Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары
Орындаған: Байдолдаева Б. Б
Топ: ПХ-315
Тексерген: Абдуллина Г. К
Семей-2015ж
Жоспар:
- Шизофренияның жалпы клиникалық-патопсихологиялық сипаттамасы
- Эпилепсияның жалпы клиникалық-патопсихологиялық сипаттамасы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Шизофрения - этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, наукас тұлғасының типті озгерістерімен әлеументтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру.
Шизофренияға тән сипат: әртүрлі мазмұндағы сандырақ идеялар, ойлаудың логикалық байланысының бұзылуы, эмоционалды бұзылу, эмоцияның адекватты емес болуы (өз-өзінен күлу, агрессия) Аурудың клиникалық картинасына байланысты шизофрения формалары гебефреникалық, паранойдты, катотоникалық болып бөлінеді.
Паранойдты форма - ауру әр жаста бастауы мүмкін. Жәй, үздіксіз, кезеңдермен аурудың асқынуы жүреді. Аурудың алғашқы этапында шындыққа ұқсас сандырақ ойлар, ойлауда стандартты емес ассоциация, патологиялық символизм болады.
Гебефреникалық форма- мұнда ең бірінші аурудың клиникалық картинасы эмоционалды бұзылудан басталады. Ауру жасөспірім шақта, ерте жастық шакта басталады. Ағымы әдеттегідей ұстама тәрізді және тез айқын психикалық дефектіге алып келеді. Осы гебефреникалық формаға тән сипат: көңіл-күй көтеріңкі, жүрісі өзгереді, қылықтары адекватты емес, сандырақ ой, пікірлері жан-жақты, эмоционалды мақауылқ, галлюцинациялы эпизод және абулия.
Катотоникалық форма - негізгі аурудың сипаты қимыл, еріктің бұзылуы. Ауру кез-келген шақта басталады. Ауру катотоникалық ступор мен мутизм арақылы дамиды. Сөздерді, қимылды қайталау, эхосимптомдар, негативизм болады. Тән сипаттар: эпизодты галлюцинация, сандырақ ой, эмоционалды адекватсыздық, ойлаудың жинақсыздығы, эмоционалды мақаулық, және абулия. Науқас қимылсыз, мелшиіп қалады, кейде керісінше қатты күледі немесе күйзеліп жылайды, мағынасыз сөйлейді. Маниакалді депрессивті психоз. Бұл - интермессиямен (психикалық бұзылулардың толық жоғалу жағдайы) бөлінген депрессиялық және маниакалық фазалар түрінде өтетін. Ауру көптеген рецидивтерге қарамастан интеллектуалдық және эмоционалдық сфералардың дефектілеріне және тұлғаның өзгеруіне әкелмейді.
Эпилепсия- орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатын, әртүрлі пароксизмалдық қалыптар мен тұлғаның жиі өзгеруімен сипатталатын хрооникалық түрде өтетін ауру. Қолайсыз өту барысында ауру эпилептикалық кемақылдылыққа әкеледі. Эпилепсия кезкелген жаста пайда болады, бірақ, көптеген жағдайда жастық шақта (20 жасқа дейін) . Эпилепсия - жиі кездесетін дерт (әртүрлі авторалардың айтуынша 1000 адамның ішінде 1 ден 5 адамда кездеседі) .
Эпилепсия бұл санада және көңіл күйде эпизодтық пайда болатын бұзылулар, пароксизмалдық бұзылулардың болуымен сипатталатын созылмалы ауру. Ауру көп жағдайда тұлғаның біртіндеп өзгеруіне және интеллектінің төмендеуіне әкеледі. Аурудың жеке сатыларында өткір және созылмалы психоздардың пайда болуы мүмкін.
Эпилепсия хроникалық нервті-психикалық ауру. Сана немесе көңіл-күйдің бұзылуының ұстама тәрізді және тұлғаның спецификалық өзгеруімен сипатталатын талма ауруы. Эпилепсия пайда болуының себептері: ген арқылы (тұқымқуалау) және симптоматикалық(бас мидың зақымдалу)
Эпилепсия мен бас миның органикалық зақымдануының клиникасына тән, балалық кезде сомнамбулизм түрінде көрініс береді. Эпилепсия - ұстама тәрізді сана мен көңіл-күйдің бұзылулары қайталанбалы, жүйкелік-психикалық ұзақ уақытқа созылған ауру, сіңірдің тырысуы немесе тырысуы тұлғаның спецификалық өзгеруімен ере жүреді. Бұл ауруға қалтырап-дірілдеп қалу тән. Сырқаттың білінуі де әрқалай. Мысалы, аурудың жедел ұстамасы ұстаған кезде адамның қол аяғының, денесінің еттері дірілдеп, тартылып қалады, есінен танады, дем алысы бұзылады, беті көгеріп, тілі жиырылып, жақтары қарысып қалады. Ұстама тек бірнеше минутқа созылуы мүмкін. Барлық аурулар сияқты эпилепсияның да әртүрлі ағымы, әртүрлі көрінісі болады. Ұстамасы сирек болғанымен ауру өте ауыр өтетін болса, онда адамның ой жүйесі (интеллектісі) төмендейді. Эпилептикалық аурудың пайда болу себептері әртүрлі; бала құрсақта жатқанда әр түрлі зиянды әсерлердің, туған кездегі жарақаттар, нәрестелік кездегі инфекция салдарынан пайда болуы мүмкін. Эпилептикалық ұстамалардың мінездемелеріне байланысты аурудың бір қатар түрлерін бөліп көрсеткен. Олар ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия, аз талмалы эпилепсия, диэнцефальді эпилепсия, пихомоторлы ұстамалы эпилепсия, психосенсорлы ұстамалы эпилепсия, психикалық эквивалентті эпилепсия.
- Ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия-Нейрондардың патологиялық қозуы алғаш өрістеуінде эпилептогенді ошақтың шегінен тыс әртүрлі психопатологиялық құбылыстармен бірге жүреді және ол- аура деп аталады. аураның мінездемесі мидағы эпилептогенді ошақтың шектен тыс шығармауына тәуелді, яғни патологиялық қозуға қай анализатор нейроны қатысатына байланысты.
- Аз талмалы эпилепсия-Аз талмалы эпилепсияның көп тараған түрі- абсанс. Бұндай ұстама көбіне 4-5 жасар балаларда кездеседі. Ол сананың қысқа уақытты және терең түнеруінде көрінеді, ауру құлап қалмайды, олао бір позада қатып қалады. Сонымен қатар беттері қызарады немесе ағарып кетеді, көздері бір нүктеге қарап қалады, көздері жыпылықтамайды.
- Диэнцефальді эпилепсия-Ол сананың бергі жағының бұзылуы түрінде көрінеді. Қалтырау, көп терлегіштік, құсу, тахикардия, ішектің дисфункциясы, кіші дәретке көп баруы, дене қызуы т. б. Ұстама ұзақтығы 10-15 минут, аптасына 1-2 рет болады.
1. Психомоторлы ұстамалы эпилепсия-Мұндай ауруға шалдыққандар жан-жағынан күдіктеніп, басын қолымен жауып, ұстамалы қатты күлу немесе жылау жүреді. Ұзақтығы 3-5 минут.
2. Психосенсорлы ұстамалы эпилепсия-Ол сананың онша терең емес қарауытуы фонында жүреді. Онда көлемнің үкендігін, мөлшерін және қоршаған ортадағы заттар мен өз дене мүшесінің қабылдауында бұзылулар болады. Ұстама ұзақтығы 2-3 минут. ОЛ ұйқы кезінде өршуі мүмкін. Ауру ұйқы кезінде бір сөздерді айытп немесе бөлмеде жүріп айналадағы заттар мен жиһаздарды жылжытып жүреді.
3. Психикалық эквивалентті эпилепсия-Бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылған ұстамалар және сананың қарауытқан кезіндегі қиын жүріс-тұрыс, галлюцинаторлы-сандырақты қосылулар немесе көңіл-күйдің дисфориялық бұзылулары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz