Уланған және еріксіз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Уланған және еріксіз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау

Орындаған: Талапқанқызы М

Тексерген: Сүлейменов Ш. Қ

Топ: ВС-203

Семей 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімСазқұндыз және сазқұндыз өнімдеріСазқұндыз етінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштеріУланған және еріксіз сойғандағы сазқұндыздың сойыс өнімдеріЕріксіз сойылған саз құндыз ұшасын және ішкі ағзаларын ветеринарлық-санитарлық сараптау. Уланған еріксіз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Химиялық токсикологиялық улы затттардың организмге сіңуі мен сіңу жылдамдығы олардің адаммен жануарлардың денесіне түсу жолдарына улылық әсерлері тәуелді. Улар организмге ас қорыту, тыныс алу жүйелерімен және тері арқылы түседі. Улы заттардың газ, бу және шаң тәрізді түрлерінің ингаляциялық жол арқылы түсуі зор маңызға ие. Экологиялық жағдайлар, сапасыз азықтармен азықтандыру, сонымен қатар қанағаттанарлықсыз күтіп-бағу ережелері малдардың ағзасына кері әсерін тигізеді және олардан алынатын өнімдердің сапасын айтарлықтай төмендетеді. Токсиндік заттар жануар ағзасына келесі жүйе арқылы түседі: топырақ-өсімдік-мал. Аздаған мөлшерде тыңайтқыштар ретінде және минералдаы азық ретінде ауылшаруашылығында қолданады. Бұл кеселдің айқын клиникалық түрде байқалмауына байланысты бірнеше мыңдаған жануар бастарының уланып, өлімге ұшырайтыны түсінікті. Отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының аталмыш мәселені зерттеп, атқарған еңбектері көп болуына қарамастан бұл жағдай осы күнде өзектілігі арта түсуде.

Негізгі бөлім

Сазқұндыз және сазқұндыз өнімдері

Саз құндызы ірілеу келген кеміргіштер қатарына жатады. Денесі құрлықта, суларда тіршілік етуге бейімделген, артқы аяқтарының бақайлары арасында жүзу жарғақтары болады. Денесінің түктері ұзын және жуан деп үшке бөледі. Жүндерінің реңі - қоңыр қошқылдау, біртүстес, ал бүйірлі сарғыштау. Саз құндызы бір кездерде Оңтүстік Американың субтропикалық және тропикалық суларында мекендеген. ХХ ғасырда Солтүстік Американың оңтүстігінде, Қытайда қолда және торларда көбейтілуде.

Құнды тері, еті дәмі келетін бағалы аң. Саз құндызының туысынан Қазақстанда тек бір ғана түрі кездеседі. Дене тұрқы 50-80 см, құйрығының ұзындығы 30-50 см, салмағы 5-12кг, жылуды сүйетін аң. Қазақстанға жерсіндіру жұмысы 1930 жылдан басталды. 1952 жылға дейін Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының өзен, көлдеріне жіберілген. Жерсіндіру жақсы нәтиже бермегеннен кейін бұл бағалы аңды қолда, аң фермасында өсіру қолға алынды. Қазақстанда бүгінде саз құндызын Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында жеке қолда аң шаруашылықтарында өсіреді. Өзен, көлдің қоғалы-қамыстың жағалауын мекендейді. Саз құндызының еті және басқа өнімдері міндетті түрде ветеринариялық- өтуі шарт. Сойыс өніміне қабылдамас бұрын ветеринариялық куәлікпен танысады. Артынан сазқұндыздарына ветеринариялық тексерулер жүргізеді. Сояр алдында 12 сағат азықтандырмайды.

Саз құндызы жабайы аңның етінің химиялық құрамы. Саз құндызының еті (сүйексіз ұша, ішкі майлары және субөнімдерінсіз) келесі химиялық құраммен ерекшеленеді. Майлылығы орташа :

  • сүйегі бар ұшаның 100 г етінде : 140 ккал;
  • 18, 3 г қортылмалы протейін ;
  • 6, 0 г май;
  • 4, 5 г күлі болады;

Саз құндыз етінде аминқышқылдарының мөлшері құрғақ белокқа тиімді ара қатынасы төмендегідей көрсеткіштермен көрсетілген:

Триптофан
1, 4-1, 7%
Триптофан: Лизин
1, 4-1, 7%: 4, 3-6, 24%
Триптофан:

Треонин

Валин

1, 4-1, 7%:

2, 9-3, 84%

5, 7-3, 95%

Триптофан: Метионин
1, 4-1, 7%: 2, 9-2, 16%
Триптофан: Изолейцин
1, 4-1, 7%: 4, 3-3, 75%
Триптофан: Фенилаланин
1, 4-1, 7%: 2, 9-4, 0%
Триптофан: Май
1, 4-1, 7%: 4, 0-10%
Триптофан: Ақуыз
1, 4-1, 7%: 20, 8%
Триптофан: Су
1, 4-1, 7%: 67-73%
Триптофан: Минералды заттар
1, 4-1, 7%: 1, 1%

Саз құндызының майы ақ бұлыңғыр түсті, құрамы жағынан шошқа етіне ұқсас . Ересек сазқұндыздары тері асты және іш майларды жинау қабілетіне ие. Құрамында йодтық саны қажетті май қышқылдарына олейн, линол - ға бай. Балқу температурасы Және суу уақытына, тығыздығына байланысты саз құндызының майы шошқа майы тәрізді. Ағзаға сіңу қабілеті 89-93% . Басқаларға қарағанда саз құндызмайының йодтық саны қажетті май қышқылдарына бай.

Саз құндызын өсірумен арнайы айналысатын шаруашылықтардағы қызметкерлер тазалықты, залалсыздандыру шараларын үнемі жүргізуі шарт. Саз құндызының төлдерінің торлары мен бөгегіштерін күнделікті тазалап, қи мен ластанған төсеніштерін жиі ауыстырып, арнаулы орындарда биотермиялық залалсыздандыру жүргізеді. Көктемде, күзде торларды, үйшіктерді, қоршауларды, азықтық үстелдерді, бассейн, сарай және шаруашылық маңын 5, 0 % креолин немесе лизол, 2, 0% ыстық күйдіргіш натрий (каустикалық соды) ерітінділерімен залалсыздандырылады. Ауру шыққан жағдайда тор мен құрал-қоршауларларды отты - күйдіргіш шамның жалынымен күйдіреді. Шаруашылық пен сарай алдындағы кіреберістерге 5, 0 % креолин мен лизолға малынған дезинфекцияланған кілемшелерді төсеу керек.

Тамақтану кәсіпорындарына саз құндыз жабайы жануар еті түсуі мүмкін. Жабайы ешкіні қойды қасаптағандай, саз құндыз жабайы жануарын қасаптағандай түрде бөлшектейді. Саз құндыз етінде қуыру кезінде жұмсармайтын қатты дәнекер ұлпалары көп болады. Сондықтан еттің дәмін жақсарту үшін, өзіне тән иісін жою үшін, дәнекер ұлпаларын жұмсарту үшін оларды шала тұздықтайды. Етті сүйектен ажыратқаннан соң және тазалағаннан кейін ірі, сыбаға, ұсақ кесектерге турайды. Олардың еттерін керамикалық не таттанбайтын металл ыдыстарға салып, үстіне тұздық құйып және жанурдың түріне, жасына және кесектердің мөлшеріне қарай мұздай жерде 1-ден 3 тәулікке дейін сақтайды. Шала тұздықтау кезінде етті бірнеше рет аудармалайды.

Сазқұндыз етінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері

Органолептикалық көрсеткіштері. Саз құндыздың еттің органолептикалық көрсеткіштерін сыртқы түрі, түсі, консистенциясы, иісі, шел майының түрі, сүйек майы ет піскеннен кейінгі сорпасының сапасы бойынша анықтаймыз. Еттің консистенциясы серпімді болу керек. Етті саусақпен басып көргенде шұңқыр пайда болып, көп ұзамай қайта орнына келуі керек. Саз құндықдың жасы менжынысына қарай еттің түсі мен иісі өзіне тән спецификалы болады.

Физикалық-химиялық көрсеткіштері. Саз құндыз жабайы жануардың еттінің физикалық ерекшелігі оның химиялық құрамына функциясына байланысты болады. Тағамдық өнімдердің негізгі көрсеткіштеріне оның тығыздық және жылулық өткізу көрсеткіштері саналады. Өнімнің жылу өткізгіштігі оның химиялық, құрамына және оның көлемдік массасына және температурасына байланысты болады. Өнімде май көлемі ұлғайған сайын, оның жылу өткізгіштігін қасиеті төмендейді. Өнімнің жылу өткізгіштігі станционарлы емес процесс кезінде өнімнің температурасының өзгеруімен сипатталады. Тағамдық өнімдерде температура өткізгіштігі 0-20º С -де 0, 005-0, 0028 м/кв. болады. Еттің серпімділігі, пластикалық бөлек тканьдердің механикалық төзімділігі маңызды рөл атқарады. Өнімдегі ылғалдылық көрсеткішін анықтау үшін ондағы өнім құрамындағы су белсенділігін анықтайды. Өнімдегі су белсенділігі микроорганизм өміріне, биохимиялық, физико-химиялық реакциялар мен процесстерге әсер етеді. Ет өнімдерінің су белсенділігін анықтау үшін әр түрлі әдіс қолданады.

Уланған және еріксіз сойғандағы сазқұндыздың сойыс өнімдері

Ауыл шаруашылығында пестицидтар жиі қолданылатындықтан саз құндыздардыңң улануы жиі кездеседі. Әртүрлі топтың пестицидтары зиянкес жәндіктерге, арамшөптерге, кейбір саңырауқұлақ түрлеріне қарсы қолданылуы мүмкін. Пестицидтерге қоса улану себебіне токсикалық дәрі-дәрмектер, тыңайтқыштар мен ауыр металлдар тұздарын да жатқызуға болады. Бұлардан басқа, жануарлар жеп қоятын, ағзаға уытты әсер ететін өсімдіктерді де атап өткен жөн.

Уланудың басты ерекшелігі - материалды кумулятивтілігі. Мысалы, хлорорганикалық және сынап құрамдас препараттар және т. б. Бұл жағдайда сойыс өнімдерін қолдану-қолданбау улану себебіне байланысты, өнімдердің органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері және бактериологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шешіледі. Көптеген пестицидтер, етте минимальді мөлшерде болса да, адамға токсикалық күшті әсер ететін заттар болып табылады. Етте олардан айырылу қиынға соғады, жоғары температураның өзі оларды жоя алмайды (хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбамиттты препараттар) .

Паталогиялық өзгерістер. Уланған сазқұндыз сойыс өнімдерінде патологиялық өзгерістер ауру жануарлардыкіне ұқсас болып келеді. Сою сызығы түзу болуы мүмкін (ауыр улану кезінде), қансыздану деңгейі төмен немесе өте төмен. Ет түсі қою-қызыл (цианидпен және нитраттармен улағанда алқызыл), майлы торшалар қызылғылт түске боялған, ішкі ағзаларында қан жиналу байқалады.

Ауыз қуысының және серрозды қаптаманың шырышты қабаттарында әртүрлі мөлшерде қанталаулар байқалады, бұл секундарлы инфекцияның дамуымен байланысты. Улану мен оның салдарынан пайда болған инфекция кезінде лимфа түйіндері ұлғайған, кесіп қарағанда ашық көк-қызғылт, қанталаулары бар. Көбінесе бауыр ұлғайған, болбыр, қара-қоңыр түсті. Өт қабы тұтқыр өтке толы. Мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бүйректе және бауырда іркілген гиперемия және қанталаулар байқалады. Жіті улану ателектаз ошақтары бар, өкпенін домбығуына әкеп соғады. Бүйректе қыртысты және милы қабаттардың шекарасы жоқ. Асқазанда, ұлтабарда және ішектің жұқа бөліктерінде серозды қабық астында әр мөлшерлі қанталаулар мен некроз бөлімдері бар.

Ветеринарлық-санитарлық сараптау ортақ белгіленген схема бойынша жүргізіледі. Лабораториялық зерттеулер еттегі улы заттардың қалдық мөлшерін және бактериалды зықымдалу дәрежесін анықтау үшін керек. Лабораторияларға 6х6х8 см бұлшық ет сынамасын, 2-3 лимфа түйіндерін, ішкі ағзалар сынамасын (бүйрек пен бауыр міндетті түрде) және асқазан мен асқазан алды ішіндегі құрамын жібереді. Токсикалық заттарды анықтау үшін жүргізілетін химико-токсикологиялық зерттеу реті патанатомиялық зерттеу нәтижесінен кейін және жолдама хат мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі. Керек жағдайда шаруашылықтан ақырғы уақытта қолданылған пестицидтар, тыңайтқыштар немесе препараттар тізімі сұралуы мүмкін. Бұдан басқа рацион құрамы мен сапасын анықтайды.

Ветеринарлы-санитарлы баға. Жанталас жағдайында сойылған жабайы жануар етін, өзіне тән емес түсі және иісі бар етті утильдеуге жібереді.

Егерде органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері және бактериологиялық зерттеулер нәтижесі жағымды болса, ветеринарлы-санитарлы баға токсикалық зат түріне байланысты болады. Токсикалық заттарды 3 топқа бөледі, олар табиғаты мен химиялық құрамымен ерекшеленеді.

  1. Бірінші топқа еттің құрамында рұқсат етілмейтін улы химикаттар кіреді. Олар: сары фосфор, цианидтер, фосфорорганикалық, хлорорганикалық, карбаматты пестицидтер, сынапқұрамдас және күшәнқұрамдас(мышьяксодержащие) препараттар. Етте күшән мөлшері 0, 5 мг/кг-нан көп емес, ал сынап бауырда 0, 03 мг/кг, бүйректе 0, 05 мг/кг-нан көп болмауы тиіс.
  2. Екінші топқа сойыс өнімдерінде шекті мөлшері белгіленген заттар кіреді. 1кг етке 1мг қорғасын, 40 мг сурьма, 100 мг аммиакты селитра, 300 мг барий рұқсат етіледі.
  3. Үшінші топқа еттің құрамында табылғаннан кейін, қайнатып залалсыздырғаннан кейін қолданатын немесе етті нан дайындауға қолданылатын улы заттар кіреді. Бұл топқа мыналар жатқызылады: фтор препараттары, цинк және мыс тұздары, хлорлы натрий және калий, қышқылдар мен сілтілер, хлормен, тұншықтырғыш газ, аммиак.

Еріксіз сойылған саз құндыз ұшасын және ішкі ағзаларын ветеринарлық-санитарлық сараптау.

Еріксіз сою деп әрі қарай емдеу орынсыз және тиімсіз жағдайдағы ауру саз құндызды өлтіру түсінеміз. Ет комбинаттарында еріксіз сою тек санитарлы қасапханада ғана жүргізіледі. Еріксіз союға рұқсатты ветеринарлы дәрігер немесе фельдшер беріп, ол туралы акт толтырады.

Мына жағдайлар еріксіз союға қатысты емес:

  1. Қажетті қондылыққа дейін дамуы тежелген; бедеулі; өнімділігі төмен; бірақ-та дене температурасы қалыпты жағдайдағы сау жануарлар.
  2. Табиғи апат (су тасқыны, жер сілкінісі, қар көшкіні т. б. ) және өлім қауіпі кезіндегі еріксіз өлтірілген жабайы жануарлар.
  3. Ет комбинаттарында, сою алаңдары мен пункттерінде жарақаттанған сау жануарларды сою.

Еріксіз союдан бұрын союға рұқсат етілмейтін жағдайларды және ауруларды білген жөн. Союға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

  1. Себебіне қарамастан, агональді жағдайдағы жануарлар. Жанталас жағдайындағы сойылған жануар өлік деп есептеледі және утильдеуге жіберіледі немесе жойылады (ауруға байланысты болса) .
  2. 2 аптаға толмаған төлдер. Бұдан ерте сойылған төлдердің бүкіл өнімі утильденеді.
  3. Ауруға қарсы белсенді вакцина немесе сарысу егілген жануарларды 21 күн ішінде. Кейбір жағдайда, ветеринарлық дәрігер рұқсатымен, егер жануардың дене температурасы қалыпты және вакцинаға жауап болмаса бұл жануарлар сойылды. Жануарлардың ұшалары бактериологиялық және физико-химиялық зерттеулерден өтеді. Бұндай жануарлар етін лабораториялық зерттеу нәтижесіне байланысты залалсыздандырады.
  4. Еткомбинаттарында немесе сойыс пункттерінде маллеинизациядан өтпеген біртұяқтылар. Егер жануарлар сойыс алды маллеинизациядан өтпесе олардың ұшаларын және қалған өнімдерін утильдейді.
  5. Емдік және (немесе) алдын алу мақсатында антибиотиктер, антигельминтиктер және басқа да препараттар, өсуін ынталандыруға арналған препараттар берілген жануарлар оларды ветеринарияда қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сазқұндызды сою технологиясы
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Инфекциялық аурулар
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Саз құндыз жабайы жануар етінің құндылығы және індетті, инвазиялық, жұқпайтын ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптау
Ауада салқындату
Мал ауруларының туындауының себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz