Азаматық іс жүргізу құқығы
КІРІСПЕ
1 Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі
1.1 Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары
1.2 Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі
1.3 Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері
2. Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары
2.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі
2.2 Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық .функционалды қағидалары
2.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды қағидалары
3. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары
3.1 Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және оның ерекшеліктері
3.2 АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары
3.3 Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны — азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп — негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті — сендіру).

1. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2012. – 176-бет.
2. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК Алматы:2005
3. Елисейкин П.Ф. Предмет и принципы советского гражданского процессуального права. – Ярославль,1974
4. Рассахатская Н.А. Гражданская процессуальная форма:Уч.пособие.-Саратов, 1998.
5. Шерстюк В.М.Система советского гражданского процессуального права: -М., 1989.
7. Авдюков М.Г. Принцип законности в гражданском судопроизводстве. - М., 1970
8. Баймолдина З.Х. К вопросу о сущности принципа дизпозитивности гражданского процессуального права // Научные труды КазГЮУ. – Алматы, 1999. – Вып.1. – С. 49-60.
9. Боннер А.Т. Принцип законности в советском гражданском процессе: Учебное пособие.- М., 1989.
10. Семенов В.М. Конституционные принципы гражданского судопроизводства. – М., 1982.
11. Стецовский Ю.И. Судебная власть: Учебное пособие. – М., 1999.
12. Постановление Пленума Верховного суда РК от 14 мая 1998 г. «О некоторых вопросах применения законодательства о судебной власти в РК» // Бюллетень Верховного суда РК. – 1998.-№ 2.-С. 26-29.
13. Щеглов В.Н. Субъекты судебного гражданского процесса. – Томск, 1979.
14. Треушников М.С Гражданский процесс М, 2000.
15. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы 1999ж.
16. Зейдер Н.Б.Гражданские процессуальные правоотношения.- Саратов, 1965.
17. Чечина Н.А. Гражданские процессуальные правоотношения.- Л., 1962.
18. Баймолдина З.Х. Гражданский процесс. право РК Алматы: 2003.

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей
қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе
даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны
— азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері
қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап
ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар
арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге
үлкен үлес қосады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің
түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған
дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп — негіз, бастапқы) деген екі
негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-
ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін
адамның ішкі қасиеті — сендіру).Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын,
принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта
көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп
ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше
принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы
қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер
кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді.
Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың
нормаларына енгізілген.
Құқық принциптері — бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық
қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын
объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың
әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын
біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және
нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі. Тиісті құқық саласына жататын
нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен
қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық
саласының нормаларында түсінетін болады. Сондай-ақ, оның азаматтьқ
сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың
істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу
нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық сот ісін жүргізудің
принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот
отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және
іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі
процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: Азаматтық іс жүргізу
құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің
сипаты мен мазмұнын айқындайды.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың
құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді
қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін
жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы
азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот
қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған
болса, онда мұндай жағдйда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді
қолданады. Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі
принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың
дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді.
Сол арқылы дамып жатқан қоғамдың қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен айналысқан
ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі
ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А.
Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және
т.б. жатқызуға болады.
1 Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі
1.1 Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
нысандары.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында
көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы
конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
-Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды
және өзге де адамдардың Республикан ың Конституциясында және заңдарында
көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан
келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-
қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі [13,54-б].
-Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары
мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын
соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР –да сот билігін жүзеге
асырушы лауазымды тұлға . Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған
талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және
жеке, заңды тұлғаларға міндетті т.б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 –тарамағы сәйкес
сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік
көзделеді деп көрсетілген . Істі қараушы сот объективтілікті және
әділдікті сақтауы тиіс. Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз
ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-
ң 40,43 –бабында көзделеген [7].
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-
құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни
нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін
анықтау және шешім шығару. Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде
қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:
1. Соттық (мемлекеттік соттар)
2. Қоғамдық (келісім комиссиялары)
3. Нотариалдық
4. Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
5. Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.
Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-
жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану –
объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі
адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі. Азаматтық сот
өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар
мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын,
басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен
бекітеді. Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты
байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы
екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.
Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі
дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге
бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.
Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.
Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын
үш этаптан тұрады:
- Дәлелдемелерді жинау және табыстау.
- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.
- Дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар
дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін
нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және
негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады. Дәлелдеудің пәні-
азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-
жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша
дәлелдеу пәніне байланысты.
1.2 Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні,
әдісі және жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде –азаматтық
істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды
реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы. АІЖҚ-ң пәні-
азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған
сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында
пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық
қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді. Императивті
тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың
құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті
құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б.т. Сондықтан соттың немесе
судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске
қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік
ету және бағыну қатынастарымен сипатталады. Ал диспозитивті
тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы
арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал
сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ. АІЖК-ң жүйесі
–азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін
процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.
Іс жүргізу жүйесі 2-ге бөлінеді:
а) Жалпы бөлім
б) Ерекше бөлім
Жалпы бөлімінде сот өндірісінің жалпы ережелері сипатталады. Оған АІЖК-ң 1
бөлімі “Жалпы ережелер” кіреді. Олар:
АІЖ заңдары
• Сот өндірісінің міндеттері мен қағидалары
• Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы
• Азаматтық істердің соттылығы
• Соттық құрамы және қарсылық білдіру
• Іске қатысушы тұлғалар
• Сотта өкілдік ету
• Дәлелдемелер және дәлелдеу
• Соттық шығындар
• Мәжбүрлеу шаралары
• Іс жүргізу мерзімдері
• Сот хабарлары мен шақырулары
Ерекше бөлімнің нормалары процестің жеке сатыларын қамтиды. Оған АІЖК 2,
3, 4, 5- бөлімдері кіреді.
• 1 инстанцияда азаматтық істерді қарау.
• Сот қаулыларын қайта қарау.
• Жайылған сот ісін қайта қалпына келтіру.
• Атқару өндірісі.
АІЖҚ-ң қайнар көздері.
Жалпы құқықтың қайнар көздері заңды мағынада мемлекеттік актілер болып
табылады. ҚР-да құқықтық қайнар көздерге нормативтік құқық актілер жатады.
Нормативтік құқықтық актілер бірнеше топтарға бөлінеді.
Қайнар көздердің 1- тобы:
1. ҚР Конституциясы.
2. ҚР Конституциялық заңдары.
3. Бір деңгейлі нормативтік құқық актілер-кодекстер, заңдар, ҚР
президенттің жарлықтары жатады.
ІІ тобы:
Заң асты нормативтік құқықтық актілер.
ІІІ. Халықаралық шарттар.
ҚР халықаралық шарттын және өзге де міндеттемелері, ҚР конституциялық
кеңесі мен жоғарғы сатысының нормативті қаулылары азаматтық іс жүргізу
құқығына құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР бекіткен халықаралық шарттар ҚР кодіксінен басым болады және олар
тікелей қолданылады.
Азаматтық сот ісін жүргіу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс
жүргізу шешімін қабылдау кезінде қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Дәлелдемелердің жарамдылығы олардың
алған уақытта қолданылып жүрген мен айқындалады [16,91-б].
• Нормативті құқықтық актілер мына мерзімде күшіне енеді.
• ҚР заңдары, ҚР президент жарлықтары, ҚРҮкіметінің қаулылыры-егер
заңның өзінде басқа мерзімдер көзделген ресми жарияланған күннен
бастап 10 күн ішінде,
• ҚР Парламентінің қаулылары –актіде өзгеше көзделмесе-ресми жарияланған
күннен бастап,
• ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары –қабылданған күннен бастап,
• ҚР жоғарғы соттының нормативті қаулылары ресми жарияланған күннен
бастап 10 күннен кейін.
Жаңа міндеттер жүктейтін , процеске қатысушыларда бар құқықтардың
күшін жоятын немесе оларды кемітетін , олардың пайдаланылуын қосымша
шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңының кеңістіктегі күші Нормативтік құқықтық
акт туралы заңның ережелеріне сәйкес анықталады.
ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі, Конститутциялық кеңесі, жоғарғы соты
қабылдаған нормативтік құқығы актілерінің күші егер актінің өзінде
басқаша көзделмесе ҚР бүкіл территориясына тарайды. Нормативтік актілердің
күші ҚР территориясындағы бүкіл азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетел азаматтары мен азаматтығы
жақтарға қолданылады [1].
Дәлелдемелер дегеніміз –істің дұрыс шешілуіне әсер ететін шынайы
мәліметтер. Дәлелдемелер біріншіден, іске қатысты болуы тиіс;
екіншіден, заңда көзделген дәлелдемелердің түрі болуы тиіс. Соттағы
дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі, - соттағы дәлелдемелер заңды
тәсілмен алынған нақты мән-жайлар болуы тиіс деген теореманы тереңірек
ашатын болсақ, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында
заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды делінген [17, 56-
б].
Сонымен бірге АІЖК–ң 69-бабының 3-тармағында заңды бұза отырып
алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің
негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-
жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды деп көрсетілген.
Соттың дәлелдемелердің бірінші белгісінде дәлелдемелерге жол беру
ережесі көрініс табады. АІЖК-ң 68-бабының 1-тармағында егер дәлелдеме
осы кодексте негізделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады
деп танылады. Куәлерден жауап, тараптар мен үшінші тұлғалардан жауап,
жазбаша және ауызша дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы заңда көрсетілген
тәртіппен алынуы тиіс. АІЖК-ң 69-бабында дәлелдемелер ретінде жол беруге
болмайтын нақты деректер көрсетілген. Нақты деректер, егер олар заң
талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген
құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға
дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де
ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1. Күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс - әрекеттерді
қолдана отырып;
Оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан
туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты
жаңылуын пайдалана отырып;
2. Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның
іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
3. Қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына
байланысты;
4. Іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
5. Белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
6. Дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді
қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе
немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға
жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер
ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп
пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамшылығы бойынша немесе іске қатысушы
адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді [12,32-б].
Аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиісті тәртіп
бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың
кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Соттағы
дәлелдемелерге тән екінші белгі дәлелдемелердің іске қатысты болуы. Егер
дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды
растайтын, теріске шығаратын оларға күмән келтіретін нақты деректер болса,
сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды. Сот дәлелдемелердің
қатыстылығына байланысты сұрақты шешкенде ізделініп отырған фактінің
шеңберінен шығады, яғни , дәлелдемелердің қатыстылығы дәлелдеу
пәнімен анықталады. Егер іс бойынша нақты деректер мен
заңды фактілермен басқа да мән-жайлардың арасында байланыс бар болса, онда
сот дәлелдемелерді іске қатысты деп таниды. Ал ондай байланыс болмаса
дәлелдемелік материалдар іске қатысты емес деп танылады.
1.3 Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері
Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың
тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін,
белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда
бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты
азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында
көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын,
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту,
құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады делінген [4,21-б]. Азаматтық
істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне
байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері
болады.Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:
1. Бұйрық арқылы іс жүргізу
2. Талап арқылы іс жүргізу
3. Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
4. Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші
тарап борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке
азаматтар қатысуы мүмкін.Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша
сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер
кіреді.Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты
істерді сот өндірісінің жалпы ереже лері бойынша қарайды.Бұйрық өндіріс інде
қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140
бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен
қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің
ережелері азаматтық сот өндірісінде гі жалпы ережелер болып танылады. Талап
өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.
Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде
түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып.
Шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-
құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады.
Құқық жөніндегі даудың негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу
қаупінің болуы.
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән
белгілер:
1.Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
2.Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында
басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға
заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін
қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің
сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды
қараусыз қалдыру негіздері т.б. ережелер кіреді.
Азаматтық істер бойынша дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-
ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі
ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде
тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді [2, 21-б].
Дәлелдеу құқығы теориясында, дәлелдеу – бұл
тараптардың міндеті емес, құқығы деген пікір бар. Сондықтан бұл
жерде дәлелдеу ауыртпалығы (бремя доказывания) деген терминді қолдану
дұрыс сияқты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер
ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті
деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы
2. Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары
2.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі
Құқық қағидасы бұл құқықтың нормативті-жетекшісі және негізі. Қағида
(принцип) латын тілінен аударғанда негіз, бастау деген мағынасы білдіреді.
Ал азаматтық іс жүргізу құқығының қағидасы дегеніміз осы
құқық саласының негізгі ережесін, мазмұны мен ерекшелігін айқындаушы
нормалар. Азаматтық сот өндірісі азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен
бекітілген бірнеше негізгі бастаулардан тұрады [14,87-б].
АІЖҚ қағидалары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан толық
бір жүйені құрайды. Сонымен АІЖ қағидаларының жүйесі дегеніміз –осы
құқық саласының логикалық өзара байланысты барлық қағидаларының жиынтығы.
АІЖҚ-ң қағидалары 2 топқа бөлінеді:
1.Конститутциялық, яғни мемлекеттің Конститутциясына бекітілген
қағидалар. Оларға: Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі ҚР.
Конститутциясы 14-бабы. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы 75-бабы, 1-
тармағы. Судьялардың тәуелсіздігі 77-бабы т.б. жатады.
2. Салалық яғни, мемлекеттің заң саласына бекітілген қағидалары.
Оларға: Сотта істі қараудың жариялылығы , сот талқылауының ауызша және
тікелей жүргізілуі , азаматтық істерді алқалы және жеке дара қарау т.б.
Іс жүргізу субъектілерінің құқықтық әрекеттері мен құқықтық
жағдайына әсер етуіне байланысты қағидаларды:
А) Соттың әрекеттерін реттейтін
Б) Іске қатысушы тұлғалардың әрекеттерін реттейтін қағидалар деп бөлуге
болады.
1-не: Сот төрлігін тек соттың жүзеге асыруы, судьялардың тәуелсіздігі,
істерді жеке және алқалы түрде қарау қағидалары жатады.
2-не: диспозитивтік , іс жүргізуде тараптардың теңдігі т.б. жатады.
М.А. Гурвич және М.К.Треушников азаматтық сот өндірісінде қағидаларды
құқықтық реттеу объектісіне қарай:
А) Ұйымдастырушылық-функционалды, яғни соттың және процестің реттелуін
бір мезгілде айқындайтын қағидалар
Б) Функционалды қағидалар деп екі топқа бөледі.
Дәлелдемелерді зерттеу және бағалау азаматтық іс жүргізу қағидаларын қатаң
сақтай отырып сотпен, тараптармен және басқа да іске қатысушылармен жүзеге
асырылады.
Дәлелдемелерді зерттеу соттық талқылау кезінде іске қатысушылардың
түсініктемелерін тыңдау, куәлерден жауап алу, сарапшының қорытындысын
тыңдау, жазбаша дәлелдемелерді жариялау, заттай дәлелдемелерді қарау,
хаттамаларды жариялау, сот тапсырмасын орындау және дәлелдемелерді
қамтамасыз ету жолдарымен іске асырылады [3,123-б].
Дәлелдемелерді зерттеуде сот белсенді әрекет етеді, дәлелдемелерді
зерттеу тәртібін сот бекітеді. Судьяның кез-келген уақытта істің мән-жайын
анықтау мақсатында тараптарға, үшінші тұлғаларға куәлерге, мамандарға,
сарапшыларға сұрақтар қоюға құқылы. Затты тұрған жерінде қарау арқылы
дәлелдемелерді зерттеу заңмен нақты бекітілген. АІЖК-ң 84∙87, 88, 170-
баптық 9-тармағы, 204-баптары.
Кейіннен қарап, зерттеу мүмкін болмайтын жазбаша және заттай
дәлелдемелерді сот, істі сотта қарауға әзірлеу кезінде тұрған жерінде
қарайды. АІЖҚ-ң 88-бабына сәйкес тез бүлінетін затта дәлелдемелерді сот
дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген
адамға қайтарады. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен
уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған
жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатасушы
адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі
келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі. АІЖҚ-ң
87бабының 2-тармағына сәйкес сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған
жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тежейлігі сипаттауға,
ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітуге тиіс. Заттай
дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі [11,76-б].
АІЖК-ң 84-бабы бойынша жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған
ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді
талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде
қарай алады және зерттей алады. Затты тұрған жерінде қарау туралы іске
қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі
келтірмейді. Жазбаша және заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау арқылы
жиналған материалдар мен хаттамалар іске қоса тіркелгеннен соң оларды
зерттеу үшін сот залында жариялануы тиіс. Сот тарапынан дәлелдемелерді
бағалау-соттағы дәлелдеудің соңғы бөлімі болып табылады.
АІЖК-нің 70-бабында тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес
келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі, деп көрсетілген.
Істің жән – жайы туралы дұрыс емес мағлұмат беретін материалдар дәлелдеме
ретінде танылмайды. Істегі дәлелдменің жалған екені мәлімделген жағдайда
осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап,
істі өзге дәлелдемлердің негізінде шешуді өтіне алады.
Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама
тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына
алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде
қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай
отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе
алдын-ала тергеу органына жібереді [5,78-б].
Дәлелдемелердің растығын өзара салыстыру арқылы да тексеруге болады.
Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап
жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз
айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі
шешу үшін жеткілікті болып табылады. Дәлелдеменің шындыққа сай екенін және
дәлелдеу күшін анықтай отырып сот қойылған талапты толық не ішінара
қанағаттандырады немесе қарсылық білдіреді. (қанағаттандырудан бас
тартады.)
Сот дәлелдемелерді бағалағанда белгілі қағидаларды басушылыққа алуы
тиіс:
1. Судья істе бар дәлелдемлерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және
толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Аталған
бірінші ереже сот өндірісінің әлемдік практикасында көптеп қолданылады. Бұл
қағида дәлелдемелердің растылығы мен жеткіліктілігін, қатыстылығы мен жол
берілуін, ешқандай сыртқы әсерлерден тыс судьяның өзі дербес жүргізіледі.
2. Судьяның ішкі сенімі өз бетінше ”тікелей“ тәжірибенің көмегінсіз, жалпы
айтқанда шығармашылық сипатқа ие болуға тиісті емес. Ішкі сенім істегі
дәлелдемелердің толықтығына, жан-жақтылығына, әділеттілігіне негізделеді.
Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау сот шешімінің сипаттау бөлімінде
орын алады. Дәлелдемелердің дұрыс бағалануы апелляциялық және қадағалау сот
инстанцияларында тексеріледі. Шығарылған сот шешімінде қай дәлелдемлерді
сот қабылдағанын ал қай дәлелдемелерді сот қабылдамай тастағанын көрсетуі
тиіс.
1. Сот дәлелдемлерді бағалағанда заңды, яғни материалдық және
процессуалдық құқық нормаларын басшылыққа алады. Судьяның ішкі сенімі оның
заңды біліміне, көзқарасына, заңдылықтың жалпы бастауы мен мағынасын
түсінуіне, әділеттіліктің белгілеріне, ақыл мен адамгершілікке негізделеді.
Дәлелдемелерді бағалағанда ең маңызды орында заңға дұрыс түсіндірме беру,
мағынасын терең түсіну, заң және құқық аналогиясын дұрыс қолдану қамтиды.
2. Дәлелдемелерді бағалағанда қолданылатын төртінші қағида былай
қортындыланады: Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген
күші болмайды. Тіпті жазбаша нотариалды жолмен куәландырылған мәмілелер,
егер олар тараптардың еркінен тыс жасалған болса сот тарапынан іске
қабылдамай тасталынуы мүмкін. Кез-келген тасталған дәлелдемелер сотпен
тексерілуі және бағлануы тиіс.
Дәлелдемелерді алдын-ала бағалау сотпен және іске қатысушылармен сот
мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау
сот шешім шығару барсында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы
тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы қортындылар жасалғанда жүзеге
асады. Дәлелдемелерді дұрыс бағаламау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға
әкеліп соғады [10,71-б].
2.2 Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық –функционалды қағидалары
1. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы Қ.Р. Конститутциясы 75-
бабы, 1-тармағы. АІЖК-ң 7-бабы.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іс жүргізу заңында
белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Сот өкілеттігі
мен билігін заңсыз иелену жауаптылыққа әкеліп соғады. Өкілеттігін асыра ,
пайдаланған немесе қағидаларды бұза пайдаланған сотың шешімі заңсыз болады.
2. Судьялардың ауыстырылмайтындығы, тағайындалатын дығы
және сайланатындығы. ҚР. Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы.
Конституциялық заңының 24-бабы. Судьялар қызметке ҚР.
Конститутциясына және конститутциялық заңына сәйкес сайланады немесе
тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады. Судьяның
өкілеттілігі конститутциялық заңда көзделген тәртіп бойынша тоқтатылады.
3. Судьялардың тәуелсіздігі –бұл конституциялық қағида 77-бап 1,2
тармағы. АІЖК-ң 12- бабы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз
және Конститутиция мен заңға ғана бағынады.
Судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі ҚР Конституциясымен белгіленген.
4 . Азаматтық істерді жеке дара және алқалы түрде қарау. АІЖК-ң 37-
бабы. 1- инстанциядағы азаматтық істерді судья жеке дара қарайды,
апелляциялық немесе қадағалау инстанциясында соттар алқалы құрамда қарайды.
Алқалы құрамда саны тақ, кем дегенде 3 судья болады. Оның біреуі төрағалық
етеді.
5. Заң мен сот алдында азаматтар мен ұйымдардың теңдігі.
Конститутцияның 14-бабы. АІЖК-ң 13-бабы. Азаматтық істер бойынша сот
төрелігі заң мен сот алдында теңдік негізде жүзеге асады. Ешкімді тегіне,
лауазымына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге болмайды.
6. Жеке адамның ар-намысы мен қадір қасиетін құрметтеу. АІЖК-ң 9-
бабы ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағы. Азаматтық процеске
қатысушы адамдардың қадір –қасиетін кемсітетін шешімдерге тыйым салынады.
Заңсыз әрекеттерден келген моральдық зиян өтелуге тиіс.
7. Сотта істі қараудың жариялылығы АІЖК 19-бабы.
Барлық сот сатыларын да істі қарау ашық сот отырысында
жүргізіледі. Мемлекеттік құпиялар, жеке, отбасылық, коммерциялық
т.б. құпияларды қарау жабық сот отырысында өтеді.
8. Сот ісін жүргізу тілі –ҚР Конституциясының 7-бабы. АІЖК-ң 14-
бабы. Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда орыс
тілі және басқа тілдер бірдей жүреді.
Дәлелдемелердің классификациясы дәлелдемелердің жекелеген түрлеріні ң
ерекшеліктерін ашады және дәлелдеу процесінде нәтижелі қолдануға себеп
болады [6,67-б].
Соттағы дәлелдемелерді түрлі негіздерге байланысты іріктеуге
болады:
1. Дәлелдемелерді алудың қайнар көзіне байланысты:
2. Дәлелдемелердің қалыптасу сипатына байланысты:
3. Дәлелдемелер мен болжанған фактілердің арасындағы байланыс нысаны
бойынша;
1.Дәлелдемелерді алу тәсіліне немесе құралына байланысты. Дәлелдемелерді
алудың қайнар көздеріне байланысты барлық дәлелдемелер 3 топқа бөлінеді:
жеке, пәндік және аралас.
Жеке дәлелдемелер дегеніміз –дәлелдемені алудың қайнар көздері жеке
тұлғалар болып келетін нақты деректер АІЖК-і бойынша мұндай дәлелдемелерге
тараптармен үшінші түсініктемелері мен куәлердің жауап беруі жатады.
Пәндік дәлелдемелер дегеніміз-әлемнің заттай объектілерінен шығатын нақты
деректер. (Мысалы, шарттар мен басқа да мәмілелер, заттар). Мұндай
дәлелдемелерге заттай және жазбаша дәлелдемелер кіреді.
Аралас дәлелдемелер дегеніміз – дәлелдемені алудың қайнар көзі бір мезгілде
жеке тұлғалар және материалдық объектілер болып табылатын сияқты деректер.
Бұл дәлелдемелерге сарапшылардың қорытындылары жатады. Қортындыны арнаулы
ғылыми білімі бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz