Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету



1.Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
2.Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
1. Загвязинский В.И., Атаханов М.Н. Методология и методы психолого-педагогического исследования. - 2005.
2. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. 2003
3. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ
Тақырыбы:Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету

Орындаған: Нурсадыкова Ж.М
Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С

Семей 2015
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик - психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады:
+ Психодиагностика
+ Психокорреция
+ психологиялық кеңес беру
+ психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика - баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті - баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық - психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:
1) Ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта - оқушының қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.
2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.
3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке - дара қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап көрсетті. Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады, - деп жазды Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.
4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы, яғни психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке - дара қарастырылмайды.
Д.Б.Әлькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте мұқият жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция мектепте анықтау - түзету жұмыстары болып беріледі.
Мектеп психологы анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психодиагностика - баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.
Практик - психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог - қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.
Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И.В.дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған "Положение о школной психологической службе" деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр. Тек соңғы кезде С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова "Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру", жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекпаеваның "Психологиялық қызметті ұйымдастыру", Т.Р.Нұрмаханбетова, Ш.Е.Рсмаханбетова "Тәжірибелік психология" кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.
Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностиканың жағдайлары
Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
Гуманистік отбасы
Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Психодиагностика туралы
Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары
Мектеп психологының іс қағаздар жүргізу
Дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы
Пәндер