Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра :ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: «Ірі қара малының гигиенасы»
Орындаған:Бейсенова Айна
Тексерген: Сәдуақасов М. С
Тобы: ВС-303
2015 жыл
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Етті бағыттағы малды күтіп-бағу технологиясы
2. Аналық басты ұстап-бағу шарттары
3. Терең ауыспайтын төсемде жас төлді күту
4. Өндіруші бұқаларды күтіп-бағу ерекшеліктері
5. Жас төлді енесінен айыру -қысқы кезеңде
етті бағыттағы малдарды күтіп-бағудың
алғашқы сатысы
6. Бұзаулау - қысқы кезеңде малдарды күтіп-бағуда
өте маңызды элементі
7. Азықтандыру технологиясының элементтері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы - саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен қатар, арзан сиыр етін өндірудің тиімділігіне көңіл аудара отырып, табиғи пайдалы жерлерді суаландыру және ауыспалы жайылымға қосу арқылы, азықтандыруғапайдалы жерлерді ұлғаюына қажетті шаралар қолдану керек. Жас төлдің «бір қыс, екі
жаз» қағидаты бойынша жайылымда жүру уақыты аналық бастардың
бұзаулау мерзімімен реттелуі қажет. Етті бағыттағы малдарды жайып
семіртуді қарқынды бордақылаумен аяқтаған жөн.
Өзіндік асыл тұқымды база негізінде ғылыми негізделген отандық
селекцияның бағалы генетикалық ресурстарын тиімді қолдана алса,
етті бағыттағы мал шаруашылығын әрі қарай дамыту жемісті болады. Мамандандырылған етті мал шаруашылығы саладағы прогессивті
және экология жағынан өзін- өзі ақтаған технологиясы шоғырланған
дербес база аясында жүргізілу керек.
Негізінде, қысқы кезеңде етті малды күтіп-бағуда байламсыз ұстау
технологиясы қолданылады, яғни қора жеңілдетілген типті, жартылай
құрастырылған жақтаудан және қабырғасы арзан материалдардан
жасалған, ал жазғы мерзімде суаландырылған және жайылымды жерлерде малдарды максималды ұстау.
Малды өсіру және табынды ұдайы өндіру кезінде «сиыр -бұзау»
жүйесін қолдану қажет. Яғни, жайылымдық уақытын ұзарту, бұзаулау
мерзімі, қысқы уақытта пішенмен азықтандыру, арзан қораларда күту,
100 бас аналықтан 90 бас бұзау алу.
Жыныстық топтары әр түрлі ірі қара малдардың физиологиялық
жағдайына байланысты қорада ұстау немесе қысқы кезеңде малды
күту әр кезеңде басталады. Малдарды күтуге қолданылатын технологияға және кысқы мерзімнің басталу уақытына шаруашылықтың географиялық және табиғи-климаттық орналасуы маңызды.
1. Етті бағыттағы малды күтіп-бағу технологиясы
Етті мал шаруашылығында алуан түрлі технологиялар қолданыла-ды, яғни олар шаруашылық түрлері мен табиғи -климаттық зоналарына да байданысты. Ірі қара малды күтудің келесі жүйелері:
1. Жыл бойына созылған жайылым - коңыржай климатты ай-мақтарда малдар жыл бойы жайылымда жүреді, оларға қысқы кезең үшін жоғары сабақты дақылдар өсетін арнайы егістіктерді дайындайды. Малдарды жайылымға жақын орналасқан мал ұстайтын аулада бағады. Малдардың өздерімен қымбат техниканың көмегінсіз және азықтандыру бойынша жұмыстар қолданылмай алынған жемдер, дайындалған жемдермен салыстырғанда 2-2, 5 есеге арзанға түседі;
2. Қорада бағу-жайылым - қатаң шарттар және ұзаққа созылған
қысқы мерзімдер үшін арнайы типтік жобамен жасалған қоралары болуы керек. Ол жерде бұзаулайтын бөлімдер мен сиырларды бұзауларымен жеке ұстайтын жерлер қарастырылған.
Қорада бағу кезеңдері -210-230 күн, жайылым - 135-155 күн.
Технологиялық топта- 60 сиыр, оларды жазда бірге қосады.
Сондай-ақ, қысқы -көктемдік бұзаулау және еңбекті цех бой-ынша ұйымдастыру, бұзаулау цехы және оны қалыптастыру,
өндірістік- технологиялық топ, асыл тұқымды жас төлді өсіру
және бордақылауға арнайы малдарды 450 кг-ға жеткізіп, 16 айға дейінгі бордақылау;
3. Жайылым-қорада ұстау (дәстүрлік) - қырлы, таулы, шөлейт-ті жерлер және орманды көңыржай климатты зоналар үшін арналған. Осы жүйеде жайылымдық ұстау мен жеңіл типті қо-раларда қысқы-көктемгі бұзаулау, сонымен қатар, көктемде жел қорғағыш құрылғысы бар үш есе қапталған шатырлы қашаларда ұстау басымырақ. Өндірістік бірлік, яғни тұрақты та-бында 120-150 аналық бас. Табындар жайылымға жақын жер-де бытырап орналасады және олардың қасында малдарды күтуге арналған құрылғысы бар өндірістік қора мен бақташы-лар тұратын баспана орналасады. Күзде бұзауларды енесінен айыру кезіндегі салмағы 200 кг астам;
4. Жыл бойына созылған қорада бағу - шектеулі жайылымы бар аймақтар мен шаруашылықтар. Азықтандыру ауласы бар және жеңілдетілген механикалау типті қорада ұстау көбінесе қолданылады. Ұзын өскен жүн мен түбіт ағзадағы энергияны сақтайдыТехнологияны таңдау табиғи-климаттық зонамен анықталады. Барлық аталған технологиялар өндірістік үдерістің аяқталуы бойын-ша толық циклді өндірістік технологияға бөлуге болады. Толығырақ айтсақ, табын құрылымында барлық жыныстық топтардың және та-бында сиырлардың құрылымы 32-38% болуы; жеке циклді өндірістік
технологияларда дербес шаруашылық ішіндегі және шаруашылық
арасындағы жыныстық топтардың құрылуы, табын құрылымында сиы-рлар көлемі 65-70% ұлғаяды.
Етті малды күтіп - бағу, етті мал шаруашылығына қабылданған ша-руашылықтар типіне байланысты анықталады. Айта кететін жайт, етті
бағыттағы малға толық қанды жөндеуден өткен кора салмайды. Сиыр
қора мен бұзаулайтын бөлімшелер жылытылмайды. Малдарды төмен
температурадан емес, біріншіден, температураның ауытқуынан және
ауаның жоғары ылғалдануынан, сондай-ақ, өтпе желден, дымқыл-дылықтан сақтау керек. Қора құрғақ болған жөн. Осы аталған талап-тарды ұстанса, етті тұқымды жас төлдер мен жаңа туылған төлдер салқын тигеннен болатын аурулармен ауырмайды .
Мал шаруашылығында ірі қара малды күтіп - бағудың үш әдісі бар:
байлап ұстау , байламсыз - бокстік және байламсыз . Олардың барлығы
біркелкі параметрлермен мінезделеді. Осыған байланысты, оларға то-лығырақ тоқталмаймыз, яғни байлап ұстау жүйесі сүтті бағыттағы мал-дарға негізделген, кейде етті бағыттағы аналық басты байлап ұстай-тын шаруашылықтар да кездеседі.
Қорада бағу -жайылым жүйесі байламсыз-бокстік әдісін қолдану
қысқы кезеңде көбінесе орын алады, алайда, оны сенімді азықтық
база мен жеткілікті түрде төсемдердің болмауына байланысты жап-пай түрде пайдалану мүмкін емес.
Байламсыз ұстау кезінде азықтың жетіспеушілігіне байланысты
жекелендірілген мөлшерде азықтандыру мүмкін емес болып санала-ды. Осындай кезде, әдетте табында әлсіз малдар пайда болады және
оларды жеке орналастырып, азықтандыру кажет. Бір жағынан, респу-бликамыздың бір қатар аймақтарында малды қорада бағу қажет емес.
Бұл аймақтар жеткілікті көлемде жайылымды және пайдалы жер-лермен, табиғи -климаттық жағдайлармен, жоғары температурамен
қамтамасыз етілген және қысқы мерзімнің қысқа болуы да байқалған
(солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтар) .
Аталмыш аймақтарда жайылым қорада бағу жүйесі қолданылады,
яғни максималды түрде жайылымда ұсталады. Сәйкесінше, бұзаулау
уақыты сәуір мен мамыр айлары.
Көптеген ірі шаруашылылықтарда, оның ішінде қазақтың ақбас
тұқымын өсірумен айналысатын шаруашылықтарда қысқы мерзімі
ұзағынан созылуымен қатар, климаттық және шаруашылық жағдай-лары қорада бағу жайылым технологиясымен тетелес түскенімен
келіспеу мүмкін емес.
2. Аналық басты ұстап-бағу шарттары
Етті мал шаруашылығының әр технологиясының негізгі құрылымы
сиыр бұзауымен саналды.
Жоғары сапалы репродуктивті сиыр әдетте әдемі, көркем, үй-лесімді келеді, онымен қатар, дербес көрсеткіштері бар және жоға-ры оңтайлы тұқымдылық корреляциясы да анықталған. Олардың басы, мойыны және төс қуысы - жұмырланған, келбеті байсалды, бірыңғай бұлшықеттері ұзын, қабырғалары жақсы дамыған, шоқтыққа қараған-да құйымшақ биіктігі үлкенірек, жамбас сүйектері кеңінен қойылған.
Ірі аналық бастар жоғары бұзаулауғыш және ауыр салмақты келеді,
сондықтан өмір сүру жасы ұзағырақ. Алайда, олардың әр 100 кг тірі
массасына азық шығыны 7% жоғары
Азықтандыру ауласындағы сиырлар бұзауларымен Сиырлар бұзаулағанға дейін және емуден ажырамаған бұзауларды көңнен тазартылған, жинақтылық әдісті қолдану арқылы қажетті түрде жабдықталған суару, азықтандыру ауласы бар және жартылай құрастырылған жақтаудан салынған жеңілдетілген типті қорада топтық әдіспен байламсыз ұстайды.
Қатты аяз кезінде және жауын - шашындарда малдарға азықтан-дыруды ұйымдастыру үшін қора ішінде жемді салатын астау қарастырылады.
Етті малды ұстау- бағу үшін сүтті бағыттағы малдарды күтуге арналған мал шаруашылық қораларды қолдануға болады. Алайда, үш есе
қапталған шатырлар мен басқа да орнатуларды қолдана отырып, қора-ларды етті бағыттағы малды күтуге ыңғайлы қораны қайта құру қажет.
Сиырға арнлаған қораларда өтпе жел мен дымқылдылық болмауы
керек . Жасы үлкен малға қорадағы 5-7 м² алаң қажет болса, ал бұза-уға- 1, 5-2 м². Қорадағы терең ауыстырлмайтын төсеніш жылына 1-2 рет бульдозердің көмегімен алынады.
Азықтандыруды әдетте азықтандыру ауласында жүргізеді, тек
жауын - шашынды күндерде қораның ішінде беріледі. Малға төмен
температура аса қауыпты емес. Қысқы мерзімде олардың суықтан
сақтайтын қалың түбітті жүндер өсіп, денесін қаптайды. Бірақ, олар-дың түк басқан жерлері таза және балшықсыз көңнен болған жағдайда. Сондықтан да олардың демалуына мүмкіндік беретін тұрақты,
құрғақ үңгірі болғаны дұрыс. Ол үшін қора ішіндегі және төбедегі
төсеніштерді жиі ауыстырып отыру керек.
Қолданылып отырған технологияға сәйкес, қора ішіндегі бұзау-ларға арналған «асхана» жайластыру ұсынылады. Ұсынылатын асхана
бұзаулар жүре алатындай және өрмелеуге ыңғайлы қашаның болуы,
сонымен қатар, малдарға арналаған су ішетін және азық салатын аста-улармен жабдықталған қоршалған аумақтық жер болғаны жөн.
Етті мал шаруашылығында қысқы - көктемгі мерзімдерде туылған
жас төлдерді енесінен күзгі кезеңде ажыратқан дұрыс болады, себебі,
сиырларды қыстыққа дайындау оңай және тез болады, ал бұзауларды
өсімді жемдерге үйрету қиынға соқпайды. Аналық сиырларды көктемі
-жазғы мерзімдерде ұрықтандырған жөн (наурыз-мамыр) . Фермерлік
шаруа қожалықтар табынды ұдайы өндіруде әр түрлі әдістерді пайда-ланады, бірақ еркін түрде қашыру көбенесе кеңінен тараған.
3. Терең ауыспайтын төсемде жас төлді күту
Етті мал шаруашылығында алуан түрлі технологиялар қолданылады, яғни олар шаруашылық түрлері мен табиғи -климаттық зоналарына да байданысты екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Алайда, Қазақстанның көптеген аймақтарында қыс мезгілінде ауа температурасы төмен, желінің қатты болуы және қарлардың жиі жауғанын еске-ре отырып, осындай аймақтарда жас төлді терең ауыстырылмайтын төсеніште күту ұсынылады.
Жас төлді терең ауыстырылмайтын төсеніште күтудің ең негізгі түй-іні, олардың топта жасы мен жыныстық тобы бойынша ұсталуы, онымен
қоса, жел қорғағышы орналасқан, ауыстпайтын терең орналасқан
төсеніштері бар және үш есе қапталған шатырлар мен биік ағаштан
жасалған қабырғамен қоршалған азықтандыру ауласында бағылуы.
Жас төлді жетілдіруде күтіп-бағу
Азықтандыру ауласы бір басқа 25-30 м² алаң есебімен қораның
оңтүстік жағынан құрылады. Аула алаңының бүйір жағы 3-3, 5 м. биік-тіктегі шарбақпен қоршалады. Астаулар қаданың деңгейінен жоғары көтеріледі - 25-30 см. Азықтандыру фронты: бір бас аналық үшін 0, 7-0, 8м, бір бас жас төл үшін - 0, 4-0, 5 м. Астауларға биіктікпен ыңғайланды-рылатын шайбалғамен қағылған бөрене құрылады. Астаулардың бұ-зылуына жол бермеу үшін мал азығын таратқыштың қасына 20-25 см. биіктіктегі жиектер қойылады.
Малдың демалуы үшін (кем дегенде бір шартты басқа 2, 5 м²) биік-тігі 1-1, 5 м және ені 10-15 м тобе құрылады. Айта кететін болсақ, то-белердің құрылымын алып келінген қаданмен жазғы кезеңде жүргізген дұрыс, онымен қоса, аталмыш қаданы нығыздау керек және еріген сулар ағу үшін алаң тегістелу жасалу қажет. Қысқы уақытта төбелерді әрдайым сабанмен төсеу керек.
Ауыспайтын терең төсеніштердің құрылымы күзде малдарды қорада ұстап-бағуға дейін жүргізіледі. Яғни, 30-40 см қалыңдықта құрғақ сабан төселеді. Малдың қыстау барысында төсеніштер шашып тастау жолымен жаңартылады, бір басқа есебімен 2, 5-3, 0 кг.
Азықтандыру ауласын тазарту, әсіресе, астаудың маңайына көңнің және азықтандырудан қалған жем-шөптердің қалдықтарынан жина-луына байланысты жүргізіледі. Сонымен қатар, астаулар қардан, жем
- шөптің қалдықтарынан және бөтен заттардан әрдайым тазартылып
отырады.
Малды жыл бойына созылған қорада бағу кезінде еңбек шығы-ны мен материалдық қаражаттарының жұмсалуы ұлғайа түседі.
Бұлар жем-шөптер мен көңдерді тасымалдаумен, электр қуатының
шығынымен, жанармайдың кетуі және жемдеуге дайындықтармен
байланысты. Бірақ, малдың жоғары өнімділігімен аталған шығындар
қайтарылады. Етті мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға әсер
етеді: жем-шөптерді тасымалдау, жемдерді ұсақтау және шабуға ар-налған жоғары өндірістік машиналардың болуы; көңді механикаландырылған түрде тазарту және сенімді жем дайындаушы цех тардың пайдаланылуы; малдардың демалуына арналған құрғақ үңгірдің жа-салуы және т. б.
Етті малды күту технологиясын қолдануда бұзауларды қарқынды
түрде өсіруді ұйымдастыру кезінде бір мал орынына кететін күрделі
қаржылардың жұмасалуын төмендетеді, нақтырақ, механикаланды-рудағы қаражатты толық қолдану, қораға сыйымдылығын 10-15% арттыру, малдың өнімділігін 10-15% және еңбек өнімділігін байлап ұстау кезіндегі әдіске қарағанда 1, 5-2 есеге арттырылуы.
4. Өндіруші бұқаларды күтіп-бағу негіздері
Өндіруші бұқаларды қысқы кезеңде күтіп - бағудың өзінің ерекшелік-тері бар. Қысқы кезеңде күту қашыру мерзіммен, оған дайындалу уақыты-на келеді. Ол уақытта өндіруші бұқаларға көп көңіл бөлініп, және олардың
дайындығы табынды ұдайы өндіргіштігіне, сонымен қатар жаппай бизнестің жағдайына әсер етеді.
Өндіруші бұқаларды қорада ұстап бағу кезінде байламда немесе өжіре-лерде ұстаған дұрыс болады. Өжірені және қораны жабдықтау үшін, мал
тұратын орындар жылы және әр малда жеке аралық болуы керек, яғни ара-лықтар көмескі болмауы тиіс.
Станок жекеленген және жеткілікті түрде жайлы болуы керек; байлам
кезінде мықты бау қолданған дұрыс, өйткені ірі және күшті бұқалар жұқа
шынжырларды оңайынан жұлып алады.
Байламға әдетте мықты, екі жақты шынжырды пайдаланады. Негізінде
байламға дәнекерленген домалақ тізбектері бар шынжырлар мен арнайы
қарғылар өте жақсы келеді. Бұқаны жеткілікті мықты байлаған дұрыс, бірақ,
байлау кезінде шынжыр немесе қарғы бұқаның қозғалуына әсер етпейтін-дей және бұқа жатқан кезде мойын терісін тартпайтындай етіп, абайлап
байлаған жөн. Малдың терісін металлдан жарақаттан сақтау мақсатында,
қарғының астына жұмсақ бұйым салу керек. Автоматтық карабиннің көме-гімен екі жақты шынжыр бұқаның қарғысымен жалғасу керек. Өндіруші
бұқаларды күту азықтандырумен тығыз байланысты, себебі, сапалы жемсіз
жоғары өндіріске ие, денсаулығы сау малды өсіру мүмкін емес.
Мал қоралар арасы мен басқа да мал тұратын орындар міндетті
түрде жарықтандырылуы керек. Малдарды айдап жаюға тек қана зоот-ехникалық құрылғылармен жабдықталған арнайы алаңдарды қолдану
қажет.
Бұқаларды күтүлуі мен оларды бағуды дұрыс ұйымдастырған өте
маңызды. Бұқаларды күтумен айналысатын қызметшілер тұрақты және
зиянды әдеттерден аулақ жұмыскерлер болуы керек. Бұқалар күн-делікті 3-4 сағат сейілуіне жағдай жасау кажет. Күніне 2-3 км шалғай-лықта белсенді түрде серуендеген дұрыс. Сейілу мен серуендеу малдың
бұлшықеттерін, сіңірлерін және сүйектерін нығайтады және өндіруші
бұқалардың зауыттық қоңдылығын қолдаудың ең қажетті шаралардың
бірі болып табылады.
Күнделікті бұқалардың тазалағышпен тазалайды, лас болған жер-лерін жуады, ауа райы жылы кезде оларды шомылдырады. Мүйіз ара-лық кеңістікті, желкені, маңдайды және мойынды әрдайым шаң мен
қайызғақтардан тазалап отырған жөн. Бұл бұқалардың бағанға сүйеніп,
қышыну әдеттерінің дамуын ескертеді. Ерекше назарды тұяқтарға ау-дарған дұрыс. Оларды жүйелі түрде балшықтардан тазалап, өсуіне бай-ланысты кеседі. Бұқалармен қауіпсіз жұмыс жасау мақсатында, олар-дың мұрнына мүйізіне іліп тағылатын сақина кигізіледі, яғни сақина
тамақтану және су ішу кезінде кедергі болмауы тиіс. Бұқаны шығару
кезінде сақинаға ілінген карабині бар таяқша қолданылады. Бұқамен
жұмыс біркелкі және тыныш жүргізілу керек. Бұқының жыныстық бел-сенділігіне, ұрықтың сапасы мен мөлшеріне бұқаның күтілуі мен қол-данылуы үлкен әсер етеді.
Бұқаны аулада бағылуына қатысты бірнеше ережелер бар. Өндіруші
бұқаларады тек мойын жіппен немесе таяқшамен жайылту керек.
Таяқша мұрындағы сақинаға бекітілу кажет. Бұқаларды бірмезетте
сиырлар немесе бұзаулармен шығаруға қатаң түрде тыйым салынады.
Бұқаларды азықтандыру міндетті түрде көптеген факторларды
есепке алу керек, олардың ішіндегі ең бастысы өндіруші бұқаны қол-дану қарқындылығына назар аударған жөн. Өндіруші бұқаларды ор-таша мөлшермен азықтандырғанның өзінде, берілген азық бұлшық ет
жүйесі мен қоңдылығын қамтамасыз ету керек, бірақ, малдардың де-несіне май жиналуына жол бермеу керек, өйткені, бұл шәуеттің сапа-сын және тірі аталық ұрықтардың санын азайтуға әкеледі.
Бұқаны күтіп-бағу, азықтандыру және қолдану кезінде жергілікті
шарттарға сәйкес, катаң тәртіп сақталады. Таңертең концентраттар жар-тысы, сүрлем және тамырлы жемістер беріледі, күндіз - тамырлы жемі-стер, пішен (жазғытұрым жасыл шөп), кешке - пішен қалдығын және
концентраттар, жазда оларды пішенмен немесе жасыл шөпке ауысты-рады. Қысқы кезеңде рационды дәрумендерге толтыру үшін тәулігіне
300- 400 г көлемде өсірілген дән қосады(бидай, арпа), сондай-ақ, 3-4
кг сәбіз және 150-200 г ашытқы. Мал өнімінен жасалған азықтар тәулі-гіне 10-15 кг қаймағы алынған сүт, 5-6 дана құс жұмыртқасы және 0, 5
кг кансотқа ұнын береді. Минералдық қосындыларды қосқан жағдайда
(концентраттар араласында) рационның 1 азық бірлігіне 7-8 г тұз, 7 г
кальций және 5-6 г фосфор шығындалады. Алдын алу шараларын жүргі-зу мақсатында, өндіруші бұқаларға тұз микроэлементімен азықтандыр-ған жөн.
Табынды ұдайы өндіру кезінде өндіруші бұқалардың жыныстық
белсенділігі және өндіргіш қабілеттілігі бұқалардың азықтандыруынан,
күтіп - бағуынан және қолдануы жағдайларынан айтарлықтай әсер
етеді. Өндіруші бұқаларды азықтандыру кезінде олардың қарқынды
қолданылуы есепке алынады, яғни тәуліктік қашыру қабілеттілігі және
демалыс күндері мен қолдану күндерінің кезегі ескеріледі. Өндіруші
бұқаларды жалпы азықтандыру деңгейі зауыттық кондицияны бір қа-лыпта ұстап тұру кажет, денесіне май жиналмаған қоңдылығы жақ-сы, ұрықтандыру кезіндегі белсенділік және шәуеттің сапалылығын-да қамтамасыз ету керек. Қарқынды түрде қолданылған 700-1000
кг бұқалар тәуліктік рационда 100 кг салмақта 1. 1-1. 2 азық бірлігін
алған.
5. Жас төлді енесінен айыру -қысқы кезеңде етті
бағыттағы малдарды күтіп-бағудың алғашқы
сатысы
Енесінен айырған кезең бұзаулар үшін қысқы кезеңнің басталға-ны деп санауға болады, себебі, етті мал шаруашылығының класси-калық технологиясына сүйенсек, аталмыш кезең жауын -шашын-дардың жауғаны, ауа температурасының төмендеуіне және басқа
да қысқы уақыттың табиғи факторларының басталуымен сәйкес ке-леді. Бұзауларды енесінен айыру мерзімі көптеген факторлардан
әсер етеді: жас төлдің жалпы дамуы және жалпылай бұзаулау, жай-ылым шарттары, климаттық зона, шаруашылық жүргізуші субъекттің
азықтық базасынада байланысты.
Етті мал шаруашылығын жетілдірудің ең маңызды міндеті емізу
кезінде бұқашықтар мен қашарларды жеке өсіру. Бұл осы күнге дейін
бұзаудың енесінен айыру кезеңдегі малдың жасы мен салмағы тура-лы сұрақ бойынша пікір таластырылуымен байланысты. Әр авторлар
енесінен айыруды 5-6; 7-8; 10-12 айлықтарында жүргізуді ұсынады,
алайда, айыру кезінде малдың салмағы 160-тан 350 кг дейін және
одан жоғары болуы керек. Қолданылатын әр әдістің өзінің кемшілік-тері мен тиімділігі бар. Енесінен ерте айырған жағдайда (5-6 айлық)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz