Қазақстандағы еңбек нарығыны



1. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
2. Еңбек нарығы дамуының Қазақстандағы кезеңдері
3. Қазақстан республикасында жастардың еңбек нарығын реттеу механизмдері
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Экономикалық дамудың нарықтық жүйесіне көшу кезінде шешімін таппай жүрген күрделі проблемалардың бірі еңбек нарығын қалыптастыру болып табылады
Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар бейнеленедi.
Ғалымдар әртүрлі бастапқы мәліметтерге негізделетін бірнеше концептуалды әдістерді қарастырады, олар еңбек нарығының ұсыныстары мен сұраныстарын қалыптасыруға қатысты өзара қарама - қайшы тұжырымдарды және жұмыссыздықты туғызатын негізгі себептерді көрсетеді.
1. Апиев Қ.С. Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шешімдері
2. Әубәкіров Я., Жүнісов Г. «Экономикалық теори негіздері» Алматы,1999 жыл.
3. Байжомартов А, ЖүнісовГ, Шеденов.А. «Жалпы экономикалық теория» Астана, 2000
4. Ермекбаев А.К. Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР :
1. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
2. Еңбек нарығы дамуының Қазақстандағы кезеңдері
3. Қазақстан республикасында жастардың еңбек нарығын реттеу механизмдері
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
Экономикалық дамудың нарықтық жүйесіне көшу кезінде шешімін таппай жүрген күрделі проблемалардың бірі еңбек нарығын қалыптастыру болып табылады
Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар бейнеленедi.
Ғалымдар әртүрлі бастапқы мәліметтерге негізделетін бірнеше концептуалды әдістерді қарастырады, олар еңбек нарығының ұсыныстары мен сұраныстарын қалыптасыруға қатысты өзара қарама - қайшы тұжырымдарды және жұмыссыздықты туғызатын негізгі себептерді көрсетеді. Көптеген ғылыми әдебиеттерде еңбек нарығы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстары нарығы деген ұғымдардың мағынасы жақын, синоним сөздер ретінде қолданылады. Бірақ, біздің ойымызша, бұлар мазмұндас емес, себебі олардың негізін жұмыс күші, еңбек және еңбек ресурстары сияқты түрлі категориялар құрайды.
Еңбек нарығы дегеніміз - қоғамдық өндірісте қызметкерлерді жалдау мен пайдалану жөніндегі әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Ол жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды сипаттайды. Ал жұмыс күші нарығының мазмұнына жұмыспен қамтылған және қамтылмаған, белсенді түрде жұмыс іздеушілердің арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-еңбектік қатынастар шекарасын экономикалық белсенді халық ауқымына дейін кеңейтеді. Еңбек ресурстары нарығы түсінігі әлеуметтік-еңбектік қатынастарды экономикалық тұрғыдан белсенді халық пен еңбек резервін қосатын қоғамның еңбек ресурстары ауқымына дейін кеңейтеді. Қазіргі кезеңде маңызды ролді еңбек нарығы атқарады.
Еңбек нарығы туралы iлiмнiң теориялық iргетасын экономикалық ғылымның көрнекті өкiлдерi: Дж Перри, М.Фелдетогин, Д.Кейнс, М.Фридман, К.Маркс салған. Экономикалық әдебиеттерде еңбек нарығының төмендегідей концепциялары қарастырылған.
Бірінші концепцияның негізінде классикалық политэкономия жатыр. Мұның өкілдері неоклассиктер: Дж Перри, М.Фелдетогин. Бұл концепция бойынша еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты баға тепе-теңдігіне негізделеді немесе нарықтық реттеушісі баға болып есептеледі.Жалақы бойынша нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттеледі деген пікір айтты.
Екіншісі, кейнсиандық көзқарас. Бұл қатардағы ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығы әрқашанда тепе-теңсіздікке негізделген.Кейнстің үлгісі бойынша жұмыс күшінің бағасы қатаң бір қалыпта қалыптасып, іс жүзінде өзгермейді. Бұл үлгінің элементі ешқашанда дәлелденбейді және өзгермейтін факт ретінде қабылданады.
Бұл концепция бойынша жұмысшы күшіне сұраныс нарық бағасы арқылы емес, жиынтық сұраныс арқылы - өнімнің көлемі арқылы реттелу керек деген.
Үшінші көзқарас. Монетарлық үлгі бойынша жұмысшы күшінің бағасы қатаң баға жүйесі арқылы біржақты бағыттағы өсімді қозғалыс деп түсінеді. Бұл концепция жұмыссыздықтың " табиғи" дәрежесі деген ұғымды ұсынған.
Төртінші институционалды мектептің көзқарасы. Бұл концепцияда жұмысшы күші және тиісінше, жалақы дәрежесіне кәсіпкерлік және салалық айырмашылықтарына көп көңіл бөлінген.
Әйгілі көрнекті экономист А. Маршаллдың пікірі бойынша жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі факторы сұраныс пен ұсынысты реттеу деп қарастырады..
Классикалық мектеп өкiлдерi А. Смит және Д. Рикардо жалақының еңбек ұсынымына тәуелдiлiгi жайлы қағиданы негiздедi.
Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
-жыл немесе апта бойындағы еңбекке жұмсалған сағаттың сапасы;
- жұмысшының жұмсаған еңбегінің саны мен мамандығының сапасы.
В.И.Видяпиннің еңбектерінде еңбек нарығы толық талданған. Онда Экономикалық категория ретінде еңбек нарығы сатып алушылар мен сатушылар, сонымен бірге, жұмыс күшінің қозғалысы бойынша рыноктық қатынастар субъектілерінің мүддесін айқындайтын және оның өмір сүру құралдарына айырбасталуын қамтамасыз ететін сауда делдалдары арасындағы нақты экономикалық қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы,- деген түсінік береді.
Еңбек нарығы жалпы ұсыныс пен сұраныс тапсырысына бағына отырып, басқа тауар нарықтарынан бөліп қарастыратын бірқатар елеулі ерекшеліктері бар ерекше ұғым болып келеді. Бұл жерде реттеуші ретінде макро және микроэкономикадан бөлек әлеуметтік - экономикалық факторлар да қарастырылады, олардың еңбек күшінің құнына, яғни жалақыға деген қатынастылығы бола бермейді.
Қазақстандық белгілі экономист, ғалым Я.Ә. Әубәкіровтің айтуынша: Еңбек нарығы дегеніміз - бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экномикалық механизмдер жүйесі.
Еңбек нарығының негiзгi элементтерiне: еңбекке сұраныс және ұсыныс, еңбек рыногiнiң конъюктурасы, жұмысшы күшiнiң құны, жұмысшы күшi қоры жатады. Еңбекке сұраныс - еңбек нарығында жұмыс күшінің жұмыспен қамтамасыз етілуі болып табылады, еңбек ұсынысы - еңбек нарығына мамандар дайындау, еңбекке сұраныс пен жұмысшы күшi ұсынысының өзара қатынасы нақты экономикалық және әлеуметтiк-саяси жағдайлар, жұмысшы күшi құнының қозғалысы және халықтың тұтыну дәрежесi бойынша қалыптасып еңбек нарығы конъюктурасын құрайды. Еңбек нарығы конъюктурасы- жұмыспен қамтылу баламалылығы мен еңбек нарығын реттеу үлгісін таңдау кезiнде есепке алынуға тиiстi еңбектің маңызды сипаттамасы. Жұмысшы күшiнiң құны- оның отбасы мен жұмысшының өмір сүру құнына тең. Жұмысшы күшiнiң құны кез-келген басқа тауар сияқты, өндіріске қажетті жұмыс уақытымен анықталады.
Еңбек нарығындағы тепе-теңдiк сұраныс мен ұсыныс көмегiмен бекiтiледi. Еңбекке деген сұраныс мөлшерi жалақы мөлшерiнен керi пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшерi көтерiлген кезiнде фирмалар рыноктiк тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жұмыс күшiне сұранысты төмендетуi қажет, ал жалақы мөлшерi төмендегенде еңбекке сұраным артады. Жұмыс күшiне деген ұсыныс нақты байланысқа iс-әрекет етедi.
2012 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,0 млн. адамды құрады, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8%-ға көп. Республика экономикасында 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. 2011 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 70,8 мың адамға (0,8%-ға) артты.
Жалданып жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі қәсіпорындарда (ұйымдарда) жұмыспен қамтылды - 81,9% (4,8 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығында (55,5%), сондай-ақ сауда саласында (23,7%), көлік қызметін көрсетуде (6,6%) және құрылыста (5,8%) жүзеге асырды.
2012 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 474,8 мың адамды құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 0,5% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,3% (2011жылғы IV тоқсанда - 5,4%) құрады.

2. Еңбек нарығы дамуының Қазақстандағы кезеңдері
Қазақстанда орын алған өзгерістер қоғамның әлеуметтік құрылымы мен еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге жол ашты. Экономикалық әдебиеттерде экономистер Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуының бірнеше кезеңдерін атап өткен болатын.
Бірінші кезең 1990-1991 жылдарды қамтиды және экономикалық еркіндіктің ауқымын кеңейтетін әрі кәсіпкерлік қызметті дамытатын бірқатар заңдардың қабылдануымен байланысты..
Екінші кезең 1992-1995 жылдар аралығын қамтиды. Экономикадағы жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорындардың банкрот болуынан жұмыс орындары мен жұмыс істейтіндердің санын күрт қысқартты.
Үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтиды. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесінің өрістеуіне байланысты артық жұмыс күшін жұмыстан босату одан әрі жалғасты. Халықтың жұмыспен қамтылу денгейі төмендеп кетті.
Төртінші кезең 1999 жылдан бастап 2007 жылдың соңына дейін жалғасты.
Бесінші кезең нарықтық экономиканың тиісті жағдайына жауап беретін ҚР Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген 2008 жылдың 1 қаңтарынан басталды.
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір өзгерістер, сондай-
Келешекте еңбек нарығын реттеу бойынша ұсыныс, мемлекет пен еңбек нарығының өзара байланысын күшейту және кәсіптік білім беруді жетілдіру бойынша нұсқаулықтармен сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ , жұмыс күшін пайдалану және бөлу процесінде аймақтық реттеудің маңызы зор.
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты.
Сонымен бірге, өңірлік жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін біршама арттыру керек, өйткені, осы органдар арқылы өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары жасақталады және ең бастысы, жүзеге асырылады.
Халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік тұрғыда толыққанды қамтылуы - мемлекет үшін маңызды мәселе. Елбасы Қазақстан-2030 стратегиясында мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу деп нықтай көрсеткен].
Расында, мемлекеттің басты міндеті - әрбір адамға бағыт-бағдар көрсетіп, адам ресурстарын дамыту. Осы ретте ел азаматтарының әрбіріне мамандық таңдауда да бағыт көрсету маңызды-ақ.
Яғни, жергілікті жұмыс күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі мен дамыту жүйесін қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг - бұл әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің қызметі.
Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің біздің ойымызша, әлеуметтік-экономикалық-этикалық бағыттылығы болуы тиіс, өйткені жұмыс берушілер жұмыстан босатылған адамдарға жауапты болуы тиіс және халықты жұмыспен қамту органдары сияқты қаланың және ауданның, оның ішінде ең алдымен аймақтардағы еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға ықпал етуі тиіс. Әлеуметтік-этикалық маркетинг аймақтық еңбек нарығындағы құрылымдық және көлемдік сәйкессіздікті төмендетуге ықпал ететін болжаудың шарты ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғарғы білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.

3. Қазақстан республикасында жастардың еңбек нарығын реттеу механизмдері
Еңбек нарығын тиімді реттеу - кез - келген мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын жүргізу мен жүзеге асырудағы белгілі бір заңнама көлеміндегі және жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыс істеуші арасындағы міндетті келісімшарттың орындалу кепілдемесін қамтамасыз етуге негізделген аса маңызды бағыттардың бірі.
Еңбек нарығының әлеуметтік - экономикалық теориясы нарықтық экономиканың дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктерімен сипатталған.
Еңбек нарығын реттеуге байланысты мәселелер, оның негізгі құраушылары жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесін зерттеу көптеген белгілі экономикалық ғылым өкілдерінің, түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың қарастыратын негізгі нысаны болды. Жалпы алғанда, тарихи даму барсында еңбек және оның мәні туралы алғашқы ғылыми зерттеулер нарықтық экономиканың реттелмейтін жағдайындағы оны қолданудың күрделі мәсілелерін жария етті.
Заманауи еңбек нарығының аса маңызды компоненттерінің бірі еңбек бағасының өзгерістері түрінде алынған ақпараттар негізінде жалданып жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті тұрғындар мен жұмыс берушілердің алуан түрлі мүдделерінің өзара әрекеттестігі мен келісімділігіне тұжырымдалатын оның өзіні-өзі реттеу механизмі болып табылады. Аталған механизмнің құрылымы өзіне еңбекке деген сұранысты, еңбек ұсынысын, еңбек бағасын және бәсекелестікті кіргізеді.
Сұраныс пен ұсыныс механизмдерінің жұмыс істеу нәтижесінде еңбек нарығы келесідей қызметтерді атқарады:
- еңбек сұранысы мен ұсынысын реттеу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік түрлері және салыстырмалы талдау
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстан Респуликасында банк қызметтерін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстандық қаржы нарығы
Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Пәндер