Несиелік жүйе



Кіріспе 3
І тарау. Несие.несие банктік қатынастардың пәні ретінде. 3
§1. Несие мәні. Несиелік қатынастар. 3
§2. Несиелеудің қағидалары, несие нысаны, түрлері. 11
ІІ.тарау. Несиелік жүйе және несиелік мекемелер. 23
§1. Несиелік жүйе 23
§2. Несиелік мекемелер 27
Қорытынды 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен онын қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
1. Байсейітов Б., Бәйішев б. Қаржыңды жина. Көш нарыққа //Финансы Казахстана. 1998. л 8. С. 25-29.
2. Банки Қазақстана. Справочно – аналитическое издание. Алматы, 1999.
3. Мәжитов Д Банк жүйесіне тірек керек // Финансы Казахстана 1997. л 12. С. 29-32.
4. Расулов Н. Банк жүйесінің даму қарқыны // Финансы Казахстана 1999. л 6. С. 24-27.
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау. Несие-несие банктік қатынастардың пәні ретінде. 3
§1. Несие мәні. Несиелік қатынастар. 3
§2. Несиелеудің қағидалары, несие нысаны, түрлері. 11
ІІ-тарау. Несиелік жүйе және несиелік мекемелер. 23
§1. Несиелік жүйе 23
§2. Несиелік мекемелер 27
Қорытынды 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

Кіріспе

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен онын қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Несиелік қатынастарда біреуі несие беруші болса, енді біреуі заемшы,
яғни несие алушы болады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты қаржы-несие жүйесінде маңызды роль
атқаратын несиелік мекемелердің қызметтерін, олардың түрлерін пайымдау
болып табылады.
Несиелік мекемелерге мыналар жатады:
Орталық банктер, ал Қазақсчтан жағдайында бұл рольді Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі ойнайды;
Коммерциялық банктер, яғни екінші деңгейдегі банктер;
Мамандандырылған несиелік институттар.
Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі таңда қаржы-несие жүйесінің
өндірістің дағдарыстан шығудағы атқаратын ролінің күрт өсуінен көрініс
береді. Ал осы салада қызмет істейтін несиелік мекемелерді саралау біршама
мәселені қамтуға негіз болады.

І тарау. Несие-несие банктік қатынастардың пәні ретінде.

§1. Несие мәні. Несиелік қатынастар.

Нарықтық экономиканың бірден бір айқын бейнесі ақшаның ссудалық капитал
нарығына кідіртілмей түсуі, несие-қаржылық мекемелерде шоғырлануы, соңынан
қосымша қаржы қажеттіліктері болатын экономика салаларына таралуы болып
табылады. КСРО-ның шегінде болған отандық әдебиеттерде несиенің
экономикалық категория ретіндегі мәні мен функциясына әр түрлі көз қарастар
кездеседі.
Э.А.Вознесенскийдің пікірінше, банкілік несие экономикалық категория
болумен қатар жеке тәртіптегі категория ретінде де болады және соңғысының
құрамына кіреді, осындай көз қарасты А.Т.Зверев, Д.А.Алахвердиен де
ұсынады.(
Экономистердің бөлек тобы несиені қаржымен параллельді түрде қызмет
ететін өзіндік категорияға жатқызады. Мұндай түсінік В.С.Захаровтың, О.Н
Лаврушиннің, М.А.Пессельдің, В.Н.Рыбиннің, Н.В.Левчуктің жұмыстарында
қамтылған және марксизм-ленинизмнің зерттеулеріне толық сәйкес келеді.
Несие мәнін өзіндік экономикалық категория ретінде анықтау мәселесі ең
күрделі мәселелердің бірі болып табылады. В.С.Захаров пен М.А.Пессель
несиені қарызға ұсынылған құнның қозғалуы деп түсінеді. Сонымен қатар
В.С.Захаров несие анықтамасы бойынша абстрактілік экономикалық категория
ретінде қарастырылады. Несие, - дейді ол, - уақытша пайдалануға берілетін,
құнына байланысты жүзеге асатын қоғамдық қатынас болып табылады.(
Бұл анықтама бойынша несие өндіріс пен тауар айналымы болған немесе
болатын барлық қоғамдық-экономикалық, формациялық сипатта болады.
М.А.Пессельдің айтуы бойынша, несие – шаруашылыққа тән экономикалық
категория болып табылады және онда мемлекет, шаруашылық ұйымдар немесе өзге
де тұлғалар бір-біріне уақытша пайдалануға, қайтарымды негізде белгілі бір
құндылықтарды берген жағдайда пайда болатын өндірістік қатынастардан
көрінісін табады.3 Келтірілген анықтамаларда несиенің әлдеқайда елеулі
жақтары көрсетіледі. Біріншіден, оның қоғамдық өнімге, ұлттық кіріске және
ақша құралдарына таралуына қатыстылығы (құнды беру), екіншіден қозғалыс
нысаны (тауар немесе ақша) және үшіншіден қайта өндірудегі қозғалыстың
негізгі топтық белгісі (қарызға беру).
Несие мәнінің анализіне басқаша методологиялық көзқарастар Г.А.
Шварцтың , И.В. Левчуктың , О.И. Лаврушиннің, В.Н. Рыбинның және өзге де
авторлардың еңбектерінде қамтылады.4
Маркстің зерттеуіне негізделе отырып, кем дегенде үш негізі тұжырымды
жасауға болады: біріншіден, ссудалық қаржы мен проценттің әлеуметтік-
экономикалық табиғаты тереңірек ашуды қажет етеді, екіншіден, процент
әкелетін қаржыны басқару ақша саудасымен және несие қатынастарын
ұйымдастыруымен байланысты банктің өзіндік қызметімен дараланады,
үшіншіден, ссудалық қаржылардың банкке келіп түсуі бойынша қаржылардың әр
түрлілігімен ерекшеленеді.
"Несие өзімен бірге мерзімдік, қайтарымдылық және ақылық бастамаларда
жүзеге асырылатын ссудалық қаржының қозғалысын сипаттайды."5
Экономикалық категория ретінде несие – бұл өзіндік қозғалыстағы ақша
құралдарының (ақшалай нысандағы заттар) жиынтығы емес, ол алдымен қоғамдық
қатынастардың белгілі-бір түрі болып табылады.
Несие қатынастарында тараптардың біреуі ғана – алынған несие сомасын
өндірістік мақсатта пайдаланатын несие алушы қатысуы мүмкін.6 Несие
берушінің өзі тауар (қызмет көрсету) өндірісіне ешқандай қатынасы болмайды.
Ссудалық мәміленің нысаны болып айырбастау сатысында басталатын несие
құнының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету тиістігі табылады.
Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Осы
талаптарды жүзеге асырудың экономикалық шарты өндірістік процесстің өзінде
жатыр.
“Ақша капиталисті“ ссудалық мәміле кезінде құнды беретін жалғыз тұлға
болып табылады. Бірақ ол оның кері қайтарылатындығының арқасында оны өзінде
сақтайды. Ссуда кезінде тек бір тарап қана құнды алады, тек қана бір тарап
қана оны береді.
Ссудалық мәміленің ерекшеліктері болып біріншіден, меншік несие
берушіде сақталады, сондай-ақ ссудалық мәміле меншікті иеліктен бөлу
мүмкіндігіне негізделген. Ссудалық мәміле кезінде ақша төлем құралы болып
табылады.
“Несие “рөлі“ туралы айтқанда банктермен несиелеу кезінде мақсатқа
байланыссыз обьективтік элементтер мен пайыздың экономикалық дамуға әсері
үнемі нақты ажыратылып жатпайды, себебі ол заңды түрде банктің арнайы
мақсаты үшін жүзеге асырылады.(
Профессор Г.А. Шварц - “тек банк және оның аппараты (ең алдымен
несиелік аппарат) несиені және өз қызметтерін экономиканың
пропорционалдығының міндеттерін жүзеге асыруға бағыттауға арналғанын
әрдайым ескеру керек.“8 Несиелік салымдардың тиімділігі туралы мәселені
анализдей отырып, ссуданың белгіленген мерзімде қайтарылатындығын ескеріп
қою ғана емес, төлем жүргізудің қандай қайнар көздің есебінен
жүргізілетіндігін және құралдардың айналымының аяқталуының қайтарыммен
байланыстылығының деңгейін анықтау қажеттігін ескеру керек.
Ссудалық жарғының қалыптасуының базасы болып айналымнан босатылған
уақытша еркін ақша құралдары табылады. Уақытша еркін ақша қаржылары несие
арқылы қосымша ақша қаражатына сұранысы бар шаруа нүктелеріне бағытталады.
Несие ресурстарының құрамы бірыңғай емес.

Несие ресурстарының әлдеқайда тұрақты бөлігі болып, екі топқа
бөлінетін депозиттік құралдар табылады: жедел депозиттер және талап
етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Салымға салынуы мүмкін депозит
сомаларының ең аз мөлшері жоқ. Теория жүзінде ең жоғары мөлшері бар,
өйткені банк Ұлттық Банкпен анықталатын өз қаражаттары және
міндеттемелерінің арасындағы нормативтік өзара қатынасты сақтауға
міндеттенеді. Қазақстанның банкілік жүйелеріне жедел депозиттердің нысаны
тән - бұл қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын-
ала хабарламамен) жеке тұлғалардың жинақтаушы салымдары болып табылады.
Жедел депозиттердің ерекшеліктері болып:
1) шоттағы қаражаттар есеп-айырысу үшін арналмаған және оларға чек
жазылмайды;
2) шоттағы қаражаттар жай айналады;
3) жедел депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде жеке
кезеңдердегі пайыздық ставканың ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкпен
реттеледі)
4) жедел депозиттер үшін талап етілмелі депозиттерге қарағанда
міндетті резервтердің әлдеқайда төменгі нысаны белгіленеді.
Арнайы несиелік ресурс болып эмиссиялық табылады. Оның қалыптасуы
мен пайдалануының мүмкіндігі қолма-қол ақшамен алынатын тұрғын адамдардың
ақшалай кірістері бірден жұмсалмайтынымен байланысты болып келеді,
сондықтан банк кассаларынан қолма-қол ақшаларды осы кассаға 1 жыл ішінде
келіп түсетін түсімдер шегінен асыра беру, тұрғын адамдардың мемлекетті
банк атынан, өз кірістерінің бөлігін тауарға айналдырмай, несиелейтінін
білдіреді.
Банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын сақтау үшін ресурстарды
қалыптастырудың маңызды қайнар көзі болып қысқа мерзімді сипатта болатын
банк аралық заемдар табылады. Мұндай заемдар корреспонденттік
қатынастардың шегінде жүргізіледі және салыстырмалы түрде банктің
ресурстарының қымбат тұратын қайнар көзі болып табылады.
Кең таралған қайнар көзі болып бөлінбеген пайда да жатады,яғни банк
билігінде қалатын пайданың жиналмалы сомасы болып табылады. Жыл аяғында
банктің барлық қорытынды шоттарының сомасы пайда мен шығындардың есебіне
есепке жатқызылады: бұл сомалардың бөлігі пайда мен шығындардың есебіне
аударылады, бір бөлігі – төленетін дивиденттірдің есебіне, бір бөлігі –
салық төлеуге, бір бөлігі – резервтік қорға төленуге аударылады. Қалғандары
– бөлінбеген пайда - өзімен бірге банктің несиелік ресурстар ретінде билік
ететін құралдар қорын сипаттайды. Коммерциялық банктер бағалы қағаздарды
шығару мен орналастыру жолымен ресурстарды мобилизациялауға құқылы. Қазіргі
күндегі банктердің несиелік ресурстардың негізгі қайнар көздері осылар
болып табылады.
Несие әрдайым белгілі-бір жағдайларда беріледі. Несиелеудің жағдайлары
деп несиелік мәміленің пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қажетті
қатынастардың жиынтығы түсініледі. 9
Кем дегенде екі міндеттемелік жағдайлар бар. Біріншіден, бұл несиелік
мәміле қатысушылары (несие беруші мен заемшы) өз әрекеттерін тек тәуелсіз
жасауынан ғана емес, осы субъектілердің экономикалық байланыстардан
туындайтын міндеттемелерді орындауды материалдық тұрғыдан кепілдік ете
алуынан да көрінетін дербестігін қамтуы тиіс.
Екіншіден, несиелік қатынастардың қатысушылары нарық заңдарының
нормаларын сақтаумен бірге, мемлекет заңдары (заңнамасы) да жетік болуы
керек. Несиелеу туралы заңнаманы сақтамау несиелік қатынастардың
субъектілерінің арасында қайсыбір тараптар үшін, кейде екі тараптар үшін
де, қажет емес әр түрлі мәселелердің, пайда болуына әкеліп соғады.
Сондықтан, несиелік қатынастардың дамуы нарықтың экономикалық мүдде мен
заңдарға ғана байланысты емес екендігін көре аламыз. Құқық несие
қатынастарын реттеудің маңызды құралы болып табылады, алайда мұндай
жағдайда осындай қатынастардың қандай да бір субьектілерінің (әдетте
мемлекеттің) экономикалық мүдделерін қорғау құралы болып көрінуі мүмкін.
Несие несие беруші мен заемшылардың мүдделері сәйкес болған жағдайда
қажет болып табылады.
Бір тарап ақша құралдарын қарызға беруге, ал басқа тарап оны алуға
мүдделі болуы тиіс. Алайда несие мәмілеге қатысушылардың мүддесі тек қана
уақыт пен кеңістікте ғана емес, сапалы түрде де сәйкес болса, шынайы
болады, яғни қандай да бір экономикалық операция бойынша емес, несиеге
байланысты өзара мүдделілік болғанда болады.
Несиенің субьектілері болып қайта өндіру процесінің әртүрлі
қатысушылары табылады. Екі жақты қатынастар: мемлекет пен шаруашылық
субьектілердің, тұрғындар мен мемлекеттің, азаматтар мен басқа да
тұлғалардың арасында болуы мүмкін.
Несиелік мәміленің тараптары болып несие беруші және заемшы болып
табылады. Несие беруші – қарызды беретін несиелік мәміленің бір тарабы.
Банктердің пайда болуы несие берушілердің өзіндік түрдегі концентрациясына
және банкирлердің барлық басқа несие берушілердің өкілдеріне айналуға ықпал
етті.
Несие беруші ол ссудаға бере алатын еркін қаражаттардың бөлігін иеленуі
тиіс. Мұндай қаражаттардың қайнар көздері болып жеке жиналымдар, қайта
өндіру процессінің өзге субьектілерінен алынған ресурстар табылады.
Ссудалық қаржының қайнар көзінің анализі дербес экономикалық категория
ретіндегі несиенің мәнін анықтаудың негізі болып табылады. Маркстың айтуы
бойынша, банктердің ссудалық қаржысы банктерге акцияларды ссудаға беру
құқығын беретін ақша ұстаушылардың салымдарынан құрылады. Ұсақ сомалар,
өздігінен ақша қаражаты ретінде қызмет етуге қабілетсіз болып табылатын бұл
сомалар үлкен сомаларға біріктіріледі және осылайша ақша күшін құрайды.10
Қазіргі шаруашылықта банк – несие беруші ссуданы өзінің жеке
ресурстарының есебінен ғана емес, оның шотында саналатын тартылған
қаражаттардың есебінен, сонымен қатар акция мен облигацияларды орналастыру
арқылы мобилизацияланған ресурстарының есебінен береді.11
Несиелік қатынастар қазіргі күнде банкілік істің мемлекеттік
монополиясына негізделмейді. Алайда мемлекеттің елдегі банктердің қызметіне
бақылауды жүзеге асыру үшін қаражаттардың жеткілікті арсеналымен билік
ететінін ұмытпау қажет.
Қайтарымды жеделдік жағдайында уақытша еркін ақша құралдарын
шоғырландыру мен қайта бөлу бойынша несие беруші мен заемшының арасындағы
экономикалық байланыстар несие қатынастары деп аталады.
Ссудалық мәміленің екінші қатысушысы болып заем беруші, яғни несие
алатын және алынған ссуданы қайтаруға міндеттенетін несие қатынастарының
тарабы болып табылады.
Қазіргі жағдайда банктердің басқа заемшылары болып шаруашылық
субьектілер және мемлекеттің өзі, яғни қосымша ресурстарға қажеттілігі бар
субьектілер бола алады.
Несиені ссуда алушының қарызы деп қарастыруға болмайды, өйткені тек
несие қатынастарының бір тарабына ғана назар аударсақ біз екінші тарап –
несие берушіні ұмытамыз және нәтижесінде несие мәнін төмендетіп жібереміз,
оның мәнін экономикалық құбылыстың бөлігін сипаттауға әкелеміз.12
Несие беруші мен заемшының өзара әрекеттесулері қарама – қарсылықтың
бірлігінің сипатында болады.13
Бір жағынан қатысушылардың жағдайының ерекшелігі сол мүдде екеуіне
қарама – қарсылықта болады. Заемшы әлдеқайда арзан несиеге мүдделі болса,
ал несие беруші - әлдеқайда жоғарғы ссудалық процентке мүдделі болады.
Несие берушілер мен заемшылардың басқа несие қатынастарының құрылымының
элементі болып берілетін обьектінің өзі, яғни несие берушіден заемшыға
берілетін және заемшыдан несие берушіге өзі қайта жол тартататын обьект
жатады. Берілетін обьекті болып ссудалық құн табылады.
Өз қозғалысында уақытша тоқтаған құн несие арқылы өндіріс пен айналымға
оны пайдалануға қажеттілігі туындаған жаңа иеленушіге ауыса отырып өз
жолын жалғастырады. Несие арқылы авансталған құн өндіріс қорының айналымы
үшін негізді құрайды, олардың қозғалысындағы келеңсіздіктерді жояды және
қайта өндіру процесін тездетеді

§2. Несиелеудің қағидалары, несие нысаны, түрлері.

Несиелеудің қағидаларын несиені жоспарлау,беру,пайдалану және қайтару
процесінде несие мәні мен функциясының және экономикалық заңдардың
көрінуінің нақты нысаны ретінде қарастыруға болады.О.Н. Лаврушин ұсынған
несиелеудің қағидаларын зерттеудің мұндай методологиялық тұрғысы оларды
екі топқа бөлуге мүмкіндік береді.14 Бірінші топқа объективтік заңдардың
әрекет етуімен байланысты және барлық экономикалық категориялар мен олардың
механизмдеріне:құнға және құндық механизмге, баға мен баға қалыптасу
механизіміне және т б тән жалпы экономикалық тәртіп қағидалары жатады.
Екінші тобы дербес экономикалық категория ретінде несие мәні мен
функциясын білдіретін қағидаларды қамтиды.
Осы топтастыруға сәйкес бірінші топқа:жоспарлылық, алынған кіріске
байланысты қарызды берудің дифференциясы, жанама түрде жүруі және ақылылық
жатады.
Екінші топтың қағидалары болып қайтарымдылық, жеделдік, қамтамасыз
етушілік, қаражаттардың айналымының жанама түрде жүруі және ақылылық
жатады.
Жоспарлы­мақсаттық сипаты ­ банкілік ссудалардың жалпы мөлшері мен
түрлерінің банктердің несиелік жоспарлары негізінде анықталуынан тұрады.
Несиелеудің мақсатты ссуданы нақты объектілері мен өндірістік
шығындарға бағытталуы арқылы қол жетеді.
Несиелеудің дифференциясы қажетті нормаларға сәйкес өнімді жүзеге
асыру мен өндіріс нәтижелеріне қол жеткізуді талап ететін құн заңдарының
әрекет етуімен шартталған. Бұл шаруашылық- қаржылық қызметтің өндірістің
өзіндік қаржылануын қамтамасыз ететін өнімдерді сатудан түсетін ақшалай
түсімнің негізінде жүзеге асырушы тиіс екендігін білдіреді. Осыған сәйкес
банкілік ссудалар жұмыстың қол жеткізген нәтижелеріне әр түрлі жағдайларда
беріледі.
Тиімділік несиелеудің қажетті жағдайы болып табылады. Ол өндіріс пен
өнімді жүзеге асырудың көлеміне тікелей байланысты және несие салымдарының
орташа қалдықтарының (теңгедей) бір теңгеге шаққандағы жүргізілген тауар
өнімінің көлемі ретінде есептеледі.
Қайтарымдылық құралымының уақытша еркін ақша құралдарының
шоғырлануы мен қайта бөлінуімен байланысты дербес экономикалық категория
ретіндегі несие мәнімен шартталады. Сондықтан бұл құралдар банктің
шаруашылық басқаруында тек белгілі-бір уақытта болуы мүмкін және
шаруашылықты несиелеу үшін қысқа мерзімді ақша ресурстары ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
“Ссудалық құралдардың қайтарымдылық принципі ,-дейді
С.Б.Штейншлейгер,-банкпен ссудаға бөлінетін ақша құралдары ретінде
соңғысының экономикалық табиғатынан туындайды.“15
Қамтамасыз етушілік-қолда бар қаражат пен ссудаға берілетін
қаражаттың пропорциясын сақтау қолданылатын несиелеудің қағидасы.
Банкілік ссудаларды тауарлық-материалдық құндылықтармен толық қамтамасыз
етудің ақша айналымының тұрақтылығы үшін үлкен маңызы бар, өйткені банкілік
айналымның ақшалары қолма-қол ақшаға және керісінше трансформацияланады.
Ақылылық өзімен бірге заемшымен тартылған ресурстарды пайдаланғаны
үшін проценттерді енгізуді сипаттайды. Несиелеудің принциптері несиелеу
процесінің барлық стадияларымен тығыз байланысты. Мысалы, жоспарлылық және
бағыттылық несиелік салымдарды жоспарлау кезінде қолданылады;
дифференциациясы мен жеделдігі – банкілік ссудаларды беру кезінде;
қамтамасыз етушілік және тиімділік-банкілік ссудаларды пайдалану кезінде;
ақылылық және қайтарымдылық-құралдардың айналымы аяқталуы кезінде және т.б.
қолданылады.
Несие өзінің болуының қандай да бір жағдайларында қандайда бір
объекті үшін тән қажетті, тұрақты байланыстардың жиынтығынан айрықшаланады,
яғни өз нысанымен айрықшаланады.
Қаржы құқығының теориясы мен практикасында несиенің келесідей
нысаны белгілі: коммерциялық, банкілік, тұтынушылы, мемлекеттік,
халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. Алдымен несиенің коммерциялық
және банкілік нысандарына оның жиі пайдалануына қарай ерекше орын беріледі.
Коммерциялық несие - бұл кәсіпорындармен, бірлестіктермен және басқа
да шаруашылық субъектілермен бір-біріне беретін несие. Коммерциялық несие
тауарлық нысанда алдымен төлемді кейінге қалдыру жолымен беріледі. (алушыға
жеткізушімен ұсынылған тауар немесе қызмет көрсеткені үшін беріледі).
Несиенің осы нысандағы объектісі болып тауар қаражаты табылады. Көптеген
жағдайларда коммерциялық несие векссельмен рәсімделеді. Әртүрлі тауарлардың
өндірісі мен сату бірыңғайсыз уақыт кезеңдерін талап етуі және белгілі бір
мезгілдерге жасалуына орай бір тауар өндірушінің өз тауарын нарыққа
шығаратын, осы тауарларды қажет ететін екінші тауар өндіруші дәл осындай
уақытта қолма-қол ақшасы болмайтын сиьтуациялар жиі туындайды. Нәтижесінде
тауарлардың несиеге сатылуы қажеттілігі туындайды.
Батыс экономикалық әдебиеттерде “Коммерциялық ссуда“ термині деп
коммерциялық мақсатта банкпен берілетін ссуда түсініледі. Қызмет етуші
капиталисттермен бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру жағдайында
жеткізу коммерциялық фирма аралық несие болып табылады.
К. Маркстің айтуы бойынша әрбір қызмет етуші капиталист “несиені
бір қолмен береді және екіншісімен алады“.16 Сондықтан бөлек кәсіпорынның
тұрғысынан коммерциялық несиенің жоғарғы шегін төлемді кейінге қалдыру
жағдайында сатып алушымен берілетін тауарлар мен жеткізілулерден ұқсас
жағдайда алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады.
Коммерциялық несие қазіргі жағдайда несиенің өзге нысандарынан, ең
алдымен банкілік несие нысанынан бөлек болмайды. Несиенің екі негізгі
нысанының мұндай байланыстары банктегі қарыз міндеттемелерін есепке алу
мысалынан көрінеді. Тауарды бөлу мақсатын көздейтін алғашқы мәміле банктегі
вексель арқылы ссудалық жарғының қозғалысы оның негізінде болатын өзге
сападағы несиелік мәміле болып табылады. Банктегі вексельді есепке алу
мүмкіндігі коммерциялық несиенің көлемін үлкейтеді, жеткізушілер өз
клиенттеріне төлемді кейінге қалдыруды олардың банктегі вексельді оның
төлеу мерзімі келгенше дейін қиындықсыз есепке ала алатынын біле отырып
береді, яғни вексельді есепке алу механизмі кәсіпорындардың өздерінің
сатып алушыларына кеңейтеді. Бүгінгі таңда несиенің екі нысанының
арасындағы өзара байланыс күшейіп келуде. Сонымен қатар банкілік несие
коммерциялықпен салыстырғанда артықшылығымен орын алады.
Уақыттағы, мөлшердегі, қозғалыс бағытындағы, төлемді кейінге
қалдырудағы шектеулер ретіндегі белгілі жетіспеушіліктер белгілі-бір түрде
мәжбүрлі сипатта болады, тауарды төлеу мерзімі жиі бұзылады, жеткізушілер
әрдайым сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы жақсы хабарланбайды, бұл
олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі-бір қауіптілігін қалыптастырады.
Төлемді кейінге қалдыруды ұсыну банкілік сфера жағынан үлкен әсерде
болады (әсіресе, тауар жеткізушінің банктегі векселін есепке алуының
қаншалықты оңай болғанына байланысты болады). Аталған кемшіліктер
коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Банкілік несие – ақша ссудасы түріндегі кез-келген шаруашылық
субъектілерге (жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және т.б.)
несие-қаржылық мекемелерімен ұсынылатын несие болып табылды.
Еркін ақша қаражаттары өндірістің кез-келген саласында көрінеді
және банкілік несиенің көмегімен кез-келген бағытқа жылжуы мүмкін.
Осылайша, банкілік несие коммерциялық несиенің шеңберінен асып кетеді.
Коммерциялық несие тауар айналымына ғана қызмет етеді, ал
банкілік несие – ақшалай кірістері мен қоғамның барлық тобының
жиналымдарының бөлігін қаражатқа айналдыра отырып, қаражатты толтыруға
қызмет етеді.
Қоғамдық қаржының қайта өндірілуі тұрғысынан банкілік несие қаржы
ссудасына (заемшылар құралдарды қызмет ететін қаржының көлемін
үлкейту үшін пайдаланылады ) және ақша ссудасына (заемшылар
құралдарды өздерінің қарыз міндеттемелерін өтеу үшін алады.) бөлінеді. Жеке
қаржының қайта өндірілуі тұрғысынан бұндай бөліну ссуданы қамтамасыз етуге
және несиенің заемшы қаржысының жоғары шегіне әртүрлі әсерін көрсетеді.
Тауарларды, бағалы қағаздарды кепілге беру несиесі кезінде борышқор
банктен қосымша қаржыны алмайды. Оның тұрғысынан, бұл ақша ссудасы болып
табылады. Қамтамасыз етілмеген ссуда қаржы ссудасы ретінде болады.
Банкілік несие әмбебап болып табылады, яғни банк арқылы қайта
бөлінетін ссудалық қаржы экономиканың барлық салаларында қолданысын
табады. Осы ерекшелік оның тез дамуының себебі болып табылады. Ссуданың
мәміле ақша қаражаты өндірістен ажыратылған дербес сипатта болады.
Несие берушінің мақсаты - кірісті процент түрінде алу болып табылады.
Несие беруші ретінде ссудалық қаржыны заемшыға қайтарымдылық, жеделдік және
проценттерді төлеу жағдайында беретін банкілік мекеме болып табылады.
Өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтауына қарамастан банкілік несие
елеулі сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Олардың бірі ссудалық
мәміленің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі кезде ол мәміленің екі
қатысушыларымен: банкирлермен және қызмет етуші капиталистермен
шектелмейді. Бір жағынан ссудалық қаржыны ұсынуды банктерден басқа әртүрлі
мекемелер (қаржы компаниялары, банктер, өзара несиелер) жүзеге асырады.
Ссудалық қаржымен мәміле жасайтын жаңа түрдегі мекемелердің "банкілік емес"
атауы болады, бұл олардың мәнін өзгертпейді (мысалы, қызметі тұрғын үй
несиесін берумен айналысатын Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы) Екінші жағынан
заемшылардың құрамы өзгерді. Қызмет етуші капиталистерден басқа (Ақ, жеке
кәсіпорындар және т.б) олар болып қаржы–несиелік, мекемелер, тұрғындар,
Үкімет және жергілікті билік орындары табылады.
Несиелік операциялардың көлеміне ішкі факторлар әсер етеді. Олардың
қатарына банк билік ететін ресурстардың мөлшері жатады. Ресурстардың
көтерімі сәйкесінше оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және белсенді
операциялардың үлкеіне ықпал етеді. Банк қаржы құруға және оны земшыларға
ссуда ретінде беруге қабілетті.
Қазіргі күнде депозиттер банкілік ресурстардың жалғыз қайнар көзі
болып табылмайды. Несиелік мекемелер банк аралық нарықта ақша құралдарының
орнын басады, сонымен қатар аталған мақсатта облигациялық заемды белсенді
түрде пайдаланады.
Банкілік несиенің өсуіне тек нақты ресурстардың көлемі ғана емес,
өндірістік компаниялар, жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан
заемдық құралдарға деген сұранысы әсер етеді.
Банктердің несие беруші ретіндегі мемлекеттің қамтамасыз етілген
несиелік шектеулерінің әсерінде ролінің төмендеуіне қарамастан, бұл ролдің
әртүрлі мөлшерде қысқартылуы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ, өйткені
қосымша қаржы құралдарға көптеген кәсіпорындардың қажеттілігі алдымен
өндірістік компания үшін де, жеке тұлғалар үшін де қаржы құралдарының орнын
басуының әлдеқайда қолайлы нысаны болып қалатын банкілік несиенің есебінен
қанағаттандырылуы мүмкін. Сонымен, несиелік жүйенің негізін несиелік
банктер құрайды, ал банкілік несие басымдылық жағдайын өзімен бірге сақтап
қалады.
Тұтынушылық несие.-бұл коммерциялық (тауарларды бөлшектеп сатып алу -
сату арқылы төлемді кейінге қалдырумен сату.) несие және банкілік несие
(тұтынушылық мақсаттағы ссуда) нысанында тұрғандарға тұтыну тауарларын
сатып алу мен тұрмыстық қызсет көрсетулерге берілетін несие.
Несиенің осындай нысаны ең алдымен қымбат тұратын тауарларды:
автомобиль, электро-тұрмыстық құрылғыларды, жихаздарды және т.б. сатып алу
кезінле қолданылады. Тауар қаншалықта қымбат болса, соншылықты тұтынушылық
несие жиі пайдаланылады.
Осы түрдегі тұтыну несиесінің мақсаты клиентураны сақтау мен
кеңейтуден, соған сйкес фирманың тауар айналымын көбейтуден тұрады.
Tұтынушылық несие жүйесіне сонымен қатар банкілік мекемелер де
қосылады. Ақш және Ұлыбританияның комерциялық банктері жеке тұлғаларға
дербес несиелер деп аталатын несиені тәжіребелеумен айналыса бастады. Бұл
несиелерді тұтынушылық несиенің бір түрі ретінде қарастыруға болады, алайда
олардың тауарларды сатуды қаржыландырудан елеулі айырмашылықтары болады.17
Дербес несиелер бұл жеке тұлғаларға берілетін ақшалай нысандағы
банкілік саудалар болып табылады. Бұл несиелер нақты коммерциялық мәнімен
байланысты емес, сондықтан олар сатып алынған тауарға деген төлемнің
қарапайым мерзімін ұзартуынан қарағанда икемді болып табылады. Бұдан басқа,
үшінші жақтың болмауы мұндай несиелердің жүйесін әлдеқайда икемді және
қарапайым етеді, өйткені онда тек банк пен заемшылар ғана қатысады. Әдетте
дербес несиенің сомасы заемшының 3 айлық окладымен шектеледі, оны өтеу
мерзімі 36 ай болып келеді. Қазіргі таңда дербес несиені пайдалану
тәжірибесі әлдеқайда әр түрлі болуда. Бұған несиелік карточкаларды жаппай
қолдану ықпал етті.
Тұтынушылық несие жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банкілік ссуда
нысанында тұрғын үйлерді алу мен салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда бұл
үшін тұрғын үй құрылысының салудың мамандандырылған банкі құрылды.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүлікті жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілге берумен байланысты болып табылады.
Мемлекеттік несие - заемші немесе несие беруші болып табылатын
азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты мемлекет пен жергілікті атқару
органдары арасындағы несиелік қатынастардың жүйесін сипаттады. "Мемлекеттік
заемдар жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың еркін ақша құралдарын
мемлекеттің облигациялар және басқа бағалы қағаздарды шығару жолымен
тартылады. "18
Қазыналық қысқа мерзімді міндеттемелер формальді түрде бюджеттердегі
уақытша кассалық үзілістері жабу үшін шығарылады, бірақ фактілі түрде-
бюджеттік дефицитпен байланысты шығарылады.
Мемлекеттік несие арнасы бойынша қатынастарды реттей отырып, үкімет
балансталған бюджет жағдайында да қаржылық қордларды шоғырландыру
мүмкіндігінен бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару
Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері
Валютлық қаржыларды реттеу
Несиелік операцияларды басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Коммерциялық банктерде жылжымайтын мүлікті бағалау
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер
Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы
Пәндер