Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАҚЫРЫБЫ: ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жұмыссыздық және инфляция
2. Өтпелі экономика кезіндегі макроэкономикалық процесті мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Негізінен жеке экономикалық субъектінің әрекетін зерттейтін микроэкономикадан өзгешелігі, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен зардаптары бір уақытта зерттеледі.
Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зерттейді. Экономикалық талдаудың мәні ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзірлеу болып табылады. Макроэкономикалық саясаттың құралдарына несие - ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады.
Еліміздің экономикалық жағдайын талдау ұлттық шоттардың жүйесіне негізделеді. Ұлттық шоттар жүйесі - ұдайы өндірістің шарттарын, процесін және нәтижелерін сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі болып табылады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - бұл ел азаматтары белгілі кезеңде (бір жыл ішінде) өндірген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтерінің нарықтық бағасы.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі кезеңде елдің ішінде өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледі.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
Инфляция - экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсызлану процесі.
ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Инфляциялық салық - үкімет айналымға қосымша ақша шығарудан алатын салық, яғни мемлекет баспа станогы арқала өз табыстарын ұлғайтады. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуіне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға әкеледі.
Инфляцияның зардаптары.
а) жағымды:
- экономткаға біркелкі инфляция пайдалы;
- ақша жиынының өсуі;
- іскерлік белсенділік;
- инвестициялардың өсуі;
- экономикалық өсу.
б) жағымсыз:
- халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуі;
- жеке жинақ ақшаның нақты құндылығы;
- ағымдағы нақты табыстардың құлдырауы;
- кәсіпкерлік қызмет деңгейінің құлдырауы;
- капиталды өндірістің нақты саласынан айналым саласына шығару;
- «ақшадан қашып» нақты тұтынуға қажетті емес кез келген тауарға «жүгіру»;
- ақшаның қорлануына ынталандырманың түсірілуі.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізіледі. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Реформаның барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға айналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипаты б. т. Тұтыну бағалары 1992 жылы - 3006 ℅ ды 1993 жылы 2266℅ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30℅ мөлшерінен асты, 1993жылының қараша айында ол 55℅ ға жетті. Бұл жағдай страгфляция деп аталады.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19℅ деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы - 11, 2 ℅; 1998 жылы - 1, 9 ℅; 1999 жылы - 17, 8; 2000 жылы 9, 8; 2001 жылы - 6, 4 ℅ құрады.
ҚР өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғары мөлгерде жұмсалуы;
- өз тауарларымен қызметтеріне бағаның негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;
- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
- басқа мемлекеттердегі экономикалық даңдарыстардың ықпалы.
Жұмыссыздық еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.
Жұмыссыздық түрлері:
Уақытша Құрылымдық Кезеңдік
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдарлары:
- қоғамның экономикалық әлеуметін толық пайдаланбау;
- жұмыстан босап қалған жұмысшылардың біліктілігі жоғалады;
- халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында жұмыссыздық шығындарын тең бөлмеу орын алады:
- ұлттық психикалық денсаулығы бұзылады;
- қылмыс жасауға қолайлы негіздер пайда болады.
Жұмыссыздық пен инфляция арасындығы бұл байланысты ағылшын экономисі А. Филлипс зерттеді. Жұмыссыздық көрсеткіштері атаулы жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарлайды да жалақаның өсуіне қарай төмендейді.
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗІНДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Нарықтық экономика кезінде мароэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.
Өтпелі экономика кезінде мемлекеттік реттеудің объектілеріне экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе антициклдық саясат, ақша айналымын, инфляцияны, мемлекеттік бюджетті бақылау, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету саясаты, антимонополиялық саясат яғни нарықтық бәсекелестік жағдайын бақылау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясаты жатады.
Халықаралық тәжірибеде көрсеткендей, тікелей тәсіл - мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге ат салысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалады.
Жалпы қабылданғандай, қазіргі жағдайда мемлекеттің кез - келген реттеушілік шараларының негізінде ақша айналымы жатады. Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл макроэкономикалық деңгейіндегі мемлекеттің ең маңызды реттеуші қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасы нарыққа өту кезеңінде (1990 ж. ) бастапқы шарттарда басқаша түрде болды. Ақшалай табыстың өсуі өндіріс құлдырауына қарағанда тауар мөлшерімен қамтамасыз етілмеді. Тұрғындардың 1990 жылғы салым қалдықтары шамамен 13 млрд т құрап, қанағаттандырылмаған қалдық сұраным 17 млрд т асып кетті немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетудің 76 пайыздан астамын құрады.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны ендіргеннен бастап жүргізе бастады, шын мәнінде 1994 жылдан бастады.
Қазақстан үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы (1993 - 1995 ж. ж. ) және (1994 - 1995ж. ж. ) өндіріс құлдырауы мен инфляциялық процестің дамуын тоқтата алмады. Макроэкономикалық тұрақтандыру мен өндірістің құлдырауын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы үкіметі қаржы - бюджеттік және ақша - несие саясатын қатаңдау ұстап, сыртқы экономикалық қызметті либерализациялауда салық жайлы жаңа заңдар шараларын қабылдады. Меншікті жекешелендірудің батыл түріне көшіп, экспорттық сектордағы кәсіпорынды шетел фирмаларының басқаруына берді және келесі кезеңде кәсіпорынның бақылау пакет акциясын оларға сатады. Мемлекеттік кәсіпорынның 16 мыңы жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторын құрайтын ең ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Жапония, Оңтүстік Кореядағы өтпелі экономика тәжірибесі көрсеткендей, жақсы бағдарламаның болуы жеткіліксіз. Бұл жерде осы бағдарламаны қатаң түрде жүзеге асыру үшін мемлекеттің араласуы қажет.
Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш - жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы - қалыпты жағдай жасауы керек, себебі жеке инвесторлар Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.
Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан Республикасында «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданып, «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Шетел инвестициясы жайлы» заң отандық және шетелдік инвесторлар үшін өте ыңғайлы - қалыпты жағдай жасауға көмектесті.
Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықталған. Жеңілдіктер мөлшері тікелей инвестиция көлемі мен экономика секторының басымдылығына байланысты.
Екіншіден, жобаны жүзеге асыру үшін импорттық жабдықтарды, шикізат пен материалдарды кеден баж салығын салудан толық немесе жекелей босатылуын заң құптайды. Өнеркәсіпті құрылымдық жағынан қайта құруда да мемлекеттің ролі өте зор.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын мемлекеттің реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929 - 1933 жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды.
Кез - келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметтер арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:
Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады : стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;
Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т. б. объектілер;
Үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады.
Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді . Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға - оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.
Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз.
Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады.
Қазақстан экономикасы үшін 1991 - 2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңі деп белгіленді. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елімізде 1994 - 1998 ж. ж. ЖҰӨ-нің өсуі теріс (-4, 2 %) қарқын алды. 1996 және 1997 жж. бұдан өзгеше болды, онда ЖҰӨ тиісінше 0, 5 және 1, 7 % -ды құрады. 1998 ж. ЖҰӨ көлемі 1994 ж. деңгейдің 91, 4 %-ын құрады. Экономистердің есебі бойынша, 2010 жылы 1990 жылдың деңгейіне жету үшін ЖҰӨ-нің өсуін жыл сайын 3, 5 - 4 %-ға қамтамасыз ету қажет болды. Мұндай сәтсіз нәтижелер тек қана ішкі факторлардың емес, сонымен бірге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресейдегі қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуі және т. б. салдарынан туындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz