Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы



Ет өнімдері
Еттегі витаминдер
Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы
Өсімдік майлары
Ет өнімдері - өндірісте еттен дайындалған шұжықтар, тұзды-ысталған өнімдер және консервілер. Шұжықтың пісірілген, шала ысталған және пісірілген, шикілей немесе пісірілген түрде ысталған және кептірілген, шикілей кептірілген түрлері болады. Тұздалған-ысталған өнімдерге пісіріліп тұздалған (пісірілген сан еттер мен орамалар), ысталған- тұздалған (сан еттер, орамалар, төс және т.б), ысталған (сан еттер, тос, мойын еттері), пісірілген өнімдер жатады. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған дайын өнімдер жатады. Мұндай өнімдер таза еттен немесе етке басқа құрауыштар қосылып дайындалады. Ет консервілерін қоғамдық тамақтандыру орындарында 0-8° С температура аралығында 30 тәулік сақтауға болады. Қоймаларда консервілер түріне байланысты 1—3 жылға дейін сақталады.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республиксының білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы. Тағамдық майлар .

Орындаған: Хизат М.
Тобы: БТ-407
Тексерген: Кабденова А.Т.

Семей 2015 ж

Ет өнімдері - өндірісте еттен дайындалған шұжықтар, тұзды-ысталған өнімдер және консервілер. Шұжықтың пісірілген, шала ысталған және пісірілген, шикілей немесе пісірілген түрде ысталған және кептірілген, шикілей кептірілген түрлері болады. Тұздалған-ысталған өнімдерге пісіріліп тұздалған (пісірілген сан еттер мен орамалар), ысталған- тұздалған (сан еттер, орамалар, төс және т.б), ысталған (сан еттер, тос, мойын еттері), пісірілген өнімдер жатады. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған дайын өнімдер жатады. Мұндай өнімдер таза еттен немесе етке басқа құрауыштар қосылып дайындалады. Ет консервілерін қоғамдық тамақтандыру орындарында 0-8° С температура аралығында 30 тәулік сақтауға болады. Қоймаларда консервілер түріне байланысты 1 -- 3 жылға дейін сақталады.
Еттегі витаминдер - В тобындағы витаминдер, негізінен никотин қышқылы (4-6%), молин (144-ке дейін), сондай-ақ тиамин (0,1-0,9 мг%), рибофлавин (0,15-0,25 мг%), пиродоксин, (0,3-0,6 мг%), биотин (1,5-3,0 мг%), париаминобензой қышқылы (0,06-00,8 мг%), фолий қышқылы (0,1 мг%) бар. Сиыр еті мен қой етіндегі витаминдерге оларға берілетін азықтың ықпалы жоқ. Оның себебі бұл малдардың үлкен қарындарының микроорганизмдері В тобындағы витаминдерді синтездейді, ал бұл витаминдер ұшаның басқа жерлерінде болмауы мүмкін. Егер азықта осы аталған витаминдер едәуір мөлшерде кездесетін болса, оларды үлкен қарынның микроорганизмдері пайдаланады. Бауырда витамин өте көп, ондағы А витамині 12 мг%, тиамин 0,3, никотин қышқылы - 16, аскорбин қышқылы - 20-40 мг%. Бүйректе А витамині мол. Етті шала тұздағанда, шала ыстағанда, шала пісіргенде ондағы тиамин 40-85%-ға дейін сақталады.
Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы - оның құрамына кiретiн ұлпалар қатынасына байланысты болады. Тағамдық құндылықты анықтаған кезде ең бiрiншi биологиялық толық құнды және тез сiңетiн ақуыздар құрамымен анықталады. Биологиялық құндылық ақуызды компоненттердiң сапасына байланысты болады. Етке органолептикалық бағалау жүргiзу кезiнде оны сыртқы түрi, түсi, консистенциясы, иiсi, терi асты майы, сiңiрi, қайнатқаннан кейiнгі сорпасының сапасы анықталады. Балғын еттiң жартылай ұшасының және ширек ұшасының беткi қабаты кебу қабығымен жабылған болуы керек. Мұндай еттiң беткi қабаты саусақты және сүзгi қабатты ылғалдандырмайды, консистенсиясы тығыз болады. Еттi саусақпен басқан кезде пайда болған ойық тез жазылады, яғни тегiстеледi. Түсi және иiсi малдың жасын және жынысын ескере отырып, әр еттiң өзiне тән болып келедi. Май мал түрiне байланысты ақ немесе сарғылт болады. Бұзылған ет тағамдық уланудың көзi болып табылады. Күдiктi еттiң түсi қоңыр немесе күңгiрт болады. Ұстағанда жабысқақ, ылғал, кей кезде көгерген жерлерi болады. Еттiң бетiн басқан кезде пайда болған ойық тегiстелмейдi немесе жайлап тегiстеледi. Иiсi қышқылтым, майдың түсi сұрғылт келедi. Балғын сиыр және қой етiнiң сорпасы мөлдiр жағымды иiстi, янтарлы түстi болады. Ал бұзау етiнiң сорпасы ақ түстi, мөлдiр болады. Сорпаның бетiне iрi май тамшылары қалқып шығады. Бұзылған еттiң сорпасы мөлдiр емес, иiсi жағымсыз және дәмi де сондай болады. Сорпа бетiнде май тамшылары майда немесе мүлде болмайды.
Май -- организмге қуат беретін астың жұғымы, ақуыздарды, минерал тұздарды, сондай-ақ майды ерітетінвитаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтық рационында майдың болуы әртүрлі тағамдардың дәмділігін жақсартыл, тәбетті арттырады. Тамақтағы майдың біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға жұмсалады. Бірақ адам майлы тамақ ішкеннен ғана семірмейді, ол көмірсуларды артық қабылдаудай да болады. Мұны етженді тез толуға оңтайлы адамдардың есте сақтаулары қажет. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра түсетіні белгілі.Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын майдың 70%-і мал майы, 30%-і өсімдік майы болғаны қолайлы. Тамақ рационындағы майдың нормасы кісінің касына, кәсібіне, ұлттық тамақтану ерекшелігіне, ауа райының жағдайына қарай белгіленеді. Тәуліктік тамақ рационындағы майдың мөлшері әр 1000 ккал-ға 35 г болуы керек. Майды артық пайдалану нерв жүйесіне, қан айналымына кері әсер етеді, тәбетті төмендетіл, тамақты сіңіруді нашарлатады. Тамаққа әртүрлі мал майын, сүт майын (сары май немесе тортасы айырылған май), сондай-ақ өсімдік майын (күнбағыс, соя, арахис, зәйтүн т. б. майлар) пайдаланады. Май тектес заттар. Тамақ рационы құрамына май тектес заттар- холестерин және лецитин кірелі. Организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, жүйке жүйесі үшін холестерин маңызды рөл атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның сарыуызында, уылдырықта, бауыр, бүйрек те едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырлық қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, өтке тас байлана бастайды,атеросклероз ауруын асқындыра түседі. Лецитин организмнің дамуына, қан құрылымына жәрдемдеседі, жүйке жүйесінің, бауырлық қызметіне пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш заттарға қарсыласуын күшейтеді, майлардың сіңімділігін жақсартыл атеросклероздың өріс алуына кедергі жасайды.
Өсімдік майлары (күнделікті тұрмыста оларды май деп атайды) өсімдіктердің тазартылып, ұнтақталған майлы дәндері мен жемістерінен еріткіштердің көмегімен немесе престеу жолымен алынады. Өсімдік майларын тазартыл (орыс. рафинированные) және тазартпай (орыс. нерафинированные) шығарады. Тазартылмаған майда әртүрлі ілеспе заттар мен қоспалар болады, олар өсімдіктердің дәндері жетіліп, пісу, сондай-ақ майып алу кезінде біртіндеп жиналады. Ал кейбір тазартылмаған майларда (мысалы, холестерин алмасуын жақсартатын фосфатидтер) физиологиялық пайдалы заттар болады. Тағамға қоспалардан ажыратылған тазартылған майды пайдаланған жөн. Кейде тағамдық тазартылған өсімдік майларын су буы мен қосымша өңдейді. Мұндай өңдеуде хош иісті заттар бөлініп шығады да, ол өзіндік иісін жоғалтады. Мұндай майды иісі кетірілген май деп атайды. Үй жағдайында өсімдік майын салқын жерде сақтау керек (сақтау мерзімі 6 айға дейін).
Күнбағыс майын күнбағыс дәнінен алады. Оның иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған және қоспадан тазартылмаған түрлері шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір, сары, ашық-сары түсті болып келеді. Сонымен бірге олар тұнғанда су жиналмалы. Қоспадан тазартылмаған майдың түсі ашық-сары келеді, өзіне тән иісі болады. Тұнғанда аздап су жиналады. Ал иісі кетірілген май әйнек немесе полимерлік герметикалы ыдысқа құйылып шығарылады. Күнбағыс майының құрамында ағза үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60 -- 70%) болады. Бұл майды салаттар мен винегреттерге қосады. Күнбағыс майынан соустар, тұздықтар дайындайды, сонымен бірге ет, балық, көкөністер мен қамырдай әзірленетін кейбір тағамдарды (пирожныйлар, пончиктер т.б.) қуыруға пайдаланады.
Соя майын экстрациялық тәсілмен соя бұршағынан алады. Тағамға тек қоспасынан тазартылған түрін пайдаланады. Тазартылған соя майы ақшыл сары түсті болып келеді, оның өзіне тән дәмі мен иісі болады. Онда 50 -- 57% линоль қышқылы бар. Кулинарияда оны күнбағыс майының орнына пайдаланады. Соя майы - дәрумендермен, фосфолипидтермен және басқа да пайдалы заттармен байытылған. Оның құрамында қанық емес май қышқылдары, әсіресе линол және линолен қышқылдары өте көп. Бұл қышқылдар жануарлар ағзасында синтезделмейді, дегенмен жасушалар мен кейбір гармондарды қалыптастыру үшін өте маңызды. Соя майының құрамында соя бұршағының жалпы санынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еттің тағамдық құндылығы және сапасын тексеру
Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы туралы
Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы туралы ақпарат
Ет өнімдерінің тұтынушылық қасиеттері мен тағамдық құндылығы
Топографиялық түсіріс
Комбинирленген өнімдерінің өндіру технологиясын әзірлеу және зерттеу
Қосымша өнімдерді (субөнімдерді) өндіруде ветеринариялық санитариялық және өндірістік қадағалау
Биологиялық белсенді қоспаларды алу технологиясы және оны шұжық өнімдерінде қолдану
Субөнімдердің тұтынушылық қасиеттері
Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы жайлы
Пәндер