Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары



Кіріспе
Негізгі бөлім
Организмдегі арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.
1 ) Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық.
2 ) Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық.
Қорытынды
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қан топтары және олардың сипаттамасы.
1. Қанның тобы мен резус . факторларына сипаттама
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.
Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.
Адамда екі түрлі иммунитеті болады:
1. іштен туа біткен иммунитет
2. жүре пайда болған иммунитет
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.Қорғаныш реакциялары арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары болып бөлінеді.
 Толысбаев Б Т,Шоқанов Н,Булашов А-практикум ветеринарной микробиолгии и иммунологии-М1989-272с
 А. Булашев Иммунология, Астана, 2002 жыл.
 Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиология және иммунология» . Алматы. 2008жыл

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы : Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары. Қанның тобы мен резус - факторының заңдылығы.

Орындаған : Жансолтанова Алтынай
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Нуркенова М.К

Семей 2015

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Организмдегі арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.
1 ) Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық.
2 ) Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық.
Қорытынды
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қан топтары және олардың сипаттамасы.
1. Қанның тобы мен резус - факторларына сипаттама
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.
Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.
Адамда екі түрлі иммунитеті болады:
1. іштен туа біткен иммунитет
2. жүре пайда болған иммунитет
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.Қорғаныш реакциялары арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары болып бөлінеді.

Организмдегі арнайы қорғаныш реакциялары : гуморальдік және жасушалық.
1. гуморальдік факторлары - вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер - иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында - ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер - арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ - РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М - класы пайда болады, оларды алғашқы антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G - класы пайда болады. Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады.
2. жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т-лимфоцит жасушаға жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды. Вирустардың организмге енуінің арқасында Т-лимфоциттердің өзгеруі басталады. Т-лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин-2 арқылы Т-киллердің көбеюіне әсер етеді, ал Т-киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді. Сонымен қатар, лимфа түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды қорытады, ол үшін лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-, В-лимфоциттер танып алады. Бірақ, кейбір вирустар макрофагтың ферменттеріне төзеді де, макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді.
Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық деп екіге бөлінеді:
1. Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады, оның ішінде:
α-ингибиторлар - біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды;
β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды);
γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады.
Комплемент - антиген-антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді.
Пропердин - комплементтің қызметін фагоцитозды күшейтеді, жасушаны ерітеді.
2. Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі факторлардың бірі - вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы. Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады.
Организмді қорғаудың жасушалық факторлары ретінде гранулоциттердің - эозинофил, базофил, нейтрофильдерді айтуға болады. Эозинофильдер антиген-антидене комплексін жұтып қояды. Базофилдер - вирусқа қарсы қасиеті бар заттар - гистамин, гепарин және т.б. шығарады. Нейтрофильдер - ұсақ вирустарды жұтып, өз лизосомальдық ферменттері арқылы ерітеді.

Қорытынды

Организмнің қорғаныс реакциялары : арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары деп бөлінеді.Олардың әр қайсысы жеке тағы да гумаральдық және жасушалық деп бөлінеді.Бұлардың бәрі организмдерді сыртқы орта жағдайында кездесетін вирустардан, зиянды заттардан қорғау қызметін атқарады.

Кіріспе
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан Топтары - бір биологиялық түр дарабастары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қан топтарының түрлері және сипатамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қанның тобы мен резус – факторының заңдылығы
Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары. Қан топтарының түрлері және оның сипаттамасы
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары туралы
Иммунды жүйе мүшелері
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Аскорбин қышқылының синтезі
Иммундық жүйе
Пәндер