Дала дақылдарының өніп - өсуінің агроклиматтық жағдайлары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Дала дақылдарының өніп - өсуінің агроклиматтық жағдайлары.
Орындаған: Садыкова Айжан
Топ: АГ-213
Тексерген: Сагандыков С. Н
Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе
Бидай туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім
2. 1. Күздік бидайдың өніп - өсуінің агроклиматтық жағдайлары.
2. 2. Ерте жаздық бидайдың өніп - өсуінің агроклиматтық жағдайлары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биіктігі 40 - 130 см, тамыр жүйесі - шашақты, тарамдалған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүлшоғыры - күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 - 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы - ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың (T. ae»tіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс аумағының негізгі бөлігін алып жатыр. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орт., Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі. Қатты бидайдың (T. durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 - 2 С жылылықта, 7 - 9 күнде көктеп шығады, 12 - 14 С жылылықта бітік шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай түптену және сабақтану кезеңінде, дәні толыға бастаған кезінде ылғалды көп мөлшерде қажет етеді әрі топырақтың құнарлылығын қалайды. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай көбінесе оңт. облыстарда өсіріледі. Әсіресе, қызғылт қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты.
Күздік бидай. Елімізде күздік бидай сатылымға арналған және астық ретінде қолданылады. Күздік бидайды себу Қатон - Қарағай, Глубокое, Зырян, Күршім, Шемонаиха аудандарының таулы - жасыл далалы, таулы - орманды зоналарында жыл сайын жылу мен ылғал қамтамасыз етілгенде және қыс айларында қолайлы жағдайды бақыланғанда себу негізделген.
Күздік өсіп - өніп кезеңінде топырақта ылғал жетіспеушілігі, қолайсыз жағдайлардың әсерінен өсімдіктердің жойылуы, егістіктердің жойылуы (топырақтың төмен температурасынан қардың аз болуынан) және ерте көктемде ауа температурасының күрт құбылуы күздік бидайдың өсіне кері әсерін тигізеді. Күздік бидай түсімі оның қыста қалай сақталғанына өсіп - өну уақытының тоқтау жағдайына, өз кезегінде, күздегі өсіп - өнудің агрометеорологиялық жағдайларына және егу мерзіміне байланысты болады. Өніп - өсу кезеңі тоқтағанда, өсімдікте 3 - 6 сабақтар шыға бастаса күздік бидай үшін оңтайлы уақыты болып саналады. Осы облыс жағдайына тамыз айының екінші жартысы қолайлы мерзім болып табылады.
Әдеби деректерге сүйенсек, күздік бидай егуге келетін оңтайлы қор болып 25 - 40 мм терең ылғалдылық саналады. Ылғал қорының жағдайы 10 - 20мм дейін төмендеп кетсе, егіс жағдайы нашарлайды.
Тұқымның өніп - өсуі және өркендерінің шығуы үшін 14 - 16 С оңтайлы. Егін егілгеннен кейін, 9 - 12 күнде өркендері шыға бастайды. Күз айы жылы, әрі ылғалды болса, күздік бидай 6 - 8 күнде өне бастайды, ал құрғақшылық кезінде өніп - өсуі 18 және одан көп күндерге созылады. Егін еккен күннен бастап санағанда 200 - 300 С температура күздік бидай дамуы үшін қолайлы болып табылады.
Бидайдың төмен температураға шыдамдылығы оның жағдайына, даму фазаларына, қалыптасу деңгейіне байланысты. Оңтайлы мерзімде себілген күздік бидайлар қыс мерзімінде шыдамды болып келеді, себебі олар дұрыс бұтақтанады, 3 - 6 өркендері болады және екінші тамыр жүйесі жақсы дамыған. Өсіп - өнуінің үшінші фазасында бидай нашар өсіп шығады.
Күздік бидайдың қыстан өсіп шығуы тек даму фазаларына ғана байланысты емес, сонымен бірге қысқа шыдамдылығына байланысты. Қыс мерзімінде өсіп шығуы екі фазадан өтеді: бірінші фаза 5 С температурада өтеді. Бірінші кезеңде температурамен қатар жарықтың да маңызы зор. Төмен температуралы ашық ауа райы жақсы қалыптасуына септігін тигізеді. Осы кезеңде крахмалдың қантқа айналу процесі жүреді, ол жақсы қорғаныш болып табылады. Бұл фаза жүріп өткеннен кейін өсімдіктер қолайсыз 12 - 13 С температураны қабылдай алады. Екінші фаза аязды ауа райының орташа 2 - 5 С температурасында жүреді. Бұл кезеңде жарық маңызы болмайды. Екінші фаза аяқталғанда өсімдіктер біршама төзімді болады және олар 20 - 23 С және одан төмен температураға шыдай алады.
Бидай уақытылы себілген жағдайда дұрыс бейімделіп өсе алады, осы кезде бойына қанттар мен минералды заттарды бойына жақсы сіңіре алады. Кеш егілген күздік бидай тоқтаамай өсе береді, жиналған қанттар мен минералды заттар жаңа жасушалардың пайда болуына жұмсалады. Аязға төзімді күздік бидайлар тұрақты болып қалмайды, ол қыс кезінде өзгеріп отырады. Қорғаныш заттарының (қанттар мен минералды заттар) жұмсалу нәтижесінде күздік бидай төменгі температурада тыныс алуға бейімді болып келеді. Ерте көктемде күздік бидайдың аязға бейімділігі 8 - 10С температураға дейін төмендейді. Бұтақтанған, бұтақтанбаған және өсіп келе жатқан өнімнің аязға төзімділігі өте жақсы өсімдіктермен салыстырғанда 2 -3 С температураға төмендейді.
Күздік бидайдың қыстауы агроклиматтық жағдайы жер бетіндегі қардың қалыңдығына, топырақ пен ауаның температурасына тәуелді. Жер бетіндегі қардың қалыңдығы үсіп кетпеу үшін жақсы қорғаныш болып табылады. Қардың тұрақтылығы қараша айының бірінші онкүндігінде қалыптасады. Күздік бидайды 100 % жауып тұруы үшін қардың орташа қалыңдығын қажет етеді. Күздік бидай жақсы бейімделуі үшін ауаның абсолюттік ең төмен температурасы 45 С, қардың егістіктегі биіктігі 21 - 30см, ал нашар бейімделген жағдайда 31 - 50см болуы керек.
Қыстың алғашқы жартысында қардың орташа түскен кезінде, суық болған жағдайда және топырақтың төменгі температурасы кезінде күздік бидай зақымдалады.
Қар жұмсақ және қалың түскенде және топырақтың температурасы 0 С дейін төмендеп, топырақ қатып қалған жағдайда күздік бидай шіри бастайды. Мұндай жағдайда шіріп кетуге қарсы сұрыптарды таңдап алу қажет.
Ерте көктемде күндіз (5 С жоғары) және түнде (-9 С төмен) жағдайда да күздік бидайдың зақымдалуы мүмкін. Сонымен қатар қар ерте кетіп, ауа райының тұрақсыз жағдайында да зақымдалуы мүмкін. Күздік бидайдың өніп - өсуі сәуір айының үшінші онкүндігінде облыстың шығыс және таулы аймақтарында көктемгі жаңару байқалады. Ол орташа тәуліктік температураның 5 С - ға ауысуына тең келеді. Көктемгі ауа - райының жағдайларына байланысты күздік бидай кейбір жылдары онкүнге ерте немесе онкүнге кеш өсуі мүмкін. Оңтайлы температура болған кезде күздік бидайдың тамыры ылғалды ең тереңінен алып, тамыр жүйесін жақсы жетілдіре алады. Алғашқы өсіп - өсу кезінде топырақтағы ылғал қорлары орташа есеппен 140 - 190 мм құрайды.
Ылғал қорларының және жылудың жеткілікті жағдайында күздік бидай сабақтарын жая бастайды. Тек мамыр айының екінші онкүндігінің соңына, үшінші онкүндіктің басына қарай түтікшелері шыға бастайды. Шыққан уақытқа қарай өніп - өсудің мерзімі көктем мен қыс айының ауа - райы жағдайына байланысты. Ерте көктемде құрғақшылық жиі әсер етеді.
Күздік бидайда түтікшесі пайда болғаннан кейін 20 - 25 күнде дән шыға бастайды, яғни маусымның бірінші - екінші онкүндігінде, шілде айының үшінші онкүндігінде гүлдеу байқалады. Агрометеорологиялық климаттық жағдайға байланысты күздік бидайдың өніп - өсуі тұрақты болмауы мүмкін.
Күздік бидайдың түтікшеден шығып гүлдеуіне дейінгі мерзімінде басқа да қосымша мүшелері, яғни сабағы, гүлі шығып, ылғал қорын көбірек қажет етеді. Өсіп өну кезінде 100 - 125мм дейінгі ылғал оңтайлы қорлар болып табылады. Егер ылғал қоры 80 мм қамти алмаса, гүлдері бос болуы мүмкін.
Сүттену кезеңі 15 - 20 күнге созылады. Орташа сүттену кезеңі алғашқы онкүндіктің соңында басталады. Гүлдеп кеткеннен кейін күздік бидайдың ылғалы азаяды, ол бидай дәні массасының абсолюттік төмендігіне әкеп соқтырады.
Күздік бидай шілде айының үшінші онкүндігінде өсіп жетіледі. Ыстық құрғақ ауа райы оның өсіп - өнуін жеделдетеді. Күздік бидайдың толығымен пісіп - жетілуі, өнімді жинап алуға дайын екендігін білдіреді. Тамыз айының бірінші онкүндігінде күздік бидайды жинау басталады. Жинау жұмыстарын жүргізу үшін көбінесе тамыз айының басы қолайлы болып келеді. Орташа есеппен бақылағанда алғашқы онкүндіктегі 6 - 8 күн тиімді мерзім болып табылады.
Ерте жаздық бидай. Жергілікті жердегі өсірілетін бидай арасында жаздық бидай, арпа және сұлы негізгі болып есептеледі. Олардың ішінде жаздық бидай маңызды орын алады. Жаздық бидай мен сұлының пісіп жетілу уақытының ұзақтығы ауа райының жағдайларына және сорттардың ерекшелігіне байланысты. Орташа пісіп жетілу жаздық бидайда 115 күнге, арпада 85 - 95 күнге тең.
Жаздық бидай және арпаның орташа пісіп жетілуі аудандардың агроклиматтық жағдайлары оларға қолайлы болған жағдайда олардың барлық түрлері қамтамасыз етіледі. Жаздық бидайдың өсіп - жетілуі барлық мерзімінде үздіксіз және жеткілікті ылғал болған жағдайда түсімі көп мөлшерде болуы мүмкін. Солтүстік - шығыс аймақтарда және таулы аймақтарда ерте жаздық бидайдың пісіп - жетілу мерзіміндегі ылғалдылығы 80 - 100%-ды құрайды. Оңтүстік - батыс аймақтарына қарай ылғалмен қамтамасыз етілу төмендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz