Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Қазақтың ұлттық киіміндегі ою.өрнек элементтерін оқытудың теориялық негіздері
1.1 Қазақтың ұлттық ою.өрнек өнері . тәрбие құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұлттық киімдердегі ою.өрнек элементтерін оқыту мүмкіндіктері
Ою.өрнек түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Ою.өрнектер арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... .17
2. 7.сынып оқушыларына қазақ ұлттық киіміндегі ою.өрнек өнерін оқытудың әдістемесі
2.1 Технология пәнінде «Сәндік.қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем қолөнер технологиясын» оқыту мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Ою.өрнек өнерін оқытудың әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3 Көркем қолөнерге оқытуда оқу . материалдық базаның рөлі ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі нарықтық қатынас жағдайда жарық көрген тұжырымдамалар мен заңдар мазмұнында да, атап айтқанда Қазақстан Республикасының тәлім тәрбие тұжырымдамасында, ''Мәдени-этникалық мінез-құлықты қалыптастыру'' тұжырымдамасында жастарды жан-жақты жарасымды мінез-құлық пен іс-әрекетке тәрбиелеу мақсат етіледі.
ҚР президентінің халыққа жолдауында, ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау қажет. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістері үшін кадрлар қорын жақсартуымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз делінген.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқытудың теориялық
негіздері
1.1 Қазақтың ұлттық ою-өрнек өнері – тәрбие
құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұлттық киімдердегі ою-өрнек элементтерін оқыту мүмкіндіктері
Ою-өрнек
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Ою-өрнектер арқылы эстетикалық талғамды
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ..17
2. 7-сынып оқушыларына қазақ ұлттық киіміндегі ою-өрнек өнерін оқытудың
әдістемесі
2.1 Технология пәнінде Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі
көркем қолөнер технологиясын оқыту
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Ою-өрнек өнерін оқытудың әдістері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .27
2.3 Көркем қолөнерге оқытуда оқу - материалдық базаның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...38
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі нарықтық қатынас жағдайда жарық
көрген тұжырымдамалар мен заңдар мазмұнында да, атап айтқанда Қазақстан
Республикасының тәлім тәрбие тұжырымдамасында, ''Мәдени-этникалық мінез-
құлықты қалыптастыру'' тұжырымдамасында жастарды жан-жақты жарасымды мінез-
құлық пен іс-әрекетке тәрбиелеу мақсат етіледі.
ҚР президентінің халыққа жолдауында, ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру
мен кәсіптік даярлау қажет. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және
ғылыми қарқынды өндірістері үшін кадрлар қорын жақсартуымыз қажет. Осы
заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін
осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз
делінген.
Ұлттық ою-өрнегіміз – бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен
ғасырлардағы әдет – ғұрып, салт – дәстүр, халықтың хал – ахуалынан кең
көлемде жан – жақты хабардар етеді. Қазақ халқының ою-өрнегі басқа
ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: казақ халқының
табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың киіміндегі
оюлар негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз
күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады.
Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда
түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен пішілу
тәсілінде сабақтастық сақталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға
қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық, қаусырылатын
кеуде киімі – шапанды адамзат өркениетіне қосқан. XX ғасырдың 20-шы жылдары
Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген казақтардың киім – кешегін
палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И. Руденко, күпінің
қазаққа, оның ата – бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі
болған киім үлгісі екенін дәлелдеген.
Киімдердің етек – жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою - өрнек
элементтерін салу, үкі тағу, жын – перілерден, пәле – жаладан, ауру –
сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Осындай
сақтар дәуірінен қалған киімдер қазір стилизацияланған түрінде бүгінгі
күнге дейін қолданылып жүр.
Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс
тауып, жаңа түрге ие болды, дегенмен сол тамыры терең ұлттық сән өнері
үлгілерінің кейбіреулері әлі де қолданыста бар дәстүрлі түр – формасын,
қасиетін жоғалтқан жоқ.
Ұлттық оюымыз қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың
назарында болды. Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино қайраткерлері,
сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған
бейнелерін қорландырып отырды.
Қазақ киімдерін зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана кеңінен колға
алына бастады. 1922 – 1926 жылдары Қазақ республикасының астанасы Орынбор
қаласының музейі Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Орал, Атырау, Семей, Павлодар
аймақтарын аралап, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің, алтын-күмістен
жасалған бұйымдардың экспонаттарын жинап, әр облыстағы әртүрлі киім
үлгілерін зерттеп қағаз бетіне түсірген. Көптеген киім үлгілері Абай
атындағы Опера және балет театры мен М. Әуезов атындағы Қазақ Академиялық
драма театрларының эпостық, тарихи шығармаларды сахнаға шығарудағы
ізденістері, архив материалдарымен жұмыс істеу нәтижесінде қалпына
келтірілді.
1930 жылдары Қазақ ССР Орталық музейі қызметкерлері С. Омаров пен В.
Куж Алматы қаласынан және Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданынан қазақтың
ұлттық ою-өрнек түрлерін жинаған. Қазақстан суретшісі Е. Клодт қазақ
киімдерінің, ұлттық оюдағы киім киіп тұрған казақтардың бейнелерін суретке
түсірген. Осы саланы зерттеген Ә. Марғұлан, Т. Басенов, X. Арғынбаев т.б.
еңбектерін айтуға болады.
Ескі қорымдар мен қоныстардан табылған археологиялық олжалар баға
жетпес дереккөздері негізінде халықтардың жоғалған киім үлгілерін қалпына
келтірген суретші М.В. Басттың суреттері мен замандастарымыз М. Жұмағалиев,
Қ. Ахметжан, Қ. Алтынбеков, Ә. Малаевтар (Шежіре галереясы) қалпына
келтірген оюлы костюм реконстукциялары арқылы ежелгі бабаларымыздың киімі
туралы жан – жақты мағлұматқа көз жеткізе аламыз. Көшпелі халықтардың
киімдерін зерттеушілердің ішінде М.В. Гореликтің еңбегі зор. Ол өз
еңбектерінде ертедегі Қазақстан территориясын мекен еткен сақ,түркі,
қыпшақ, қимақтардың киімдерін зерттеп, сызбаларын жасаған. Осы зерттеулер
қазақ киімінің дамуын, эволюциясын анықтаудың ғылыми негізі болады.
Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде
саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді
зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға
айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин,
В.Радлов, М.В.Рындин т.б.. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан
талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған
тұжырымдарының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын
аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ
ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр
саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің
жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын
халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге
халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған
халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген
бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды. Осыған қарағанда
осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар
екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр
ғалымдары көп еңбектер жасай бастады.
.
Осы тұрғыда біз технология пәнінің негізінде ұлттық киімдердегі ою-
өрнекті оқытудың тиімділігін жан-жақты ашу мақсатында зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын: Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
әдістемесі (жоғары сыныпта) - деп алдық.
Зерттеу жұмысының обьектісі: Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек
элементтерін оқыту әдістемесі
Зерттеу пәні: Технология пәні барысында оқушыларға ұлттық киімдерде
кездесетін ою-өрнектерді оқыту үдерісі
Зерттеудің мақсаты: Технология пәні барысында жоғары сынып оқушыларын
ұлттық киімдердегі ою-өрнектермен таныстыру арқылы оның әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
Ұлттық киімдердің жасалу мәнін ашу
Технология пәні барысында ұлттық ұлттық киімдердің тігілуі мен ою-
өрнектердің жасалу мүмкіндіктерін айқындау.
3. Технология пәні оқытуда барысында ұлттық киімдермен таныстыру арқылы
қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту әдістемесін ұсыну
Көркемдік талғамға сай ұлттық киім үлгісін ұсыну
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-Технология пәні барысында ұлттық киімдердегі ою-өрнек элементтерін
оқыту мүмкіндіктері айқындалды.
-Технология пәні барысында ұлттық киімдермен таныстыру арқылы ою-өрнек
элементтерін оқыту әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Технология пәні барысында ұлттық
киімдердегі ою-өрнек элементтерін оқыту әдістемесі жасалады. Бұл
әдістемені және зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін орта
мектептердің практикасында пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Қазақтың ұлттық ою-өрнек өнері – тәрбие құралы
Қазақ халқының өмірінде ою-өрнек өнері – басты тәрбие құрамының
бірі, оның бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбиеге әсері басым. Тілімізде ою -
өрнек деп қосарлана айтылатын сөз бар. Ол тұрмыста бір бұйымның бетін
әшекейлеу үшін қолданылатын өрнек. Ою-өрнек ісі ерте заманнан бастап – ақ
қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып
келді. Ою мен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір
нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау,
бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны береді. Сонымен, ою-
өрнек дегеніміз- әдемі ырғақ арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл – Фараби Адамға ең алдымен бірінші білім
емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның өміріне апат әкеледі деген.
Ою-өрнек өнерін ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда қолданылатын тәсілдер:
- теориялық,
- практикалық,
- әдебиеттік,
- этнографиялық,
- математикалық,
- жұмыс формасына, олар жеке орындау,
- топтасып орындау,
- жарыс, көрме ұйымдастыру.
Зерттеу барысында ғылыми педагогикалық әдебиеттерді саралау қазақ
халқының сәндік-қолданбалы өнерінің этнографиялық, өнертанымдық негіздері
Ә.Марғұлан, Ә.Тәжімұратов, М.Мұханов, М.Сейсенұлы, М. Әлімбаев сынды
ғалымдар мен өнертанушылардың еңбектерінде көрініс тапқанын көрсетеді.
Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ғалымдар С.Қалиев,
Қ.Жарықбаев, А.Қалыбекова, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Қ.Ералин, Қ.Бөлеев
және т.б. халықтық тәрбие үлгілерін зерттеуге үлес қосып, оның теориясын
практикасымен ұштастырған, Б.Әлмұханбетов, Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, И.Сманов,
Д.Кемешов, А.Павловский, Б.Ижанов, С.Жолдасбекова т.б. ғалымдар жалпы
халықтық қолөнерді қолдану арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру
мәселелерін зерттеген.
Қазақ халқының ою-өрнектерін белгілі ғалымдар Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов,
Е.Масанов, С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, В.Куррер, С.В.Иванов, Б.Т.Тұяқбаева,
Б.Әлмұқанметов, Б.Ибраев және т.б. зерттеген. Ал, білімгерлерді күрделі
педагогикалық іс-әрекетке ою-өрнек өнері арқылы арнайы дидактикалық
дайындау әлі шешімін тапқан мәселе емес. Сондықтан бірінші кезекте мектеп
оқушыларына ұлттық тәрбие беруде ою-өрнек өнерінің мәдени мұра ретіндегі
тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау қажеттігі туындайды.
Балаларды қолөнер кәсібіне тәжірибелі қарттар және қолынан өнер тамған
шеберлер үйреткен. Сонымен бірге өз тәжірибелерін түсіндіру, ақыл-кеңес
беріп әрдайым қолдау көрсету, мақтап-марапаттау тәсілдерін қолдана отырып,
ер баланың тәрбиесіне әкелері, қыз баланың тәрбиесіне аналары көп көңіл
бөлген. Ұл атадан үйренбей сапар шекпес, қыз анадан үйренбей өнеге алмас
дегендей балаға қолөнер кәсібінің бір саласын меңгерту өздеріне байланысты
екенін түсінген ата-ана барлық жақсы қасиеттерді балаларының бойына
сіңіруге тырысады. Қолөнері арқылы балаларының бойына эстетикалық
талғамның қалыптасуы, шығармашылық іс-әрекетінің дамуы ата-анасының
іскерлігінен, жауапкершілігінен туындайды. Қыз балаларды аналары қолөнердің
кең тараған түрлері – кілем тоқуға, сырмақ сыруға, құрақ құрауға, кесте
тоқуға, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, киім тігуге баулып отырған. Бұндай
өнер туындыларын жасау ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті жоғары
эстетикалық талғамды талап етеді. Ана балаға өмір сыйлаумен ғана емес
ол өзінің бар білгенін абзал, адамгершілік қасиеттерге баули отырып,
ұстамдылықты, сабырлылықты, төзімділікті, өмірде кездесетін қиыншылық
атаулыны қажырлылықпен жеңе білуге баулыған. Арғы ата-бабаларымыз
жігіттердің бойына өнер мен еңбекті адамгершілік қасиеттерімен ұштастырып,
ағаштан, темірден, теріден тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдар жасауға, яғни
қолөнер кәсібіне, шеберлікке баулыған.
Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін ұлттық
киімдерде, киіз үйдің ішкі жасауларында, зергерлік бұйымдарда, киіз басу,
текемет ойыстыру, кілем тоқу, қолөнер түрлерінің т.б. технологиялық
процестерінде баяндайды (1-сурет).
Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері – мектеп оқушылары үшін тәрбиенің бір
құрама бөлігі ретінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек,
экономикалық және экологиялық тәрбиені біріктіретін мәні басым.
Қолөнеріне қатысты этнографиялық, өнертанымдық, педагогикалық
еңбектерді саралау қазақ ою-өрнектерінің қоғамдық қажеттілігіне қарай
мынандай тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындауға ықпал етеді:
1. Ұлттық ою-өрнектердің халық тұрмысында тәрбиелік мақсатта жиі
пайдалануы балалардың бойларында қажетті сапаның дамуына, әсемдік талғамын
қалыптастыруға ықпал етіп, олардың дүниетанымын дамытқан;
2. Баланың бұйымдарды ою-өрнекпен әсемдеу үрдісін өз апа әжесінен
көруі, оның танымдық қызығушылығын туғызып, белсенді шығармашылық іс-
әрекетке жол ашып отырған;
3. Жеткіншектердің қолөнер бұйымдарының түрлерін көруі, оларды бір-
бірінен ажырата білуі, түрлері мен түстерін, композициясы мен ою-
өрнектерін салыстыру олардың әсемдік талғамын арттырған;
4. Қазақ балаларының ою-өрнек өнерін, оның жасалу технологиясын
отбасында көріп өскені олардың сәндік-қолданбалы өнері туралы белгілі
дәрежеде түсініктері болғандығын көрсетеді;
5. Ою-өрнек жасау өнерін анасы-қызына үйрету, ұстазы шәкіртіне үйрету
арқылы оның көркемдік дәстүрі жалғасқан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған,
тәрбиелік функциясы артып отырған;
6. Ою-өрнектің әлеуметтік тұрмыстағы қолдануы жан-жақты үйлесімді
дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудің қозғаушы күші ретінде танылады.
1-сурет. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін
Басқа өнер түрлеріне қарағанда кілемге, киізге, ұлттық киімдерге ою-
өрнек салу өнері әлеуметтік тұрмыста кең көлемде қолданылуымен балаға
жақын, оларды бала күніге көріп, көңіл бөліп көркемдік қасиеттеріне назар
аударады. Олардың формасы, түрлі түсі бала үшін көңіл аударатын басты
тәрбиелік нысана. Бірақ, бала оның салыну технологиясын, композициясын,
түстердің үйлесімділігін, көркемдік мәнін өз бетінше түсінуге шамасы жете
бермейді. Бұл іс әрекетті меңгеру үшін, балаға ою-өрнекті құрастыру
жолдарын үйретіп, таныстыру қажеттігі оқушыларды іс-әрекетке ою-өрнек өнері
арқылы дайындау қажеттігін туындатады.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан ұрпаққа ежелден келе жатқан
қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына,
ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесінде
жалпы білім беру саласында тәлім-тәрбиелік мәні зор сәндік-қолданбалы өнер
туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары қолға алынуда.
Кілем бетінде бейнеленетін әрбір ою-орнек нақыштарына қарасақ онда
үлкен философиялық ой жатқанын көреміз, яғни, өзінің терең тарихи
мағлуматтарды паш ететін ерекшеліктері бар. Олар бұдан сан жылдар бойы
өмір сүріп келе жатқан ата- бабаларымыздың салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын ,
сан ғасырлар мәдениетін , тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.
Эстетикалық дүниетаным бұрын да, қазір де өзіндік ерекше тұрақты
сипаттың белгісін сұлұлық әсемдік көркемдік сипатын кілем тоқу өнерінен
жоғалтқан жоқ..
Кілем бетіндегі түсірілген өрнектердің бірнешеуіне тоқтала
кетейік.Кілемнің шеткі жиегіндегі шалуларды су өрнегі деп атауға болады.
Су ертедегі ұғымда киелі жаратушы аналардың бірі.
Қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзінің тұрмыс
жағдайын, ақыл - парасаттық, әдептілік, адамгершік, мейірімділік, тәлім-
тәрбие ұғымдарын, кілем бетіне түсірілген ою-өрнек нақыштарының мағыналық
ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Сондықтан қазақтың кілем тоқу өнерін
көңіл-күй мен сезім тереңдігін арттыратын, ұлттық мәдениетімізді
дамытатын, эстетикалық дүниетанымдық және ұлттық тәлім- тәрбиенің
даңғыл жолын ашуға табиғи – рухани жағдай жасайтын мәдени мұрамыз
ретінде қарастырамыз.

сан ғасырлар мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.

Су ертедегі ұғымда киелі жаратушы аналардың бірі. Ауырған адамдарды сумен
ұшықтайды. Қазақтар арасында Суға түкірме деген қағида да бекер
айтылмаған.Сонымен бірге Өзен жағалағанның өзегі талмайды дегендей
көшпелі халқымыздың тұрмыс-тіршілігін көруге болады. Су өрнегінің
негізінде ирек, тасқын, дария өрнектері қалыптасатындығын ескерсең
зәулім күмбезді тас қамалды қоршап жатқан өзен-көлдерді елестетуге
болады.
Келесі өрнек түйе табан өрнегі ауыр да алыс сапар белгісі.
Отсыз, сусыз, шөл- шөлейт, құм-құмайт жолдармен тек шөлге, отқа төзімді
түйе ғана жүре алады. Мұны:
Түйе табан өрнегімен жүк артсаң,
Тоқтамассың шын- Мәшінге жол тартсаң,
деген сөздер де нақтылай түседі. Түйе табан өрнегінің ырғақты
қайталанып келуі көш басынан шығып кетпеуі үшін бір-бірімен есілген
ала арқандармен тізбектеп орналасуында. Бұл көштің қауіпсіздігін
сақтап отырған.
Келесі өрнек жануар тектес қошқар мүйіз өрнегі негізінде
қатар қосарланып бір-бірімен қолтықтасып айқасып түседі. Бұл өрнек ата-
бабаларымыздың атамекенімізде Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғап
келген батыр сарбаздарымыздың бірлескен жорықтарының ізі деп білеміз. Олар
өз ұрпақтарының тыныш, алаңсыз өмір сүруін әрдайым қырағылықпен күзетіп
келген.
Кілемнің қолтықшасындағы мүйіз өрнегі өте ескі өрнек
және ол көбінесе көшпелі немесе жартылай көшпелі елдердің қолөнерінде жиі
кездеседі. Бұл өрнектен хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып,
дем алыңыз деген қонақжайлылық белгісін көреміз.
Оңтүстік аймақта кілемнің ортасында кеңінен пайдаланатын
өрнектерлің бірі Шатыргүл деп аталады. Бұл өрнекте қиық пен төртбұрыштар
өзара байланысып орналасады. Шатыргүл - бұл сөзден шатыр - баспана
мағынаны ұғуға болады. Қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй, яғни
шаңырақ. Ал, екіншіден, ұлттық сана-сезім, дүниетаным, тәлім жағынан
келгенде шаңырақ үй, отбасы, әулет одан жоғары халық ұғымын
беретін, қазақ жұртының өсіп-өну ұйытқысын, дәстүр тәрбиесін, біртұтас
бірлік-тірлігін білдіретін рухани философиялық көркем балама, қасиетті,
кең ұғым. Халқымыздың тарихы, өсіп-өну шежіресі, яғни, қазақ шаңырағы –
қазақ елі деген мағынаны береді.Осы шатыргүлдің үшкір қия беткейлеріне
қыз баланың орны тәрізді құс қанат өрнегі тоқылады. Бұдан қанатын жайып
жайлы өңірге ұшатын құстар сияқты немесе бұталы бәйтеректің гүл ашып
жеміс беретіні тәрізді қыз баласының тұрмыс құрып, жат жұрттық
болатындығын, оның ұясы биік қиялардың басында орналасатынын білдіреді.
Шатыргүлдің дәл ортасында көлемді тұтас алынған ою- өрнек бар. Бұл өрнек
қазақ халқындағы Үлкен үй яғни, қара шаңырақ іспеттес. Бұл өрнектен
саналы өмірін ұл-қыздарының болашағына арнаған ата-аналар немесе қарт
аталар мен әжелердің орнын көреміз. Бұл тектен тек емес, түркі тілдес
халықтар дүниенің иесі -тек Алла деп білген. Бар жақсылық , игі
тілектерді көк иесі - Алладан тілеген. Сол себептен бұл өрнекті Аспан
әлемі немесе Ғарыштық өрнектер тобына жатқызамыз. Шатыргүл өрнегінен
халқымыздың тұрмыс - салт, әдет - ғұрып және тәрбиелік өнегесінің
маңызы өте үлкен өмір мектебін, ұлттық салт-дәстүрімізді көреміз.
Шатыргүлді айнала жан-жануарлар мен хайуанаттар бейнесін сипаттап,
тұспалдайтын өрнектер қоршап тұрады. Ата – бабаларымыздың негізгі
кәсібі төрт- түлік мал болғандықтан бұл өрнектердің орналасуы шартты
заңдылық. Бұл өрнектерден отар-отар қой айдаған, үйір-үйір жылқы ұстаған
халқымыздың өмір бейнесін көруге болады, ал шатыргүлдің қолтықшаларына
сұлу да әсем табиғаттың аясында өмір сүріп жатқан аң-құс кейіпкерлерін
орналастыруға болады.

тәрбие ұғымдарын, кілем бетіне түсірілген ою- орнек нақыштарының
мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Сондықтан қазақтың кілем
тоқу өнерін көңіл-күй мен сезім тереңдігін арттыратын, ұлттық
мәдениетімізді дамытатын, эстетикалық дүниетанымдық және ұлттық тәлім-
тәрбиенің даңғыл жолын ашуға табиғи – рухани жағдай жасайтын мәдени
мұрамыз ретінде қарастырамыз.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту мен тәрбиелеу мәселесі білім
беру үдерісінде мынадай міндеттерді шешуді қажет ететіндігі танылды:
- ою-өрнектердің қалыптасуы мен дамуын айқындау;
- ою-өрнек жасау өнеріне мазмұндық сипаттамасын беру;
- ою-өрнек жасау технологиясын үйрете отырып оқушыларға кәсіби білім
беру;
- оқушыларға практикалық сабақтарды ұйымдастыру барысында ою-өрнек
жасау технологиясын менгерту;
- оқушыларға қолөнерінің білімдік тәрбиелік мүмкіндіктері туралы
білім негіздерін меңгерту;
- оқушыларға ою-өрнек салу технологиясының дидактикалық білімдерін
меңгерту;
- ұлттық ою-өрнектің дамуы, қалыптасуы, түрлері, технологиясы
мәселелерін қамтитын ғылыми баяндама, ғылыми жұмыстар дайындау
үдерісінде үйрету;
Ел болып еңсемізді көтеріп, тозығы жеткен дәстүрімізді жаңалағанда,
әрбір ұлттың жаны болып есептелетін тіліміздің мәртебесін өсіру, сол ана
тілімізде жазылған тарихымыздың сырына үңіліп, ұлттық тәрбиеміздің қайнар
бұлағының тереңіне сүңгу, сол бұлақтан бойға қуат алу – бүгінгі күннің
басты талабы екеніне анық көзіміз жетті. Ендігі жерде қалт босаңсытуға
келмейтін бұл мақсатты, жұмысты жандандыруға өркениетті ел қатарына
ұмытылған әрбір тәуелсіз ел өзінше күш алып, өмірдің барлық саласына
жаңалық, өзгеріс енгізуге бүгінгі қоғамның қозғаушы күші халықтың ұзақ
жылғы іс-тәжірибесі мұндай өзекті істің білім беру саласында қанат жайы
керектігін анықтап отыр. Өйткені сауда саттыға мәдениетті, әдебиетті оқ
басы биік тұрған әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарында еліміз
мәртебесінің биік болуы, келешек ел қожасы жас ұрпақтың белсенділігі мен
іскерлігіне және біліміне тікелей байланысты екендігінде сөз жоқ. Ендеше
сапалы да салауатты халқымыздың арғы-бергі дәстүріне де, әлем мәдениетіне
де қанық ел тізгінінің уысында ұстай білетін ұл-қыз тәрбиелеу тәуелсіз
еліміздің үздіксіз біліммен тәрбие жүйесінде еңбек етіп жатқан көпшілік
үлесі.
Зерттеу нәтижесінде дидактикалық мақсаттарға байланысты ұлттық ою-
өрнекті оқу-тәрбие материалы ретінде таңдап алуға келесідегідей
көрсеткіштері танылады: оқу-тәрбие материалы ретінде таңдап алынған ұлттық
ою-өрнектердің мүмкіндіктері орта білім беру жүйесінің мемлекеттік
стандартының талаптарына сәйкес келуі; оқып үйренуге арналған оқу
материалдарының бағдарлама талаптарын қанағаттандыруы; оқу материалдарының
білімдік-тәрбиелік көрсеткіштеріне байланысты шәкірттің көркемдік
интеллектуалдық сұранысының дамуына сәйкес келуі; ою-өрнек өнері
материалдарының халықтың көркемдік-мәдени құндылықтарының бірі ретінде
пайда болуы, дамуы мен жасалу технологиясы туралы ғылыми-теориялық
түсініктері оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы; оқу-
тәрбие нысаны ретінде ою-өрнек өнерін оқып үйрену шәкірттердің еңбектік іс-
әрекет дағдыларын қалыптастыруға ықпалының болуы; оқушылардың ою-өрнек
өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды ұлттық мәдени мұра
құндылықтары ретінде құрметтеп, ұқыпты сақтау қарым-қатынасын
қалыптастыруға деген көзқарасының болуы.
Ұлы Абай атамыз Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат: нұрлы
ақыл, жылы жүрек - дегендей, жастар бойынан осы ақыл қасиеттер ұлттық
тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындаған да ғана дарымақ. Ендеше бүгінде күн
санап қазақ мектебі құрылымының, орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарының
құрылымының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнын халықтық сипатқа ие болып,
ұлттық рухани байлықпен баий түсуі – халықтың келешегіне сеніммен қарауға
тірек қазық.
1.2 7-сынып оқушыларына қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін
оқыту мүмкіндіктері
Ою-өрнек үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын
нақыштар. Ою деген сөз бен өрнек сөзінің мағынысы бір. Ою бір нәрсені ойып
кесіп алып жасау дегенді білдірсе, өрнек бір нәрсенің бетіне ойып бедер
түсіру дегенді білдіреді.
Халық шеберлері мүйіз өрнегіне сан қилы мәнермен құбылта, бір элементке
екіншісін қосып толықтырады, құлпырған әдемі мазмұнды композиция жасайды.
Шеберлер өрнектерді өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған.
Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай
тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассимметриясы, колориті
мен ритмі, сондай-ақ философиялық мәні де байқалады.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп (латынша орнамент
деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.) Ойылған, кесілген,
тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, жымдастырып, желімдеп
әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын:
сырмақ, сандық, кебеже, киім-кешектерді, қабырғаларды безендіруге
қолданылады. Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын оқушыларға ою-өрнек
түрлерін, оюдың мән-мағынасын, тарихын тереңірек түсіндіру қажет. Өйткені
бала қандай оюды қолданатынын білу керек және оларды дұрыс таңдай білуі
қажет. Халықтың өмір сүру ерекшелігі мен тұрмысын көп жағдайда
кәсіпшілігінің дамуы айқындалып отырады. Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс
бұйымдарының бәрі өте-мөте қажетті заттар болып қана қойған жоқ, сонымен
қатар адамның өміріне де көрік беретін. Шебер оларды жасай отырып өзінің
арманын, мүддесін әсемдікке деген түсінігін білдіруге талпынатын жасыратыны
жоқ қазір жастарымыз ою-өрнек сырын жете білмейді. Атап айтқанда, қазақ
оюының бірнеше түрге бөлінетінін, оның түсірілу тәсілін, сыры мен сипатын
біле бермейді.
Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов, С.В.Иванов, И.Г.Ковалев,
К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің анықтамаларын
берген. Олардың бірі Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар
байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі,
төртіншісі – адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде
суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ ою-өрнегі
көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі, тағы бірі
қазақтың өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және
заңды жалғасы деп түсіндіреді.
Солардың ішінде ою-өрнек ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова
толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: ою деген сөз бен
өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып,
кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің
бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке
салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ
барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі
ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген
көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе
ою-өрнек қосарланып айтыла береді - десе, Ұ.Әбдіғапбарова: қазақ ұлттық
ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды,
архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған
ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-
арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі
жеткізуге ықпал ететін нақыштар - деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-
біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек
ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі.
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің қалыптысуына әсер еткен жағдайларға
байланысты ою-өрнектер қалыптасу жағдайлары 1-ші кестеде көрсетілген.
Қазақ ұлттық өнерінің қалыптасып дамуына әлеуметтік-экономикалық,
табиғат, халықтың рухани өмірі әсер етті. Ғылымда ою-өрнекті геометриялық,
табиғи, аралас деп бөлсе, кейбір зерттеушілер зооморфтық, физморфтық деп
екіге бөледі.
Кесте 1. Қазақ ұлттық ою өрнектерінің қалыптасу жағдайлары
Ою - өрнектерге әсер ететін Ою - өрнектердің пайда болуы
жағдайлар
Әлеуметтік-экономикалық Мал және егін шаруашылығымен айналысуына
жағдайлар байланысты
Табиғат жағдайларына Қазақтың кең дархан даласы,
аң-құстарына, табиғатына, табиғаттың
тылсым сырына байланысты
Халықтың рухани өмірі Қазақ халқының ерте кезден әдет-ғұрпы
Ұлттық салт-дәстүр бойынша және наным- сенімдерге
байланысты
Қазақ ұлттық өрнектерін мотивтеріне қарай Ә. Марғұлан, Қ.Жәнібеков,
Т.Басенов былай бөледі: зооморфтық, өсімдік тектес, геометриялық,
космогониялық ою-өрнектер.
Зооморфтық ою-өрнектер - құс-жәндіктердің, жабайы және үй жануарларының
символдық бейнесі. Зооморфтық өрнектерге “құсмұрын”, “түйе табан”,
“итқұйрық”, “қошқар мүйіз”, “қосқанат” тағы басқа да өрнектер жатады. Мына
төменде келтірілген суреттерде жан-жануардың бейнесімен қоса, мүйіз оюының
симметриялық тепе-теңдікке бөлініп, жан-жануардың мүйіздерінің образбарынан
туған құрылымдары көрсетілген.
Өсімдік тектес ою-өрнектер – белгілі бір стилге түскен жапырақтар мен
гүлдер, жемістердің символдық белгісі.
Осы оюлардың ішіндегі ең әдемісі өсімдік үлгілес өрнектерге алма гүл,
масақ гүл, қызғалдақ, түйе жапырақ, жапырақ оюы жатады.
Геометриялық ою-өрнектер – сызық түрлері, геометриялық фигуралар
бейнесіндегі ою-өрнектер. Геометриялық ою-өрнектерге “өрмекші”, “балдақ”,
ирек, балта, тұмар т.б. өрнектер жатады.
Космогониялық ою-өрнектер – космос денелері, жер көрінісінің
элементтері, табиғат құбылыстары бейнесіндегі символдық белгілер жатады.
Мұнда жиі кездесетін өрнектерге әкүн шеңбері”, ай өрнегі” жатады.
Ою-өрнектерді аталу мағынасына қарай С.Қасиманов, Ұ.М.Әбдіғаппарова 8
топқа бөліп қарастырады:
1.Ай, күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты өрнектер.
2.Малға,малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
3.Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
4.Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
5.Құстарға байланысты өрнектер.
6.Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер.
7.Қару құралдарға байланысты өрнектер.
8.Геометриялық фигура тектес ою-өрнектер.
Ою-өрнектерге жеке талдау беру барысында кейбірінің қай топқа
жататынын нақты айту қиын. Мәселен: “дөңгелек” өрнегі бір қарағанда
геометриялық фигура, ал кейде күн бейнесін бейнелейтін космогонияляқ
өрнекке жатқызымыз. Сондықтан ою-өрнек мән,мәтін ретінде бейнесі мен
атауына қоса, қай бұйымға, қайда орналасқанына, жанындағы өрнектердің
мағынасына мазмұнына қатысты қарастырылады.
Өнер түрлері арқылы оқушыларды өнерге баулып, оның қыр – сырын
меңгертіп, білім беріп, эстетикалық талғамын, қабілетін арттырып,
ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылықтарын, іскерлік
дағдыларын қалыптастыру жолдарында жұмыс жасап, тәрбиелеу.
Ою - өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақ та қызық өзіне тән
даму жолы, тарихы бар. Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ
халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Олардың
өзіндік ерекшелігі, белгілі мақсаттан туған мағынасы бар. Оған жаңа мазмұн
беріп байытып, халқымыздың мүддесіне жарата білсек қандай жақсы. Оқушы ою
өнерін шын ынтамен үйренуге, түсінуге құштарланса үлкен жетістіктерге
жетеді. Ойы ұшқыр, қиялы қанатты болады.
Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және
ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында
тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білімді, жан-жақты
тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-
жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім- тәрбиелік,
білім-танымдық ролі орасан зор. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы
жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы
мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шебердің кейбір
сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп,
біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі. Болмасаң да ұқсап бақ, бір
ғалымды көрсеңіз деп, Абай атамымыз айтқандай болашақтағы өнер адамдары
мен ірі өндіріс адамдары осы оқушылардың ішінен шығуы да мүмкін. Сонымен,
ұлттық тәлім – тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру және ұлт
мәдениеті мен оқу-тәрбие жұмыстарын үнемі насихаттауды ұйымдастыру керек
екені өзінен өзі туындайды. Бірақ, қазақ мектептерінде ұлттық қолданбалы
өнер түрлерін дамыту ойдағыдай емес екені белгілі болып отыр.
Осы мәселелер бойынша жинақталған мағлұматтарды талдай отырып мына
өзекті мәселелер алдан шығып отыр. Олар:
1. Оқушыларға ою-өрнек өнерін оқытуға қажетті оқу материалдарының және
дидактикалық құралдарының жеткіліксіздігі;
2. Жалпы қолданбалы өнер саласында ою-өрнектер жайлы түсініктері бар,
бірақ ол түсініктер өте үстірт және ұлттық өнер табиғатының
мазмұнымен, мәнімен үйлесім таппайды, әрі оқушылардың шығармашылық ой-
қиялы мен талғам өрісіне ықпал етпейтін жағайда жүргізіліп, нақтылы
көркемдік білім көздерін айқындауға дұрыс көңіл бөлінбеген;
3. Ұлттық тәрбие беру ісінде халық педагогикасының озық үлгілері мен
қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлері тиімді қолданылмайды.
Осы жүргізілген жұмыстарға ой қорытып тұжырымдасам оқушыларға
қазіргі технология сабағында ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне
жататындар мыналар:
• оқушыларды халықтың өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып
үйрену;
• ою-өрнектердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру,
дағдыландыру;
• халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу;
• оқушылардың ұлттық шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту,
ойлау мен танымдық қабілетін қалыптастыру.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білім беруде ою-өрнектерді қолдана
отырып оқушыларды елін, жерін сүйіп, салт-дәстүрін бағалай білуге, ата-
бабаларының ғасырлар бойы ұрпағына қалдырған тәжірибесі мен білімін, өмір
мектебін зерделеп, орта талаптарына сай сұрыптап, мектептің оқу-тәрбие
ісіне ендіру. Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет
етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол ұлттық
мәдениетті сақтаудың, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып
табылады.
А.М. Пышкалoның пікірінше оқытудың әдістемелік жүйесі (ОӘЖ)– оқыту
мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары болатын құрылым
түсіндіріледі.
Демек, оқытудың әдістемелік жүйесі оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері,
құралдары мен ұйымдастыру түрлері болып бөлінетін бір-бірімен өзара
байланысқан бөліктен тұратын құрылым. Әдістемелік жүйелер жоғары оқу орны
практикасында тәжірибеден өте отырып, көптеген жылдар бойында қалыптасады.
Әдістемелік жүйені жетілдіру үдерісі төмендегі заңдылықтарға бағынады:
1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның
қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп
соғады.
2. Кез-келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы
өмірмен тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту
мақсаттары алады, анықтап айтқанда қоғам жоғарғы оқу орнына әлеуметтік
тапсырыс береді, сол арқылы кез келген пәнді оқытудың мақсаттары
анықталады.
Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін
қарастырайық. Оқыту мақсаттары әдістемелік жүйедегі жетекші орынды алатын
болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі принципі мақсатқа бағыттау болады.
Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның бөліктерін жетілдірудің бағыты мен
сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен
тәрбиелеудің бірлігі принципі болып табылады. Сондықтан әдістемелік жүйені
жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының
бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру
керек. Сонымен қатар, әдістемелік жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі, жүйенің
біртұтас құрылым ретінде жойылуына соғуы мүмкін. Жүйедегі өзара
байланыстарды толық түрде ескеру қажет. Осыған байланысты өзара байланыс
принципін атауға болады.
1.3 Ою-өрнектерді оқыту арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру оқыту мен сыныптан тыс
тәрбие үдерісінде іске асырылады.
Эстетикалық тәрбиенің негізі-оқу пәндері. Мәдениетті сөйлеуге, көркемдік
танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсерін тигізді.
Эстетикалық білім берудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының өз
мәдениетін жасаушы және оның мұрагері бола алатын жан-жақты білімді,
иманжүзді, рухани дүниесі жетік азаматты тәрбиелеу бағытында жүргізілуі
тиіс. Ол үшін қоршаған ортаға деген оның эстетикалық иманды ізгілік
қатынасын қалыптастырып, шығармашылық белсенділігі мен суреткерлік
қасиеттерін жетілдіру, өнер әлеміне, халықтық дәстүрге деген қызығушылығын
ояту.
Осыдан көркемдік білім берудің ұстанымдары туындайды:
1. Көркемдік білім - тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі мен үздіксіздігі
ұстанымын сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім
беретін мектептердің бастауыш, орталау және жоғары сыныптары;
сыныптан, мектептен тыс жұмыстар, көркем эстетикалық білім беруге
бейімделген сыныптар мен мектептер, жоғары оқу орындары, әсіресе
эстетикалық салада дайындайтын мұғалімдер тәрбиелеу ісіндегі бүкіл
бөлімдердің біртұтастығын жүзеге асыру.
1. Қоршаған ортаны эстетикалық иманды-ізгілікке толы өнер және көркем іс-
әрекет арқылы меңгеру негізінде сүйенген гумманистік мұратпен және
гуманитарлық білім мен қамтамасыз ету.
2. Интеграциялық ұстаным негізіне сүйенген көркемдік білім беру жүйесінің
қалыптасуы жан-жақты жағдай жасау.
3. Балаларға көркемдік тәрбие берудің дәстүрлі әдістерін қайта өркендету.
4. Көркемдік білім беру циклдегі пәндердің тәрбие берудің дәстүрлі
әдістерін қайта өркендету.
Көркем білім беру ісі бүкіл оқу тәрбие жүйесінде мәнді орынға ие болуы
тиіс, себебі эстетикалық циклдегі пәндерді оқыту барысында жеткіншек
ұрпақты адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге мүмкіндік молаяды, оқу-тәрбие
жұмысының ізгілік қасиетін арттырып, терең сезімді рухани мәдениет
қалыптастыруға қолайлы жағдай туады. Бейнелеу өнері, музыка пәндерімен
бірге қолөнер тарихы, дін, бояу түсін тану, көркем саладағы үйірмелер,
факультативтердің болуы эстетикалық талғамда қалыптастыруда негізгі
құралға айналады.
Көркемдік циклдағы пәндерді оқыту барысында пәнаралық байланыс
арқылы, әсіресе Бейнелеу өнері, Сызу, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті,
географиясы және т.б. пәндерін байланыстыра оқытқан жөн.
Оқушылар бойында көркемдік, эстетикалық сезімдерді қалыптастыру
мәселесін көптеп зерттеп жүрген ғалымдар ішіндегі Нұрғалиева Г.К., Тілеуова
С.Н. және тағы басқалар жоғарыда аталған оқу пәндері ішіндегі еңбекке
баулу пәнінің мүмкіндігінің жоғары екендігін айтады. Онда оқушылар өздері
жасаған еңбек тауарларының сапасы мен көркемдігінен ләззат алып,
қанағаттанушылық сезімге бөленуін жоғары қояды. Ол үшін әрбір оқушы еңбек
етудегі ең ''құнды'' идеясын түсінуі керек де, ''құндылық бағдар'' бойынша
жұмыс жүргізуді ұсынады. Сонда ғана оқушының әрбір әрекеті мен еңбегі
шығармашылыққа ұласып, оның эстетикалық талғамының шыңдала түсуіне жол
ашылады.
Мектептегі эстетикалық тәрбие оқу пәндері бойынша төмендегідей
міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
- мектеп оқушыларының көркемдік талғамын өнер шығармалары шынайы
заттар мен құбылыстар арқылы дамыту. Мұнда практикалық сабақтар
мұғалімдерге көрнекі құралдарды дұрыс пайдалануға, оқушылардың арнайы білім
- дағдысын қалыптастыруға, оларды өз шығармаларында көркем бейнелер
сомдауға ынталандыруға, қиялын ұштауға көмектеседі;
- оқушылардың өз елінің, халқының мәдениетіне және көркем дәстүрлеріне
деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру;
- өнер туындыларын талдау мен түсіну барысында оқушыларды шығармашылық
ізденістерге ынталандыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытудың
педагогикалық тұрғыда негізделген шарттарын жасау;
- ұлттық салт-дәстүр, қолданбалы өнер, қол еңбегі, көркемдік кәсіп,
дизайн негіздері, әлем және Қазақстан көркем мәдениеті бойынша
факультативтік курстар, сондай-ақ өнерді тереңдетіп оқытатын мектептер
үшін оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды жасау.
Жалпы білім беретін орта мектептерде еңбекке баулу пәнінің барысында
оқушыларды әрекет дағдыларына үйрету жүзеге асырылатын. Бүгінде бұл пән ''
технология'' деп аталып, оның негізгі мақсаты - оқушыларды өздігінен еңбек
етуге, бұқаралық кәсіпті игеруге дайындау болып табылады.
Онда:
- экономикалық, экологиялық және нарықтық білімдерді қабылдау
барысында оларды ақпаратты материалдарды технологиясымен таныстыру,
жалпы еңбек іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
- оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуын қалыптастыру;
- оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып
үйренуін, кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін тәжірибе
элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
''Технология'' пәнін оқыту барысында мынадай міндеттер іске
асырылады.
- көп тараған және болашақтық технология жайында политехникалық
білімді және ақыл-ой, сезімдік әрекеттер жүйесін қалыптастыру:
- оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту;
- еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен
ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру;
- тұтыну бұйымдарын еңбек обьектісі ретінде пайдалана алуға және
сәндік қолданбалы қол өнердің негіздерін жаңа дизайн талаптарына
сай әсемдей білуге үйрету.
Жоғарыда көрсетілген бұл міндеттер бүгінгі технология пәні мазмұнында
көрсетілген үй тұрмысында қажет болатын еңбек әрекеттерін орындауда жүзеге
асырылады. Егер, ол әрекеттер шығармашылық деңгейде орындалса, онда
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндігі артады.
Эстетикалық талғамды қалыптастыруда шығармашылықпен еңбек етудің орны
ерекше. Шығармашылық еңбек тек әдемілікті бір бөлігі болып табылады. Оқушы
белгілі бір жүйелі қозғалыстар жасау барысында өз еңбегінің қызықты әрі
нәтижелі болуына ұмтылады.
Технология пәнінде оқушыларды еңбек етуге оқыту нәтижесінде оқушылар
үнемділік, тиімділік, үйлесімділік, эстетикалық талғам дағдыларына
үйренеді. Еңбектің өзі жеке дара адамның қабілеті мен шығармашылығын, ал
оның өзі эстетикалық талғамын арттырудың негізгі құндылығы болып табылады.
Бірақ еңбек ету кезінде міндетті түрде жұмысты оқушылардың түсінуін
қамтамасыз ету қажет. Бұл тек оқушылар өз қолымен жасаған еңбектерінің
қоғамдық пайдалы екендігін, өзіндік орны бар. Бұйымда жасау қажеттігін
сезінгенде жүзеге асырылады. Осы тұста кеңес педагогы А.С.Макаренко
''бағалылық пен құндылықтар қатарына жатпайтын еңбек, бұл тәрбиенің жағымды
элементі бола алмайды'' деген болатын. Еңбектің өзі оны жақсы ұйымдастырған
жағдайда әрдайым оқушыға эстетикалық тұрғыда әсер етеді. Ол еңбек
процесінің нақтылығына, жұмыстың тиімділігіне эстетикалық әсер етеді.
Эстетикалық тәрбие әсемдікті түсіну қабілетін дамытудан, әсемдікті
сезінуден басталатыны сөзсіз В.Г.Белинскийдің пікірі бойынша ''эстетикалық
дамудың ең жоғарғы көрсеткіші эстетикалық талғам'' болып саналады. Бүгінде
бұл орта мектептерде технология пәні барысында жүзеге асыруға болады.
Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағы барысында, әйел киімінде
сәндік элементтерді қолдану тақырыбына байланысты жұмыс істеген де,
олардың киім эскизін, сәндік элементтерін ескеру қажет.
Оқушылардың көркемдік талғамына бағыт-бағдар беру үшін технология
сабағының барысында көрнекі құралдар қолдану өте тиімді. Сонымен қатар
жастардың эстетикалық талғамын арттыру барысында киімнің әлеуметтік-
эстетикалық және пайдалы функциясы туралы түсінік беру қажет.
Ұлттық киімдердегі оюларға қойылатын талаптардың бірі мата түсінің
киімнің қолдануына әрі адам реңіне сәйкес келуі қыз баланың көзінің,
реңінің, шашының түсі мата түсіне үйлесімділігін ескеру қажет. Себебі, киім
түсі адамның көңіл-күйіне үлкен әсерін тигізеді, сонымен бірге мата
түстерін таңдау адам мінезін, көңіл-күйін білдіреді. Әрбір түстің өз
сипаттамасы және мағынасы бір болумен қатар, әрбір түстің жыл мезгілдеріне
сәйкес таңдалуын да ескерген жөн. Мысалы, ақ, қара түстер қатаңдықты
білдірсе, ашық түстер көтеріңкі көңіл күйді білдіреді.Хроматикалық түстер -
жасыл, сия-көк, көк түстер, мұз сияқты суық болып көрінеді және жылы -
қызыл-сары, қызғылт, қоңыр, от-түстері-жылулықты білдіреді. Жылы түстердің
көлемі үлкен болып көрінсе, суық түстердің көлемі кішірейіп көрінеді.
Сондықтан азғын денелі адамдар ашық түсті көп киеді, ал дене бітімі толық
келген әйелдер қара түсті киімді кигенде арық болып көрінеді.
Кесте 2
Кешке арналған сәнді көйлектерді композициялағанда жасанды жарықтың
түстерге әсерін ескеруіміз қажет. Киім үлгілерін әзірлеуде адамның мінезіне
де көңіл аударған жөн, себебі жеңіл мінезді, шапшаң қимылдайтын қызға түрлі
желбезектермен немесе күн пішінді қысқа белдемшелер кигізсе, оның мінезін
тіптен жеңілдетеді, мұндай юбкалар мінезі ауыр қыздарға жарасымды.

Ұлттық киім үлгілерін сәндеуде орынсыз әшекейлерді жапсыра беру артық.
Мұнда жоғарыда айтылғандай эстетикалық талғаммен және білімділік қажет. Осы
секілді қыз балаларға арналған ''тамақ әзірлеу технологиясы'', ''үй
мәдениеті'' т.б. тақырыптарда оқыту арқылы да оқушыларды шығармашылықпен
жұмыс істеу негізінде олар оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеу
негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады.

сезінуден басталатыны сөзсіз. Бүгінде
Ұлттық киім үлгілерін пішуге, модельдеуге және талғаммен тігуге
жастарды үйрету барысында олардың эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін
мынадай міндеттерді орындау пайдалы болмақ (кесте 2):
- жастарға қазіргі сән үлгілері ағымының өзіндік құнды әрі
кемшілікті жақтары туралы мәліметтер беру;
- Ұлттық киімнің қолданылуына қарай оның матасының, түсінің және киім
пішімінің сай келуі туралы білім беру:
- киім үлгілерін әзірлеу барысында әсемдікті дұрыс қабылдады, оны
бағалай білуге үйрету жолдарын анықтау;
- киімді көркемдеп, сәндеу жөнінде түсінік беру;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz