Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы



Меншік үғымы түрлері және Қазақстан меншік қатынастарының дамуы.
Экономикалық жүйелер, ұғымы типтері және салыстырмалы сипаттамасы.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері.
Бәсеке және оның модельдері
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл- зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық қатынас».
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді.
1 Жүнісов Б, МәмбетовҰ, Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика
негіздері» Алматы -2000ж.
2 Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
3 «Қазақстан – 2030», Алматы - 1998
4 Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
5 Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
6 Экономикалық теория негіздері Оқулық Алматы – 1998ж.
7 Әубәкіров Ә. Экономикалық теория негіздері, Алматы -1998
8 Шеденов Жалпы экономикалық теория негіздері Алматы – 2001
9 Ілиясов К.Қ, Құлпыбаев «Қаржы» Алматы - 2003
10 Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана-2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘН:Экономика

Тақырыбы: Меншік үғымы түрлері және Қазақстан меншік қатынастарының дамуы.
Экономикалық жүйелер, ұғымы типтері және салыстырмалы сипаттамасы.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері.
Бәсеке және оның модельдері

Дайындаған: Балериан Е.Е
Тексерген: Габдуллина Л.Б

СЕМЕЙ 2015 ж

Меншік ұғымы түрлері және Қазақстан Республикасы меншік қатынастарының дамуы.
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл- зат та емес, мүлік те емес. Бұл- белгілі бір экономикалық қатынас.
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді- алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі- қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.

Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік -- адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
* Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.
* Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік -- бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік -- бұлазаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл -- бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату -- сатып алу, айырбастау, сыйлау.
* Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.
Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап -- бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.
* Сонымен, меншік құқығы -- белгілі бір тұлғаның заңмен танылған өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез келген шаруашылыққа пайдалану құқығы.
Құқықтық жағдайларына байланысты елімізде меншік: мемлекеттік және жеке меншік деген нысандарға бөлінген. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігі жеке, ал мемлекеттің меншігіндегі мүліктер, т.б, мемлекеттік меншік болып табылады. Елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің ер алуандығыи қажет етеді. Сондықтан да елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру үшін жекешелендіру жүргізілуде.

Экономикалық жүйелер, ұғымы типтері және салыстырмалы сипаттамасы.

Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері.
Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениеттер өкілдері меншіктің табиғаты туралы және оның қоғам дамуындағы ролі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Көне грек әлемінің идеалына сүйене отырып, Платон идеалдық мемлекет туралы ілімін дүниеге әкелген. Бұнда азаматтар өндіріс шарттарын бірлесіп иемденеді. Жалпы меншіктің артықшықтарын дәлелдеу адамгершілік -- өнегелілік туралы ілімге негізделген болатын. Өнегелік -- бұл мән және рух бірлік, біртұтастық деп мойындау, өнегелілік, оны жеке алып қарағанда, жалпыламалық болып табылады; өнегелілік бағытында қызмет ету адамгершіліктің белгісі; жеке меншік жеке адамнын мүддесін жалпы мүддеден жоғары ұстайды, әр адам тек өзі үшін меншік иесі болуды көздейді. Сондықтан жеке меншік өнегелілікке, адамгершіліккежатпайды.
Көне Римнің цивилизациясы басқа болды. Бұнда жеке тұлға тұңғыш рет өзінің жалпыламалық бірлігінен бөліне бастады, индивидуалдық дамуға кедергі болатын тайпа мен ру екенін сезіну жойыла түсті. Жеке меншікке артықшылық көрсетіліп, оны мойындау орын алды.
Римнің идеалдары роман-герман цивилизациясында одан әрі дами түсті. Реформация Батыс әлемінде өмір, табиғат және дүниежүзі туралы адамгершілік бағалылықтарды өзгертті. Эгоистік, индивидуалистік тұлғаға бағытталған, протестант этикасының ықпалымен, экономикалық адам ұғымын, азаматтық қоғам және таптық мемлекет теориясын табиғи құқық деп түсінетін, жеке меншік ілімі жарыққа келді, ал "адамның бостандығы, еркіндігі" деген түсінік "меншігі бар адам" деген түсінікке айналды.
Қазақстандық цивилизацияның адамгершілікті бағалауы көне-грек әлемінің идеалдарына жақын болатын. Кәсіпкерлік, іскерлік қолдау алатын, ал дүниеқорлық , пайдақорлық айыпталатын, адамгершілікке жатпайтын.
Адамгершілік, өнегелілік бірлік және руханилік деп саналып түсінілетін. Жалпы және жеке меншіктің ұштасуына, үйлесіміне назар аударылатын,үміт артылатын.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оны құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
* Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат жөне қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т.б.
* Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы ендіруге мақсатталады.
Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып өрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байланыстарын және оның өркениеттік тұтастығын бұзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғұрыптары, салты т.б. атқарады.
Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сыртқы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңашыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне көмектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық ғылымда экономикалық үлгі деген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түп нұсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.
Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мөлім) өркениеттің Батыс еркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптасқан экономикалық үлгілер арқылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпыресейлік нарықты аралас экономиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады. Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиеттермен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, рөлі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесіп.
Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы -- индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарын көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікті жандандырады, бірақ әр келісім көлемі ұсақ болғандықтан, олар сұраныс пен ұсынысқа әсер етпейді, сондықтан нарықтың ешбір субъектілері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономикалық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің өзі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.
Әкімшілік-бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер орнатады:
* экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі;
* нарық экономиканы реттеуші болмайды;
* нарық субъектерінің орекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке-адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі;
* өндіріс шарттарына қоғамдық, немесе, жеке меншік болады.
Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бұйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым арқылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономиканы басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік кәсіпорындардың қызметтерін өз қарамағына алады.
Ресейдегі XIX ғ. екінші жартысындағы шаруашылықтың ерекше құрылысы аралас экономика үлгісінің концепциясын қалыптастыруға әкеледі. Батыс үлгісімен салыстырғанда, осы үлгі, жетекші укладтың басқа укладтарды өзіне сіңіруі арқылы қол жеткен экономикалық құрылымның біркелкілігіне негізделмейді. Ол біртұтас организмнің әр бөлшектері ретінде қатар жүріп отыратын шаруашылық жүргізу формаларының көп түрлілігіне, шаруашылық іс-әрекеттердің көпауқымдылығына, экономикалық болмыстың көпполюстік болуына және оларда мәндік мағыналар бар екеніне негізделеді. Аралас экономика үлгісінің философиялық негізін К.Н. Леонтьев ашқан заңның қорытындысы құрайды: экономикалық құрылымның бірдей болмауы және шаруашылық жүргізудің формаларының көп болуы -- бұл кемшілік емес, бұл әлі практикаға енбеген идея түріндегі дамудың ішкі көзі бар болғанының айғағы.
Батыс теоретиктерінің аралас экономика теориясына көзқарасы екі жақты деуге болады: аралас экономика теориясы бұлардың арасында кең қолданылатын, дүниеге бір бағыттан бір полюс деп қарап тану концепциясына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, олар дамудың басым (жетекші), негізгі тенденциясы деп, еркін бәсекеден жетілмеген бөсекеге, таза капитализм экономикасынан бұйрық экономикасына жылжу екенін мойындайды. Айырмашылық тек бір полюстен екіншіге көшу қандай формалар арқылы жүруінде -- капиталдың монополиясы, немесе, мемлекеттің монополиясы арқылы жүзеге асырылуында. Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-тендік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліхсіз өмір сүре алмайды, мүмкін емес. Егер Ресейдегі аралас экономика бастапқы құбылыс, ешкімді таңдандырмайтын қарапайым жағдай болса, Батыста ол біркелкі экономикалық құрылымға бағытталумен байланысты пайда болған, шаруашылық өмірдегі қайшылықтарды шешудің ерекше формасы болып табылады.
Батыста аралас экономика таза капитализмді ығыстыра бастады. Бір шектен екінші шекке ұрыну, жоғарыда аталған екі үлгілерге тән болады, ал аралас экономикаға тән емес. Батыста өнімді өндірушілер және өндіріс шарттарын сатып алушылар -- ірі корпорациялар. Сондықтан экономикалық үстемдік (өкімет) ыдыратылмаған. Сонымен қатар, аралас экономикадағы экономикалық өкімет тоталитарлық сипатгамада болмайды, ол әкімшіл-бюрократгық өдіспен жүргізілмейді, сондықтан осы жағдайда болатын катынастар айырбас қатынастарына үстемдік жүргізбейді, оларды толықтыра түседі; материалдық ресурстарға меншік халықтық, мемлекеттік, жеке меншік түрлерінде болады; әр субъектінің іс-өрекеті өзінің мүдделерімен сәйкес жүргізіледі, бірақ қоғам колеміндегі ұнамды мақсаттар белгіленген болады. Мемлекет экономикада белсенді кызмет атқарады, мемлекеттік және жеке секторлардың іс-әрекеттерін болжайтын, жоспарлайтын және сәйкестендіріп отыратын жүйе болады.
Технократиялық өркениет тұрғысына қарағанда, дәстүрлі экономика даму дәрежесі төмен елдерге тән болады. Ол шынында экономикалық жүйенің бастапқы, тұңғыш типіне жатады, онын әр алуан түрі бар, өйткені салтқа, дэстүрге, ұлттық, мәдени, рухани тамырларға негізделеді. Бұнда меншіктің бірнеше түрлер: мен формалары пайдаланылады. Осындай экономикаға тән бірнеше қасиеттерді атап өтейік:
* экономикалық іс-қимылдар бастапқы, ең жоғарғы байлық деп есептелмейді;
* индивид алдымен өзінің бастапқы қауымдасының мүшесі болып саналады;
* экономикалық өкімет саяси өкімет пен қосылған, бірге жүргізіледі.
Дәстүрлі экономика өте тұрақты келеді. Оны реформалау оңай шаруа емес. Бұған дәлел, осы қоғамның табиғаты. Жеке адам әлеуметтік бірлестіктен бөлініп шықпаған жағдайда және экономикалық әрекеттер алғашқы нақты байлық деп мойындалмаған жағдайда, қоғамның тұрақтылығын сақтап қалу индивидті қорғау арқылы және оның осы статусын ұдайы өндіріп отыру арқылы жүзеге асырылады. Батыс типтес нарық экономикасына көшу дәстүрлі қоғамның тұрақтылығын күйретуге бағытталады. Бұның нәтижесінде тұрақтылықтың ескі шарттары құлдырап, жаңалары әлі жасалынбайды. Реформаны осылай жүргізу алдын ала оның нәтижесіз аяқталуына әкеліп соғады
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Сұраныс - бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза болып табылады.
Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған % сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса - үш бірлікті, 20 теңге болғанда 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңыдеп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.

Ұсыныс заңы. Ұсыныстың баға емес факторлардың
әсерінен өзгеруі.

Ұсыныс деп - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:
Оs=f(Р)

Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу);
Р - баға.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (2-сызбада көрсетілген)
Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.
Ұсыныстың өзгеруі - ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы [9]. (қосымша, 2.14; 2.15-сурет)
Ұсыныс қисығы (sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған.
Бейнеленген S қисығы (ағылшынның suрplу сөзінен) белгілі бір уақыт ішінде сатылған Х игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтары) мен баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл өндірушінің жоғарырақ бағамен игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа ұсынысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.
Ұсыныс қызметі (Sиррlу Fипсtіоп) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:
Qs = f (P, Pr, K, T, N, B)

Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;
Рr - ресурстар бағасы;
К - қолданылатын технология сипаттары;
Т - салықтар мен субсидиялар;
N - сатушылар саны;
В - тағы басқа факторлар.

2 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті және нарықтық тепе-теңдік
2.1 Нарықтық тепе - теңдігі

Әрбір эконмикалық модельдегі теп-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.
Сұраныс пен ұсыныс заңдары сатушы мен сатып алушының мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмейтінін көрсетеді. Тұтынушы үшін тауардың бағасы оның шығыны, ал сатушы үшін баға-табыс көзі. Сатушы мен сатып алушының бір-бірімен келісімге келуі сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасынан туындайды. Сұраныс пен ұсыныс моделінің көмегімен баға мен тауар санының арасындағы байланыстар түсіндіріледі. Бұл модельде негізгі рөл атқаратын-баға. Баға өзгергенде, сатушылар мен сатып алушылардың шешімдері де лереу өзгереді, біреулер жаңа бағаның арқасында пайда тауып қалуға тырысса, екіншілері жаңа бағадан шегетін зиянын азйтуға тырысады. Осындай жанталаса шешім қабылдау нарықтағы теп-теңдікті туғызыды және жеке мүдделерді бір-бірімен келістіреді.
Нарықтағы тепе-теңдік қалыптасу үшін тұтынушылардың сатып алғысы келген тауарларының санын сатушылардың сатам деген тауарларының санына сәйкестендіретін баға қалыптасуы қажет. Осындай бағаны нарықтағы тепе-тең баға дейді. Нарықта тепе-тең баға қалыптасқанда сұраныс мөлшері ұсыныс мөлшеріне теңеседі.
Нарықтық тепе-теңдікті орнату жуйесін түсіндіруде екі тұжырым бар: Вальрас тұжырымдамасы және Маршалл тұжырымдамасы.
Вальрас тұжырымдамасы бойынша нарықтық тепе-теңдік Qd=Qs орындалса ғана болады, ал мұнда негізгі көрсеткіштер сұраныс көлемі және ұсыныс көлемі. Тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс және ұсыныс артуының қысымына байланысты болады .Ұсыныс сұраныстан артқен жағдайда игілік бөлігі өтпейді. Сатушылар арсында тұтынушылар үшін бәсекелестік басталады, нәтижесінде нарықтық бағаны төмендетеді. Осының нәтижесінде кірісінен шығысы артық компаниялар нарықтан шығады, ал нарықтық ұсыныс төмендй береді. Керісінше, сұраныс ұсыныстан артса нарықта тауар жатіспеушілігі орын алады. Егер Q2-Q3 , тұтынушылар арасында бәсекелестік орнайды. Нарықтық баға көтеріледі, ал нарықтық сұраныс төмендейді. Яғни, екі жағдайда да сұраныс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік ұғымы,түрлері мен формалары, ҚР-ғы меншіктік қатынастардың дамуы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Экономикалық жүйелер туралы
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
ҚР меншік қатынасы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Меншік ұғымы, түрлері
Жергілікті есептеу желілері және олардың ақпараттық жүйесі
Әлеуметтік басқарудың пәні мен объектісі
«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕСТІРУ ТЕОРИЯСЫ» курсын ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер