Отбасы құқығының негіздері



Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы.Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, Мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді.Демек мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына белгілі мөлшердеталап та қояды. Талаптар қоя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына қамқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен- тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т.б.), қоғамның (жақсы отбасы- игіліктің негізі) қамы үшін қойылады. Сондықтан отбасын құру үшін заңда қаралған жағдайлар сақталуы керек. Некелік жас ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленген.Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жастан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата- аналары, не қорғаншылары(қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата- аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Әрине, некелі болу екі жақтың- ер мен әйелдің толық келісімімен шешіледі. Неке тек ешқандай мәжбүр етушілік пен күштеусіз шешілгенде ғана заңды болып есептеледі. Егер кімде- кім әйелді некелеуге мәжбүр етсе, мұндай іс қылмыс болып есептеледі. Мәжбүр етушілік әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ұрып- соғу, денесіне жара түсіру, еркінен айыру, қорқыту, қоқан- лоққы жасау т.с.с.
Неке мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісінде тіркеліп, жазылады. Бұл жағдайдың ерекше мәні бар. Ерлі- зайыптылардың құқығы міндеті мен міндеттері ЗАГС- тен (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен соң ғана күшіне енеді.Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі- зайыптылардың құқығын қорғауды қолға алады, оларды заңды түрде некелескендер деп есептейді, сондай- ақ бұл отбасына қамқорлық жасайды. Ар- ұжданына ерік, бостандық берілген жағдайда діни мекемелерге барып, солардың салт- дәстүрі бойынша некеге отыруына да болады. Қазақстан Республикасының

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Отбасы құқығының негіздері.

Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы.Сондықтан мемлекет отбасына ерекше
қамқорлықпен қарайды, Мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын
оған заңсыз араласуына жол бермейді.Демек мемлекет те адамдарға, некелі
болып өмір құрған отбасына белгілі мөлшердеталап та қояды. Талаптар қоя
отырып, мемлекет некелілерге, отбасына қамқорлық көрсетуге міндеттенеді.
Бұл талаптар тегіннен- тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен
есеюіне және т.б.), қоғамның (жақсы отбасы- игіліктің негізі) қамы үшін
қойылады. Сондықтан отбасын құру үшін заңда қаралған жағдайлар сақталуы
керек. Некелік жас ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленген.Дәлелді
себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал
актілерін жазу органдары неке жасын екі жастан аспайтын мерзімге төмендетуі
мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек
білдірушілер немесе олардың ата- аналары, не қорғаншылары(қамқоршылары)
белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете
отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге
тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар
арасындағы некеге ата- аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана
рұқсат етіледі.
Әрине, некелі болу екі жақтың- ер мен әйелдің толық келісімімен
шешіледі. Неке тек ешқандай мәжбүр етушілік пен күштеусіз шешілгенде ғана
заңды болып есептеледі. Егер кімде- кім әйелді некелеуге мәжбүр етсе,
мұндай іс қылмыс болып есептеледі. Мәжбүр етушілік әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы, ұрып- соғу, денесіне жара түсіру, еркінен айыру, қорқыту, қоқан-
лоққы жасау т.с.с.
Неке мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісінде тіркеліп,
жазылады. Бұл жағдайдың ерекше мәні бар. Ерлі- зайыптылардың құқығы
міндеті мен міндеттері ЗАГС- тен (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен
соң ғана күшіне енеді.Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі- зайыптылардың
құқығын қорғауды қолға алады, оларды заңды түрде некелескендер деп
есептейді, сондай- ақ бұл отбасына қамқорлық жасайды. Ар- ұжданына ерік,
бостандық берілген жағдайда діни мекемелерге барып, солардың салт- дәстүрі
бойынша некеге отыруына да болады. Қазақстан Республикасының заңы мұндай
некеге бөгет жасамайды. Бірақ заң мұндай некені заңи күші бар неке деп
есептемейді. Мұның өзі, егер екі жақтың бірінен шиеленісті жағдай туа
қалса, мемлекеттік орган(сотта, нотариатта т.с.с.) олардың құқығын
танымайтыдығын анғартады деген сөз.
Халықтың, қоғамның бүгіні мен болашағы әр отбасының тағдырымен де тығыз
байланысты. Сондықтан заң некеге тұрған адамдардың денсаулығына да талап
қояды.
Төмендегідей жағдайларда некеге тұруға рұқсат етілмейді:
1. Егер некеге тұрғысы келген адам тағы да біреумен некеге тіркелген
болса.Мұның өзі бір некелік принциптен туған жағдай.
2. Туысқандар арасында, тікелей туысқандармен жанама туысқандар
арасында некелесуге тыйым салынады.Бауырына салып, асырап алған
балалар да бұл жерде туысқан болып есептелетінін есте ұстау
керек.Тура туысқандар деп бір әке, бір шешеден туғандарды айтсақ,
жанама туысқандар деп шешесі бөлек, әкесі бір, немесе, керісінше,
әкесі бөлек, шешесі бір туысқандар есептеледі. Бұлардың бәрі
туысқандар боп танылады да, бұлардың бір- бірінен некелесуіне
тыйым салынады. Бұлардың барлығы да әсіресе қазақ халқының ежелден
келе жатқан салт- дәстүрі мен әдет- ғұрпының адамгершілікке
сүйген, ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық парасатты өмір
философиясын сақтаудан тұрса керек.
3. Тағы да атап айту керек, бауырына салып алған немесе асырап алған
ұл мен қыз балалар бір ата- ананың қолында, бір тәрбиеде, бір
отбасында өскендіктен, халқымыз бұларды бір туысқан балалар деп
атап кеткен. Сондықтан бұларды некелестіруге тыйым слынады.
4. Ақыл- есі ауысқан немесе ақылы кем адамдардың некелесуіне тыйым
салынады. Бұл үшін некелесуге ниеті бар адамдар бірінің жайын бірі
жақсы, жете білуі қажет. Кем адамдар өмірде кемелді ұрпақ әкеле
алмайтыны есте болуы қажет. Сондықтан отбасын құрудың үлкен
жауапкершілігін әсіресе жастар терең ұғынуы біден- бір өмір талабы
болуы керек. Қалай болғанда да, некелесетін адамдар ең алдымен бір-
бірінің денсаулық жайын жақсы білуі тиіс.
Отбасы құрылғаннан кейін жұбайлық құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Некеге отырғанға дейінгі ер мен әйелдің арасындағы қатынастар тек
адамгершілік нормаға негізделсе, тұрмыс құрғаннан
кейін жұбайлардың арасында заң ережелеріне негізделген құқықтық қатынастар
қалыптасады.
Жұбайлардың өзара құқықтары екі топқа бөлінеді:өзіндік құқықтар,
мүліктік құқықтар. Жеке өзіндік құқықтар адаммен тығыз байланысты және одан
ажыратуға болмайды. Оларға фамилиясының, мамандықты, атқаратын жұмысты өз
еркімен таңдау жатады. Некеге тұрған кезде ерлі- зайыптылар өз еріктерімен
ортақ фамилия ретінде бірінің фамилиясын таңдайды, немесе әрқайсысы некеге
дейінгі өз фамилиясында қалады, немесе өз фамилиясына не әйелінің, не
ерінің фамилиясын қосып жаздырады. Отбасы тұрмысына байланысты мәселелерді
шешкен кезде жұбайлар бір- бірінің бас бостандығына нұқсан келтіруге,
өзінің айтқанына зорлап көндіруге хақы жоқ. Жұбайлардың бірі екіншісін
мамандық, жұмыс орнын таңдау құқынан айыра алмайды. Бұл мәселелерді
күштеусіз, бір- бірінің бостандығын, қадір- қасиетін сыйлай отырып шешуге
тура келеді. Конституция бойынша ерлер мен әйелдердің еңбек етуге,
мамандық, жұмыс түрін таңдауға тең құқығы бар.
Тұрмыс құрып отырғанда жұбайлардың тапқан ортақ мүлік болып есептеледі.
Мұндай мүлік жұбайлардың екеуінің табысымен жиналады. Кейде жұбайы жұмыс
істемей, үй шаруасымен, балалар тәрбисімен айналысуы мүмкін. Мұндай
жағдайдың өзінде де ерінің тапқаны екеуіне ортақ мүлік болып саналады. Егер
жұбайлардың арасында мүлікті бөлу мәселесі туа қалса, олар мүлік тағдырын
шешу жөнінде сотқа өтініш бере алады. Ост мүліктің жиналуына байланысты
барлық жағдайларды есепке алады және мәселені әділ шешуі тиіс. Сот
жұбайлардың қулық жағдайын(Екеуі де дұрыс өмір сүреді немесе олардың біреуі
өзін дұрыс алып жүрмейді, спиртті ішідікке салынады және т.б.), бір-
біріне, балаларына қатынасын есепке алады. Ортақ мүлікке жататын заттардың
кейбіреуі(Тұрғын үй, автомобиль т.с.с) ерінің немесе әйелінің атына жазылуы
мүмкін. Мұндай мүлікті бір- бірінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға,
біреге сыйлауға екеуінің құқы жоқ. Жұбайлар жалпы ортақ мүлікті өзара
келісіп пайдаланады, тағдырын келісіп шешеді.
Жұбайлардың әрқайсысының өзіне тән жеке мүліктері де болады. Оған
некеге отығанға дейінгі мүлкі, біреудің қалдырған мұрачы немесе берген сый-
тартуы жатады. Бұлар ортақ мүлік болып есептелмейді. Бұл мүліктерді
әрқайсысы өз еркімен пайдаланады, сата алады, сыйға бере алады. Жұбайының
жеке өзі ғана пайдаланатын бұйымдары да(сыртқы киім, аяқ киім т.с.с.) жеке
мүлікке жатады.Бірақ бірге өмір сүріп тұрғанда алынған қымбат заттар жалпы
ортақ меншік болып табылады.
Жұбайлардың әрқайсысы бір- біріне зиян шектіргені үшін оның төлеуіне өз
мүліктерін салады.
Жұбайлардың біреуі қылмыс жасау нәтижесінде екіншісіне зиян келтірсе,
зиян келтірген кінәлі жұбайы өз қаражатымен өтейді. Өзінің қаражаты
жетпесе, ортақ меншіктегі үлесінің есебінен төлейді. Егер ортақ меншік
қылмыстың салдарынан пайда болса немесе көбейсе, зиянның орны ортақ
меншіктен толтырылады. Бұл мәселені егжей- тегжейлі қарап, сот әділ шешімін
шығару қажет.
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 17 желтоқсанындағы Неке және
отбасы туралы заңында мүліктік құқығы мен некедегі ерлі- зайыптылардың
міндеттерін анықтайтын неке шартына отыруы және оны тоқтату жағдайлары
қарастырылған.
Ерлі- зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ
меншік режимін өзгертуге, ерлі- зайыптылардың барлық мүлкіне, оның
жекелеген түрлеріне немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге
құқылы.Неке шарты ерлі – зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де,
болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.Онда ерлі-зайыптылар өзара
күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін ,бір-бірінің кірістеріне
қатысу әдістерін,олардың әрқайсысының отбасылық шағында жасау тәртібін
айқындауға,неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін
мүлікті белгілеуге,сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік
қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
Осы айтылғаннан жұбайлардың арасындағы бір-біріне деген адамгершілік
сезіммен қатар заң алдында жауапкершіліктері де байқалады.Талас тудырған
мүліктер тағдырын сот шешеді,сот алдында жұбайлардың екеуі де тең құқықты
пайдаланады,олардың міндеттері мен жауапкершіліктері де бірдей болады.
Жұбайлар бір-бірінің алдында жауапты,бұл жауапкершілік адамгершілік
нормаларда ғана емес,заң алдында да сақталады.Заңба алдында жауапкершілік
жұбайлардың бірі көмек қажет еткенде(аурулы болуына,еңбекке жарамсыздығына
материалдық жағынан қамтылмағандығына және т.б.байланысты),ал екіншісі өз
еркімен көмек көрсетуде бас тартқанда туындайды.Осындай жағдайда көмекке
мұқтаж жұбайға екіншісінен алимент өндіріп беру туралы сотқа шағынуға заң
құқық береді. Сот бұл мәселені істің мән-жайын мұқият қарастырғаннан кейін
шешеді. Кейбір жағдайларда ері алимент төлеу міндетінен босатылуы
мүмкін.Егер отбасының берекесін кетірген әйел болса(аналық міндеттерін
орындамаса,ішімдікке салынса т.с.с.), ол алимент алу құқығынан айырылуы
мүмкін.
Некенің бұзылуы ата-аналық құқықтар мен міндеттері барлық уақытта
бірдей тоқтатып тастамайды.Ата-ананың балаларға қатысты құқықтары мен
міндеттері сақталады.
Ата-ананың қасиетті міндеті – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Отбасы құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Отбасы құқығы пәні
Пәндер