өту үшін Enter-ді басу. Сонан соң мәтін енгізіп, тағы да Enter баса отырып, осы процесті барлық тізім үшін қайталау.
- Тізім құрылып болған соң, одан шығу үшін Enter-ді екі рет шерту немесе Ctrl+Enter түймелерін қолдану.
Тізімдермен жұмыс істеу. Тізім ішіндегі жиі кездесетін мәселелерді орындау тәсілдері:
- Тізімге жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін жол басына орнатып мәтінді енгізуді бастау керек. Жаңа мәтін осыған дейін бар мәтін алдына орналасады. Бар мәтінді келесі жолға түсіру үшін Enter-ді басу жеткілікті.
- Тізім соңына жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін соңғы элемент соңына қойып Enter түймесін басу қажет.
- Тізімдегі бір элементті белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркердің немесе нөмірдің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ батырмасын шерту қажет.
- Тізімдегі барлық элементтерді белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркерлер немесе нөмірлердің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ түймесін екі рет шерту қажет.
- Тізімдегі элементті жою үшін барлық тізімді белгілеп Delete түймесін шерту немесе Edit-Delete командасын таңдау қажет.
- Тізімнің стилін өзгерту үшін барлық тізімді белгілеп, форматтау саймандар тақтасындағы Style тізімінен басқа стильді таңдау қажет. Мұны format - Bullets and Numbering командасы арқылы да орындауға болады.
Мәтіндік гиперсілтеме. Web-түйін беттері арасындағы байланыс онда орналасқан гиперсілтемелер, бетбелгілер мен навигация тақтасы арқылы іске асады. Ағымдағы Web-түйін беттері арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың тамаша әдісі гиперсілтемелер болып табылады. Гиперсілтемелер арқылы Web-беттердің белгілі бір жеріне шертіп, басқа бір беттің қажетті жерінде орналаса аламыз. Гиперсілтемелерді қажетті информацияларды іздеуге арналып қолданылатын сызықты стрелкалар түрінде де елестетуге болады. Олар мәтінді, графикалық көріністі, Интернет желісіндегі басқа құжаттардың Web-түйінін, Microsoft Office құжаттарын, осы бетте немесе Web-түйіннің басқа беттерінде немесе құжат ішінде орналасатын белгілерді, өз компьютеріміздің жергілікті (локальды) файлдарын, корреспонденцияны жеткізу үшін электронды почта адресін көрсету мүмкін.
Гиперсілтеме құру. Негізгі беттен Web-түйіннің басқа баттаріне өту үшін гиперсілтемелер құрылады. Гиперсілтемелер құру негізінде келесі әрекеттер орындалады:
- Құрылған мәтіндік Web-түйінді ашу.
- Негізгі бетке элементтері басқа беттерге өту үшін қолданылатын мәтіндік тізім орнату.
- Тізімнен алғашқы элементті белгілеп алып, сонан соң келесі тәсілдердің бірін орындау:Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау. Тышқанның оң пернесін басу арқылы контексті мәзірден Hyperlink командасын таңдау. Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу. Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.
Осы әрекеттердің кез келген біреуін орындағаннан соң, экранда Create Hyperlink (Гиперсілтеме құру) сұхбат терезесі ашылады.
- Сұхбат терезесінің Look in (Іздеу) тізімі ашылған Web-түйіннің атауынан, ал төменде орналасқан облы - оның барлық бумалар мен беттерінен тұрады. Осы тізімнен гиперсілтеме жасалатын Web-бетті таңдау қажет. Сонда оның аты URL жолына көшіріледі.
- ОК батырмасын шерту.
- Негізгі бетті сақтау.
Гиперсілтеме құрылған тізімде бірінші элементтің түсі өзгеріп, асты сызылады. Дәл осылайша Web-бетте көрінетін гиперсілтемелерді, қолданушылар оңай таба алады. Сілтеменің дұрыс орнатылуын тексеру үшін Front Page программасының жұмыс облысының төменгі жағында орналасқан бетті көру режимі Preview қосымшасын таңдаймыз. Курсорды тізімнің бірінші элементіне орналастырып, ол сұқ саусақ мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде, тышқан түймесін шертеміз. Сонда гиперсілтеме жасалынған бет ашылады. Сілтеменің эрекетін тексеру үшін Бетті көру режиміне өту міндетті емес. Оны редакциялау режимінде сілтемені шертіп, <Ctrl> пернесін басу арқылы орындауға болады.
Create Hyperlink сұхбат терезесі гиперсілтемелерді құруды тек Web-түйіннің ашылған беттеріне ғана емес, сондай-ақ Интернеттің Web-беттеріне, жергілікті компьютер файлдарына, электронды почта адресіне және әлі құрылмаған жаңа бетке де сілтеме жасау мүмкіндігін береді. Бұлардың қалай іске асатындығын түсіну үшін Create Hyperlink сұхбат терезесінде орналасқан түймелерді қарастырамыз (1. 4-кесте) .
1. 4-кесте. Create Hyperlink сұхбат терезесінің түймелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz