ҚР-ның «Еңбек кодексі»


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: Қ. Р. «Еңбек кодексі», Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі, Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Орындаған:Шарипхан Д. Х.

Текесерген:Бейсебаев Ш. Т.

Семей-2015

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.

2. Қ. Р. «Еңбек кодексі»

3. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Жұмыс беруші - жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т. б. ) жатады. Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС) . Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;

өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар; өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары; өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары; жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар. Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі. Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың "Техникалық талаптар" бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне кіргізілген.

Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі. Өрт техникасына және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта белгіленеді. Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады. Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден, гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің стандарттары. Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты - адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады. Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.

Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.

Қазақстан республикасының еңбек кодексі (ағыл. Labour Law of the Republic of Kazakhstan ; нем. Arbeitsgesetzbucli n )

  • Еңбек кодексі:
  • еңбек;
  • еңбек қатынастарына тікелей байланысты;
  • әлеуметтік әріптестік;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
  • Еңбек кодексі, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:
  • қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;
  • жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
  • Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Салық салу перспективасы
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz