Негізгі абиотикалық фактор



1. Ағзалар « Негізгі абиотикалық фактор»
2. Экологиялық факторлар:
а)Температура
ә)Жарық
б) Ылғалдылық
3. Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б.
М. С. Тонкопий, Г. С. Сатбаева, Н. П. Ишкулова. Оқулық: «Экология жəне тұрақты даму» (41-49б) – Алматы 2011. – 312 бет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1 Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2 Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3 Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Орындаған: Отарғажыева А.А
Тобы: ВС-403
Тексерген: Мурзалимова А.К

Семей 2015ж.
Жоспар
1. Ағзалар Негізгі абиотикалық фактор
2. Экологиялық факторлар:
а)Температура
ә)Жарық
б) Ылғалдылық
3. Абиотикалық фактордың сигналдық мәні

Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б. Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер) - сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күнрадиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларыныңгомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер. .Либихтің минимум және Шельфордтың максимум заңдары.1913 жылы В. Немiс ғалымы Юстус Либих 1840 жылы Минимум заңын ашты. Ол өсiмдiктерге тәжiрибе жасап, өсiмдiктiң өсуi топырақтағы жетiспейтiн ең аз микроэлементтiң мөлшерiне байланысты болатынын дәлелдеген.Нәтижесiнде өсiмдiктiң өсiп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететiн микроэлементтер анықтайтыны белгiлi болған. Бұл Либихтың минимум заңы деп аталады.Максимум заңы. 1913 жылы В. Шельфорд лимиттiк әсерлердiң минимум заңына сай максимумзаңын, яғни төзiмдiлiк шек заңын ашты. Оны Шельфордтың толеранттылық заңы деп атайды (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзу). Кез келген жағдайдың толеранттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттiк жағдай немесе лимиттiк (шектеуші) факторлар деп аталады. Төзiмдiлiк шегiнен шығып кетсе, организм тiршiлiгiн жояды.Оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапазоны организмнің сол экологиялық фактор әсеріне деген төзімділігін (толеранттылығын) анықтаушы критерий болып саналады да, экологиялық валенттілік не толеранттылық деп аталады.
Экологиялық факторлар
Ағзалар - бұл өмірді нақты тасымалдаушылар, өздері ме- кендейтін ортамен зат алмасудың ұяшықтары. Экологияда орта деп тірі ағзаға қатысты сыртқы əлемнің денелері мен күштерінің бүкіл жиынтығы аталады. Мекендейтін орта термині өсімдіктердің немесе жануарлардың қайсы бір түріне тəн өмір сүрудің табиғи жағдайларын атау үшін қолданылады. Ал кеңінен пайдаланылатын қоршаған орта деген ұғым ағза тікелей өзара байланысатын экологиялық орта элементтеріне сəйкес келеді. Көбінесе, бұл ұғым адамды қоршаған ортаға қатысты адам баласына қолданылады. Тірі ағзалар қоршаған ортадан қажетті заттарды тұтынып, оған өздеріне қажетсіз, өз кезегінде басқа ағзалар пайдалануы мүмкін алмасу өнімдерін бөледі. Алмасу өнімі ғана емес, сонымен бірге өмірде де, сондай-ақ өлгеннен кейін де басқа тірі жəндіктерге қорек болады. Осы орайда тіршілік жағдайлары деген ұғымды ресурстар ұғымынан айыра білген жөн. Олардың айырмашылығына тоқталатын болсақ, тіршілік жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, қамдайды, олар өмір сүру жағдайының əсерімен өзгеруі мүмкін, алайда, өздері жұмсалмайды, таусылмайды. Бұл ағзалар бейімделуге мəжбүр, алайда, оларға əсер ете алмайды. Сол себепті, бір фактор бір түр үшін ресурс жəне екінші түр үшін жағдай болуы мүмкін. Мысалы, жарық - өсімдіктердің өмір сүруі үшін қажетті энергетикалық ресурс, ал көзі бар жануарлар үшін - жан-жақты бағдарлау үшін қажет. Көптеген ағзалар үшін су өмір сүру жағдайы мен ресурс болуы мүмкін. Ағзаның ресурстары - бұл ағза тұтынатын барлық ресурстар, ол тұтыну үдерісінде азаюы немесе таусылуы мүмкін сан көрсеткіштерімен өлше неді. Бұл тірі ағзалар қоректенетін жəне олардың денелері тұратын заттар, алмасу үдерістері тартылатын энергия жəне олардың өмірінің əртүрлі фазалары өтетін жерлер. Ағзаларға қатысты кейбір факторлар тіршіліктің негізі жəне ресурс ретінде қарастырылуы мүмкін, мы- салы, жарық, ылғал, топырақ ерітіндісіндегі тұздар. Барлық осы үдерістердің алмасуына кешенді факторлар тұрақты əсер ететіндіктен, мекендейтін табиғи ортаның күрделі, динамикалық жағдайында өтеді. Осы факторлардың жиынтығы ағзаның өмір сүру жағдайын құрайды. Оған температура, жарық, ылғал, қоректік элементтер, жəне т.б. жатады.
Температура. Ағзадағы зат алмасуды құрайтын биохимия лық реакциялардың жылдамдығы температураға байланысты. Егер түйіндес үдерістердің жылдамдықтары əртүрлі өзгеретін болса, онда температураның өзгеруі зат алмасудың теңгерімділігін қатты бұзуы ықтимал. Температура төмен түскен жағдайда зат алмасудың баяулау қауіптілігі туындайды, осының барысында ағзаның өмірлік негізгі қызметтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Дағдарыстық кезеңге жасушадағы судың қатуын жатқызуға болады, мұз түйіршіктерінің пайда болуы ішкі жасуша құрылымын толық сақтау мүмкін емес. Температура 42 - 43 °C-қа дейін көтерілгенде биохимиялық жəне физиологиялық үдерістердің үйлеспеуі басталады, ал температураның орташа 60 °C-ға жуық көтерілгенде ақуыздың табиғи қасиеттерінің бұзылуына əкеп соқтырады. Осы жағдайда, төмен, жоғары жəне ауытқымалы темпе- ратуралық ортадағы ағза тіршілігі біртіндеп жəне жеке даму ба- рысында шешілетін бейімделудің күрделі жағдайын көрсетеді. Тірі ағзалардың даму үдерісі барысында қоршаған ортаның температурасы өзгергенде ағзалардың бойында зат алмасуды реттеуге мүмкіндік беретін əртүрлі тетіктер пайда болды. Ағзалардың орташа белсенді тыныс-тіршілігін қолдау үшін су қататын жəне ақуыздың табиғи қасиеттері бұзылатын 0-ден бастап +50 °C-ға дейінгі дағдарыстық шектермен шектелген температуралардың біршама тар аралығы қажет, ал оңтайлы температуралардың шекаралары одан да тар болуы тиіс. Көптеген тірі ағзалар үшін 16-250 аралығындағы температура оңтайлы болып табылады. Алайда, іс жүзінде осы шектерді табиғатта көп түрлер ерекше бейімделу арқылы еңсереді. Оптимумы төмен немесе жоғары температура жағына қарай ойысқан ағзалардың экологиялық түрлері өмір сүреді. Тірі ағзалар -200°С-ден бастап, 100°С дейінгі температурада тіршілік етеді деп саналады. Криофилдер - суықты жақсы көретін жəне осы жағдайда өмір сүруге бейімделген түрлер. Олар биохимиялық механизм арқылы бейімделеді. Термофилдер - бұл жоғары температураларда оңтайлы тыныс- тіршілік етуге бейімделген экологиялық түрлер тобы. Əртүрлі ағзалардың белсенді өмір сүретін жоғары температуралардың шектері əр алуан болады. Тəжірибе барысында +110°C-ден аса- тын температураларда өсу жəне жасушалардың бөліну қабілеті сақталатын бактериялар өте төзімді келеді. Жердегі көптеген түрлердің тыныс-тіршілігі мен белсенділігі ең алдымен, сырттан келетін жылуға, ал олардың денесінің температурасы - сыртқы температураларға тəуелді. Мұндай ағзалар пойкилотермді деп аталады. Аталмыш термин ағзалардың жылу режимінің өзге- ретінін білдіреді. Пойкилотермдік барлық микроағзаларға, саңырауқұлақтарға, өсімдіктерге, омыртқасыз жануарлар мен хордалылардың басым түріне тəн. Жануарлардың екі жоғары тобы - құстар мен сүтқоректілер гомойотермділерге жатады. Олар өз денесінің оңтайлы температурасын ортаның температурасына қарамастан қолдауға қабілетті.
Жарық. Барлық тірі ағзаларға тыныс-тіршілік үдерістерін жүзеге асыру үшін сырттан келетін қуат қажет. Қуаттың негізгі көзі Жердегі қуаттың жалпы балансының 99,9 %-ы тиесілі Күн радиациясы болып табылады. Егер Жерге жететін Күн қуатын 100 %- деп қабылдасақ, онда оның 19 %-ы атмосфера арқылы өткенде сіңіріледі, 34 %-ы атмосфера арқылы шағылысады жəне 47 %-ы Жердің бетіне тікелей жəне шашыраңқы радиация түрінде жетеді. Тікелей Күн радиация- сы - бұл толқындарының ұзындығы 0,1 до 30000 нм аралығындағы электромагниттік сəуленің континуумы. Спектрдің ультракүлгін бөлігі 1 -5 %, көзге көрінетін - 16-45 %, инфрақызыл бөлігі - 49- 84 %-ды құрайды. Спектр бойынша энергия атмосфераның массасына сəйкес бөлінеді жəне Күннің əртүрлі биіктігінде өзгереді. Шашыраған радицияның (көрінетін сəуленің) мөлшері Күн тұрған биіктік азайған сайын жəне атмосфераның күңгірттігі қоюланған сайын артады. Күн сəулесі спектрінің əртүрлі учаскелері тірі ағзаларға əртүрлі əсер етеді. Ульракүлгін сəуле (УКС) арасында Жердің бетіне тек ұзын толқынды сəулелер (290 - 380 нм) жетеді, ал барлық тірі ағзаларды құртатын қысқа толқынды сəулелерді 20- 25 км биіктікте озан қабаты - атмосфераның құрамында О3 мо- лекулалары бар жұқа қабаты сіңіреді. Фотондардың үлкен энер- гиясы бар ұзын толқынды ультракүлгін сəулелерінің химиялық белсенділігі жоғары. Олардың көп дозалары ағзалар үшін зиян- ды, ал шамалы дозалары көп түрлерге қажет. 250-300 нм ара- лығындағы УКС қуатты бактерия жоятын əрекет жасайды, ал жануарларда стеролдан рахитқа қарсы D дəрумені пайда бола- ды; толқынның ұзындығы 200-400 нм болғанда адам терісінің қорғаныс реакциясы ретінде оның терісі Күнге күйіп тотығады. Толқынының ұзындығы 750 нм-дан асатын инфрақызыл сəулелер жылу таратады. Жарық жануарларға айналаны көру үшін қажет. Кез келген тұрғылықты Жердің жарық режимі тікелей жəне шашыраңқы жарықтың қарқындығымен, жарықтың мөлшерімен(жылдық жиынтық радиациямен), оның спектрлік құрамымен, сондай-ақ альбедомен - яғни, жарық түсетін беттің шағылысу қабілеттілігімен анықталады. Жарық режимінің атап өтілген элементтері өзгермелі жəне геогра фиялық жағдайға, теңіз деңгейінен биіктікке, Жердің беде- ріне, атмосфераның жай-күйіне, Жер бетінің сипатына, өсімд ік- терге, тəуліктің уақытына, жыл маусымына, Күннің бел сенділі- гіне, атмосферадағы ғаламдық өзгерістерге тəуелді. Жарық жағдайына қойылатын талаптар бойынша өсімдіктер келесі экологиялық топтарға бөлінеді: 1) жарық сүйгіш өсімдіктер немесе гелиофиттер, - ашық, тұрақты жарық жақсы түсетін Жердің өсімдіктері; 2) көлеңке сүйгіш (көлеңкеде өсетін) немесе сциофиттер - көлеңкелі ормандардың, үңгірлердің төменгі қабатының өсім- діктері мен судың тереңінде өсетін өсімдіктер; олар тікелей Күн сəулесінің күшті жарығына нашар төзеді; 3) көлеңкеге төзімді немесе факультативтік гелиофиттер - көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы мәлімет
Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлар- жарық, температура .Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Тіршілік ету факторлары
Пәндер