Отбасы кіші әлеуметтік топ



Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Отбасы кіші әлеуметтік топ
2.2. Отбасындағы келеңсіз жағдайларды тудыратын негізгі факторлар
2.3. Ажырасу, ішімдік, алкоголизмнің бала дамуына тигізетін кері әсері

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы- бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ ( яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады.
Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы- неке және балалардың денаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауакершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендігідей жалпы белгілері болады.
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысты белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе тендікті сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт ретінде-оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларға зерттелінеді.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды.
Ерлі- зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету,ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ричард Гарднер « Психотерапия детских проблем» С-П,2002
2. Э.Г. Эйдемиллер, В.В. Юстицкий «Семейная психотерапия» , Л.,1989
3. Ю.Е. Алешина « Семейное и индивидуальное психологическое консультирования» М.,1994
4. В.А.Сысенко « Супрежеские конфликты, С-П, 1989
5. Бодалева А.А, Столина В.В. « Семья в психологической консультации» М,1989
6. Василюк Ф. Е. « Психология переживания» Москва,1984
7. Абулханова- Словская К.А. « Стратегия жизни» Мысль,1991
8. И.М. Никольская, Р.М. Грановская « Психологическая защита у детей» С-П,2001
9. И.Б. Дерманова «Диогностика эмоционально-нравственного развития, С-П,2002
10. «Психологические тесты» под ред. А.А.Карелина, М.,2001
11. « Практическая психология в тестах, или как научиться понимать себя и других», сост. Р. Римская, С. Римский , М., 2000

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Отбасы кіші әлеуметтік топ
2.2. Отбасындағы келеңсіз жағдайларды тудыратын негізгі факторлар
2.3. Ажырасу, ішімдік, алкоголизмнің бала дамуына тигізетін кері әсері
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Отбасы- бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа
және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын
қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы,
өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін
адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр
санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ ( яғни, отбасы) қоғамның биологиялық
жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың
санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-
ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады.
Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен
байланысты болады. Қазіргі отбасы- неке және балалардың денаулығын сақтау,
оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауакершілігі бар институционалдық
бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір
отбасы болмасын, оның төмендігідей жалпы белгілері болады.
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған
сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да
мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның
басқалармен байланысты белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе
тендікті сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді
орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын
орындауды қамтамасыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт ретінде-оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге
сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларға зерттелінеді.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ
отбасының өзгеру үлгісін жасайды.
Ерлі- зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа
шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазалау шараларының
жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің,
олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ
ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер,
оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке
мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген
құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету,ерлі-зайыпты
адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған
сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

2.1. Отбасын кіші әлеуметтік топ
Отбасылық қарым-қатынасты зерттейтін зерттеушілер мынандай шешімге келген:
яғни отбасының дамуы әрқашанда кризистік жағдайларға тәуелді болады.Бірақта
оған негативті факторлар отбасындағы қатынастарды бұзуға әсерін тигізеді.
1. физикалық шаршау. Шамадан тыс, яғни отбасында жолдасының жұмысқа
түгелдей беріліп кетуі. Ал әйелінің үйде баламен отыруы, осының
салдарынан әйелі өзін жалғыз қалғандай сезінеді де, соңында
депрессияға әкеледі.
2. Ақша қаражаттарын жұмсаудағы конфликті және кредит алу мәселелері
3. Эгойстік (өзімшілдік). Отбасында жұбайлардың біреуінің бойында
өзімшілдік қасиет болса, онда отбасы және эгоистік екеуі екі түрлі
болып келеді.
4. Жұбайлардың қарт әке-шешелерін балаларының өміріне араласуы. Кейде әке-
шешесі балаларының өсіп кеткенін және де олар өздерін асыратын шамаға
жеткенін мойындамайды, және де балаларының арасына түсіп ара-
қатынастарын бұзады.
5. Қиялдап өмірден көп нәрсе күту, яғни адамдар үйленер алдында
болашақтарын ерекше елестеді. Мысалы: коттедж, автокөлік және т.б. ал
ондай өмірлік жағдай болмаған кезде адамда эмоционалды сезім пайда
болады.
6. Ішімдік және нашақорлық. Яғни олар тек отбасын емес сонымен қатар
адамның өліміне әкеліп соқтырады.
7. Мысалға: қызғаныш, өзін-өзі төмен бағалау және т.б. жұбайлар арасында
конфликт тудырады.
8. Порнография, азарттық ойындар және т.б. Мысалы: адам азарттық ойынға
әуес болса ол отбасын, достарын түгелдей ұмытып, ойынға беріліп
кетті. Мұндай азарттық ойындарға әуес адамдар ауруға да шалдығуы
мүмкін.
Некесіне қанағаттанбаған адам өзінің негізінде өзіндік проблемары яғни
әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қызметтегі профессионалдығы, өмір
сүру деңгейіндегі еңбек шарттарының қажетсіздіктері бәрі де отбасына
әсер етеді.
Отбасыдағы эмоциялық қарым-қатынастардың төмендеуін 4 фаза арқылы
көрсетуге болады:
1) Интра-психикалық (ішкі) жұбайлардың біреуінде ішкі
қанағаттанбаушылық сезімі туындайды.
2) Интер-психикалық (жұбайлар арасында). Жұбайлар өздерінің қарым-
қатынастарын талқылайды.
Қоршаған ортасы оларды жұбайлар деп жалған танудан бас тарту.Бұл
фазада адам өзін-өзі тани бастайды. Бұл көп уақыт созылуы мүмкін.
Соңында жұбайлар арасындағы қатынас жақсаруы немесе отбасы құлдырауы
мүмкін.
3) Әлеуметтік фаза-отбасының құлдырауына басқа адамдардың
араласуы(достарын немес туысқандары)
4) Бөліктену фазасы-жұбайлардың екеуі де болған жағдайды іштей
сезінеді және іштей уайымға және еске алу сезімдеріне шалдығады.
Сонымен қатар шет ел психологтары Дж.А. эмоционалдық қарым-
қатынастарды 5 фазаға бөліп көрсетті.
• қанағаттанбаудың сезілуі
• қанағаттанбаудың бейнеленуі
• келісімдер
• шешім қабылдау
• қарым-қатынас трансформациясы
Отбасылық жағдайларда мынандай стратегиялар кең түрде таралған:
1. Махабаттың өршеуі-яғни түрлі жағдайлар арқылы жұбайларда ұстап қалу
амалдары
2. Шындықты дұрыс түрде қабылдау. Яғни баланың дамуына әсер
тигізбейтін жолдарды іздестіру.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу- өзінің құрылымы жағынан азғана
адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-
бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың,
топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында
отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен, ерлі-
зайыпты адамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден
басталады.
Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды, некенің
бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға
көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың
қоғамдық ережелер мен тәртіп үлгісімен және құнды нәрселермен тығыз
байланысты болатынын естен шығармау қажет.
Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі
сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты жалпы сипаттау.
Бұған кіретін мәселелер-отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының
әлеуметтік-демографиялық құрылымы, отбасы тобының өзара іс-әрекетінің
сипаттамасы, биліктің құрылымы т.б.
2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен
үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық
қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.
3) Отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын
қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық
тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына
енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.
Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар.
Мысал, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда негізінен
отбасының сыртқы қарым-қатынастары әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі
байланыс қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге
итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде
қарау- бұл әлеуметтанудың мәселелеріне тығыз байланысты, ал, екінші
бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның
әлеуметтік-психологиялық мәселелері сөз болады.
Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-
зайыптылық;
2) бала туу немесе бала асырап алу.

2.2. Отбасындағы келеңсіз жағдайларды
тудыратын негізгі факторлар
Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының
шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы
шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-
қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты
тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен
ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары-мемлекет, мешіт, шіркеу,
т.б. иснтитуттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен
( махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан-ұрпаққа берілген
тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері
отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі.
Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.Олар жеке
қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізнде
пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай
қарсы тұра алмайды.
Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде
мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын
қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп
тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері
қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп
отырды.
Отбасының мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда,
рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы
отбасы құрылымы деп аталады.
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға
байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыпиылардың типіне (яғни,
үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі-зайыптылықтың моногамдық
(біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда-некелік эндогендік (яғни,
белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық
қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда
болатын некелік) және экзогомдық( бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ
немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан
серіктестік негізінде құрылады) сияқты категорияларда болды.
Отбасындағы билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық билік
әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы
қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократиялық
билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшалық рөлдерді бөлуге
негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды
сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары
қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы
функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай
орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы
түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасының рөлдік (атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің
белгілі бір қоғамдағы ереже-нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген
өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.
Әдет-ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу,
бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және
шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан
қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы
мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және
жалпы отбасылық шешімді қабылдауға тырысады. Мұның өзі отбасының атқаратын
қызметінің барлық жағына әсерін тигізді, әсіресе, демографиялық (туу)
тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты,
некелік айырылысу көбейіп кетті.
Неке-бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда
жеке-дара құштарлық сезім тұрақтылыққа, өзара бейімділікке және неке
шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады, ол жан-жақты сәби
туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық
ұйымдасқан түрге ауысады. Дау-жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық,
күштеу жағдайына да айналуы мүмкін. Ақыр ағында ол отбасының ыдырауына,
некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу- бұл маңызды
әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы
күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық
жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың
құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы,
қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің
әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі,т.б.
Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-
зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы
қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан
түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі
негіздер бар:
1. Жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі
ерлі-зайыптыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып,
ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты
орын алады;
2. Некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін
сүйеьін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.
Неке өлшемі (критериі): беріктік, төзімділік, субъективтік сезімге
қанағаттану;ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп,
суығына тоңуы, балаларды қағылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп
тәрбиелеп, қалыптастыру.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола
бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың
арасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде
толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау-жанжалдардың күшеюі-
бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілейтін дау-жанжал. Ал,
трақты шиелістің арты-ұрыс-керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл
күй қалыптастырып –ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Дау-жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың
балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көпшілігі,
әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі.
Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінін жаңа
сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениетің бұрынғы
жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы функциялары
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы)
Отбасы - кіші әлеуметтік топ туралы ақпарат
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы) жайлы ұғым
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік топ
Қазақ отбасыларының психологиялық ерекшеліктері
Жанұя құрамы және түрлері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы
Топ психологиясы
Пәндер