Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару негіздері


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған: Жанатов Е. М

Тексерген: Жумадилова Г. А

Тобы: ОП-413

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

  1. Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару негіздері
  2. Өнеркәсіптік теміржол көлігінің жұмыс технологиясы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару негіздері

Аралық, телімдік, сұрыптау станцияларының жұмысы

Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне

жол айырықтары мен озба бекеттерi де кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.

Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын

көлемде жүк және коммерциялық оталар (операциялар) жүргiзетiндерін

аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырады, қаламаңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады.

Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе

телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың

телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жолаушылар тасымалы

жөнiнен қызмет кӛрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан.

Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды

тексеру, локомотивтер мен бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес - олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды. Олардың арақашықтығы локомотивтер(тартым иiндерi) айналатын телiмдердiң ұзындығына, сондай-ақ жүк вагондарының техникалық күтудi қажет етпей өтетін қашықтығына байланысты.

Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай 6жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарында) орналасқан.

Телiмдік және сұрыптау станцияларында, негiзiнен алғанда, техникалық оталар атқарылатындықтан, бұлар техникалық станциялардеп аталады.

Жүк станцияларында келесідей оталар атқарылады: жүктердi

қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер кӛлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан кӛлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк отарын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк оталары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.

Атқаратын жұмысының кӛлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар

классыз, I, II, III, IV және V класс болып станциялар түріне бӛлiнедi.

Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау

арқылы анықтайды.

Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттар:

  • Теміржол станциялары туралы ереже;
  • Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА) ;
  • Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.

Өнеркәсіптік теміржол көлігінің жұмыс технологиясы

Елдің, қаланың ауданның материалдық-техникалық базасын салу

(құру) үшін өте көп капиталдар (қаражаттар) жұмсалынады. Басқарушылар осы капиталдарды пайдалы және үнемді түрде жұмсаулары керек. Ол үшін өнеркәсіптік теміржол торабында кәсіпорындары тиімді орналастыру керек.

Теміржол торабында өнеркәсіптік кәсіпорындарды тиімді

орналастыру және ауданды тиімді пайдалану - барлық өнеркәсіп

орындарын, теміржолдарды және басқа да осыған қатысты құрылыстарды бір жобалаушы институты жобалаған дұрыс. Жобалар өнеркәсіптердің типтік жобаларына сәйкес орындалуы тиіс.

Өнеркәсіптік теміржол торабының жобасында келесідей мәліметтер

болуы керек:

  • Өнеркәсіптік теміржол торабында орналасқан кәсіпорындарға қызмет
  • көрсету үшін, арнайы теміржол құрылыстары жобаланады.

Өнеркәсіп теміржол торабының құрылыстарына: кірме жолдар, станциямен байланыстыратын құрылыстар, әртүрлі арнайы станциялар, жалғастырушы жолдар, ішкі завод (өндіріс) жолдары т. б.

Өндіріс жолдары екіге бӛлінеді:

- өндіру өндіріс жолдары;

- өңдеу өндіріс жолдары.

Көлік тораптары мен теміржол көлігінің жұмысын ұйымдастыру

Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері

түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа жол

айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген және тораптағы барлық станциялар бірыңғай технология үрдісімен (БТҮ - ЕТП) жұмыс істейді.

Теміржол тораптары - теміржол тораптарының сұлбасына қарай,

құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық пішіндеріне

қарай келесідей түрлерге бөлінеді:

1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың

маңыздылығына байланысты екіге бөлінеді:

  • кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды;
  • әр бағыттағы транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау стансалары болуы мүмкін.

2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:

  • жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 . . . 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында) ;
  • жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 . . . 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында) ;
  • теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы;
  • үлкен қалалық торап (500 мыңнан кӛп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) .

3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар

екіге бөлінеді:

  • теміржол торабы;
  • өнеркәсіп торабы.

4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына

қарай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі жоғары жылдамдықты және жылдам темір жол желілері
22 нұсқа бойынша пойыздар қозғалысының графигі
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі
Жолаушы тасымалы
Жолаушыларды тасымалдау шарты
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Кәсіби білім – кемел келешектің кепілі
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz