Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы



I. Жануарлар анатомиясы туралы түсінік.
II. Латын тілі және медициналық терминология негіздері.
III. Анатомиялық терминдердің дәріптелуі.
Жануарлар анатомиясы - жануарлар организмдері мүшелер жүйелерінің макроморфологиялық құрылысын салыстырмалы зерттейтін жануарлар морфологиясының үлкен саласы. Жануарлар анатомиясының ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар өз еңбектерімен үлес қосты. Көне дәуірдегі ғылыми еңбектер негізінен жылқы малының дене құрылысын зерттеуге арналған. Оларға: Д. Руффо (1250 ж.), Леонардо да Винчи (1488 ж.), В. Койтер (1573 ж.), К. Руини (1598 ж.) еңбектерін жатқызуға болады. Үй жануарларының анатомиясы туралы бірінші оқу құралын 1645 жылы итальян ғалымы М.Северино жазған.
1. Жантасова С.У. Латын тілі жаттығулар жинағы – Алматы, 2002
2. Керимбеков Е.Б. Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алма-Ата: Казахстан, 1991
3. Сауранбаев Н.Т., Мусабаева Г.Г, Ш.Ш.Сарыбаеваның жалпы редакциясымен Орысша-қазақша сөздік, Алматы Дайк-пресс, 2005.
4. М.Н. Чернявский Латинский язык и основы медицинской терминологии., Москва «Шико», 2008
5. Энциклопедический словарь медицинских терминов, 1-3 том, М.1982
6. Айтбайұлы О. Абдрахманов С., Кекілбаев А. и др. Русско- казахский словарь. Алматы, «Арыс», 2007,1 том «А-О», 640 б.
7. Айтбайұлы О. Абдрахманов С., Кекілбаев А. и др. Русско- казахский словарь. Алматы, «Арыс», 2007, ІІ том «О-Я», 640 б.
8. Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша-қазақша- ағылшынша (40 мыңға жуық термин)., Алматы: Дайк-Пресс, 2009. 800 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі.
Орындаған: Құсайын Данияр
Тобы: ВМ-501
Қабылдаған: Билялов Е.Е.

Семей 2015 жыл

Жоспар:
I. Жануарлар анатомиясы туралы түсінік.
II. Латын тілі және медициналық терминология негіздері.
III. Анатомиялық терминдердің дәріптелуі.

Жануарлар анатомиясы - жануарлар организмдері мүшелер жүйелерінің макроморфологиялық құрылысын салыстырмалы зерттейтін жануарлар морфологиясының үлкен саласы. Жануарлар анатомиясының ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар өз еңбектерімен үлес қосты. Көне дәуірдегі ғылыми еңбектер негізінен жылқы малының дене құрылысын зерттеуге арналған. Оларға: Д. Руффо (1250 ж.), Леонардо да Винчи (1488 ж.), В. Койтер (1573 ж.), К. Руини (1598 ж.) еңбектерін жатқызуға болады. Үй жануарларының анатомиясы туралы бірінші оқу құралын 1645 жылы итальян ғалымы М.Северино жазған.
Дәрігерлік латын терминологиясы - ветеринариялық пәндерді толық үлгерімде меңгеру біліктілігінің жан-жақты дайындығына қатысты терминологиялық сауаттылықтың негізін оқытады. Ветеринариялық терминологияның латын тілінде оқытылуы ветеринария саласының дербес ғылымына сәйкес атаулар, құбылыстар мен қағидалардың мән мағынасын ашып түсіндіру мақсатында жүргізеді.
Ветеринария мен медицина ғылымдарының салаларында латын тілі халықаралық терминология ретінде кеңінен пайдаланылуда. Сонымен қатар, дәрігерлік шипаұсыным (рецепт) жазуында қолданылады. Латын тіліндегі ветеринариялық терминологияны меңгеру білімді ветеринар дәрігері болып қалыптасудағы студенттің міндеті.
Ветеринариялық пәндерді оқыту барысында қолданылатын терминдерді меңгеру мақсатында латын тілі оқытылады. Осы себепті ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның - анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі - ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында сол ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілер оқытылады.
Латын тілі және медициналық терминология негіздері - біз үшін жаңа пән. Сондықтан алдымен оның мақсатын, жалпы көлемі мен мазмұнын, неліктен латын тілі жүздеген жылдар бойы медицина мен биологияның ғылыми тілінде қолданылатынын анықтап алған жөн. Термин туралы ғылыми түсінік. Ғылымның, техника мен өндірістің қай саласында болмасын, арнайы лексиканы немесе терминологияны дұрыс түсініп, қолдана білуі қажет. Терминнің негізгі қызметі, (лат. terminus - шек, шекара) ғылыми түсінікті дәл білдіруде, атауда. Термин бір

сөзден (ауру, флюорография) және сөз тіркесінен (желке сүйегі, гипертониялық ауру санитарлық өндеу) тұрады. Терминдердің әдеби тілмен айырмашылығы ғылыми - техникалық ұғымды білдіреді. Ғылыми ұғымның жәй ұғымнан ерекшелігі - ол ғылыми-теориялық жалпыламаның қорытындысы, белгілі ғылыми теорияның фрагменті, ғылым жүйесінің атауы. Терминология. Терминология жүйесі. Білім саласының, ғылымның терминологиясы - өз ара байланысты, белгілі бір ғылыми түсінікті білдіретін сөз немесе сөз тіркесінен тұратын атаулар жүйесі. Сөздіктің басқа түрлеріне қарағанда, терминология күн сайын жүйелеп отырады, талап етеді. Терминология үнемі қозғалыста болады: кейбір атаулар өзгереді, қосылады, қолданыстан шығады немесе алынып тасталынады. Көптеген атаулар жаңа мағынаға ие болады. Терминология - ғылым тілінің, ғылыми әдебиеттің үлкен бөлігі. Латын тілі тарихынан. Латын тілі (Lingia Latina) индоевропалық тілдердің италийлық тобына жатады. Оның пайда болу тарихы тереңде жатыр. Әуелі бұл тілде Италияның орталығында орналасқан. Лация облысында тұрған латын (Latini) тайпасы мен Апеннин мүсінде орналасқан біздің жыл санауымыздың І ғасырында Римнің қол астында болған кӛне Рим тұрғындары - италиялық тайпалар сөйлеген. Біздің жыл санауымыздың ІІІ ғасырдың ортасынан бастап латын тілі римдік легиондармен бірге мәдениеті дамыған. Греция, Карфаген, Египет, Сирия және т.б. Европаның аз дамыған мәдениеті тайпаларына ене бастайды. Бірте - бірте латын тілі қазіргі Румыния мен қазіргі Португалия аралығын алып жатқан Ұлы Рим империясының негізгі тіліне айналады. Латын тілі Европаның батысында еш кедергісіз тараса, Жерорта теңізі бассейні - Греция, Кіші Азия, Египетте жазба дәстүрі қалыптасқан жоғары дамыған тілдердің кедергісіне тап болды. Ӛйткені ол бұл аймақтарда грек немесе эллин білімділігі кең тараған еді. Римляндар гректермен қарым-қатынас жасай бастағаннан-ақ жақсара дамыған 4 Греция мәдениетінің әсерін сезе бастаған. Сөйтіп көне дәуірден бастап терминология екі тілде - грек-латын тілдерінің негізінде қалыптаса бастады. Медициналық терминология - жүйелердің жүйесі. Ол медицинаға байланысты бірнеше медициналық, медико-биологиялық т.б. ғылымдар мен білім салаларының терминологиялық жүйелерінен тұрады. Латын тілі терминологиясы негізгі үш жүйеден тұрады: 1.Анатомиялық және гистологиялық атаулар. Бүгінгі таңда белгілі анатомиялық және гистологиялық атаулар құрайды. Қазіргі Халықаралық анатомиялық атаулар (Nomina anatomica) 1955 жылы анатомдардың Халықаралық конгресінде қабылданды. Бүгінгі күнге дейін ол бір неше рет толықтырылып, өзгерістер еңгізілді. Алғашқы Советтік басылымның кіріспе сөзінде бұл халықаралық деңгейде қабылданған ғылым тарихындағы латын тілінде бірінші анатомиялық терминдер екені атап көрсетілген. Бұл - латын тілі ғылымның әр түрлі саласының тілі екенінің айғағы. Латын тіліндегі анатомиялық және гистологиялық атауларды дұрыс және сауатты қолдану үшін, латын тілі пәнін мұқият оқып, терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсініп, сөздіктің көмегімен және өз бетімен терминдерді латын тілінде жасай білуі керек. 2.Клиникалық терминология

(грекше Klinike - дәрігерлік құру өнері, науқас адамды күту). Оған әртүрлі клиникалық мамандардың және патологиялық анатомия мен патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндері терминдері жатады. Ол ең алдымен терапия терминдері ( грекше therapia - күту, емдеу) және хирургия терминдері ( грекше cheir - қол + ergon - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Пәндер