Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайлы


Кіріспе
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктері
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ
3.2. Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар
3.3 Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі . ювеналды әділет
3.4 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Павлодар облысы бойынша 2007 жылғы қылмыстылықпен күрестің күйі мен нәтижелері туралы статистикалық ақпарат.- Павлодар, 2008.
2. БҰҰ Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүргізуге қатысты ең төменгі стандартты ережелері, 1985 ж.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексі .-Алматы: Юрист, 2008
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.- Алматы: Юрист, 2008.
5. Бочкарева Ж.Ж. Психология подростков – правонарушителей// Советская юстиция.- 1967. Б.14
6. Егошев К.Е. Опыт социально- психологического анализа несовершеннолетних правонарушителей.- М.: ИНФРА-М, 1967 – 45с
7. ҚазКСР Қылмыстық кодексі. – Алматы: Әділет- Пресс, 1997
8. Рогов И.И., РахметовБ.М. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.- Алматы: Жеты- Жаргы, 2006. 320 б.
9. Орлов В.Б. Административная и уголовная ответственность несовершеннолетних.- М. ЮНИТИ, 1975- 76с
10. Сафуанов Ф.Н. Психолого- психиатрическая экспертиза несовершеннолетнего обвиняемого// Российская юстиция.-1997. Б.9
11. Лазарев А. М. Субъект преступления.- М.: Проспект, 1981- 63с
12. Астемиров И.И. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних. – Минск, 1986. 217 б.
13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2002 жылғы 11-сәуірдегі «Кәмелетке толмағандары қылмысы және оларды қылмыстық және өзге де қоғамға жат әрекеттерге тарту туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысы
14. Примаченок А.А. Ответственность взрослых за правонарушения несовершеннолетних.- Минск, 1976. 149 б.
15. Никитин А.Ф. Ответственность несовершеннолетних.- М.: Юрид. Литература, 1980. 96с
16. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2008.
17. Бабаев М.М. Индивидуализация наказания несовершеннолетних.- М.: Спарк, 1968. 136 б.
18. Багрий- Шахматов Л.В. Уголовная ответственность и наказание.- Минск, 1963. 148 б.
19. Мельникова Ю.Б. Дифференциация ответственности и индивидуализация наказания.- Красноярск, 1999. 101с
20. Балалар құқықтары туралы Конвенция, 1989ж.
21. Руководящие принципы ООН для предупреждения преступности среди несовершеннолетних, 1995г
22. Павлодар қ. бойынша КТБ Ресми ақпарат КТБ, 2006ж.
23. Декларация о праве на развитие.- Алматы: Жетi жаргы, 1996-134с
24. Жетписбаев Б.А. Ювенальная юстиция.- Алматы: Даникер, 2001. 237 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 47 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1 200 теңге


      Кіріспе 
      Дүниежүзілік  құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін 
Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне
сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде
және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы
қадамдарын жасауда.
      Бұдан басқа кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ерекше белгілері
Қазақстан Республикасында заң шығарушыны қылмыстылық жауаптылық пен
жазалаудың ортақ ережесі мен бастамаларынан ауытқитын , кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығын мұқият регламенттеу қажеттілігіне
әкелді. Заңнамамен кәмелетке толмағандарға жаза түрлерін белгілеудің,
оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босатудың, ескеру мерзімі есептелуінің және соттылықты жоюдың ерекше
шарттары көзделген.
      Тақырыптың  актуальдығы мынада, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
өсуі қоғамның қарқынды жіктелуі, тұрғындардың көпшілік бөлігінің өмірлік
деңгейі төмендеуі, неке-отбасы қатынастарының қолайсыз дамуы, кәмелетке
толмағандарға қатал қараудың көрініс табуы  жағдайында болатындығы. Мұндай
жағдайда әлеуметтік, экономикалық және тәрбие-профилактикалы шаралардың
басты маңызы бар. Дегенмен, қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмағанның
қылмыстық жауаптылығы мәселесі туындайды.
      Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын  алдын-
алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, заңнама
гуманизацияланғанына, осыған байланысты нормативтік-құқықтық актілердің
өзгеруіне қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып
жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін куәландырады.
      Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда қылмыстылықтың өсуімен
қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының төмендеуі байқалады. Егер
Павлодар облысында 2001 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған 7021 қылмыс
тіркелсе, онда 2007 жылы - 5137. Жалпы қылмыстылықтың құрамында кәмелетке
толмағандар қылмыстылығының үлесі сәйкесінше 2001 жылы -12,2 % және 2007
жылы -11, 5%.
      Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке  толмағандардың үлес
салмағы қылмыс жасаған тұлғалардың жалпы санының 15,8% құрайды, бұл 2004
жылғы 18,7% қарсы. Сондай-ақ абсолюттік көріністе де тенденция төмендеу
жағына қарай байқалады (2004 жылы - 926, 2005 жылы – 694, 2006 жылы – 551)
/1/.
      Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық  жауаптылықты
жеңілдету нәтижесінде, көрсетілген санаттағы тұлғалардың  негізгі бөлігі,
қылмыс жасағанына қарамастан (әдетінше, ауырлығы орташа және онша ауыр
емес), іс жүзінде жазасыз қалады да, бұл өз кезегінде қылмыстық
әрекеттердің екінші жасалуына, яғни қылмыстың қайталануына алып келеді.
      Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпегендіктен, ақтау емес
негіздері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кәмелетке толмағандар
саны көбейді.
      Ерекше  уайымды тудыратын факт, бүгінгі  күнге қылмыстылық «жасарды»,
құқыққа  қарсы әрекеттер жасаған 14 жасқа  дейінгі тұлғалар саны өсті.
      Осылай, егер статистикалық мәліметтерді қарстырмай, негізге
қоғамымыздағы іс жүзіндегі жағдайды алсақ, кәмелетке толмағандар құқықтарын
қорғауды жетілдіру және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін
жүзеге асыру мәселелері, өздерін, қылмыс жасауда айыпталған кәмелетке
толмаған  сот алдында болғанда ғана танытады.
      Тап осы кезеңде проблемалар туындайды: әлде кәмелетке толмағанды
бар заңның қаталдығымен жазалау ма, әлде негізінен  біздің қоғамымыздың
сапалы субъектісі ретінде, кейініректе өзінің қызметін игілікке жүзеге
асырауға қабілетті жас өспірімнің сақталуына жағдай жасайтын бұл проблеманы
шешудің басқа ең ұтымды жолын іздеу ма.
      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 
мәселелерін зерттеуде ең үлкен  үлес қосқандар М.Б. Нәрікбаев, Н.И.
Архипцев, Л.А. Андреева, Б.А. Жетпісбаев, М.П. Евтеев, У.Б. Джекебаев, М.М.
Бабаев, И.И. Астимиров және т.б.
      Бұл жұмыстың мақсаты – қылмыстық-құқықтық
мәселелерді зерттеу мен талдау, қылмыстық құқық теориясында, сондай-ақ
тергеушілік және соттық тәжірбиеде туындайтын кәмелетке толмағандар
жауаптылығының даулы сұрақтары мен қарама-қайшылықтарын анықтау.
      Қойылған  мақсатқа жету жолында келесі нақты  міндеттерді шешу
мақсатқа лайық  деп ойламыз:
      1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігіне зерттеу
жүргізу.
      2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық 
жауаптылығына қатысты мәселелі  сұрақтарды айқындау мен талдау  жүргізу.
      3. Теориялық қортындылар мен тәжірбиелік  ұсыныстарды алу.
      Бұл міндеттерді шешу үшін келесі әдістерді  қолдану қажет:
      а) құрылымдық талдауды;
      ә) синтезді;
      б) салыстырмалы құқықтануды (кәмелетке  толмағандардың жауаптылығын
алдын-алудағы  ортақтықты және әртүрлілікті айқындау үшін);
      в) қисынды жинақтауды ( көрсетілген  мәселелерді талдағаннан кейін,
белгілі қортындылар жасап, даулы сұрақтар мен қарама-қайшылықтарды айқындау
үшін). 
 
     
 1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі 
      1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  ерекшеліктері 
      Қолданыстағы  заңнама алғаш рет кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығының ерекшеліктеріне арналған дербес тарауды қарастырады.
      Гуманизм  қағидасына негізделген мұндай тәжірбие, БҰҰ мақұлдаған,
қазіргі шетелдік қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді. /2/
      Арнайы тарауды енгізу, ақырында, қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу
құқығы нормаларын сәйкестікке келтіреді. ҚР ҚІЖК «Кәмелетке толмағандардың
қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу» тарауы бар және онда мұндай
процессуалдық әрекеттердің ерекшеліктеріне жататын барлық нормалар
жинақталған /3/. Жағымды болып табылатыны, 1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет
«кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған,
бірақ он сегізге толмаған адамдар. Жасы он төртке толмаған тұлғалар – жас
балалар, он сегіз жастан үлкендері –кәмелетке толғандар.
      Арнайы  тарауды енгізу, кәмелетке толмағандарға  ҚР ҚК ересектердің
қылмыстық жауаптылығы мен жазалау мәселелерін регламенттейтін кейбір
баптарын қолдану мүмкіндігін болғыза алмайды. Мысалы, қылмыстардың және
үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, бас бостандығынан айырудың ең
аз мерзімдері және т.б. Біздің заң шығарушыға бұрын белгілі болмаған басты
ерекшелік, психикасы бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы қалып қоюы
нәтижесінде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айырылған,
қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауаптылыққа тартпау құқығын сот және тергеу органдарына беру болып
табылады /4/.
      Бұл өте маңызды ереженің заңға енгізілуімен
көпжылдық теориялық кішірейтілген  есі дұрыстық мәселесі мен оның жас
өспірімдік жастағы тұлғаларға жауапкершілігіне әсері туралы теориялық
пікірталастар аяқталды.
      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  ерекшеліктерін дербес
бөлімге бөлу, бұл тұлғаларға қатысты қылмысты жауаптылық туралы нормалар,
осы бөлімде көзделген ерекше жағдайларды ескере отырып қолданылатынын
білдіреді. Мұндай ерекше жағдайлардың ҚР ҚК енгізілуі, осы жас санатындағы
тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық ерешеліктерімен байланысты. Он төрт
жастан он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағандар, бір жағынан
социализацияның жеткілікті жоғары деңгейіне жетеді (оларда дербестік,
қайсарлық, өз тәртібін бақылау қабілеті, өзін ұстай білу қабілеті пайда
болады), екінші жағынан – жеке тұлғаның онан арғы социализациясы жалғасады
(мектепте немесе колледжде оқуы жалғасады немесе бітеді, қоғамдағы өз орнын
анықтайды, жеке адам аралық қатынастары жиналады).
       Тәжірбие  көрсеткендей кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың 
көбінде өлшем мен борыш сезімі, жөнсіздік пен тәртіптілік туралы
түсінік жоқ. Жасөспірім өздерінің құмарлықтары мен құшартарлықтарының құлы
болып кетеді. Мұндай жасөспірімдердің өмірлік қажеттіліктеі көбіне
примитивті, материалдық қажеттіліктері руханиға қарағанда басымырақ /5,
7б./.
       Бұд балалар өздерінің құмарлықтарын  қанағаттандырудаға қол
жеткізуді қандай болса да бағамен үйренген, тіпті құқықбұзушылық арқылы.
Ұрлық, тонау пен бұзақылық әрекеттерін жасап, сотталған жасөспірімдердің
сұралғандарының жартысы оларға шығарылған үкім шли қатал деп шешті, өйткені
олар «ерекше ештеңе істеген жоқ». Сұралғандардың әрбір үшіншісі өзінің
«ынжықтығын, ерік күші жоқтығын» белгілеген. Көбісі қылмыстық жауаптылықтан
жалтаруға үміттенеді, оларда жазаның бұлтартпастығы сезімі жоқ /6, 45б./.
       ҚазКСР  ҚК да сияқты, жаңа ҚР ҚК қылмыстық жауаптылық туындайтын екі
жас деңгейін  белгіледі. Жалпы ереже бойынша көптеген қылмыстарды жасаған
үшін қылмыстық жауаптылық он алты жастан туындайды. Тек қана, көп жылғы
тәжірбие көрсеткендей, қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын он төрт
жасқа жеткен жасөспірімдерге де белгілі  кейбір қылмыстар үшін ғана,
қылмыстық жауаптылық осы жасқа жеткенде басталады.
       Он  төрт жастан қылмыстық жауаптылық басталатын қылмыстардың тізімі
ҚР ҚК 15-бабының 2-тармағында берілген. Бұд тізім толыққанды болып 
табылады және сот пен тергеу органдарына кәмелетке толмағандар
жауаптылығының мәселелерін шешкенде орындауға міндетті. Сонымен бірге
ескере кететіні, он алты жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
қылмыстарда,  он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
қылмыстардың элементтері бар /8, 86б./.
      Осылай, бандаитаизм үшін (ҚР ҚК 237-бабы) қыдлмыстық жауаптылық он
алты жастан ғана туындайды. Бірақ, бандитизм күрделі қылмыс болғандықтан,
ұрлық, тонау, қарақшылық, кісі өлтіру және т.б. тұруы мүмкін. Бандиттік
шабуылға қатысқан, он төрт жасқа толған жасөспірімдер, сәйкесінше басқа
айтылған қылмыстар үшін  қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бірақ бандитизм
үшін емес.
      Ұқсас жағдай, осындай жас өспірімдердің  басқа кейбір қылмыстары
үшін, қылмыстық  жауаптылығы туралы мәселелерді шешкенде  туындауы мүмкін,
мысалы, тонаудан (ҚР ҚК 178-бабы), бұзақылықтан (ҚР ҚК 257-бабы), және
тағылықтан (ҚР ҚК 258-бабы)   тұратын жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанда
(ҚР ҚК 241-бабы). Олардың әрекеттері сәйкесінше, тек қана 178, 257, 258
баптармен сараланады, бірақ ҚР ҚК 241-бабымен емес.
      Он  алты жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатын,
қоғамға қауіпті әрекеттерді  жасағанда және ҚР ҚК 15-бабы 2-тармағында
көзделген қылмыстардың элементтері  болмаған жағдайда, он алты
жасқа толмаған жас өспірімдер қылмыстық жауаптылыққа тартылмыйды. Осыларға
және қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, он төрт жасқа толмаған
жасөспірімдерді қылмыстылық жауаптылыққа тартпай, оларға тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шаралары қолданады.
Кәмелетке толмағандардың жас шегін анықтай отырып, заң шығарушы барлық
жағдайларды ескереді, дегенмен шешуші маңызды кәмелетке толмағандардың
жасына сәйкес келетін психологиялық ерекшеліктерге, әрекетінің қоғамдық
қауіпті екендігін сезіну қабілетінің дәрежесіне береді. Кәмелетке
толмағандардың көбісіне типтік болып келетін нақты жасқа жеткен, оның
интелекті мен еркінің даму ерекшеліктері ескеріледі /10, 12б./.
      Кәмелетке толмағандар саналы түрде тиісті тәртіп нұсқасын таңдай
алады, яғни құқық  нормаларының және адамдық ережелердің 
талаптарына сәйкес  әрекет ете алады. Ең бірінші кезекте осымен, заңмен
қылмыстық жауаптылық он жас емес, нақты кейбір қылмыстар үшін он төрт
жастан, ал қалғандары үшін, ережедегідей  он алты жастан белгіленетіндігі
түсініледі.
      Он  төрт пен он алты жасқа жеткен кәмелетке толмағандар, жеткілікті
деңгейде өздерінің әрекеттерінің заңмен қылмыс деп танылатынын, олардың
қоғамдық қауіптілігін ұғына алады. Егер, кәмелетке толмағандар осыған
қарамастан қылмыстардың сәйкес түрін жасайтын болса, олар толық негізде
қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін, және де тартылуға міндетті /6,
52б./.
      Заңмен  көзделген жасқа жету кәмелетке 
толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарттарының бірі
болғандықтан, әрбір жағдайда олардың  қылмыс жасау сәтіндегі жасын 
дәл анықтау қажет /11, 63б./.
      Қылмыстарды тергегенде және қылмыстық істерді  қарағанда тергеу
органдары, прокуратуражәне  сот қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқан
кәмелетке толмағанның жасын  анықтауға міндетті. Әдетте тиісті құжаттар
(төл құжат, туу туралы куәлік) бойынша жас шамасы тез әрі жеңіл анықталады
/12, 124б./.
      Егер  жас шамасын анықтайтын құжат  жоқ болатын болса, онда
жас шамасы сот-дәрігерлік сараптама сияқты басқа  да дәлелдемелер арқылы
анықталады. Жас  өспірім қайсыбір жасқа туған  күнінде емес, келесі күнен,
яғни келесі күнгі нөл сағаттан бастап, толған деп саналады. Сараптама
тағайындалған жағдайда, туған күні болып сарапшылар көрсеткен жылдың соңғы
күні саналады. Сарапшылар жасты ең аз және ең көп жылдар санымен
анықтағанда (мысалы, 14 пен 15 жасқа дейін), сараптама ұсынған ең аз
мөлшердегі жасымен тоқталады /13/.
      Тағы  бір айта кетуге қажет, кәмелетке  толмағандар жауаптылығының
ерекшелігі, олар кейбір қылмыстардың субъектісі бола алмайтындығы.
Олардың санына ең біріншіден қылмыстардың екі санаты жатады:
      1. Кәмелетке толмағандардың өздері жәбірленуші болып табылатын
қылмыстырда, мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (ҚР ҚК
131-бабы) , кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға
тарту (ҚР ҚК 132-бабы), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерді орындамау (ҚР ҚК 137-бабы);
      2. Субъектілері он сегізден жастан  үлкен тұлғалар болып табылатын 
қылмыстарда, мысалы (депутаттар  – 21 жас, сот пен прокурорлар  – 25
жас және т.б.)
      Қылмыстық жауаптылықтың жасы мен есі дұрыстықтан  басқа, онсыз
қылмыстық жауаптылық туындамайтын маңызды шарты қылмыс жасаудағы кінә болып
табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде болуы мүмкін.
      Он  төрт пен он алты жас аралығындағы тұлғалар ұйымдасқан
қылмыстық топты  немесе қылмыстық қаудастықты (қылмыстық ұйымды), құру және
оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысуүшін жауаптылыққа тартылмайды
(ҚР ҚК 235-бабы). Мұндай жағдайда, жасалаған әрекеттердің сипатына қарай
оларға он төрт жастан жауаптылыққа тартылатын қандай да бір қылмысқа
мысалы, кісі өлтіру, қарақшылық шабуылына (ҚР ҚК 96, 179-баптары) дайындық
үшін ҚР ҚК 24-бабы 1 және 2 тармақтарына сілтеме жасап, жаза тағайындалады
не аяқталған қылмыс үшін жаза тартады.
      Кәмелетке толмағандар, ересектер сияқты қылмысты аяғына
дейін жасаудан өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
      Сот тәжірбиесін зерттеу көрсеткендей, қылмыстардың
жартысына жуығы кәмелетке  толмағандармен қылмысқа қатысумен  топпен
жасалады.  Ұйымдастырушы, айдап  салушы, бірлесе орындаушы ретінде  көбіне
қылмыстық тәжірбиесі бар ересек тұлғалар болып табылады. Осындай
жағдайларда кәмелетке толмағандардың әртүрлі жастарына байланысты қылмысты
саралаудың әрқандай нұсқасы болуы мүмкін. Кәмелетке толмаған қылмыстық
жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткен жағдайларда, ересек тұлға жасалған
қылмыс үшін ҚР ҚК 28-бабы бойынша ортақ қатысушы ретінде жауап береді.
      Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген
жағдайларда, ересек тұлға тек қана ҚР ҚК 28-бабы бойынша  ғана емес,
кәмелетке толмағанмен (біреу арқылы орындау) жасалған қылмыс үшін осы
қылмыс қарастырылған ҚК бабы бойынша жауап береді. Бұл бірнеше басқа
жағдайларда да растығын табады. Осылай, қарақшылық шабуылын немесе тонауды,
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген кәмелетке толмағанмен
жасағанда, ересек адамның әрекеті, ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағы «а»
тармақшасы немесе ҚР ҚК 178-бабының 2-тармағы «а» тармақшасы бойынша
сәйкесінше сараланады. Кәмелетке толмағандар көрсетілген негіздер бойынша
қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанына қарамастан ересек тұлға жауапқа
тартылады. Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған
жағдайда, қылмыстық топ құрамымен жасалған зорлау бойынша ересек
қатысушыларға қылмыс топпен жасалды деп саналмайды және ҚР ҚК 120-бабының 1-
тармағына сәйкес саралауға жатады /4/.
      Ересектердің  қатысуымен жасалған, кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығы туралы істерді қарағанда, ересек пен жасөспірім арасындағы
өзара  қатынастардың сипатын мұқият айқындау қажет,
өйткені ересектің кәмелетке  толмаған адамды қылмыстық немесе басқа қоғамға
қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту бойынша ролін белгілеуде бұл мәліметтердің
шешуші маңызы бар.
      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық ерекшеліктерін
айқындап, заңнама ҚРҚК Жалпы бөлімінде не кәмелетке 
толмағандар жауаптылығын әдейі регламенттейтін, не кәмелетке толмағандарға
таралатын бірқатар жағдайлардың бар екендігінен шығады. Нақтырақ айтқанда
олар: он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы
қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді (ҚР ҚК 13-бабы), қылмыстық
жауаптылыққа тартылатын жастың шегі жалпы және кейбір қылмыстар үшін
белгіленетіні (ҚР ҚК 15-бабы), кінәлінің кәмелетке толмауы жеңілдететін мән-
жай ретінде қарастырылады (ҚР ҚК 53-бабы). Осыдан туындайтыны, кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін шешкенде тергеушілер,
прокурорлар және соттар тек қана жаңа ҚК Ерекше бөлімнің жағдайларын ғана
емес, ҚК Жалпы бөлімі жағдайларын да жетекшілікке алуға міндетті.  
 
     1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату 
     Кәмелетке толмаған жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы
тұлғаларға қатысты арнайы жағдайлар бойынша да қылмыстық Кәмелетке толмаған
жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы тұлғаларға қатысты арнайы
жағдайлар бойынша да қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Есте
боларлық бір жайт, қылмыстық жауаптылықтан босатудың жалпы түрлерін
қолданғанда он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды қылмыстылық жауаптылыққа
тарту ерекшеліктері ескеріледі. Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылықтан
шын өкінуіне байланысты (ҚР ҚК 65-бабы), жәбірленушімен татуласуына
байланысты (ҚР ҚК 67-бабы), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-
бабы) босатылуы мүмкін. Оларға қатысты жоғарыда көрсетілген негіздер жалпы
ережелерден қандай да бір алып тастауларды қарастырмайды. Ескіру мерзімінің
өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-бабы) кәмелетке толмаған тұлғаны қылмыстылық
жауаптылықтан босатқанда, кәмелетке толмағандарға қолданылатын ескіру
мерзімідерінің ерекшеліктерін есте ұстау қажет. ҚР ҚК 85-бабына сәйкес
кәмелетке толмағандарға қатысты бұл мерзімдер тең жартысына қысқартылды.
Ересек қылмыскерлерге сияқты он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға да,
рақымшылық пен кешірім жасау қолданылуы мүмкін.
     Заңнамада қылмыстық жауаптылықтан босатудың  жалпы түрлерімен бірге,
он сегіз  жасқа толмаған тұлғаларға ғана қолданылатын арнайы түрлері де
бар. ҚР ҚК 81-бабының 1-тармағына сәйкес: «Кішігірім ауырлықтағы қылмыс
жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке
толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады
деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн».
     Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелік әсері 
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану  арқылы қылмыстық жауаптылықтан  босату
төмендегі өзара байланысқан  үш түрлі жағдай міндетті түрде болғанда
мүмкін:
     1. кәмелетке толмаған адамдның  кішігірім немесе орташа ауырлықтағы 
қылмыс істеуі;
     2. осы санаттағы қылмысты бірінші  рет істеуі;
     3. кәмелетке толмағанды түзеуге  қылмыстық жауаптылықпен емес,
тәрбиелік  әсері бар мәжбүрлеу шараларын  қолдану жолымен қол жеткізуге
болатындығы жөнінде сендіретін жағымды мінездеменің болуы.
     Мұндай  соттың сенімі кәмелетке толмағанның  істеген әрекетін, сондай-
ақ, оның тұлғасын, істің мән-жайын, құқықтық сана-сезім  деңгейін,
адамгершілік қасиетін, ата-анасымен, айналасындағылармен өзара қарым-
қатынасын жан-жақты талдау негізінде қалыптасады.
     Жоғарыда  айтылған жағдайдардың болғанына, сондай-ақ жасалған
қылмыстың уәжі мен кінәлінің  қылмыс жасағаннан кейін тәртібі, бұрын  оған
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шараларын қолданды ма және қандайы
қолданғаны туралы сұрақтар анықталғаннан кейін, оған тәрбиелік әсері бар
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешіледі. Бұл тәрбиелік әсері бар
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сұрақ тергеу сатысында да, соттық қарау
сатысында да қойылуы мүмкін.
     Алдын-ала  тергеу сатысында тергеуші прокурордың  келісімімен, не
прокурордың өзі  қылмыстық істі қысқарту және оның материалдарын ҚР ҚК 82-
бабының ережелеріне  сәйкес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу 
шараларын тағайындайтын арнайы мемлекеттік органға  беру туралы қаулы
шығарады. Сотта істі қарау сатысында соттың өзі кәмелетке толмағанды
қылмыстық жауаптылытан босату туралы қаулы шығарады және бір немесе бірнеше
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындайды.
     Он  сегізге толмаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатудың
барлың арнайы түрлері тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен
байланысыты, яғни кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген
кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартпай, педагогикалық
құралдардың көмегімен оларды түзеу мақсатымен, заңмен белгіленген
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын  қолдану. Мәжбүрлеу деп аталдығының себебі,
олар кәмелетке толмағаннң немесе оның заңды өкілінің еркіне қарамастан
тағайындалады және орындалады, әрі қылмыс жасаған тұлғаларғада, басқа
азаматтарға міндетті болып табылады. Олардың жүзеге асырылуы арнайы
өкілеттіктері бар мемлекеттік органдардың күшімен қамтамасыз
етіледі.Тағайындалған шараны орындамау заңда тікелій қарастырылған,
жағымсық құқықтық салдарларға алып келеді.
           ҚР ҚК 82-бабында қарастырылған шаралар, өздерінің мазмұны
жағынан тәрбиелік сипаты бар. Оларды қолданғанда кәмелетке толмағанға әсер
ету, ең алдымен оны сендіру, санасына қылығының жағымсыз бағалауын жеткізу,
қоғамға қауіпті тәртіптің жол берілмейтіндігіні әдістерімен жүзеге
асырылады. Жасөспірімді қылмыстық жауаптылыққа тартпай және қылмыстық
жазаны қолданбай, қылмыстық қуғын-сүргін шараларын үнемдеп түзету мақсатына
жетеміз /15, 96б./.
     Бұдан шығатыны, жоғарыда айтылған шаралар  мазмұны жағынан тәрбиелік,
ал орындау сипаты бойынша – мәжбүрлік болып табылады. Қылмыстық жазамен
олардың тек қана сыртқы ұқсастықтары бар. Олардың арасында әрқандай
құқықтық табиғатын анықтайтын, сапалық әртүрліліктербар. Мәжбүрлеу
шараларында жаза беру элеметі жоқ. Олар негізгі және қосымша болып
бөлінбейді, салдар ретінде соттылықты болдырмайды. Кәмелетке толмағанға бұл
шараларды тағайындайтын органның өзі істің барлық мән-жайы мен кінәлінің
жеке қасиеттері мәліметтеріне негізделіп, олардың мерзімін анықтайды.
Кәмелетке толмағанмен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын орындамаудың
салдары болып, арнайы мемлекеттік органның ұсынынмымен және материалдарды
сотқа жіберумен, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту мүкіндігі табылады.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларды тағайындау сәтінде кәмелетке
толмағандарға ғана қолданылады да, тұлғамен он сегіз жасқа жету оларды
қолдануды болдырмайды.
     ҚР  ҚК 82-бабының 1-тармағы былай дейді, сот кәмелетке толмаған адамға
тәрбиелік  әсері бар мынадай мәжбүрлеу  шараларын тағайындауы мүмкін:
     а) ескерту;
     ә)ата-аналардың  немесе олардың орнындағы адамдардың не
мамандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
     б) келтірілген зиянды қалпына келтіру  міндетін жүктеу;
     в) бос уақытын шектеу және кәмелетке  толмаған адамның жүріс-тұрысына
ерекше талаптар белгілеу;
     г)кәмелетке  толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
     Адам  мен азаматтың құқықтарын шектейтін 
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шараларын (ҚР ҚК 82-бабында айтылған)
қолдану ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес заңмен қарастырылған
жағдайларда ғана жүзеге асырылады /16/. 
     Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының  мазмұны ҚР ҚК 83-
бабында ашылады.
ҚР  ҚК 83-бабының 1-тармағына сәйкес, ескерту  кәмелетке толмаған адамға
оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Кодексте көзделген
қылмыстарды қайталап істеудің зардаптарын түсіндіруден тұрады. Ескертудің
маңызды тәрбиелік және құқықтық мәні бар. Қадағалауға беру ата-аналарына
немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандырылған мемлекеттік органға
кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау
жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
     Заң бұл бақылауды жүктеуге мүмкін екі  субъектіні қарастырады:
     1 ата-аналар (олардың орнындағы адамдар);
     2 мамандырылған мемлекеттік орган.
     Ата-аналардың  немесе олардың орнындағы адамдардың міндеттері отбасы
құқығынан туындайды. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге міндетті, олар
өздерінің қабілеттері шегінде балалардың дене, психикалық, адамгершілік
және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету
үшін негізгі жауапкершілікті болады. Бұл мәжбүрлеу шарасын қолдануда ата-
аналар осы міндеттерді орындаудың әдістерімен шектеледі: ата-ананың
міндеттері нақтыланады, оларға, мысалы, баланың бос уақытын бақылау,
баланың белгілі уақыттан кейін үйден шығармау тапсырылады. Бұл шар өз
кезегінде ата-аналар мен өзге адамдарды олардың балаларын жауаптылыққа
тарту мүмкіндігі жөніндегі ескерту болып саналады да, олардың бала тәрбиесі
алдындағы жауапкершіліктерін күшейте түседі. Ата-аналар мен олардың
орнындағы адамдардың балаларын қадағалау қолынан келмейтін не мұндай
міндеттерді орындай алмайтындықтарын білдірген жағдайда олардың балаларын
қадағалауды мамандырылған мемлекеттік орган мойнына алады.
     Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті  кәмелетке толмаған адамның
мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепк ала отырып
жүктеледі. Заң шығарушы зиянды жою мақсатын қоймайды, қалпына келтіру –
дегеніміз жасалған қылмыспен жәбірленушіге келтірілген зиянды кішірейту.
Заңмен оның түрлері де белгіленбеген, қылмыстарда ол материалдық та,
моральдік та болуы мүмкін. Дегенмен ҚР ҚК 83-бабының 3-тармағына назар
аударсақ, кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы мен оның тиісті еңбек
дағдысы көрсетілгендігі, заң шығарушының бірінші кезекте мүліктік нұқсан
туралы айтып тұрғандығын куәландырады. Оның орнын толтыру келесі
жағдайларда ғана мүмкін: жасөспірімнің жеке табыстары бар (еңбек ақы,
стипендия, зейнетақы, басқа заңды қайнар көздер) әлде сәйкес мүлік; өз
қолымен келтірілген нұқсанды жоюға тиісті  еңбек дағдысы болуы (зақымдалған
затты жөндей, үй-жайды тиісті күйге келтіру және т.б.). Келтірілген залал
орнын қандай тәсілмен толтырады, оның ешқандай маңызы жоқ. Залал ақша беру,
зақымдалған заттың орнына сапалы зат беру, бөлектелген жабдықты орнатуды
жүзеге асыру және т.б. арқылы өндіріле алады. Ақша өтемақысы түрінде
залалдың орнын толтыруды өте абайлап кәмелетке толмағанның материалдық
қиыншылықтарымен тудырылған, жаңа қылмысты болдырмай жүргізу қажет. Заладың
орнын толтыру сот орындаушысы арқылы ерікті түрде жүзеге асырылады.
     Он  төрт пен он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағанның залалдың
орнын толтыруға жеткілікті табыстары  немесе жеке мүлкі болмаған жағдайда,
ол залады толығымен не жетпеген бөлігінде  ата-анасы немесе
олардың орнындағы  адамдар толтырады, егер залал олар кінәсі емес екендігін
дәләдемесе. 
     Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын  шектеу және оның жүріс-
тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға  баруға,
бос уақытың белгілі бір  нысанын, оның ішінде механикалық көлік 
құрамын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салудығ, тәуліктің
белгілі уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік
органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Бұл
шектеулердің барлығы позитиытік мақсатты көздейді – жасөспірімді зиянды
микро ортаның ықпалынан қорғау, сондай-ақ бақылау арқылы оның тәртібін
түзеу.
     Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу,
оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандырылған мемлекеттік  органның
көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған
адамға қатысты оның түзелуі үшін орынды болып табылатын басқа да талаптар
қойылуы мүмкін. Заңда кәмелетке толмағанға қолданылатын шаралардың үлгілі
тізімі берілген және толық болып табылмайды. Мұндай талаптар орынды болуға
тиіс, кәмелетке толмаған адамның өміріне дақ салатындай қатаң болмауы, оның
ар-намысына тиетіндей мақсат болмауы тиіб. Кәмелетке толмаған адамға
қолданылатын шаралар жасалған қылмыстың нақты мән-жайын, жасөспірімнің
ортасын, оның бейресми қоғамға қарсы бағытталған бірлестіктерде қатысын,
оқу немесе жұмысының сипатынмен шарттарын, қызметтік, материалдық және
басқа да тәуелділігін, жәбірленушімен өзара қатынасын және т.б. ескеріп
таңдалады.
     ҚР  ҚК 83-бабының 5-тармағы алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге
арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыруды сот
кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға
тағайындауы мүмкiндігін қарастырады. Оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие
мекемелері – бұл қылмыстық белгісі қоғамдық қауіпті әрекет істеген,
қылмыстық жауаптылықтан босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі
аралықтағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік ақтауды
қамтамасыз ету мақсатында құрылған ерекше режимде ұстап білім беретін ұйым.
Аталған мекемелерде болу мынадай жағдайларда мерзімнен бұрын тоқтатылуы
мүмкін:
     1 адамның кәмелетке толуына байланысты;
     2 түзетудi қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның
қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан
әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келгенде.
     Кәмелетке толмаған адамға қатысты тәрбиелік 
әсері бар мәжбүрлеу шараларын  қолдану ҚазКСР қылмыстық кодексіне  де
мәлім болды. Бірақ жаңа ҚК кейбір бұл шаралардың атауындағы
терминологиялық  өзгеліктен басқа маңызды айырмашылықтар бар. Ең біріншіден
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын енді тек қана ауыр емес қылмыстыр
жасағанада ғана емес, (бұрын, үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыстар) ауырлығы
орташа қылмыстарда жасалғанда да қолданылады. Бұдан басқа жаңа ҚК кәмелетке
толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдануына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды кім (қай орган) жүзеге
асыратыны және оны кім (қай орган) тағайындайтыны көрсетілмеген. Кәмелетке
толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану қылмыстық
жауаптылықтың баламасы болып табылады, жазалауды қолдануды болдырмайды.
Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше
тәрбиелеу шаралары қолданылуы мүмкін. Бұл негізді болады, өйткені өзінің
мазмұны мен әсер ету бағыты жағынан олар әртүрлі және іс жүзінеде үйлесуі
мүмкін. Осылай, мысалы , бір мезгілде ескерту мен ата-аналардың
қадағалауына беру, келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу мен
бос уақытын шектеу бір мезгілде тағайындалуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     2. Кәмелетке толмағандарды  жазалаудың ерекшеліктері 
     2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері 
     Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  қылмыстылықпен
күрестің жалпы қағидалары: заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі,
әділеттілік және адамгершілік қағидаларына негізделген. Қалай дегенмен,
кәмелетке толмағандарға қатысты бұл қағидаттардың өзіндік ерекшеліктері
бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды жауапқа тарту оларды түзеуді,
тәрбиелеуді және олардың қайталап қылмыс істемеуінің алдын алуды мақсат
тұтады.
     ҚР  ҚК 38-бабы 1-тармағына сәйкес, «Жаза  дегеніміз соттың
үкімі бойынша  тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы. Жаза қылмыс
жасауда кінәлі деп танылған аламға қолданылады  және ол адамды құқықтары
мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу
болып табылады».
     Жаза  түрлерінің барлық көлемінің арасынан
кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалар тізімі шектеулі сипатқа  ие.
ҚР ҚК 79-бабындағы кәмелетке толмағандар үшін қолданылатын жазаның саны
жаза түрлерінің жалпы санымен салыстырғанды (ҚР ҚК 39-бабы) әлдеқайда
қысқартылған.
     ҚР  ҚК 79-бабының 1-тармағына сәйкес, кәмелетке 
толмағандарға қолданылатын жаза түрлері  мыналар болып табылады:
     а) айыппұл (ҚР ҚК 40-бабы) ;
     ә) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру (ҚР ҚК 41-бабы);
     б) қоғамдық жұмыстарға тарту (ҚР ҚК 42-бабы);
     в) түзеу жұмыстары (ҚР ҚК 43-бабы);
     г) бас бостандығын шектеу (ҚР ҚК 45-бабы);
     ғ) бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 48-бабы).
     Жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен 
айналысу құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери
бөлімде ұстау, өлім жазасы сияқты жаза түрлері әлі де қоғамдағы өз орнын
анықтай қоймаған әлеуметтік жағдайына не жекелеген жазалардың тым
қаталдығына байланысты кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Бұл олардың
істеген қылмыстардың ерекшеліктерімен де, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға
қатысты жаза алдында тұрған мақматтарының ерекшеліктеріне де байланысты
түсіндіріледі. ҚР ҚК 39-бабында көзделген негізгі он жаза түрінің алтауын
ғана кәмелетке толмағандаға қолдануға болады. Ал 1959 жылғы ҚазКСР ҚК 21-
бабындағы ересектерді соттау үшін көзделген сегіз жазаның ішінен алтауы
кәмелетке толмағандар үшін қолданылатын.
     Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері  тек қана жаза
түрлерінің қысқартылуымен ғана емес ересектерге қолданылатын сол жаза
түрлерімен салыстырғанда мерзімдердің шектелуі болып табылады.
     ҚР  ҚК 79-бабында көрсетілген кәмелетке 
толмағандарға қатысты жазалардың әрқайсысын қолданудың
өзіндік ерекшеліктері  болады.
     ҚР  ҚК 40-бабына сәйкес, айыппұл  ҚР заңымен  белгіленгенжәне жаза
тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір
мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе
ол қылмыс істеген сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының
мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алуды көрсетеді. Айыппұл мөлшері
істеген қылмысының ауырлығы мен ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері18 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы27 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында25 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және тағайындалатын жазалар14 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы20 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы түсінік78 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.32 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы19 бет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы жайында63 бет
Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері43 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь