Жобамен айналысу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
МӨЖ
Тақырыбы: 13. Жобаларды басқару принциптері. 14. Жобаның мақсаты мен стратегиясы. 15. Жобалардың айналасы.
Орындаған : Юсупов А. А.
Тексерген : Агумбаева А. Е.
Семей 2015ж
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес- жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспа- рының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол ол «инвестиция- лық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т. с. с. құру) немесе өндіріс сипаты- ның түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т. с. с. ) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқыза- ды. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады. Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс. Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие. 1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта «идентификация- лау» термині қолданылады) . Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анық- 23тайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағыттала- ды. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді. 2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономи- калық, институционалдық және т. б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек. 3. Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет. 4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе 24отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру. 5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибе- сін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген. 1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін. 2. Ағымдағы өндірістік щығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетіл- генін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетіл- дірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді. 3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқарма- 25сының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасы- ның кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек. 4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн. 5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жоба- лау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану. 6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т. с. с. қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz