Стивен Пол Джобс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Орындаған:Аханова Балгын
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Тобы: БТ-407
Семей 2015
Жоспар :
1. Өмірбаяны
2. Балалық шағы
3. Цитаталары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өмірбаяны
Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 - Қазанның 5, 2011) - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылышыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.
Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпентанысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы үмкін деген ой келеді.
Стив Джобс пен Билл Гейтс бесіншіD: All Things Digital (D5) конференциясында, 2007 жыл
1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОS жүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды
жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады.
1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.
Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды . Стив Джобс Macbook Air презентациясын жасауда
1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясын қосты.
1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 млн-ға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты мүмкін болды.
2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7, 4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.
Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43, 5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.
2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын арықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.
2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) - Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кук басқарды[2] .
2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты.
2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.
2009 жылдың қаңтар айында Стив Джобс компанияға қайта оралғысы келетіндігін хабарлады. Тым қатты салмақ жоғалтқаны гармондық дисбаланс әсерінен дер түсіндірді. Алайда екі апта өткен соң жарты жылдық демалысқа шығатындығын айтты. Сол жылдың маусым айында Стив Джобс бауыр ауыстуры операциясынан кейін жұмысқа шықты. Дәрігерлердің айтуы бойынша денсаулығы өте жақсы делінген.
2011 жылдың 17 қаңтарында Стив Джобс компания қызметкерлеріне таратқан хатында денсаулық жағдайына байланысты Apple компаниясының атқарушы директоры қызметінен кететіндігін хабарлады.
2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды.
Қазан айының 11 күні Калифорния штатының Санта-Клара округы денсаулық департаменті Стив Джобс өлімінің себебін анықтады. Жазбада Стив Джобс өт жолындағы онкологиялық ісіктің кесірінен демала алмағандықтан өлгендігі хабарланады. [4]
Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.
Цитаталары
- Өзім көтеріп әкете алмайтын компьютерге сенбеймін
- 12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек
- Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы көру. Егер сүймесеңіз, асықпаңыз. Сүйікті жұмысыңызды өз жүрегіңіз көрсетеді
- Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін жұмсар едім
Бұл материалды автор өзінің "Ақпараттық технология әлемінің алпауыттары" кітабынан алып, жариялап отыр. IT әлемінің басқа да мықтылары жайлы білгіңіз келсе, Сіздерді it-mbeks. ru сайтын қарауды ұсынамын.
Джобс Стивен (Jovs Steben) 1955 жылы Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Компьютерлер саласындағы америкалық ірі кәсіпкер, Apple компаниясын құрушының бірі және оның директорлар кеңесінің төрағасы. Онымен қоса, ол NeXT Software компаниясының да құрылтайшысының бірі, Pixar Animation Studios компаниясының да төрағасы әрі атқарушы бас директоры болып істеген.
Өмірлік демі 2011 жылғы қазан айының 5-де үзілді.
Apple компаниясын құрған және ондаған жылдар бойы соның ұраны болған Стив Джобстың өмірден озуы жайлы хабар компьютер әлемінің жаңалықтарынан сырт жүрген адамдардың өзін бей-жай қалдырмады. Адамзат 2011 жылдың 5 қазанындағы қайғылы жағдайдан соң ғана пәни дүниеге қазіргі заманның ғұламаларының бірі аттанғандығын сезді. Өзі өмір сүрген кезеңде Джобс әлем үшін басқа қандай да бір адам: не ғалым, не актер, не саясатшы бәсекелесе алмайтын соншама көп нәрсе жасағаны ақиқат еді. Сонда бұл «джинс киген жын» - ғұламаның құпиясы неде?
Бұл өзін-өзі жетілдірудің нәтижесі ме немесе сәтті әрекеттердің үйлесімі ме?
Әлде мұнда ешқандай да құпия жоқ па екен?
Қазір Стив Джобстың атына әрдайым «ғұлама» эпитеті тіркеліп айтылып жүр. Әйтсе де осы сөздің өзі оның табиғатын толық бейнелеп тұрған жоқ.
Ол үшін миллиондаған адамдардың өмір салтын түбірімен өзгерту тіпті де қиын болмады. Міне осы жағдайлар адамдар өмірін Джобс әуелі Macintosh-ты, сонан соң NeXT және iMac-ты, содан кейінгі iPod, iPone мен iPad-ты өмірге келтірген кезде тіпті басқаша өзгеріске ұшырады.
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болатын. Ол туралы Apple-ді бірге қалаған досы Стив Возняк: «ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді», -дейді.
Apple-ге дейінгі Джобс
Apple компаниясының болашақ атасы әрі көшбасшысы 1955 жылғы 24 ақпанда Американың Сан-Франциско қаласында туған. Оны өмірге келтірген әке-шешесі Абдулфаттах Джандали мен Джоана Шибл бір аптадан соң өз баласынан бас тартады. Осы баланы Пол мен Клара Джобс асырап алады да, оған Стив деген ат қояды.
Ол жеткіншек кезінен-ақ тәуекелге бел байлайтын әрекеттер жасауға құмар болып өседі. 12 жасар Стив радиоэлектроникамен айналысып жүріп, оның кейбір деталы жетпеген кезде сол кездегі белгілі Hewlett-Packard компаниясының президенті Хьюлетт-ке телефон шалып, одан жетпеген деталын сұрап алады және HP компаниясына жазда істейтін жұмысқа орналасады. Міне осы компанияда жүріп ол Apple-нің өмірге келуіне себеп болған - Стив Вознякпен танысады. Бұл Стив те, Джобс сияқты радиоэлектроникамен айналысатын және техникалық прогрестің келешегіне сенетін.
Джобс ата-анасының айтуымен 1972 жылы Портлендтегі Рид колледжіне оқуға түседі. Бірақ ол өзіне ұнамағандықтан онда бір-ақ семестр оқып, одан әрі оқымай қойды. Ол ондағы оқуын тоқтатқан-мен еркін тыңдаушы ретінде каллиграфия курсына қатысуын жалғастырды. Осы әрекеті атақты Macintosh операциялық жүйесіне бірнеше қаріп түрлерін енгізуде кәдеге жарады. Соның арқасында Mac-та, кейінірек одан Windows-қа көшіріліп алынған пропорционал қаріптердің бірнеше гарнитурлары пайда болды.
Екі жылдан соң Джобс Калифорнияға оралып, Вознякпен бірге Пало-Альтодағы Хоубрю компьютерлік клубына мүше болады. Осы клубта екі Стив алғаш рет халықаралық желіде тегін телефон шалуға мүмкіндік беретін қондырғы BlueBox туралы естіп, біледі. Возняк осындай «көк қорапты» құрастырып, ойнап көреді. Бұл ойыннан жеріп, оны тастағысы келгенде Джобс «бұл ойынмен пайда табуды» ойлайды.
Пайда табудың жолы қарапайым болатын. Ол үшін Джобс қажет деталдарды 40 $-ға сатып алады, ал Воз одан бір сағатта BlueBox дайындайды. Бұл дайын өнімді Стив-тер 150 $-ға өткізеді. Достардың бұл ісі жақсы жүре бастайды, алайда ол «көк қораппен» полиция қызыға бастаған соң, ол істі жабуға тура келді.
Джобс жеткілікті қаражат жинаған соң 1975 жылы бойын рухани тазартуды ойлап, Индияға барды. Ол кезде жастар арасында сол модаға айналған еді.
Индиядан тақырбас, ұлттық киіммен оралған Джобс келе сала Breakout ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындайтын Atari компаниясында жұмыс істеуге кірісті. Ол электрондық тақша жасаудың маманы болмағасын досы Вознякты түскен кірістің жартысы-350 $-ды беретін болып көмекке шақырды. Стив досынан компанияның тақшадағы чип санын кеміткен сайын үстеме ақша беретін болғанын жасырып қалды. Ал Воз болса, электрондық схемаларды жетілдірудің нағыз шебері еді. Ол тақшадан 50 чипты алып тастап, қалғанын барынша тығыз орналастыра білгені соншалық, ол тақшаны конвейерде қайта жасау мүмкін болмады.
Осыған риза болған Atari компаниясы Джобсқа 5000 $ төлейді, ал бұл Вознякқа бұрынғыша 350 $ ғана беріп, оны пайдадан құр қалдырады. Кейін ол алданғанын біледі, бірақ табиғатынан қайырымды әрі байлықтан бақ іздемеген жан бұл жағдайға онша мән бермейді. Дегенмен болашақта осы компанияны пайдаланушы мүддесі емес, тек пайда табу ғана қызықтыратыны белгілі болған кезде, оған бұл жағдай ұнамай, кейін компаниядан кетуге себеп болады. Қалай десек те Стив Возняк Джобстан кем тұлға емес. Біз осы Возняктың техникалық білімдарлығының арқасында Apple I-дің және ерекше танымал Apple II-нің құрылуына себеп болғанын ұмытпауымыз тиіс. Егер осы қартаңдау Воз болмағанда оның досының таланты ашылар ма еді? Бұл жерде де және басқа жобалар-да да сол идеяларға рух беруші және оларды жүзеге асырып, жарна-малаушы Джобс болғаны анық. Әйткенмен Apple өзінше бөлек тарих . . .
Apple компаниясының құрылуы
Барлығы Возняктың Hewlett-Packard-қа жұмысқа тұрып, онда бағдарламаланатын калькуляторлар шығаруынан басталған еді. Ол кезде осы кездегідей дербес компьютерлер болған жоқ, ал мини және микрокомпьютерлер шаш жетпес қымбат тұратын. Сол себептен де ол уақытта кең таралған есептеу техникасының түрі калькулятор болатын.
Воз-ға бұл ұнамайды, ол өндіруге әрі меңгеруге оңай қарапа-йым жеке компьютер жасауға бекінді. Есептеу машинасын жасау-дағы тәжірибесін және досы Джобстың Atari-дан алып берген арзан MCS6502 процессоры мен басқа құрауыштарын пайдаланып Возняк іске кірісіп кетті. Бірнеше айдан соң аналық тақшасы дайын болған соң Стив Джобс өмірінде екінші рет электроника нарығын шабуыл-мен басып алуды шешті. Міне осылай Apple Computer компаниясы құрылған болатын.
Енді Джобстың неліктен компьютер шығаратын компания атын «Apple - алма» деп атағаны жайлы кейбір аңыздарға тоқталайық. Соның бірі Стив өз компаниясының аты Atari-дың алдында тұруын қалағандықтан десе, ал басқа бір аңыз бойынша өзінің сүйіп тыңдайтын Beatles тобының күй-табақтарын шығаратын дыбыс жазатын Apple Records компаниясына ұқсағысы келгендігінен дейді. Қалай болғанда да IT компанияны осылай онша мағынасыз сөзбен атауының өзі оның әдеттегі қалыптан тыс әрекеттерге бейімдігін көрсетсе керек.
Сонымен екі электроншы дос құрған осы компания корпорация-ға айналып, ал кешегі қорабы жоқ аналық тақша Apple-I компьютері болып атын шығара бастады. Уақыт өтіп жатты, Стив Возняк әлемдегі нағыз дербес компьютер және кейіннен жаппай қолданысқа түскен Apple-II компьютерін жасап шығарды.
Әрине оның Джобссыз құрылмағаны анық: ол кең көлемді жарнамалық науқан ұйымдастырды, оған қоса әрбір компьютер үшін барлығына бірдей түсінікті әрі ықшам нұсқаулық дайындатты және ол компьютерді тартымды қорапқа жайғастыруды да естен шығар-мады. Міне осындай жұмыстардың арқасында өнімді сату нәтижесі ойлағаннан да асып түсті, сөйтіп 5 млн-нан астамApple-II шығары-лып және оларға арналып 16 мыңнан аса бағдарлама дайындалды.
Олар бірден сатылып кетті. 1980 жылы бұл корпорацияда ондаған мың адам жұмыс істеп, оның жылдық өнім айналымы 10 млн-нан асып жатты. Осы жылы Apple өз акцияларын биржаға сәтті орналас-тырып, соның нәтижесінде Джобс аяқ астынан 25 жасында миллионерге айналды.
Алайда Apple-II-нің осындай коммерциялық табысын 1984 жылғы Macintosh-тың табысымен еш салыстыруға келмейтін. «Макинтош» компьютері сол кездегі көпшілікке шын ұнаған алғашқы компьютер болатын.
Сол кезде мұның ЖЖҚ(ОЗУ) өте аз - 128 кб екендігіне, ал оның шын мәнінде қатқыл дискісінің жоқтығы-на да жұрт онша мән бермейтін. МАС-ты іске қосқан кезде ол өз пайдаланушысына жымыңдап қарайтын, содан соң экранға «С: >» жазуы шығатын еді, ал онда ашылатын терезелер мен көңілді иконкалар ешкімді бейжай қалдырмайтын. Мұның бәрі Джобстың пайдаланушы тілегін алдынала дөп басып таба білуінің және соны қалыптастыра білу талантының нәтижесі еді.
Джобс өмірінің басқа қырлары
Стив Джобстың шектен тыс осы креативтігі, яғни ерекше ұйымдастырушылық және алдынала болжағыштық қабілеттері оны өте бір ыңғайсыз жағдайға ұшыратты. Ол былай болған еді. Стивтің осындай алғыр қасиеттері компания рулінде отырған тойымсыз ағалардың пайда табуына мұрша бермейді.
Соның ақыры өзі компанияға шақырып алған Джон Скалли деген азаматтың мұны өз компаниясынан сатқындықпен шығаруымен аяқталды. Оған Джобс соншалықты қайғырмады.
Ол бірден NeXT Computer компаниясын ұйымдастырды және NeXT station мен NeXT Cube компьютерлерін өндіріп, NeXTSTEP операциялық жүйелерін шығара бастады. Осы өнімдердің барлығы қарапайым пайдаланушыларға емес, білім және ғылыммен айналысып жүрген мамандарға арналды. Стивтің бүкіл қажыр-қайратын салып тырысқандығына қарамастан бұл өнімдерден «екінші Apple» шыға қоймады. Бұлардың ОЖ-ы мен машиналары-ның күшті техникалық мүмкіндігі бола тұра, олар пайдаланушыға қымбатқа түсті, содан болар ол кең тарамады.
Ақыр соңында 1996 жылы NeXT компаниясын қожасы Стив Джобспен қоса түгел APPLE сатып алып, оның иесін өзіне қайтарды.
Стив Джобс туралы айтқанда ол жарыққа шығарған Pixar мультипликациялық студиясы жайлы айтпай кету мүмкін емес. 1986 жылы Джобс Lucasfilm компьютерлік анимация бөлімшесінен оның
The Graphics Group студиясын сатып алады. Бастапқыда Pixar Image Computer компаниясы болып бөліп алынған бұл топ кәсіби графика-лық ПҚ-лар жасаумен айналысты да, қатарынан бірнеше жыл бойы пайда әкелмегендіктен оны анимациялық студияға айналдырды.
Осы Pixar-да 1995 жылы шығарылған «Ойыншықтар тарихы» деп аталатын толық метражды мультфильм бірден мультипликация жанрының классификациясына жатқызылды. Джобс картинаның атқарушы продюсері болды.
Осы студия шығарған көптеген мультфильмдер сол кезде де және қазір де миллиондаған балалар мен ересектердің сүйіп көретін шығармаларына айналды.
Жаңа уақыт
Apple -ге қайта оралайық. «Алманың» басшылығы NeXT-ті сатып алуы арқылы Джобстан оны компаниядан шығарғандығы үшін «кешірім сұрап» және оның оралуын «өтініп» сұрағандығы сияқты. Шындығында 90 жылдардың бірінші жартысы Apple үшін оңай уақыт болмады: пайдаланушылардың жаппай пайдалануы үшін Wintel платформасымен айқас ұтылыспен аяқталды, жаңа креативті идеялар легі таусылды, ал сату деңгейі барынша төмендеді.
Мұндайда компанияны банкроттан сақтау тек оны құрған Стив Джобстың ғана қолынан келетін еді. Джобс нағыз әкеге лайық әрекет жасап, өз баласына көмектесті.
Стив алғашында уақытша, кейін компанияның тұрақты бас директоры болған соңғы 15 жыл ішінде Apple компаниясы құлдыр-аудан құтылып ғана қойған жоқ, ғаламшардағы IT-компаниялардың бірінші деңгейіне көтеріле алды.
Джобс барлық келешегі жоқ және табыс әкелмейтін жобаларды (қолға ұстайтын Newton MessagePad-тан бастап QuickTake цифрлық камерасына дейін) жауып, басқа «ең озық» жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.
Оның алғашқылары iMac компьютері мен iPhone плееры болса, содан кейінгісі телефон индустриясын дүрліктірген iPhone телефоны және iPad планшеті болды.
Егер Стив қайғылы қазаға ұшырамағанда, оның әлі де нені ойлап табарын кім білген? Ендігі Apple Стивтің кезіндегідей бола
ала ма? Әрине оны ешкім білмейтіні анық. Қалай десек те бәрін де уақыт өзі көрсететін болар.
Қызықты деректер
Сенсорлы экранды планшетті компьютерлер идеясын 1988 жылы Apple корпорациясы ұйымдастырған «2000 жылғы дербес компьютер қандай болады?» деген конкурста Иллинойс университетінің студенттері ұсынған екен.
2010 жылы Wall Street Journal журналы жүргізген D: All Things Digital (ағ. ) конференцияда Стив Джобс алдымен ойына планшет идеясы келгендігін, сосын барып одан телефон (iPhone) жасау туралы идея пайда болғандығын айтқан еді. Осы жерде Стив Джобстың өзін сөйлетейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz