Макроэкономика туралы ақпарат



1) Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
2) Инвестициялар және мемлекеттік инвестициялар саясаты
3) Инфляция және мемлекеттік инфляцияға қарсы саясат
4) ҚР экономикалық өсуі
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы,жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономистДж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1].
1. Әкімбеков С.Ә.,Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана, 2002.

2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы, 2004.

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2002.

4. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең-жаңа экономика. Егеменді Қазақстан.

6. Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. Егеменді Қазақстан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Орындаған:Аханов С М.
Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Жоспар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
2) Инвестициялар және мемлекеттік инвестициялар саясаты
3) Инфляция және мемлекеттік инфляцияға қарсы саясат
4) ҚР экономикалық өсуі
Макроэкономика (грекше μακρός -- ұзын, үлкен, οἶκος -- үй және Nόμος -- заң) -- экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін -- жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы,жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді "макроэкономикалық теория" деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономистДж.М. Кейнстің (1883 -- 1946) есімімен, оның "Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы" (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 -- 1978), Дж.Хикс (1904 -- 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 -- 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі -- [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезіндежалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру -- қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;
Жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 -- 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.
Еліміз қазіргі кезде үдемелі индустриалдық - инновациялық дамуға ерекше назар аударып отыр. Осыған байланысты қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырып қана қоймай мемлекеттің ұстанымының да әлсіреуіне жол бермеу қажет. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында: Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз, - деп атап көрсеткен болатын. Бұл елімізге инвестиция тарту мәселесінде мемлекеттің рөлі жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан да бұл мәселеге белгілі бір шамада мемлекеттің араласуы қажет.
Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу дегеніміз макроэкономикалық тұрақтылықтың мақсатына сәйкес инвестициялық нарықтың қатысушыларына мемлекеттік мақсатқа бағытталған және біркелкі тікелей және қосалқы әсер ететін формалары мен әдістерді қолдану.
Қазіргі заманның мемлекеттік реттеу құралы ретінде ғылыми-техникалық бағыттағы ұлттық экономиканың өсуіне қолайлы жағдай жасауға негізделген экономиканы модернизациялаудың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалары мен индикативті жоспарлау жүйесі қарастырылады. Әлемдік тәжірибе, индикативті жоспарлар мемлекеттік макро реттеудің тиімді әдістерінің бірі екенін дәлелдейді.
Индикативті жоспарлау дегеніміз болжам, бірақ ол әкімшіл-әміршіл сипатқа ие емес. Ең алдымен, инвестициялық процесті мемлекеттік реттеудің бұл механизмі жеке және мемлекеттік секторлардың мүдделерінің өзара сәйкестілігін сипаттайтын экономиканың ішкі және сыртқы себептермен анықталатын міндетті тапсырмалар мен бағдарламалар саны.
Индикативті жоспарлау ақша-несие реттеу механизмімен тығыз байланысты, ол ынталандырушы немесе шектеу шаралары арқылы мемлекеттің экономикаға араласуымен сипатталады, сондай-ақ инвестициялардың жағдайы мен бағыттарын, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды анықтауда экономикалық және әкімшіл әдістерді экономикалық пайдаланумен сипатталады.
Мемлекет инновациялық-кәсіпкерлік қызметті ынталандырушы жаңа технологияларға инвестицияларды қолдайтын даму институттарын ұйымдастырады. Мемлекеттің экономикаға араласуы кәсіпкерлік белсенділікке кедергі жасамайды, ол нарықтық бәсеке негізінде ғылыми технологияларды кеңінен игерумен байланысты экономикалық өсу мен жеке инвестициялық белсенділікке жағдайлар жасайды. Мемлекет өндірісті жаңартудың перспективті бағыттарына ресурстарды орталықтандыруға, қатаң бәсеке жағдайында әлемдік және ішкі нарықтарда жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарды құруға көмектеседі.
Инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы осы және тағы басқа әдістердің көмегімен мемлекет инвестицияның тиімділігі мен іске асыру механизмін қамтамасыз ететін орталық болып табылады. Сонымен, мемлекеттің инвестициялық ортадағы экономикалық рөлі оның басқарушы әрекеті арқылы жүзеге асырылады: қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға капитал салымдарының құрылымы мен көлемін болжамдау; индикативті жоспарлау; бюджетті қаржыландыру жүйесі арқылы ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу; елдің халықаралық экономикалық қатынастарға қатысуын қамтамасыз ету және т.б..
Мемлекет белгілі экономикалық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру жолымен, нормативті-құқықтық актілер және оған сәйкес заңдылықтарды шығару мен реттеу арқылы экономиканы реттеу процестерін орындау үшін ел экономикасы мен инвестициялық әрекетке экономикалық (қосалқы) та, әкімшілік (тікелей) те әдістерді пайдаланады.
Нарық экономикасы дамыған мемлекеттердің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, экономиканы реформалау және дағдарыс жағдайында мемлекеттің рөлі арта түседі, ал экономиканың жандану және тұрақтандыру жағдайында - төмендейді, бірақ ешқашан тоқтамайды. Қандай жағдайда болсын бір қағиданы есепке алып отыру керек: мемлекет кәсіпкерлік, инвестициялық және жалпы ел экономикасын дағдарыс құбылыстарын болдырмай, нарық негіздерін бұзбай әсер ету керек.
Инвестицияларды мемлекеттік реттеу белгілі бірлестікке ұйымдастырылған әр түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асырылу керек, яғни елдегі жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мемлекеттегі инвестициялық процестерді реттеу қалай жүзеге асырылу керек және осы процестерді республика халқының қажеттіліктеріне сәйкес қалай бағыттау қажет деген мәселелерді шешетін механизм болу керек.
Жалпы алғанда, біздің ойымызша, инвестициялық процестерді мемлекет реттеу механизмі құрамдас компаненттердің белгілі санынан тұратын күрделі көп деңгейлі жүйе ретінде қарастырылады. Жүйенің ішкі аяқталу және қолдану жағынан мақсатты тапсырмаларға сәйкес республика және оның аймақтарында орын алған инвестициялық процестерге нақты әдістер, құралдар, формалар, байланыстар мен қатынастар (горизонталды және вертикальды, тікелей және кері, негізгі және қосалқы, аралық және соңғы, жалпы және локальды) жиынтығы әсер етеді (1-сурет).
Сондықтан, инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу мемлекетті макроэкономикалық тұрақтылықты қамту мақсатында инвестициялық нарыққа қатысушыларға тікелей және жанама әсер ету формалары мен әдістерін мақсатты пайдалану үрдісі деп есептеуге болады.
Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірічінің көлемі ұқсас емес бағыты жылжып отырады.
Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляцияның шапшаңдауы теориясы бойынша, жылдан жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда -- жанама түрде баға рқылы реттеледі.
Әдетте бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі бір уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап тұру туралы аң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дикриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.
Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арсында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша кісіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен- барынша көп пайда табу бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарлату пайдалы тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып- түю дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілдік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге кші де, құралдары да жеткілікті деп сеңсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге мүмкіндік береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің - бар болуын өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.
ХХ ғ. 60 жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, ерілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті.
Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Қаржы нарығы: арбитраж және нарық тиімділігі
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері
Макроэкономика негіздері
Жұмыссыздық проблемасы туралы
Жалпы жұмыссыздық
Макроэкономикаға кіріспе.Макроэкономиканың пәні және әдістемесі
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
Пәндер