Ғимараттарды техникалық жағдайларды бақылауда инженерлік-геологиялық факторларын қарастыру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
«Ғимараттар және имараттарды сынау» пәні
СРО №3
Тақырыбы : « Ғимараттарды техникалық жағдайларды бақылауда инженерлік-геологиялық факторларын қарастыру»
Орындаған: Жүнүсқанова Н. Ф.
СТ - 217
Тексерген: аға оқытушысы
Уркинбаева Ж. И.
Семей
2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Ғимараттың техникалық жағдайын бақылауда инженерлік геологиялық жұмыстар . . . 4
Қорытынды . . . 6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 7
Кіріспе
Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді.
Тұрғын үйдің техникалық жағдайына тексеру жүргізу кезінде мынадай жұмыс түрлері жасалады:
1) ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік желілерін (тіректер мен инженерлік жабдықтарға алып баратын құбыр желілерін оларда орналасқан тіректік-реттеуші арматураларымен қоса) толық тексеру;
2) анықталған ақауларды жою жоспарын әзірлей отырып жақын аумақтардың инженерлік жабдықтарын тексеру және абаттандыру;
3) тұрғын орын-жайларды пайдалану, тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы орын-жайларын қалпында ұстап тұру, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрғын үй жалдаушылар мен меншік иелеріне нұсқаулықтар беру;
4) анықталған ақауларды жоюға тапсырма беру (қажет болған жағдайда) және оларды жою мерзімін белгілеу, сондай-ақ алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес ақаулардың жөнделуін бақылау. Тұрғын үйдің жалпыға ортақ мүлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізу үшін пәтер иелері тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй инспекциясына үйді тексеру және оның техникалық жағдайы туралы акт беруге жазбаша өтініш беруі тиіс.
Тұрғын үй инспекциясы уәкілетті орган ретінде:1) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкінің техникалық тексерісін ұйымдастырады; 2) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтайды; 3) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді көмегімен қаржыландырылған шығындары сметасын кондоминимум нысанын басқарудың ұсынылған органына келісуге алып барады; 4) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияларға қатысады. Кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны. Кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен. Кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару, пайдалану мәселелері бойынша шешім пәтер меншік иелерінің келісімімен қабылданады, ал ПИК басқару органы пәтер меншік иелері қабылдаған шешімді орындайды.
Инженерлік-геологиялық ізденістер мына жұмыстарды қамтуға тиісті: жобаланған құрылыс аймағының (жұмыс алаңының, жет тәлімінің, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын, соның ішінде сол жердің бедерін, геологиялық құрылымын, сейсмотектоникалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырағының құрамын, күйін және сипаттарын, геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістерін кешенді мәнермен зерттеу; нысандарды дұрыс жолмен жобалау, салу және пайдалану үшін қажетті және жеткілікті мәлеметтерді алу мақсатымен тиісті болжам жасау, мұндай болжамда жобаланған нысандардың геологиялық ортамен әрікеттескен кезде қандай өзгерістерге тап болуы мүмкін екені сипатталады.
Инженерлік-геологиялық ізденістер құрамына келесі жұмыстар кіреді:
- өткен жылдарда жасалған ізденістердің материалдарын жинау және өңдеу;
- маршруттық бақылау (аймақты алдын ала тексеріп білу, яғни рекогносцировка жасау) ;
- тауда жасалған қуыстарды тереңдету (инженерлік-геологиялық ұңғыларды бұрғылау) ;
- геофизикалық зерттеулер;
- дала топырақты зерттеулері (статикалық, динамикалық зондылау, штамптық тексерулер) ;
- гидрогеологиялық зерттеулер;
- топырақ пен жер асты суларын лабораторияда зерттеу;
- бұрын салынған ғимараттар мен құрылыстардың табандарындағы топырақты зерттеу;
- материалдарды камералық өңдеуден өткізу;
- инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгеруі жайлы болжам жасау;
- геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістердің қауібі мен тәуекелін бағалау;
- техникалық есеп жасау.
Инженерлік ізденістер бағдарламасы шеңберінде инженерлік-геологиялық жұмыстардың жеке түрлерін жасау қажеттілігі тапсырушының техникалық тапсырмасына, жобалаудың сатылығына, инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігіне және жобаланған ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейіне қарай анықталады.
Сонымен бірге линиялық құрылыстарды (автокөлік және темір жолдарын, су және газ құбырларын, байланыс және электр қуатын жеткізу желілерін және т. б. ) салу мен жобалау салаларында да инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізеді.
Таңдалған трассаның аймағындағы инженерлік-геологиялық жағдайларды кешенді жолмен зерттеген кезде ізденіс жұмыстарының құрамы мен көлемі инженерлік-геологиялық элементтерді әбден анықтап алу үшін жеткілікті болуға тиісті. Осы элементтер үшін топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамаларын, олардың нормативті және есептік мәндерін лабораториялық және (немесе) далалық әдістермен анықтау керек. Сонымен бірге, геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістердің (Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелері (ҚР ҚН) бойынша) даму қарқындылығының сандық көрсеткіштерін, гидрогеологиялық параметрлерін, жобаланған нысанның геологиялық ортамен әрекеттескенде тоттанатынын және жер асты сулардың бетонға зиян келтіретінін анықтап есте сақтау қажет. Инженерлік-геологиялық ізденістер жасаған кезде линиялық құрылыстардың трасса бойындағы алабының кеңдігін (енін) және тауда жасалған қуыстардың арасындағы орташа қашықтықты мына кестеге сай алу керек: 4. 1 СН 1. 02-18-2007
Қорытынды
Тұрғын, қоғамдық және қосалқы өндірістік ғимараттардың техникалық күйін (қоғамдыққа жақын құрылымдық шешімдер арқылы) профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау жоспарлық және кезектен тыс қараулар процесінде «Ғимараттың және имараттың табиғи тозуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002-ге сәйкес жүргізіледі. Күрделі жөндеуді және қайта құрылымдауды жобалауға арналған техникалық тексеру бойынша ғимараттың техникалық күйін бағалау «Ғимараттың және имараттың табиғи тозуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002-ге сәйкес жалпы тексеру және алдын ала - көтеруші қабілеттіліктің және пайдалану жарамдылығының санаттары бойынша жүргізілуі тиіс. Толық тексеру кезеңінде ғимаратты көтеруші қабілеттіліктің және пайдалану жарамдылығы санаттары бойынша алдын ала бағалау дәлденеді. Ғимараттарды, имараттарды санаттар бойынша бағалаудың ұсынылатын критерийлері, сондай-ақ жөндеу және жұмыстың қауіпсіз шарттары жөніндегі тиісті шаралар Н қосымшасында берілген. Күрделі жөнделген (қайта құрылымданған) ғимараттардың техникалық күйін олардың аспапты қабылдау бақылауы нәтижелері бойынша бағалау «Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын ғимараттарды пайдалануға қабылдау ережелері» ҚР ҚН 1. 04-03-2002-ке сәйкес («қанағаттанарлық», «жақсы», «өте дұрыс» бағаларымен) жүргізіледі. Ғимараттың техникалық күйін сараптамалық тексеру нәтижелері бойынша бағалау «Ғимараттың және имараттың табиғи тозуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002-ге сәйкес жалпы тексеру және алдын ала - көтеруші қабілеттіліктің және пайдалану жарамдылығының санаттары бойынша жүргізілуі тиіс. Толық тексеру кезеңінде ғимараттың көтеруші қабілеттілігінің және пайдалану жарамдылығының санаттары бойынша алдын ала бағалау дәлденеді. Имараттардың техникалық күйін бағалау алдын ала тексеру кезеңдерінде «Ғимараттың және имараттың табиғи тозуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002-ге сәйкес және алдын ала көтеруші қабілеттіліккпен пайдалануға жарамдылық санаттары бойынша жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz