Шағын және орта бизнес



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Шағын және орта бизнестің түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
II тарау. Қазақстан Республикасындағы бизнестің даму тенденциясына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы ... ... ..13
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің дамуы ... ... ... ...18
2.3. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Шағын және орта бизнес – ешқандай монополистік бірлікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады.
Шағын және орта бизнес – экономикадағы нарықтық қатнастарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын және орта кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының «өзгеруіне» қарай жылдам бейімделе алады.
1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Алматы 2001 ж
2. Бейсенғазиев, Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» Орал 2001 ж
3. Ж.Т. Ходжаниязова «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 2007 ж
4. Б.Н. Исабеков «Кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері» Түркістан 2008 ж
5. И. Манабаева «Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы мен артықшылығы және кемшіліктері» Экономика негіздері №5(17) 2006 ж
6. «Хабаршы» №2 2007ж
7. М.Т. Баймолдаева «Шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және қаржыландыру» Аль-Пари №3-4 2007ж
8. www.stat.kz
9. www.google.kz
10. A.Жолдасбекова «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2000 ж
11. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР №224-III Заңы 01.12.2001 ж
12. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 19.06.1997 ж

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Шағын және орта бизнестің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Шағын және орта бизнестің түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II тарау. Қазақстан Республикасындағы бизнестің даму тенденциясына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуы ... ... ..13
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің дамуы ... ... ... ...18
2.3. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Шағын және орта бизнес – ешқандай монополистік бірлікке кірмейтін
және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке
меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы.
Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі
шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке
кез келген нарықтық елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады.
Шағын және орта бизнес – экономикадағы нарықтық қатнастарды
қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын және орта
кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының өзгеруіне қарай жылдам
бейімделе алады.
Әлемдік тәжірибеде шағын және орта кәсіпкерліктің теориялары
мен тәжірибелерін Ж. Веттонның, Л. Коранның, Р. Коуздың,К.
Макконелдің, Ф. Хайектің, Р. Хизричтің, соңғы он жылдықта ТМД елдерінің
Л. Абалкин, В. Алехин, Ю. Осипов, В. Радаев сияқты ғалымдарының
еңбектерінен, ал Қазақстан Республикасында А. Есентүгелов, Р. Каренов,
Ж. Кәрібжанов,К. Бердалиев, А. Көшербаева, Тоқсанова, А.
Қаңтарбаевалардың еңбектерінен көре аламыз.
Дамыған елдердің экономикалық құрылымдарында шағын және орта
бизнес нысандарының үлесі 80 – 90 пайызға дейін жетеді. Шағын
кәсіпорындардың мобильділігі тұтынушылық сұранысты қанағаттандырудың
негізгі көзі, экономикалық өсудің және ҒТП – тің жол бастаушысы болып
табылады. Оның дамуы қажетті сападағы тауарлар мен нарықты толтыруға,
жаңа қосымша жұмыс орнын құруға, яғни көптеген экономикалық-әлеуметтік
және тағы басқа мәселелерді шешеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстанда өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Еліміздің экономикалық - әлеуметтік дағдарыстан шығуды
қамтамасыз етудің қажетті шарты, кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық
қатынастарды дамыту және жетілдіру болып табылады.

І тарау. Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және маңызы

1.1 Шағын бизнестің түсінігі және мазмұны

Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика
құрылымының қайта құрылуын алдын ала айқындайды, өз кезегінде
кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін
және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әртүрлі деңгейіндегі
әртүрлі сипаттамалары түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық
маштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты
экономикалық пайдалылық және тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола
алады.
Әртүрлі саладағы шағын және орта кәсіпорындарды біріктіретін бұл
сфера әлемдік және біздің тәжірибеде жалпылама шағын бизнес немесе
шағын кәсіпкерлік деген атауға ие болды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңында кәсіпкерлік
азаматтардың өз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның
меншігіне негізделген азаматтардың өзінің немесе жауапкершілігі мен
тәуекелділігін өз мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың
немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.
Біз “Нарықтық кәсіпкерлік” кітабында кәсіпкерлікке берілген
анықтамаға қызығушылық білдіріп отырмыз. Онда кәсіпкерлік табыс алу
мақсатында өзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін
қамтамасыз етуге бағытталған қызмет делінген.
Осы анықтамаға сәйкес кәсіпкерлікке келесідей:
Кәсіпкерлік қолданып жүрген заңдар шеңберінде, азаматтардың өз
меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген
азаматтардың өзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық
негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнына алып, өзінің
жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге
бағытталған, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі
деген анықтама беруге болады.
Кәсіпкерліктің бұл анықтамасы кәсіпкерліктің тек қана белгілі бір
қызметпен айналыса алу қабілеттігін ғана сипаттамай белгілі бір қызмет
түрі екендігін анықтайды.
“Шағын кәсіпкерлік” түсінігі әртүрлі меншік нысандарын және
шаруашылық жүргізуін ерекше көрсететін экономикалық субъектілерін қоса
көрсетеді. Бұл кооперативті және жеке, ашық - жабық және ашық типтегі,
жанұялық және ұжымдық кәсіпорындар және тағы басқалар.
Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономика негізі. Ол экономикалық
реформалардың магистральді бағыты бола алады.
Біздің шартармен жақын шет елдерде шағын кәсіпкерлік нарықтық
экономиканың негізі болып саналады, негізгі шаруашылық жүргізу нысаны
болып табылады. Оған қолайлы кестесін құрады, яғни:
- әртүрлі экономикалық ынталар;
- шаруашылық қызметтерге ауқымды еркінділікпен қамтамасыз ету;
- бәсекелесті қолдау;
- жеңілдетілген несиелер;
- еркін түрде баға құру;
- инвестицияларға қолайлы жағдай жасау.
Шағын және орта бизнестің дамыған сферасын құру - бұл
экономикадағы нақты салықты реформалаудың қажетті шарты және
компаненті болып табылады. Шағын және орта бизнес осы уақытқа дейін
экономикалық реформалар және экономикалық жеке бөліктер үшін қосымша
құрал ретінде қарастырылу жолында болған, тек өмірге қабілеттілік
қана емес, сонымен қатар шаруашылық қызмет көптеген сфераларында өз
жағдайын жақсартып дәлелдеді. Шағын және орта бизнес бұл қазіргі
экономикадағы жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі алғышарты екені
анықталды. Сыртқы экономикалық орта белгісіздігінің өсуі, бәсекелес
күрестің жаһандануы мен көбеюі, салалық құрылымының прогрессивті
ғылыми көрінісі технологияның қайта қалыптасуы ірі корпорацияларды
екінші жоспарға шеттетті.
Жетістікке жетудің маңызды факторлары жаңалықтарға деген
икемділік, мобильділік және нарықтық орта өзгерістеріне жылдам
бейімделу болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізін
талдау кезінде елдегі экономикалық қатынасты дамыған елдердің
шаруашылық тәжірибесін зерттеуге қызмет ету тәжірибесі және қазіргі
экономикасы жоғары дамыған елдердегі шағын фирмалардың алатын орны
мен роліне сүйенген жөн.
Шағын және орта кәсіпорындардың нарық жағдайында дамуын ірі
кәсіпорындармен салыстыра отырып талдайтын болсақ, тек қана әлсіз
жақтарын емес (мүмкіндігі шектелген нарықтың көп деңгейлілігі, басқа
фирмаларға тәуелділігі, менеджмент деңгейінің жоғары еместігі,
бейімделу деңгейінің төмендігі, әріптестердің сенімсіздігі және
т.б.), сонымен қатар күшті жақтарына тоқталған жөн.
Шағын және орта кәсіпкерлік ірі массалық өндіріске қарағанда ең
алдымен сұраныстың әртүрлілігін және өзгергіштігімен байланысты,
сонымен қатар шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың
қызығушылықтарын тудырмайтын нарықтағы сегменттерге негізделген.
Қазіргі батыс әдебиеттерінде кәсіпкерліктің 3 қызметін бөліп
көрсетеді:
• Ресурстық (еңбекшілірдің капиталын мобилизациялау, материалдық және
ақпараттық ресурстар);
• Ұйымдық (өткізу өндірісін ұйымдастыру, маркетинг, жарнамалар);
• Шығармашылық (жаңашылдық және инициативаларды қолдану, тәуекелге
бой бұру).
Шағын және орта кәсіпкерлік нарық конъюктурасының өзгерістеріне
оперативті әсер ала отырып нарықтық экономикаға қажетті икемділік
береді, тұрғындардың өндірістік және қаржы ресурстарын қайта іске
қосады. Бұл қатынастардың мүмкіндіктері туралы экономикадағы
көрсеткішткрі бойынша жетекші және маңызды орын алатын өнеркәсібі
дамыған елдердің тәжірибесі бойынша айтуға болады.
Шағын және орта бизнес қызмет көрсету және сауда сфераларының
дамуында, сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде
ролі ерекше және де бәсекелестік ортасының қалыптасуында маңызды
үлес қосады. Ол өз кезегінде экономикада бірінші кезектегі мәселе
болып табылады.
Бір жағынан, шағын өзінің қосымша элементтерімен және олардың
жоғарғы қозғалысы аз мөлшерде монополизацияға ұшырайды, басқа
жағынан, мамандандырылуды және жаңа технологияны қолдануды шектеуде
ең күшті бәсекелес ретінде болады, әлеуметтік шиеленісуді
жеңілдетеді және нарықтық қатынастарды демократияландырады.
Тұтынушы кәсіпкерлік процесте негізгі рольді атқарады.
Кәсіпкерлік қызмет тұтынушылар тауарды сатып алуға дайын болған
жағдайда, яғни тұтынушы тауарға оң баға берген жағдайда ғана
тауарды таратуға құқылы. Басқаша айтқанда сіздің өндірген
тауарыңызды тұтынушылар сатып алуға дайын болса, немесе сатып алып
жатса, онда сіздің тауарыңыз оң бағаланғаны. Егер де сіздің
өніміңізді сатып алмаса және оны ешкім сатып алуға тырыспаса, яғни
тауар пайдаланылмаған күйде қалса бұл оның тұғырнамасының теріс
бағаланғандығын көрсетеді. Кәсіпкер қызметін жоспарлап,
ұйымдастырған кезде тұтынушылардың көңіл күйіне, қалауына,
мүддесіне, күтуіне, бағалауына ешқандай әсер ете алмайды.
Сонымен кәсіпкердің мақсаты тұтынушыларды жаулап алу арқылы
өзіндік тұтынушылар ортасын құру.
Әрбір кәсіпкердің кез – келген ойы мамандандырылған
жұмысшыларсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Кәсіпкер бизнес жоспар
жасаған кезде қажетті жұмысшылардың тартылу мүмкіндігін ескереді.
Кәсіпкер жаңа күрделі бағдарламаға көшкен кезде жұмысшыларды қайта
дайындаудан өткізуді немесе сырттан жұмысшыларды тартуды
ойластырады. Кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшыны алатын болсақ олардың
ойларының бір бөлігі бір – бірімен сәйкес келсе (мысалы, неғұрлым
пайда көп болса, соғұрлым еңбекақы жоғары болады), бір бөлігі
қарама - қарсы сипатта болады (кәсіпкер еңбекақының жоғарылауына
қызығушылық білдірмесе, ал жалдамалы жұмысшы керісінше еңбекақының
жоғарылауына қызығушылық білдіреді).

1.2. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қолдауға байланысты үлкен тәжірибе жинақталған. Осы
елдердегі сондай проблемаларға әкімшілік 50-ші жылдардың соңынан
бастап көңіл бөле бастады. Себебі, бұл маңызды әлеуметтік –
экономикалық мәселелерді шешу қажеттілігін туындатады.
Егер АҚШ – ты алсақ, бұл елде шағын кәсіпкерлікке көмектесу
мемлекеттік экономикалық саясаттың жеке бөлігі болып табылады. АҚШ
конгресі өкілдерінің Палата және сенатында шағын бизнес комитеттері
қызмет етеді, Сауда Министрлігі басқа министрліктер де және әкімшілік
ведомстволарда шағын бизнес топтарына көмектесудің мақсаттық
бағдарламаларын жүргізетін орталықтар бар. Одан басқа шағын
кәсіпкерлікке көмек көрсетуді АҚШ-тың Сауда палатасы және әртүрлі
кәсіпкерлік ассоциациялары жүзеге асырады. Бірақ, көмектің әртүрлі
түрлерінің бағдарламасын толық шағын бизнес бойынша әкімшілік (АМБ)
жүзеге асырады. Ол АҚШ Конгресінің шешімі бойынша 1953 жылы құрылды.
Оның құрамына 10 аймақтық және 68 жергілікті бөлімшелер кіреді. Көмек
шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жүзеге асырылады.
Негізінен кепілделінген несиелер арқылы және кәсіпкерлердің
квалификациясын жоғарылату арқылы жүзеге асырылады.
АҚШ – та шағын бизнесті ынталандырудың несие - қаржылық механизмі
жасап шығарылды. Оған тура және кепілделінген займдар, субсидиялар,
әртүрлі салық жеңілдіктері, жеделдетілген амортизациялар кіреді. 1978
жылы Шағын бизнес туралы заң қабылданды. Ол заң бойынша шағын
фирмаларға 10 мың доллар сомасында өндірісте федералды келісім – шарт
алуға кепілдік берілді.
Ұлыбританияда 1971 жылы шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы
жағдайды зерттеу үшін және сәйкес ұсыныстарды жасап шығару үшін Болтон
комиссиясы құрылды. Ұлыбритания үкіметі қазіргі күнге дейін шағын
бизнесті дамытуға байланысты қабылданған заңдар мен бағдарламаларды
қолдауды жалғастырып жатыр. Шағын және орта бизнес мәселелерімен
министр рангіндегі шенеуліктермен басқарылытын департамент айналысады.
Департамент жұмысына сауда және өндіріс, экология, денсаулық сақтау,
жұмысбастылық, әлеуметтік қорғау және тағы басқа министрліктер
қатысады.
Ұлыбританияның үкіметі шағын және орта кәсіпкерлік сферасында
кәсіпкерлік іс - әрекетті жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен
қамтамасыз ету, сонымен қатар тікелей қолдаудың әртүрлі экономикалық,
ұйымдастырушылық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолдану арқылы әсер
етеді. Мемлекеттің бюджет саясаты шағын бизнесті ынталандыруда басты
рөлді ойнайды.
Ұлыбританияда ақысыз немесе төменгі төлемге шағын кәсіпкерліктің
қызмет етуіне және құрылуына қатысты кеңестік қызмет, ғылыми –
техникалық ақпарат және мәлімдемелермен қамтамасыз ететін тармақталған
ұйымдар желісі қызмет етеді:
Ұлыбритания үкіметі жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл
бөледі. 1983 жылдан бастап “Жас кәсіпкерлер” бағдарламасының шегінде өз
ісін бастағысы келетін жастар кооперативтері мен жас адамдарға
қаржылық, заңдық және кеңестік көмек көрсетіледі. Олар жеңілдетілген
шарттармен ссудалар алады, қозғалмайтын мүлікке, іскерлік операцияларға
және капиталға табыс салығынан босатылады.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлік сферасындағы мемлекеттің
жасаған іс - әрекетінің контурлары 40-шы жылдардың соңында белгіленді.
Осы периодта қазіргі кезде 200 қызметкерді біріктіретін және 12
департамент пен 6 бөлімнен тұратын Ұсақ және орта кәсіпорындар
Басқармасы құрылды.
Басқарманың іс - әрекеті төмендегілермен толықтырылады:
• Жапонияның Өндіріс және сауда министрлігінің шағын және орта
кәсіпкерлікті шапшаңдататын 9 аймақтық қызметімен. Аймақтық
қызметтерді жұмысбастылырдың жалпы саны – 157 адам;
• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік
корпорациясымен;
• Шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша үкіметтік
органдармен, қаржыландыру бойынша халықтық корпорациямен, Сауда
және өндірістің орталық кооперативтік банкімен, үлкен емес
кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру және инвестициялау бойынша
акционерлік қоғамдармен;
• Ірі емес кәсіпорындардың несие алу мүмкіндігін нығайту бойынша
органдар ( Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру және
несиені сақтандырудың мемлекеттік корпорациясы, займдарды
кепілдеу бойынша ассоциациялар);
Жапония Үкіметі шағын және орта фирмаларға қызмет көрсетуге
арналған ақпараттық желілерді құруға да көмек көрсетеді. Онда барлық
префектураларда бөлімшелері бар шағын және орта кәсіпорындарды
ақпараттандырудың аймақтық орталығы құрылған. Бұл ақпараттық желілік
құрылғыларды енгізуге, коммуникациялық технологияларды жасауға
көмектеседі, жартылай бұл жұмысты қаржыландыра отырып кеңестік және
әдістемелік көмек көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз
етудің бірегей нормалары мен стандарттарын жасаумен және осы облыстағы
жаңа жетістіктерді енгізумен айналысады.
ГФР-дегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің
негізінде жатқан басты қағида - өз кезегінде өздігінен көмек дамытуды
ынталандыратын, шағын және орта бизнестің бәсеке қабілеттілігі мен
тиімділігін жоғарылатуға ат салысатын көмек көрсету, бұл бағдарламаның
жалпыы мақсаты болып табылады.
Федералды әкімшілік несиені салыстырмалы төмен пайыздық
мөлшерлемемен және ақшаны қайтарудың жеңілдетілген шартымен береді.
Айтарлықтай құралдар “қалпына келтірудің еуропалық бағдарламасының”
шегінде бөлінеді. Бағдарламаны қаржыландырудың көзі болып федералды
бюджет табылады, ал оның қорлары үш арнайы банктермен бөлінеді:
”Кредитаншальт фюр Видерауфбау” (Франкурт – на Майне), “Дойче
аусглейсхбанк” (Бонн) және “Берлинер Индустрибанк” (Берлин). Жер
әкімшілігі өз кезегінде жаңа жұмыс орнын құруды және экономиканың
аймақтық құрылымын жақсартуды ынталандыратын арнай несиелер береді.
Кәсіпорынды құрумен байланысты тәуекелді төмендету мақсатында және
кәсіпкерлердің өз бетінше ноу – хауға және ақпарт көздеріне қол
жеткізуін оңайлату мақсатында, мемлекет және федералды жерлер көптеген
келесідей бағдарламалар жасап шығарды:”экономиканы қайта қалпына
келтіру бойынша еуропалық бағдарлама”, “Еуропаны қайта қалпына келтіру
бағдарламалары”, “Жааңакәсіпорындарға көмек көрсету бағдарламалары”,
“Орта класс өкілдеріне көмек көрсету бағдарламалары”, “Білім, ғылым,
зерттеу және технология министрлігінің арнайы федералды
бағдарламалары”, “Аймақтық экономикалық құрылымды жетілдіру” және т.б.
Кәсіпорындарды құруды неміс компенсациялық банкі де қаржыландырады.
Ол банктің жүзеге асыратын “Жаңа кәсіпорындарға көмек көрсету
бағдарламалары” шегінде қажетті капитал салымының 75% дейін
қаржыландыруы мүмкін, егер қажеттілік болса, мемлекеттік қаражаттарды
да тартады.
Испанияда атқарушы органдардың жалпы ұлттық деңгейі жүйесінде шағын
бизнесті мемлекеттік қолдау облысындағы саясатты жасау және жүзеге
асырумен Өнеркәсіп және энергетика министрлігі айналысады.
Шағын бизнесті қолдау бойынша өзінің құқықтарының шегінде белгілі
бір шараларды басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады: Экономика
және қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі, Ғылым және білім министрлігі
және де мемлекеттік несиелік мекемелер. Шағын бизнесті ынталандыру үшін
келесі механизмдер қолданылады:
• шағын және орта кәсіпорындар үшін арнай несиелік саласы;
• проценттік мөлшерлеменің белгілі бір бөлігін өтеу туралы
банктермен компенсациялық келісім;
• жоғарылатылған амортизация нормалары;
• жаңа жұмыс орындарын құру бағдарламасы;
• экспортты сақтандыру;
• экспорттық несиелер және т.б.
Шағын және орта кәсіпорындар Испанияның арнайы
мемлекеттік несие - қаржылық мекемелері тарапынан елеулі қолдау алып
отырады. Испанияда қысқа мерзімді несиелер бойынша нарықтық
мөлшерлеме 16%, ал ұзақ мерзімді несиелер бойынша нарықтық мөлшерлеме
12% құрайды.
Индияда - өндірістің шағын формаларын қолдау Үкіметтің көп жылға
созылған әлеуметтік – экономикалық саясатының басым – дәстүрлі бағыты
болып табылатын мемлекет.
Шағын және орта бизнес индустриясының институционалдық
құрылымындағы орталық ұйымдардың бірі Нью – Делидегі Шағын өнекәсіпті
дамыту ұйымы болып табылады.
Ол ұйым өндірістік білім берумен айналысады, әртүрлі технико –
экономикалық қолдауларды жүзеге асырады, оларды басты кеңселермен
байланыстырады, яғни шағын бизнесті дамыту бойынша департаментімен,
ауылшаруашылық министрлігімен, өнеркәсіп министрлігімен.
Негізінде шағын бизнесті дамытумен арнайы институттар айналысады.
Ірі және уникалды институттардың бірі Шағын бизнесті дамыту бойынша
ұлттық зерттеу корпорациясы болып табылады. Ол 40 жыл бұрын пайда
әкелмейтін мемлекеттік зерттеу компаниясы ретінде құрылған. Корпорация
тұрақты жаңа технологиялар, өнеркәсіптік концепцияларды енгізу бойынша
ұлттық және мемлекет аралық ғылыми контактілерді кеңейтіп отырады.
Одан басқа корпорацияның ұсынатын қызметі – бұл ноу – хау,
инвестиция алдындағы оқыту, технологиялар мен үрдістерді дамыту
бойынша бар және перспективалы баяндамалар, бөлшектелген инжиниринг,
бірккен кәсіпорындардағы тең капитал, шикізаттық материалдар мен
өнімдерді тексеру, өз жобаларын, технологияларын, құрылғыларын және
т.б. жүзеге асырғаннан кейінгі кепілденген қызмет.

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы бизнестің даму тенденциясына талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы

Статистикалық тіркелім деректері бойынша республикада 2009 жылы
желтоқсан айының 1 жұлдызында 1 842 641-ден астам шағын бизнес
кәсіпорындары тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегіден
15,3%-ға жоғары. Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының 75%-дан
астамы жұмыс істейді (былайша айтқанда, экономикалық қызметті жүзеге
асыратын немесе жүзеге асыруы ықтимал кәсіпорындар). Осы жұмыс істейтін
кәсіпорындардың әрбір екіншісі, 2008 жылдың қазанында белсенді жұмыс
істеді.
Шағын бизнестегі белсенді кәсіпорындардың 43%-дан астамы сауда,
автомобильді және үй бұйымдарын жөндейтін салаларда, өнеркәсіпте 13,3%
және жылжымайтын мүліктермен операция жасау, құрылыста 10,6%,
кәсіпорындарға қызмет көрсету мен жалдау салаларында 11,7% шоғырланған.

Ал 2010 жылғы наурыз айнының 1 жұлдызына дейін бизнеспен
айналысатын 1767 мыңға жақын шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген,
бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 13,1%-ға жоғары.
Тіркелген кәсіпорындардың 72,0%-ы жұмыс істейтін. Осы кәсіпорындардың
45 мыңнан астамы 50,8%-ы маусым айында белсенді жұмыс істеді.
1-кесте.
Шағын бизнес кәсіпорындарының саны
( аймақтар бойынша, 01.12.2009 жыл )

қаңтар
Жұмыс істеп тұрғаны Олардың белсенділері
2008 жыл 2009 жыл 2008 жыл 2009 жыл
Қазақстан Республикасы 5,8 6,0 2,8 3,1
Ақмола 4,3 4,4 2,7 2,9
Ақтөбе 4,8 5,3 2,4 2,1
Алматы 2,7 3,0 1,4 1,8
Атырау 4,8 5,8 2,0 2,4
Шығыс Қазақстан 4,2 4,1 2,2 2,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын және орта бизнестің дамуы жайлы
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Пәндер