Қазақстан туризмі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда туризмнің қалыптасуыҚазақ елінде туризмнің қалыптасу кезеңдері . . . 4Туристік нысандар . . . 6
  2. Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайыТәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қазақ туризмінің жағдайы . . . 9Туризм қазаққа таңсық емес . . . 11Қазақстан туризмінің дамуына әсерін тигізетін проблемалар және дамыту шаралары . . . 15Қазақстанда туризмді дамыту шаралары . . . 23Қазақстанда туризмге сұранып тұрған аймақтар . . . 25

Қорытынды . . . 25

Қосымшалар . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Ғылыми зерттеу жұмыс «Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасын жүзге асыру барысында еліміздің экономикасы мен халықтың әл - ауқатын көтеру, еліміздің қоржынын қазынаға толтыру мақсатында жазылды. Аталған мақсатты жүзеге асыруда туризм саласынын таптырмас құрал екені белгілі. Туризм саласының көптеген мүмкіншілік беретінін, экономиканы жақсартуда маңызының зор екенін және туризмнің құпия-сырларын ашу мақсатында жазылды.

Бұл тұрғыда менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақстанның туризімінің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары» жайында болды.

Туризм саласы әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. ДТҰ деректері бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен.

Ал біздің елімізде туризм саласы қаншалықты деңгейде ? Қаншама қайталанбас әсем дүниелеріміз бен сұлу табиғатымыздың барына қарамастан, туризм саласы әлі күнге қанатын кеңге жая алмай келеді.

Менің ғылыми зерттеу жұмысым негізгі І-ІІ-III бөлімнен тұрады.

Аталған ғылыми жұмысымнан қазіргі таңдағы туризм саласының жай-күйі, туризмнің экономика саласына керемет әсері жайында, туризмнің ғаламдық экономикалық құбылыс екені, еліміздегі туризмге сұранып тұрған аймақтар жайында және бүгінгідей еліміз басынан кешіп отырған әлемдік қаржы дағдарысы кезінде туризмді дамыту қажеттілігінің туып отырғаны және туризмді дамытудың негізгі бағыттары жайында өте қызықты, ауқымды мәліметтер оқи аласыздар.

Мен өз жұмысымды түрлі схемалар, венн диаграммалары, кестелер және көрнекілік ретінде көптеген суреттер арқылы толықтырдым.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі.

Жалпы елімізд туризм саласы енді дамып келе жатқан экономиканың бірден бір саласы. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, комуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп туризм индустриясы басқа секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?

Себебі туризм саласы экономиканың басқа саласымен салыстырғанда әлде қайда көп табыс келтіретін сала және басқа секторларға ұқсамайды, тез қарқынмен дамиды.

Сонымен қатар мені еліміздегі туризмнің қазіргі жағдайы және болашақта туризм саласын қарқынды дамыту сияқты мәселелер қызықтырады. Сондықтан да еліміздегі туризм саласын зерттеп, оның көптеген ерекшеліктерін анықтау менің жұмысымның басты тақырыбына айналды. Бүгінгі таңда туризм саласының экономиканы дамытуда мол мүмкіндік беретінін екінің бірі біле бермейді. Осы ғылыми жұмысымды жазу барысында еліміздегі туризмнің жай-күйі, дамыту жолдары жайында көптеген мәліметтер жинақтадым.

Елімізде түрлі рекреациялық ресурстардың мол екендігіне қарамастан, туризм саласының қарқынды дамымағандығына назар аудардым.

«Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары» атты ғылыми жұмысымның мақсаты:

  • еліміздегі туризм таралу аймақтарын анықтау:
  • туризм саласының экономика сферасына тигізетін оң әсерін анықтау:
  • туризмге сұранып тұған аймақтарды анықтау:
  • еліміздің дамуы үшін туризмді дамытудың қажеттілігін талдау:
  • болашақта елімізде туризмді қарқынды дамыту мәселелерінің шешімін анықтау:
  • елімізде туризм саласын міндетті түрде дамыту керектігін айқындау:

сияқты күрделі мәселелер тақырыптың мақсаты етіп алынды.

  1. Қазақстанда туризмнің қалыптасуыҚазақ елінде туризмнің қалыптасу кезеңдері

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

1950 - 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.

1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.

1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.

1971 - 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.

1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомоб. базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.

1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездібаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.

2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т. б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан - Интерконтиненталь Астана”; “Комформ - Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т. б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т. б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

  1. Туристік нысандар

Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. табиғи-рекреациялық
  2. тарихи-археологиялық
  3. тәуеп ету
  1. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
  2. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т. б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

  1. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда - Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т. б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А. Иманов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т. б. көптеген естелік орындар жатады.

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты - палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т. б.

  1. Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайыТәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қазақ туризмінің жағдайы

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы - шарттары б. д. д үшінші мың жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс-жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бір бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту «Туризм туралы» ҚР-ның 1992 жылғы 3 шілдедегі № 1508-ХІІ Заңымен ҚР Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек жолының ҚР-дағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО жән ДТҰ-ның жобасы туралы» 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес ммлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» ҚР-ның мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі. Осы құжаттардың қабылдануы туризмнің Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.

Қазақстанда туризмнің даму жағдайы кереметтей болмай тұр. Кейбір агенттік тарапынан ұйымдастырылған бірлі жарым семинарлар мен іске асуы күмәнді жобаларды ескермесек, әрине. Жарнамалық газет-журналдардың тең жартысын алып тұрған турфирмалар мен туристік агенттіктерге көз салсаңыз, туризм қарыштап дамып жатқандай әсер қалдырады. Қазіргі таңда ашық нарықтық қоғам туризмнің дамуына қолайлы жағдай жасап тұр. Тек қажетті жағдай жасап, құқықтың жағын реттеп, тәртібін қадағалап, қабылданған бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап тұрса жетіп жатыр. Қазіргі кезде туризмнің жеткен жетістіктерін (біршама дамығаны рас қой) агенттікпен байланыстыруымыз қате болар еді. Аталған агенттіктер барынша қызмет атқаруда, олардың ішінде мемлекеттік пайдадан гөрі жеке пайдасын көздейтіндері қаншама. Дегенмен еліміздің ірі аймақтарында туристік қызмет көрсететін фирмалар мен қонақ үйлер келесідей:

Қазақстандағы туризм қараусыз өскен жеміс ағашы секілді жабайыланып бара жатқаны жасырын емес. Көршіміз Қырғызстанның жылдық бюджетінің жартысын Ыстықкөлге демалу үшін келген туристердің әмияны құрайды екен. Туризмнің басқа елдердегідей емес, елімізде экономикалық маңызы төмен. Біз көп ретте сұлу табиғатымыз бен тарихи мәні зор ескерткіштерімізді айтып мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Ал, іске келгенде дүрмектің соңында қалып жатамыз. Әлде, біздің табиғаты сұлу аймақтарымыз бен тарихи ескерткіштеріміз біз айтқандай емес пе? Олай демек тұрмақ, ойлаудың өзі қиянат болар еді.

Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия - 63, 1 мың адам (30%) , Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1%), Біріккен Араб Әмірліктері - 23, 8 мың адам (11, 3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.

Қазіргі таңда сыртқа шығатын туристік сапарлардың мөлшері - 50 пайызға жуық, ал елімізге келетін туристік сапарлар - 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағынын қайткенде көбейтуге болады? Осы орайда Туркия мен Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатқаны, тіпті кейбір елдер үшін визасыз кіруге мүмкіндік бергені нәтижелі болған. Ал біздің елімізде қызмет көрсету сапасы төмен бола тұрса да, туристік жолдамалардың құны аспандағы айға тең. Солай бола тұрса да елімізге келушілер күрт көбеюде. Оның себебі біздің еліміздің сұлу табиғаты, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың сақталғандығы және ең бастысы біздің елімізде тыныштықтың, бейбітшіліктің болуы, еліміздің қауіпсіз аймақ ретінде танылуы. .

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379, 3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17, 8 процентке артық.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.

Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2005 жылы 5902, 6 млн. теңгені құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Жастар туризмінің мәні
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Су туризімінің ерекшеліктері
Белсенді туризм тарихы
Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қазақстандағы туризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz