Алғашқы жәрдем және диагностика



1. Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
2. Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
3. Күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Бассүйек, ми жабық жарақаты − бассүйек пен мидың, бастағы жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылмай жəне/немесе бассүйектің апоневрозы созылмай болған зақымдануы;
Ашық БМЖ – бастың жұмсақ тіні жəне бассүйектің апоневроз (шандыр) дулығасының бүтіндігі бұзылуы жатады, ол сынық аймағына сəйкес келеді. Ми жарақатының өтпелі зақымдануына бассүйектердің сынуы жəне мидың қатты қабығының зақымдануы жатады.
БМЖ науқас жағдайының ауырлығы − жарақаттанушы ақыл-есінің тежелу деңгейіне қарай, неврологиялық симтомдардың айқындылығына, басқа ағзалардың зақымдануы болуы немесе болмауына қарай бағаланады. Команы Глазго шкаласы бойынша бағалау əдісі кең тараған. Жарақаттанушының жағдайын 12-24 сағ. кейін 3 параметр бойынша науқаспен алғашқы кездесуде бағалайды: көздерін ашуы, сыртқы тітіркендірулерге реакциясы, сұраққа жауап беруі, қозғалу реакциясы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы

Орындаған: Құрманғажы Е.М.
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л. С.

Семей-2015
Жоспар:
1. Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
2. Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
3. Күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы

Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы

Бассүйек, ми жабық жарақаты − бассүйек пен мидың, бастағы жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылмай жəненемесе бассүйектің апоневрозы созылмай болған зақымдануы;
Ашық БМЖ - бастың жұмсақ тіні жəне бассүйектің апоневроз (шандыр) дулығасының бүтіндігі бұзылуы жатады, ол сынық аймағына сəйкес келеді. Ми жарақатының өтпелі зақымдануына бассүйектердің сынуы жəне мидың қатты қабығының зақымдануы жатады.
БМЖ науқас жағдайының ауырлығы − жарақаттанушы ақыл-есінің тежелу деңгейіне қарай, неврологиялық симтомдардың айқындылығына, басқа ағзалардың зақымдануы болуы немесе болмауына қарай бағаланады. Команы Глазго шкаласы бойынша бағалау əдісі кең тараған. Жарақаттанушының жағдайын 12-24 сағ. кейін 3 параметр бойынша науқаспен алғашқы кездесуде бағалайды: көздерін ашуы, сыртқы тітіркендірулерге реакциясы, сұраққа жауап беруі, қозғалу реакциясы.
БМЖ-да ақыл-ес ауытқуын анықтау, оның тежелу дəрежесіне дұрыс баға беру арқылы жүргізіледі жəне келесі деңгейлер бойынша баға беріледі:
- анық;
- аздаған есеңгіреу;
- ауыр есеңгіреу;
- сопор;
- орташа кома;
- терең кома;
- шектен шыққан ауыр кома.
Жеңіл ЖБМЖ мидың жеңіл дəрежеліе шайқалуы жəне мидың жеңіл дəрежелі соғылуы.
Орташа ЖБМЖ − мидың орташа дəрежелі соғылуы.
Ауыр ЖБМЖ − ми жаншылуының барлық түрі жəне мидың ауыр дəрежелі соғылуы.
БМЖ алған науқастардың ахуалы 5 градацияға бөлінеді.
- қанағаттанарлық ахуал (жағдай);
- орташа ауырлықтағы ахуал (жағдай);
- ауыр ахуал (жағдай);
- аса ауыр ахуал (жағдай);
- терминальды (ақтық) ахуал (жағдай).
Мидың шайқалуы - ауыр емес жарақаттаушы күштің түсуінен болатын жағдай. БМЖ жарақаттаушларының 70%- да кездеседі. Ми шайқалғанда естен тану болмайды немесе жарақаттан кейін аз уақытқа 1-2 минуттан 10-15 мин. естен танумен сипатталады. Науқастар басы ауыратынын, айнатынын, жүрек айнитынын, құсатынын, көзін қозғалтқанда ауырсынатынын, əл-дəрмені жоқтығын айтып шағымданады.

Сіңір рефлексінің жеңіл ассимитриясы болуы мүмкін. Қысқа мерзімді ретроградтық амнезия. Антероградттық амнезия болмайды. Ми шайқалуына көрсетілген көріністер ми функциональдық зақымдануымен шақырылады жəне 5-8 күннен кейін өтеді. Диагнозды қою үшін берілген барлық симптомдардың болуы аса қажет емес. Мидың шайқалуы бірдей форма болып табылады жəне ауырлық дəрежеге бөлінбейді.
Мидың соғылуы - бұл зақымдану ми затының макроструктуралық деструкциясы түрінде жиі гемморагиялық компонентпен жарақат күшінің тиген кезінде боледы. Клиникалық ағымыны қарай жəне ми тінінің зақымдануының айқындығына қарай соғылу жеңіл, ауыр, жəне ауыр дəрежеге бөлінеді.
Ми соғылуының жеңіл дəрежесі (10-15% жарақаттанушы). Жарақаттан кейін бірнеше минуттан 40 минутқа дейін естен тану. Көбінде 30 мин. дейінгі уақытта ретроградтық амнезия көрінеді. Егер антероградтық амнезия пайда болса, онда ол ұзақ емес. Ес қалпына келгенде жарақаттанушы бас ауруына, жүрек айнуына, құсу, бас айналуына, назардың əлсізденуіне шағымданады.
Нистагм, анизорефлексия, кейде жеңіл гемипарез көрінуі мүмкін. Кейде патологиялық рефлекстердің көрінуі болады. Субарахноидальдық қан құйылу əсерінен айқын емес менингеальдық синдром көрінеді. Бради жəне тахикардия көрінуі мүмкін. АҚ 10-15 мм.с.б. транзиторлық көтерілуі. Симптоматика одан сайын дамиды жарақаттан кейін 1-3 аптада.
Ми соғылуының орта ауырлықты дəрежесі.
Естің тануы бірнеше ондықтан 2-4 сағ. созылады. Беткей немесе терең есеңгіреуге дейін естің тежелуі бірнеше сағат немесе тəүлік сақталуы мүмкін. Айқын бас ауыруы, жиі қайталамалы құсу. Горизонтальдық нистагм, жарыққа қарашық реакциясының төмендеуі, кейде аса айқындалмаған гемипарез, жəне патологиялық рефлекстер. Сезімталдықтың бұзылуы мүмкін, сөйлеу бұзылыстары болуы мүмкін. Менингиальді синдром сəл айқындалған, ал ликворлы қысым сəл көтерілген (Ликвореясы бар науқастардан бөлек). Тахи немесе брадикардия көрінеді. Тыныстың сəл тахипноэ күйде бұзылысы,ритм қалыпты аппарат коррекциясын керек етпейді. Температурасы субфебрильді бірінші тəүлікте психомоторлық қозу, кейде тырысу ұстамалары болуы мүмкін. Ретро немесе антероградты амнезия көрінеді.
Ми соғылуының ауыр дəрежесі.
Естен тану бірнеше сағаттан бірнеше тəулікке дейін болады (жарты науқастарда апалдық синдром жəне акинетикалық мутизмге ауысады). Естің сопор немесе комаға дейін тануы. Айқын психомоторлық қозу атонияға дейін ауысуы көрінеді.
Бағаналы симптомдары айқын көз алмасының балқымалы қозғалысы, вертикальдық осі бойынша көз алмасының ара қашықтығының əртүлілігі, анизокория. Қарашықтың жарыққа реакциясы жəне қасаң қабық рефлекстері жоғалған. Жұтыну бұзылған. Кейде ауру қоздырғыштарына горметания қосылады немесе спонтанды.
Екі жақтылық табан патологиялық рефлекстері бұлшық ет тонусының өзгерістері көрінеді - гемипарез, анизорефлексия, діріл ұстамалары болуы мүмкін. Орталық немесе шеткі тип бойынша тыныстың бұзылысы (тахи немесе брадипноэ). АҚ жоғары немесе төмен, ал атониялық кома жағдайында тұрақты емес жəне бірқалыпты дəрілердің көмегін қажет етеді. Менингиальді синдромы айқын.
Мидың соғылуының арнайы сатысына - мидың диффуздық аксональдық зақымдануы жатады. Оның клиникалық көріністерінде ми бағанасының қызметінің айқын бұзылысы жатады - есінің терең комаға дейін түсуі, витальдық қызметінің айқын бұзылысы, ол аппараттың, жəне медикаментоздық коррекцияны қажет етеді. Мидың диффуздық аксональдық зақымдануында өлім көрсеткіші 80-90 % жоғары. Ал тірі қалғандарда аппаликалық синдром туады. Диффуздық аксональдық зақымданулар бас сүйек ішілік гематомалар түзілуін шақыртады.
Мидың өсетін жəне өспейтін қысылуы - бас ішілік қуыста көлемдік түзілістердің азаюынан болады. БМЖ кезінде өспейтін қысылу өсетінге қысылуға айналып мидың айқын компрессиясына жəне дислокациясына алып келеді. Өспейтін қысылуларға бас мүшесінің сынықтары мен қысылуы басылған сынықтарда, миға басқа шектен тыс денелермен қысқанда болады. Бұл кезде қысылған ми түзілістері көлемі бойынша үлкеймейді.
Мидың қысылуының генезінде атқарушы рольді екіншілік бас сүйек ішілік механизмдер айқындалды. Өспелі қысылуларға барлық басішілік гематомалар мен ми соғылулар жатады жəне масса эффектпен шақырылады.
Бассүйек ішілік гематомалар:
1. Эпидуральдық.
2. Субдуральдық.
3. Миішілік.
4. Қарыншаішілік
5. Көптеген қабық аралық гематомалар.
6. Субдурульдық гидромалар.
Диагностикалық критерилері
Бастың тері жабындыларында көрінетін зақымдануының болуына назар аударады.
Периорбитальдық гематома (көзілдірік симптомы, енот көздері) - алдыңғы бассүйек шұңқырының түбінің сынығын білдіреді.
Емізік тəрізді өсіндінің айналасындағы гематома (Баттл симптомы).
Самай сүйегінің пирамадасының сынығымен көрінеді.
Гемотимпанум немесе құлақ жаңғырығының жарылуы - бас сүйегінің негізінің сынығына сəйкес келеді.
Мұрын немесе құлақты ликворея бас сүйектің негізінің сынығының жəне өтпелі БМЖ - ны сəйкестендіреді. Бас сүйегінің перкуссиясы кезіндегі шатынаған ыдыс дыбысы бас сүйек байланысындағы сүйек сынығындада кездеседі.
Коньюктиваның ісінуімен жүретін экзофтальм, каротидті - кавернозды қосылулардың немесе түзілген ретробульбарлы гематомалардың құрылуларына бағыт береді. Шүйде-мойын аймағындағы жұмсақ тіндердің гематомасы тунде сүйегінің сынуы мен жəне маңдайдың базальді бөлімдері мен полюстері, самай бөлігінің полюстері сынығымен жүруі мүмкін.
Міндетті түрде естің деңгейін бағалау, миненгиальді симптомның көрінуі, қарашықтың жарыққа реакциясы, бас сүйек жүйкесінің қызметі жəне қозғалу қызметі, неврологиялық симптомдар, бас сүйекішілік қысымның, ми дислокациясы жедел ликворлық эклюзияның түзілуі.

Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы

Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.
Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей - таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.
Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін суық (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.
Басты зақымдау
Құлау, бірнәрсеге соғу кезінде бас сүйектің сынуы (оның белгілері: құлақтан және ауыздан қан кету, ессіз болу) немесе мидың шайқалуы (белгілері: бастың ауруы, жүрек айну, құсу, есін жоғалту) мүмкін.
Мұндай кезде көрсетілетін алғашқы көмектің түрлері болып: зардап шегушіні арқасына жатқызу, басына (жарақат алған кезде - стерилденген) қатты таңғыш тағу және суық басу, дәрігер келгенге дейін тыныштықты қамтамасыз ету табылады.
Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның басын сол жаққа бұру керек. Сондай-ақ, тілдің артқа кетуіне байланысты тұншығуы мүмкін. Бұл жағдайда зардап шегушінің астыңғы жағын алдыға қарай тарту қажет және оны осы қалыпта қолдан дем алдырған кездегідей ұстап тұрады.
Омыртқаның зақымдануы
Оның белгілері: омыртқаның қатты ауруы, еңкеюге және бұрылуға мүмкіндіктің болмауы. Көрсетілетін алғашқы көмек: абайлап, зардап шеккенді орнынан көтермей, оның арқасына жалпақ тақтайды, алынған есікті салып немесе зардап шегушінің денесін бетімен жерге қаратып, ауысу кезінде жұлынның зақымдануын болдырмау үшін оның денесінің иілмеуін қадағалайды. Сондай-ақ оны тақтай үстіне салып немесе бетімен жерге қаратып тасымалдайды.
Жамбас сүйектердің сынуы
Оның белгілері: жамбасты ұстаған кезде ауырғанды сезіну, шабының, құйымшақ сүйек жанының ауруы, аяқты түзу көтере алмау. Көрсетілетін көмектің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Жіті уланулар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы
Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Пәндер