Құстар және құстардың көбейуі



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.22

2.1 Құстар және құстардың көбейуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.9
2.2 Татреңтәрізділер отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.14
2.3. Шалшықшылар отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.16

2.4 Ләйлек тәрізділер немесе сирақтылар отряды ... ... ... ... ... ... ... .16.19
2.5 Қоқиқаздар отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.22
2.6 Құстардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы ... ... ... ... ... 22

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).

Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .4-22

2.1 Құстар және құстардың
көбейуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-9
2.2 Татреңтәрізділер
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-
14
2.3. Шалшықшылар
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-
16

2.4 Ләйлек тәрізділер немесе сирақтылар
отряды ... ... ... ... ... ... ... . 16-19
2.5 Қоқиқаздар
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 19-22
2.6 Құстардың адам өміріндегі және табиғаттағы
маңызы ... ... ... ... ... 22

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24

Кіріспе

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше
маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге
жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын
белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан
олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)
денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің
дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына
әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я
өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы
және балапандарын қоректендіруі). Құстардың көрсетілген прогрессивтік
белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі
тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта
құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар. Қазіргі кезде жер
бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей
және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа
топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін құстардың
200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56
түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Құс шаруашылығы – мал
шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй
құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп –
орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы
жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің
қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды
жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі
температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр
тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар:
тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының
басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық
ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі.
Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен,
олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл
түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының
ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы,
саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі. Құс шаруашылығы
өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да
жетілдірілу үстінде. Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін
тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы
мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдеміз.

2.1 Құстар және құстардың көбейуі
Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер
бар. Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын
арнаулы ұя-ларға салады; 2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан
қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы
ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын
әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың
жыныс безі 8—12 айда, қарғалар, ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ күндізгі
жыртқыштар — өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен
бүркіттер үшінійі жылында жетіледі. Көптеген құстардың жыныс безі жетілген
кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің
дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік
білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл
заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі
жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады.
Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш
балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда
жұмыртқасын еркектері басады. Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың
әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді
өсінді — тегеуіріні болады. Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында
болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек
аяктылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құстардың жыныс
диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушкалар, балшықшылар және торғай
тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.
Көпшілік құстар “күй салтанаты” кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір
еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының
ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі
жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына
жұбымен жүреді. Қаздар, бірқатар үйректер (пеганка, отайка), бірнеше торғай
тәрізділер, тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын
шығарып,ұшырғасын мұндай құстар жұбын ажыратады. Көпшілік үйректер жұмыртқа
салар алдында шағылысу кезінде ғана жұп құрап, ұяларын салып болғасын
ажырасып кетеді. Кейбір құстар шағылысу кезінде, бірнеше минут немесе сағат
қана жұп құрайды. Мүндай құстардың әтештері, бір көбею маусымында, бірнеше
мекиендерді ұрықтандырады. Олар күн сайын жаңа жұп құрайтын болады. Шын
мәнінде бұл полигамдар, анығырақ айтқанда полигиндер деп атала-ды. Бұған
меңіреу құрлар, турухтандар, колибрилер жатады. Табиғи жағдайда нағыз
полигиндерге тауыстар, үй құстарынан тауықтар жатады. Құстардың бір азғана
тобында полиандрия, яғни көп этеш-тілік байқалады. Мұндай жағдай
ушсаусақтыларда (Тигпісеs), жүзгіш балшықшыларда (Рһаlагориs) және
тинамуларда кездеседі. Құстардың көптеген түрлері шағылысар алдында, еркегі
мен ұрғашысы жұп құрап, азғана уақыт бірге жүреді. Мұның өзі олардың жыныс
бездерінің толық және тез жетілуіне әеер етеді. Бұл кезде құстардың мінез-
құлқы өзгеріп, әр түрлі қимылдар жасайды және қанаттарын үрпитіп,
дауыстарын өзгертеді. Мысалы, бұлдырықтар “күй ойнағын” өткізетін тоғайдың
ашық алаңдарына түнде жиналады да “күй ойнағына” таң ата кіріседі. Әтештері
қанатын сүйретіп, құйрық қанаттарын үрпитіп жайып жібереді. Олар ерекше
дауыс шығарып, оның ырғағын өзгертіп әндетеді. Ойындары әбден қызып келген
кезде ерекше дыбыс шығарады да әтештері бірімен-бірі таласады. Бұл кезде
мекиендері бұталарда немесе тоғайдың ашық жерлерінде отырады. Гагардың
әтештері “күй ойнақ” кезінде, суда айрықша бір қимылдар жасап, тез
қозғалады. Ақ кекілік “күй ойнақ” кезінде мезгіл-мезгіл жерден жоғары
аспандап ұшып, ерекше қықылықтайтын дыбыс шығарады. Шағылысар алдында
арнаулы дыбыс Шығару — көптеген құстарға тән қасиет. Шағылысар алдында
дыбыс шығарып жырлау көмекейдегі дыбыс қатпарлары арқылы орындалады, ал
кейбіреулерінде басқа органдар арқылы да орындалады. Мысалы, таукұдырет
“күй ойнақ” кезінде ауада ұшып жүріп, төмен қарай түскенде, құйрық қанатын
жайып жібереді. Тоқылдақ “күй ойнақ” кезіндеқұрғақ ағашқа орнығып алып,
тұмсығымен ағашты үсті-үстіне соғып, дауыс шығарып — “жырлайды” — мұны
“барабан сарыны” деп атайды. Құстардың шағылысу алдында, әтештерінің мінез-
құлқының өзгеріп “күй ойнақ” жасауы, сыртқы ортаның негізгі әсерінің бірі
болып саналады. И. П. Павловтың айтуынша, сыртқы ортаның осындай әсерінсіз
(“сигналынсыз”) мекиендердің шағылыс циклының қалыпты түрде аяқталуы және
оған дайындалуы мүмкін емес. Шағылысар алдындағы құстардың мінез-құлқының
өзгеруі — олардың жоғарғы нерв әрекеттерінің айқын көрінісі болып
саналады.. Құстар түрлеріне қарай 1—25-ке дейін жұмыртқа салады.
Қайрлардың, чистиктердің көпшілігі, кейбір ірі шағалалар және ірі күндізгі
жыртқыштар бір ғана жұмыртқа туады. Көгершіндер, колибрилер, тырналар,
гагарлар, кейбір ешкіемерлер мен чистиктер көбінесе екі жұмыртқа салады.
Шағалалардың көпшілігі үш жұмыртқа, ал балшықшылардың жұмыртқасы төртеу
болады. Ұсақ жыртқыштар, кейбір торғай тәрізділер 5—6 жұмыртқа салады. Қаз
тәрізділер, тауық тәрізділер және кейбір торғай тәрізділер, бұдан да
көбірек жұмыртқа са-лады. Мысалы, барылдауық үйрек 6—14 жұмыртқа, сұр үйрек-
тер 7—13 жұмыртқа, сұр кекілік 12—26-ға дейін жұмыртқа салады.
Қызылшақа балапан шығарушы құстардың жұмыртқасы-ның санынан, ширақ балапан
шығаратын құстардың жұмыртқасы көбірек болады, Ол ширақ балапанның
қиындықсыз тез өсуіне байланысты. Әйткенмен мұндай заңдылық әрқашанда
сақтала бермейді. Мысалы, ширақ балапан шығаратын шағалалар мен балшықшылар
3—4 жұмыртқа туса, қызылшақа балапан шығаратын торғай тәрізділер 10-нан
артық жұмыртқа салады. Тағы бір ескеретін жағдай, бір түрге жататын құстар-
дың ішінде көп жұмыртқа туу солтүстік ендікте ұялайтын құстарға тән. Ол
солтүстікте күн ұзақ, ‘Сондықтан балапандары көп болса да, азық тауып бере
алады; екіншіден, солтүстікте күзде күн салқындаранда және оңтүстікке қарай
ұшқанда бір-нешеуі өліп шығын болуы мүмкін. Жұмыртқаны ата-анасыньгң біреуі
немесе мекиені мен әтеші кезектесіп басып, балапан шығарады. Тауық
тәрізділердің көпішлігі, торғай тәрізділер, қаз тәрізділер, жапалақтар,
кейбір күндізгі жыртқыштар мен балшықшыларда балапандарын тек қана
мекиендері басып шығарады. Австралияның және Американын, түйеқұстары,
тинаму, кейбір балшықшылар, мы-салы, біздің солтүстіктегі плавунчиктерде
жұмыртқаларын әтештері басып, балапан шығарады. Қалған құстардын, әтеші мен
мекиені кезектесіп басады. Құстардын жұмыртқаларын басу мерзімі, олардың
түр өз-гешелігіне және жұмыртқанын мөлшеріне байланысты бола-ды.
Балапандары ширақ болатын құстар, әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын
құстарға қарағанда ұзағырақ басады. Балапандары ширак болатын құстарда:
тауқұдірет—17—18 күн, кекіліктер — 21 күн, қырғауыл — 21—25 күн, құр — 23
күн, жабайы үйректер— 24—28 күнде жұмыртқасын басып, балапан шығарады.
Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі түрлі құстарда түрліше
болады. Осыған сәйкес ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа
балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапан шығарушы құстардың
балапаны — жұмыртқадан шыққанда көзі ашык, денесі ма-мықпен жабылған, өзі
жүріп жемді шоқи бастайды. Құстардың бүл түріне көбінесе жерде және суда
мекендейтін: тауық тәріз-ділер, дуадақтар, жылқышылар, қаз тәрізділер
жатады. Әлсіз, қызылшақа балапан шығарушылардың балапандары — жала-ңаш,
кейде аздап та болса қауырсыны болады, көпшілігінің кө-198
зі жұмулы, әлсіз болады. Ата-аналары ғана қоректендіреді. Балапандары
әлсіз, қызылшақа болатын құстарға: торғай тә-різділер, тоқылдақтар, сұр
қарлығаштар, көгершіндер, колибрилер, көк қарғалар, зимородкилер, ескек
аяқтылар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштарда әлсіз қызылшақа балапан
шығарады. Бірақ, бұлардың балапаны біршама жетіліп, денесінде мамық болып
туады; ал күндізгі жыртқыштардың балапанының көзі ашық болады.Құстар
тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі. Құстардың тіршілігі,
басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты.
Биологиялық ритмі — тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің
ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта
келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан
құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық қүбылыс басымырақ
болады. Мысалы, шағылы-су, жұмыртқа басу, түлеу т.б. Құстардың жылдық
биологиялық циклінің негізгілері мыналар:
Республикамызда қанаттылардың 481 түрі кездесе, оның 56 дан астам
түрі аңшылық шарушылында зор маңызы бар су құстары.
Біздің аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарының жаппай
үшіп келуне, ұя басуына және олардың түлеуіне мүмкіндік береді. Сырдария,
Шу, Іле өзендері мұз құрсауынан босай бастасымен-ақ аққу, қаз, үйректер
ұшып келе бастайды. Мәселен, Ақмола облысындағы Қорғалжын көліне 32 мың
қасқалдақ, сегіз мыңдай үйрек және көптеген аққу, қаз ұя салады.
ҚР Ғылым академиясы Зоология институтының жүргізген ғылыми
зерттеулерінде су құстарының өніп өсуі аяқталған мезгілде олардың саны үш
төрт есе ұлғаятындығын анықтады. Яғни күзгі аңшылық маусымы ашылған кезде
республика суларында 10-12 миллиондай құс (оның кырық проценті
қасқалдақ)тіршілік етеді деген сөз. Оған қоса, қыркүйек айының аяғында
Сібірден жылы жаққа қарай ұшкан он миллиондай құс біздің өлкемізді басып
өтеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші!
Жалпы алғанда, Қазақстан тұрғындары жылына 3,2миллион құс атып алады
екен. Оның 2,7 миллиондайы су құстары. Ал олардың 63% үйрек, 20% қасқалдақ,
қаз тәрізді еті дәмді қанаттылар. Расында, жабайы қанаттылардың өсіп
өркендеуіне қамқорлық жасап, саны сиреп бара жатқан түрлерінің қорын
көбейтуге шаралар қолдансақ және жүйелі түрде аулау ісі қолға алынса жылына
он шақты миллион құс еті халықтың пайдалануына жарар еді. Ол үшін құстарға
қамқорлық жасап, корын молайту керек.
Бұлардың ішінде саны үрдіс азайып бара жатқан және өте сирек
кездесетін қоқиқаз, аққу, бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз сияқты атуға
үзілді кесілді тиым салынған түрлері бар. Табиғаттың осы байылғын қорғап,
қорларының молаюына қамқорлық жасау үшін республика территориясында саны
азайып кеткен құстардың қай көлдерде таралғаның, биологиялық ерекшеліктерін
санын көбейту үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігін білу барша
жұртшылыққа қажет-ақ. Кейбір түрлері әуесқой және кәсіптік аңшылық
нысаналары болып келеді. Көптеген құстардың этикалық және эстетикалық
маңызы үлкен. Ал кейбір түрлері шектен тыс пайдаланғандықтан сандары күрт
кемуде. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстар Қазақстанның
Қызыл Кітабына енгізілген.
Құстардың Қазақстанның Қызыл Кітабындағы (1978, 1991, 1996) санаттары.
1 санат – жойылып бара жатқандар (жойылып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар
туралы бірнеше жылдар – 50 жылдан астам уақыт бойында ешқандай деректер
жоқ).
2 санат – саны азайып бара жатқандар (саны әлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып
кетушілер санатына қосылатын түрлер).
3 санат – сирек (қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте аз
кездесетін немесе аймақтары шектеліп табиғи және адам қызметінің әсерінен
тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде тез жойылып кететін түрлер).
4 санат – белгісіздер (тіршілігі толық зерттелінбеген, ал саны мен
қауымдастық жағдайы алаңдатушылық туғызатын, бірақ мәліметтердің
жетіспеушілігінен оларды жоғарыда айтылған санатқа жатқызуға болмайтын
түрлер).
5 санат – қалпына келгендер (қорғау жұмыстарын қолға алу
нәтижесіңде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіпшілік пайдалануға
болмайтын және қауымдастықтары тұрақты бағдарлауды қажет ететін түрлер).
2.2 Татреңтәрізділер отряды
Татреңтәрізділер (лат. Charadriiformes) – құстардың бір отряды. Арғы
тегі тырнатәрізділер деп есептелінеді. Эоцен дәуірінен белгілі.
Татреңтәрізділер негізінен теңіз жағалауларында, ормандарда, шалғындар мен
далалы аймақтарда, батпақты-сулы жерлерде тіршілік етеді. Арктикадан
Антарктика жағалауларына дейін кездеседі. 8 тұқымдасы, 300-ден астам түрі
белгілі.
Қазақстанда 8 тұқымдасқа (балшықшы, татрең, бізтұмсық, қарал балшықшы,
тауқұдірет, қарақас, қаратұмсық шағалалар, т.б.) жататын 74 түрі бар. Қысы
қатты жерлерде – жыл құсы. Татреңтәрізділердің жерге не тау беткейлеріне,
кейде індер мен тастардың арасына салған ұяларының беті ашық болады. Ұясына
2 – 4 жұмыртқа салады, оларды мекиені мен қоразы кезектесіп басады.
Көпшілік түрі моногамды және шоғыр құрып, ұя салады. Татреңтәрізділер
жәндіктер және олардың дернәсілдерімен, ұлулар, шаянтәрізділер, құрттар
және ұсақ кемірушілермен қоректенеді.
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”
Татреңтәрізділердің 14 түрі, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 7 түрі
(тарғақ, орақтұмсық, тарбақ шырғалақ, қарабас өгізшағала, реликт шағала,
құртамыш шалшықшы және шитұмсық шалшықшы) енгізілген.

Тарғақ (лат. Vanellus gregarius) - жойылып кетү қаупы бар түр,
Қазақстан мен Ресейдің эндемигі. Қазақстандағы таралу аймағы
республикамыздың солтүстігіндегі далалықты түгел қамтиды. Кәзіргі саны
туралы нақтылы деректер жоқ, бірақ, барлық жерде оның санының бірте-бірте
азайып келе жатқаны даусыз. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы
жоғдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, дала
ландшафының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды
ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан
ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек
қалады. 1976 — 94 ж. Р. ш-ның жалғыз қоразы Алматы хайуанаттар паркінде
ұсталды. 1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алынған будан хайуанаттар
паркінде тіршілік етуде. Реликт шағала — өте сирек кездесетін, жойылып бара
жатқан құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат
Азиялық тарбақ шырғалақ (лат. Limnodromus semipalmatus) - сирек, аз
зерттелген реликті түр. Сібірдің солтүстігінен бастап Моңғолия мен Қиыр
Шығысқа дейін таралған. Қазақстанның ең шығысында, Алтайға жақын оңтүстік
аудандарында кездеседі. Түрдің жалпы саны - 5-6 мыңнан артық емес. Сақталып
қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда қорғау режимін орнату, тұрғындар
арасында үгіт - насихат жүр гізу, қолда өсіру әдестерін дайындау қажет

Кіші шырғалақ-Арктикалық фауна өкілі. Кіші шырғалақ үлкен шырғалаққа
өте ұқсас, одан айырмашылығы қанаттарында ақ жолақ жоқ жəне құйрығы ақ,
қара жолақты.Үлкен шалшықтыға қарағанда қауырсындарының түсі ашық жəне
қалың, денесінің барлық төменгі жақтарына, құйрығына дейін жайылған. Бұдан
басқа кіші шырғалақтің мөлшері кіші,қанатының ұзындығы 19-22 см, салмағы
195-275г. Аналығы аталығынан ірі жəне ашық түсті.
Ұялық саны белгісіз (өте сирек). Көбеймейтін түр, қыстауға кейде Ақ
теңіздің Онега жəне Қандалақ бұғаздарында 130 құсқа дейін жиналып топ
құрады. Санының өзгеруі Карелияда байқалмайды, ал Ленинград облысында 70-ші
жылдан бері мүлдем кездеспейді Тундра мен орманды тундраның батпақты
телімдерінде

Үлкен шырғалақ – Limosa limosa Linnaeus ірі балшықшы (салмағы 252-330г)
өте ұзын тік тұмсығы жəне ұзын аяқтары бар. Жоғары жағы қоңыр шұбар сары,
басы мен кеудесінде көктемде тотық сары, бауырында ақ, қара көлденең
жолақтары болады. Ұшқанда ақ құйрығының қара ұшы мен қанаттары мен
аяқтарындағы ақ жолақтары құйрығының соңынан шығып тұрады. Қыста басы мен
төменгі жағы сұр болады. Даусы əр түрлі жəне қатты шығады.
Құс ойнақ ұшуы кезінде батыс түршесінде "взотья-взотья" деген
қайталанатын, ал ұясынан "веретень...веретень..." деген үрейлі айқайлар
шығады. Аталығында құс ойнақ ұшуы кезінде шапшаң 30-40 рет қайталанатын
"теку-теку-теку" деген шамалы тауқұдіреттің даусына ұқсас айқай естіледі.
Таяз судан қоректенгенде ұзын тұмсығы мен басын иығына дейін салып қояды.
Үлкен өзендердің жайылма алқаптарында, шөптесін жəне мүкті ашық
батпақтарда, көлдердің төменгі сағасы мен суармалы шабындықтарда
мекендейді. Əдетте кіші топтар құрып ұя салады. Ұясы қияңкөл арасындағы
төбешіктерде немесе ағаш арасында тақыр қалғанжерде орналасады. Қоңыр
дақтары бар, жасыл сарғыш түсті 4 жұмыртқа салады. Жаздың басында
балапандар құрғақ жерлердегі жер құрттарымен қоректенеді, күзге жақын су
айдындарының жағалауындағы
таяз суларға көшіп, əр түрлі омыртқасыздармен (шаяндар, су жəндіктері мен
олардың балаңқұрттары) қоректенеді

Маусымқұс (лат. Pluvialis squatarola) — татрең тұқымдасына жататын құс.
Денесінің ұзындығы 28 см-дей, салмағы 200 — 300 граммдай. Маусымқұстың
жазда арқа қауырсыны құбылмалы, бауыры қара, ал қыста қауырсындары ақшыл
түсті болады. Маусымқұс — жыл құсы. Көктемде (наурыздың және мамырдың
соңында), күзде (шілдеден қазанның соңына дейінгі) аралықта Қазақстан
арқылы ұшып өтеді. Бұлардың белсенді тіршілігі маусым айында
байқалғандықтан, құстың аты соған байланысты қойылған. Мекені солтүстік
жарты шар болғандықтан, тундраның құрғақтау ашық тұстарына М-тар жеке-жеке
ұя салып, 3 — 4-тен жұмыртқалайды. Жұмыртқалары қызғылт немесе қоңырқай
түсті болады. Қоразы мен мекиені кезектесе шайқап 23 күнде балапандары
ұядан ұшып шығады. Маусымқұстар су және ұсақ жәндіктерімен, өсімдіктердің
тұқымымен қоректенеді

Қызғыш (лат. Vanellus vanellus) — татреңтәрізділер отрядына жататын құс
Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі (шөлді жерлерде тіршілік етпейді).
Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 200 г. Жон арқасы мен жемсауы қара қоңыр,
бауыры ақ түсті. Желкесінде жіңішке қауырсындардан тұратын айдары бар.
Қызғыш — жыл құсы. Наурыз — сәуірде ұшып келіп, су маңындағы шалғынға және
батпақты жерлерге құрғақ шөп төсеп, шұқырлап ұя салады. Қошқыл дақты 4
жұмыртқасын мекиені мен қоразы кезектесіп шайқап, 24 — 29 күнде балапан
шығарады. Сондықтан “Қызғыштай қору” деген сөз тіркесі осыған байланысты
шыққан. Қазан — қараша айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігінене ұшып
кетеді. Қызғыштар жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, жауын
құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді.
Бізтұмсық (лат. Recurvirostra avosetta) – татреңтәрізділер отряды
бізтұмсық туысына жататын құс. Қазақстанның жазық өңіріндегі сулы-батпақты
жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 44 – 47 мм, салмағы 220 – 310 г.
Бізтұмсықтың тұмсығы ұзын, жіңішке, жоғары қарай қайқиған біз тәрізді имек
келеді (аты осыған байланысты қойылған). Төбесі мен мойнының үстіңгі жағы
және қанатының кей жері бірыңғай ақ түсті, сирағы ұзын, қауырсынсыз болады.
Бізтұмсық – жыл құсы. Сәуір – мамыр айларында ұшып келіп, су жағалауларында
кішкене шұқырларға немесе ұсақ тастар арасына әдетте 4 жұмыртқа салады. Оны
мекиені мен қоразы 24 – 25 күндей басады. Бізтұмсық тайыз шалшық суларды
кешіп жүріп, әр түрлі шаян тәрізділермен, жәндіктермен және бұлардың
дернәсілімен, кейде өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Тамыз – қазан
айларында жылы жаққа ұшып кетеді.
Бізтұмсық - шөжебізтұмсық шөже тұқымдасына жататын салм. 89 г торғай
тәрізді кішкене құс. Бізтұмсық шөженің арқасы көлденеңінен қарақошқыл,
бауыры көлденең сұрғылт жолақты, қоңыр. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларын,
сирек те болса Балқаш, Зайсан аймақтарын, Тянь-Шань тауының қылқан
жапырақты ормандарын мекендейді. Құс қайту кезінде өзен-көл маңында
кездеседі. Сөуір-мамыр айларында Бізтұмсық шөженің еркегі жарқабақтар мен
жартастардың жарықтарына, ағаш басына ұя жасап, дайын ұяға ұрғашысын ертіп
келеді. Бізтұмсық шөже жазда екі рет балапан шығарады. Алғашында 5-6
жұмыртқа салады. 16-18 күнде балапандарын ұядан ұшырып, тағы 4-5 жұмыртқа
салады. Бізтұмсық шөже әр түрлі ұсақ жәндіктерді және олардың дернәсілдерін
жейді
Орақтұмсық (лат. Ibidorhyncha struthersii) – татреңтәрізділер отряды,
қарала балшықшылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Солтүстік және
Батыс Тянь-Шаньнің биік таулы беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші
шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында
кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салмағы 300 г дай, қанатының ұзындығы 22 – 25
см. Арқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ
тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Орақтұмсық – отырықшы құс.
Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны
мекиені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын да бірігіп өргізеді.
Негізінен ұсақ балықтармен және әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді.
Орақтұмсықтың жылдан жылға саны азаюда, Алматы хайуанаттар паркінде 4 жұбы
қорғалады. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып,
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Шағалалар (лат. Larus) — татреңтәрізділер отряды, шағала тұқымдасына
жататын құс туысы. Қазақстанның кез келген су алабында кездесетін 9 түрі
бар. Шағалалар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары
ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік
ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен
жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен,
балықтармен қоректенеді. Шағалалардың ішіндегі ең ірілерінің бірі —
дуанбас. Ең майдасы — кіші шағала (L. minutus), оның денесінің ұзындығы 290
— 300 мм, құйрығы 85 — 95 мм, тұмсығы 21 — 25 мм, салм. 120 — 150 г, түсі
сұр қоңыр. Түр тармағын құрмайды, жыл құсы. Ұясын республиканың солтүстік
өңірлерінен бастап, оңтүстікте Қамыс — Самар комитетіне дейінгі аймақтарда
салады. Ұясында 2 — 3 жұмыртқа болады, жылына бір рет балапан басып
шығарады. Ең жиі кездесетіні — қылаң шағала (L. argentatus), оның денесінің
ұзындығы 580 — 640 мм, құй-рығы 160 — 190 мм, тұмсығы 55 — 90 мм, салм. 750
г-нан 1,1 кг-ға дейін, қанатының түсі күмістей. 10 түр тармағының
республикада 2-уі кездеседі. Жыл құсы, көктемде ұшып келіп, барлық жазықты-
сулы жерлерге ұя салады. Көл шағаласы (L. ridibundus), оның денесінің
ұзындығы 420 мм, құйрығы 130 мм, тұмсығы 40 мм, салмағы 255 — 345 г, түсі
қоңыр сарғыш. Түр тармағы жоқ. Жыл құсы, республиканың сулы жерінің бәрінде
кездеседі. Шағалалардың Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл
кітабына” 4 түрі (бұлардың ішінде өте сирек кездесетіні: Шығыс Қытай теңізі
мен Сары теңіздің жағалауларында мекендейтін — қытайлық кіші шағала (L.
saundersi) 1 түр тармағы қорғауға алынып, енгізілген.

Қарабас өгізшағала (лат. Ichthyaetus ichthyaetus) – татреңтәрізділер
отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің
солтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ – Жайық өзендерінің суқоймаларында,
Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Павлодар мен Қарағанды облыстарының
суқоймаларында, Балқаш – Алакөл су алабында ұялайды. Ұшып келу және ұшып
кету кезеңдерінде Қазақстанның барлық суқоймаларынан, оның ішінде Оңтүстік
Алтайдың таудағы көлдерінен де кездестіруге болады. Ұялайтын жерлері – ащы
көлдердің аралдары. Қанатының ұзындығы 45 – 55 см, салмағы 1,2 – 1,9 кг-дай
болатын ірі құс. Бауыры ақ, арқасы көгілдір, атына сай басы қара, көзінің
айналасы – ақ, тұмсығы сары, оның ұшы қызғылттау, сирағы – жасыл сары болып
келеді. Қанатын баяу қағып, асықпай ұшады. Үлкен шоғыр құрып топталып
ұялайды. 3 – 4 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ұясын жерге салып, ондағы 1
– 4 шұбар жұмыртқаны қоразы мен мекиені 25 – 30 күндей шайқайды. Басқа
шағалалардан ерекшелігі – балапандарының түсі – аппақ, өзіне жақын қарабас,
мойнақ не реликті шағалалардың балапандарына ұқсас болуында. Қарабас Өгіз
Шағаланың негізгі қорегі – балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке),
кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), сол сияқты
майда құстар, кейде үйректер мен қасқалдақтарды да ұстайды. Қарабас Өгіз
Шағала – жыл құсы. Ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз –
қыркүйекте ұшып кетеді. Көпшілігі Каспий теңізінің жағалауларында қыстайды.
1976 жылдан Алматы хайуанаттар саябағында бірнеше жұбы бар. Санының жылдан-
жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, сол
сияқты Реликт шағала қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген

Реликт шағала қара мойнақ шағала (лат. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Ет микрофлорасы
Қазақстандағы ірі су қоймаларының экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардаптары
Арал теңізі мәселесі
Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
Ауыл шаруашылық малдарын өнімділігі бойынша сұрыптау
Экологиялық туризмнің мәні
Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Қазақстанда мекендейтін құстар
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Пәндер