Ірі қара малдарының қоңдылық дәрежесі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ірі қара малдарының қоңдылық дәрежесі

Орындағын: Тулеубава А

Тексерген: Қорабаев Ж. З

Семей, 2015жыл.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ірі қара малдың жынысы мен жасына қарай бөлінуі
  2. Қоңдылығына қарай бөлінуі
  3. Бұқаның қоңдылық дәрежесі
  4. Сиырдың қоңдылық дәрежесі
  5. Бұзаудың қоңдылық дәрежесі
  1. Қорытынды

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы дамыған мемлекеттердің қатарында десек, артық болмас. Елімізде көптеген өнеркәсіп орындары, көптеген шаруашылық түрлері бар. Солардың ішіндегі шаруашылықтың негізгі түрлерінің бірі- мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының көптеген түрлері бар және бәрі де біз үшін, еліміз үшін өте маңызды. Солардың ішінде бізге өте пайдалыларының бірі-ірі қара малы болып табылады. Біз оның сүтін, етін және тірісін пайдаланамыз. Жақсы өнім алу үшін біріншіден мал қоңды болу керек, біз оған көп мән береміз. Ал мал қоңды болу үшін, оған арнайы жақсы күтім қажет деп ойлаймын. Тек қана күтім емес, сонымен қатар оған міндетті түрде әр кез сайын жақсылап көңіл бөлу қажет.

Мал шаруашылығы өз алдына көптеген қажеттіліктерді талап етеді. Себебі мал шаруашылығымен жұмыс істеу оңай жұмыс емес екендігі бәрімізге де аяң. Шаруашылықты биік дәрежеге көтеру үшін көп күш жұмсау қажет деп есептеймін. Ал егер мал шаруашылғы жоғары дәрежеге көтерілер болса, онда еліміздің халық жағдайы да жақсы болады деп сенемін. Сондықтан да ең алдымен осы жануарлардың қоңдылық дәрежесінен бастап айтып кетсем деймін.

Ірі қара малдарының қоңдылық дәрежесі

Ірі қара малды жынысы мен жасына қарай 4 топқа бөледі:

  1. Сақа мал - жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірілей салмағы 350 кг кем бір рет бұзаулаған сиыр.
  2. Бір тума сиыр - жасы 3 ке толмаған салмағы 350 кг артық бір рет бұзаулаған сиыр.
  3. Жас мал - жасы 3 айдан 3 жылға дейінгі тана-торпақ, өгізше, бұқашық.
  4. Бұзау - жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.

Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың 2 категориясын ажыратады.

Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төмендегі көрсеткіштер бойынша жатқызады. Етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.

Екінші дәрежелі қоңдылық - еттің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде қуысы пішіні қабысыңқы, жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақтың басы шығыңқы, тері астындағы май арқада, құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылға, май байқалмайды.

Бұқаның бірінші дәрежелі қоңдылығы төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы тиіс. Кеуделік жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры жалпақ, қаңқа сүйектелі байқалмайды, сан, жауырын еттері толық.

Екінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі қушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және суырыжалпақ емес, саны, жауырыны тартыңқы.

Бір тума сиырдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры және сан еттері толық, омыртқаның жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы байқалады, құйрық түбін май басқан.

Екінші дәрежелі қоңдылығы - малдың кеудесі толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы щығыңқы, тері астында май байқалмайды. Сүйегінің басы, құйымшақ сүйегі, қабырғалары байқалмайды, денесі жұмыр.

Сойысқа арналған жас мал салмағына байланысты 4 класқа бөлінеді: таңдаулы, бірінші, екінші, үшінші. Таңдаулы класқа тірілей салмағы 450 кг-нан артық, біріншіге 400-450 кг-ға дейін, екіншіге 350-400 кг, үшіншіге 300-350 кг болатын малды жатқызады. Сонымен қатар таңдаулы класқа жасы 2 жылға дейінгі салмағы 420 кг артық мал жатқызылады. Таңдаулы, бірінші және екінші кластағы малды бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызады, ал үшінші кластағы малдың қоңдылығының бірінші және екінші дәрежесән ажыратады.

Бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, құйрық түбінде май байқалады.

Екінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі аса жұмыр емес, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, құйрық түбінде май байқалмайды.

Бұзаудың қоңы төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады:

Бірінші дәрежелі қоңдылығы - тірілей салмағы 30 кг кем емес сүт еметін бұзау, қанағаттанарлық еті бар, жота мен бел омыртқаларының өсінділері қолмен басқанда азхдап білінеді, жүні жұмсақ және жылтыр, қызылиектің, ерін мен таңдайдың шырышты қабықтары ақ түсті, аздап қызыл реңді немесесары реңді болады, көздің дәнекер қабығының түсі ақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа қоңдылығы
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Сиыр етінің техникалық шарттары
Қой шаруашылығының практикумы
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы
Малдың ұшасын тексеру
Барлық ірі қара мал
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Қой қоңдылығын анықтау
Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің технологиясын дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz