Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты туралы



 Кіріспе
 Негізгі бөлім
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.
Экономикалық жүйелер – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы.
А.Б.Темірбеков «Экономикалық теория». Алматы,2008 жыл - 53-56беттер.
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.

Орындаған : Жансолтанова А.А.
Тобы : ВС -403.
Тексерген : Қуантқан Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.
Экономикалық жүйелер - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ, ДАМУ СИПАТЫ.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйе - үйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгейтүрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады :
* мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
* адами капитал (халықтың білімі, денсаулық деңгейі, т.б.);
* елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
* өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
* әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
* табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
* технологиялық аяның жай-күйі;
* ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
* қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады.
Экономикалық жүйелер - экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:
Ашықтылық дәрежесі бойынша:
Жабық экономикалық жүйе - бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.
Ашық экономикалық жүйе - бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
Меншік қатынастары бойынша:
Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе - орталықтанды-рылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
Нарықтық экономикалық жүйе - жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестіккке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
- кәсіпкерліктің еркіндігі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Сапаны басқару жүйесі жайлы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе, мәні, элементтері
Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты жайлы
Пәндер