Муниципалды басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. Муниципалды басқарудың теориялық негіздері.
1.1.Муниципалды басқарудың мазмұны, принциптері
мен экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Муниципалды басқарудың даму кезеңдерінің ерекшеліктері ... ... ... ..6
ІІ. Қазақстан Республикасындағы муниципалды басқарудың жағдайы.
2.1 Дамыған елдердегі муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибесі ... 12
2.2. Муниципалды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Экономикадағы өзгерістердің барлық өмірлік циклдағы қиындығы қоғамдық қызметтің, өндірістің және территорияны басқарудың барлық салаларында өзгерістерді талап етуі. Заманауи шарттарда басқарушылық қызмет территорияның әлеуметтік сала экономикасын басқарудың қоғамдық процестерінің, өндірістің және қоғамдың дамуы мен қызмет етуінің маңызды факторының бірі ретінде көрініс табуда.
Басқару – алға қойылған мақсаттарға жетудегі ұжымдық адамдарға мақсатқа бағытталған ықпалы.
Жергілікті өзін - өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.
Ал " муниципалды басқару ” ұғымына анықтаманы 1985 жылы Еуропа кеңесінің бастамасымен қабылданған Еуропалық хартиядан таба аламыз, яғни " қоғамдық жұмыстардың басым бөлігін бақылауда жергілікті қауымдастықтардың қабілеттіліктерін, құқықтарын, сонымен қатар халықтың мүддесіне сәйкес қоғамдық жұмыстарды заң шеңберінде басқару”.
1. «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2008.
ҚР – дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін"Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,
Гневко В.Н., Когут А.Е. Развитие местного самоуправления.СПб.:РАНИСЭП, 2.1996. Зотов В.Б., Макашева З.М. Муниципальное управление. Учебник для
Шумянкова Н.В. Муниципальное управление. Учебное пособие. – М.:
3.Старцев Я.Ю. Государственное и муниципальное управление в
зарубежных странах. - М.: РУДН, 2003.
Горный М.Б. Местное самоуправление: проблемы и перспективы. СПб,
Кубаев К.Е. Местное самоуправление. - Алматы: Казак университетi,
4.В.Уворов «Теория Государственного управления» 2004.
www.google.kz «Республикамыздағы жергілікті өзін өзі басқарудың
тиімділігі». Егемен Қазақстан. – 2009. 28 шілде.
5.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
6.2001 ж. 23 қантар, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі және мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 2009 ж. 09 ақпанында өзгертіліп қосымшаланған
7. 2009 ж. 08 маусым «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарғысы
8.Инициативы Главы государства в становлении и формировании модели стратегического управления. Сборник выступлений и статей / под общ. ред. 9.А. С. Сагынгали, Б. М. Каиповой. – Алматы : Издательский дом «Таймас», 2008. – 264 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І. Муниципалды басқарудың теориялық негіздері.
1.1.Муниципалды басқарудың мазмұны, принциптері
мен экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2 Муниципалды басқарудың даму кезеңдерінің ерекшеліктері ... ... ... ..6
ІІ. Қазақстан Республикасындағы муниципалды басқарудың жағдайы.
2.1 Дамыған елдердегі муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибесі ... 12
2.2. Муниципалды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе:
Экономикадағы өзгерістердің барлық өмірлік циклдағы қиындығы қоғамдық қызметтің, өндірістің және территорияны басқарудың барлық салаларында өзгерістерді талап етуі. Заманауи шарттарда басқарушылық қызмет территорияның әлеуметтік сала экономикасын басқарудың қоғамдық процестерінің, өндірістің және қоғамдың дамуы мен қызмет етуінің маңызды факторының бірі ретінде көрініс табуда.
Басқару - алға қойылған мақсаттарға жетудегі ұжымдық адамдарға мақсатқа бағытталған ықпалы.
Жергілікті өзін - өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.
Ал " муниципалды басқару " ұғымына анықтаманы 1985 жылы Еуропа кеңесінің бастамасымен қабылданған Еуропалық хартиядан таба аламыз, яғни " қоғамдық жұмыстардың басым бөлігін бақылауда жергілікті қауымдастықтардың қабілеттіліктерін, құқықтарын, сонымен қатар халықтың мүддесіне сәйкес қоғамдық жұмыстарды заң шеңберінде басқару".
Муниципалды басқару өзі шешетін мәселелер сипатына сай болуы керек. Бұл мәселелерге төмендегілер жатқызылады:
:: Муниципалды құрылымның әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру;
:: Муниципалды құрылымның экономикасын тұрақтандыру;
:: Аймақаралық және аймақішілік байланыстарды дамыту;
:: Бір ыңгай экономикалық кеңістікті сақтау.
Осы мәселелерді шешуде әлеуметтік - экономикалық процестерге ықпал етудегі тиімділікті көтеруде комплектілік негізгі шарт болып табылады.
Муниципалды басқару жүйесі өзін - өзі басқару принциптері негізінде қалыптасады. Ол басқару субъектісі (жергілікті өзін - өзі басқару органдары ) және басқару объектісі ( муниципалды құрылым және муниципалды шаруашылық).
Жергілікті өзін - өзі басқару принциптері халық қызметінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді, яғни жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуді өздерінің жеке жауапкершіліктеріне алуды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін - өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне - әлемдік тәжірибені және модельдерін қолдана отырып, жергілікті өзін - өзі басқаруды елімізде дұрыс іске асырып, экономикамыздағы шешілмеген бірқатар мәселелердің шешілуі, қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамыту, еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.

1.1.Муниципалды басқарудың мазмұны, принциптері мен экономикалық механизмдері.

Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде.
Аймақтық басқару ғылым саласы және ғылыми пән ретінде. ҚР аймақтық басқару реформасы. Муниципалды менеджмент анықтамасы. Муниципалды менеджменттің аймақтық негізі. Ғылыми пән ретіндегі муниципалды менеджменттің пәні мен әдістері. Муниципалды менеджменттің теориялық базасы.
Муниципалды басқарудың даму тарихы
Антикалық дәуірдегі полистік демократия. Ортағасырлық сословиелік мемлекеттің қалалық және ауылдық қауымдастықтары - буржуазиялық муниципализмнің бастамасы. ХІХ ғасырдың муниципалдық реформалары.
Аймақтық басқарудың теориялық негіздері. Еркін қауым теориясы. Жергілікті басқарудың қоғамдық теориясы. Жергілікті басқарудың мемлекеттік теориясы. Муниципалды басқару реализмінің теориясы. Социал-реформисттік муниципалдық концепциялар.
Аймақтық басқарудың негізгі типтері. Жергілікті басқарудың англосаксондық типі. Жергілікті басқарудың француздық моделі. Аймақтық басқарудың германдық типі. Жергілікті басқаруды дамытудағы заманауи үдерістер.
Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының өзара қатынасы.
ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінісі. ҚР жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі. Мәслихаттар - депутаттар жиналысы - облыс, қала, аудан көлеміндегі өзін-өзі басқару формасы. Жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының функциялары мен құзіреттіліктері. Жергілікті тұрғындарға арналған негізгі міндетті ережелер. Әр деңгейдегі мәслихаттардың ара қатынасы.
Жергілікті әкімшілік басшысы - ҚР Президенті өкілі. Белгілі бір аймақтағы жергілікті әкімшілік басшысы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың функциялары. Жергілікті жердің әр деңгейіндегі әкімшілік басшыларының құзыреттері. Жергілікті әкімшілік басшыларының дара басшылық принципі.
Жергілікті басқару органдарының жұмысындағы жоспарлау.
Қазақстан аймақтарындағы бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау. Жергілікті басқару органдарының сәйкес территорияны кешенді және мақсаттық дамыту бағдарламаларын әзірлеуі. Жергілікті әкімшіліктің баланс құруы (қаржылық, халықтың ақшалай табысы, еңбек ресуртары, жер ресурстары және т.б.). Жергілікті басқару органдары қабылдайтын өзге де жоспарлы актілер. Муниципалды органдардың ішкі қызметін ұйымдастыруда жоспарлауды қолдану.

Жергілікті басқарудың қаржылық негізі.
Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстары. Жергілікті бюджеттердің қалыптасуы, құрылуы мен орындалуы. Жергілікті биліктің бюджеттік-қаржылық саясаты. Бюджеттік реттеу саласындағы жергілікті әкімшілік пен мәслихаттардың құзыреті. Жергілікті бюджеттердің бекітілген және реттелетін табыстары. Жергілікті салықтардың фискалдық, реттеуші және бақылаушы функциялары. Дотациялар, субвенциялар мен ссудалар. Жергілікті бюджет шығындары. Жергілікті бюджет тапшылығын заңдастыру мен теңдестіру мәселесі. Жергілікті билік органдарының мақсаттық бюджеттен тыс және валюталық қорлары: қалыптасу тәртібі мен қаржыларды пайдалану мүмкіндігі. Бюджетаралық қатынастар. Жергілікті қаржылар саласындағы мәселелер.
Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
Экономикалық механизм анықтамасы. Аймақтың экономикалық дамуының негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидалары. Экономикалық механизмнің эволюциясы: жаңа мотивациялар мен шаруашылық субъектілерінің әрекет ету стилінің қалыптасуы. Облыс деңгейінде өндірістің толық циклін кезең және фактор бойынша қамтамасыз ету. Муниципалды шаруашылық құрылымындағы шаруашылық және әлеуметтік кешендер: өнеркәсіптік, құрылыс, аграрлық, сауда-сервистік, тұрғын-үй коммуналдық, мәдени-тұрмыстық. Аймақтық нарықтардың дамуы: тауарлық, өндіріс құралдары, ссудалық капитал, еңбек, бағалы қағаздар, сақтандыру. Аймақ экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру. Аймақтың экономикалық дамуының маркетингі.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориалдық құрылымының реформасы
Әкімшілік-территориялық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық реформалардың салдары ретінде. Реформаға дейінгі кезеңдегі әкімшілік-территориялық құрылым. Республиканы демографиялық, саяси, географиялық, экономикалық тұрғыдан аймақтарға бөлудің тиімді еместігі. Әкімшілік-территориялық бірлік және әкімшілік-территориялық құрылым ұғымдарына анықтама. Тиімді әкімшілік-территориялық құрылым қалыптастыру факторлары. Реформалаудың мақсаты мен міндеттері. Реформалау кезеңдері. 1997 жылы әкімшілік-территориялық құрылымды оңтайландыру: себебі мен салдары.
Жергілікті бюджеттердің табысын арттыру жолдары.
Жергілікті бюджет тапшылығы: себебі пен салдары. Қарыз қаражат арқылы тапшылықты жабу. Сыртқы және ішкі инвестиция тартудың саяси және экономикалық ынталандырмасы.
Муниципалды қарыздарды ұйымдастыру. Қазақстанда муниципалды бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуы. Қарыз қаражат классификациясы: инвестициялық, әлеуметтік, бюджеттік. Қарыз қаражатты ұйымдастыру барысында эмитенттер шешетін мәселелер. Жергілікті басқару органдары эмиссиялайтын қарыздық міндеттемелер түрлері.
Унитарлы мемлекеттердегі муниципалды басқару.
Франциядағы аймақтық басқаруды ұйымдастыру. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды орталықтандырудың жоғары деңгейі. 1982 жылғы муниципалды реформадан кейінгі биліктің орталықсыздандырылуы мен деконцентрациясы. Аймақтардың ұйымдастырушылық құрылымы: коммуна, департамент, аумақ. Жергілікті басқарушы аппарат. Жергілікті жерде сайлау өткізу. Аймақтық басқарудың жергілікті органдарының қаржысы. Аймақаралық әріптестік. Италиядағы жергілікті басқару жүйесі.
Федералды мемлекеттердегі муниципалды басқару.
Германиядағы муниципалды басқарудың ұйымдастырылуы. Мемлекеттік басқару субъектілері: федерация, жерлер, қауымдастықтар, аудандар. Қауымдастықтың ұйымдастырушылық құрылымының типологиясы: магистратты тип, бургомистрлік тип, солтүстік-герман типі, оңтүстік-герман типі. Қауымдастық жарғысы. Аудан, қала және қауымдастықтардағы жергілікті басқару органдары. Бавария жерінінің мысалындағы аймақтық құрылымдық саясат.
АҚШ-тағы аймақтық басқару. АҚШ-та қабылданған муниципалды менеджментті ұйымдастырудың 4 типі. Федерациялық субъектілердегі (штаттардағы) жергілікті басқару формаларының әркелкілігі. Округтер, қалалық және ауылдық коммуналардағы жергілікті басқарудың ұйымдастырылуы. Жергілікті биліктің экономикалық функциялары. АҚШ-тағы аймақтық бағдарламалар. Ресей Федерациясындағы муниципалды басқаруды дамыту. РФ әкімшілік-территориалдық құрылымы. Муниципалды демократия. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің негізі. Жергілікті билік органдарының құзыреттері
Американдық тарихшы В. Дюранттың ойы бойынша, өзінің әлеуметтік базасы бойынша афиналық демократия ең тар көлемді болып, ал мемлекеттік басқаруда халықтың белсенді басқаруы бойынша ең кең көлемдісі болып саналады. Хаотикалық және кәсіби емес өзің-өзі басқару адам тарихында ешқашан болмаған адамдардың көрінбейтін шығармашылық белсенділіктерін оятады. Демократия Халықтық жиындарда, соттарда, Бес жүздер кеңесінде және тағы да басқа органдарда азаматтықтың мектебі болып қалыптасқан. Ол қызметтік тұлғалардың азаматтар қауымдастығына шынайы есеп берулерді қамтамасыз етіп отырған. Байырғы Афиналықтардың саяси қатарының жетістіктері мен кемшіліктері барлық жер бетіндегі демократияның саяси теориясы мен практикасының алдағы уақытта дамуына ауқымды әсер еткен болатын.
Әкімшіліктік, қаржылық және соттық басқару жүйелері бар, сатылынып алынған немесе феодалдық басшылармен жаулап алынған орта ғасырлық қалаларда сословиялық қалалық өзің-өзі басқарумен бірге буржуазиялық муниципализмді де дүниеге алып келді.

1.2 Муниципалды басқарудың даму кезеңдерінің ерекшеліктері.
Ең алғаш рет демократиялық құрылым б.э.д., VI ғасырда Эгейс аралы мен Кіші Азияның Ионин полистерінде пайда болған. Алайда бұл басқару үлгісінің түрі б.э.д., V ғасырда Афинада, 400 мың тұрғыны бар қала түріндегі мемлекетте жандана түскен.
Байырғы Афинада саяси құқыққа ата-анасы Аттиканың тұрғындары болып, жасы 20 толған ер азаматтар ғана ие болған. Ел азаматтары салық төлеп, әскер қатарында боуға міндетті еді. Осындай шектеулі шеңбердің ішінде саяси құқықтар тең болатын. Әр азамат исономияны иеленген, яғни ол дегеніміз заң алдындағы құқықтарының теңдігі, ал исогория дегеніміз - Халықтық жиындардағы құқықтардың теңдігі. Өзің-өзі басқарудың жоғарғы органы - Экклессияда, яғни Халықтық жиын жұмысына кез-келген азамат қатысуға құқылы бодды. Осы деңгейде еш қандай өкілеттілік болған жоқ, сондықтан да афиналық демократия құқықтық тұрғыда тура әрі тәуелсіз болып саналады. Жиындар агорада, Дионис немесе Пирей театрларында айына төрт рет жүргізіліп отырған. Азаматтар ашық аспан астында орындықтарға тізіліп отырған. Осындай жиын өте ерте күн шығыста басталған. Әдетте жиын жұмысына 2 - 3 мың адам қатысады. Жедел сессияларға арналған Кворумдарда аса маңызды мәселелер қарастырылып, оларға 6 мыңға жуық адам қатысқан.
Жаңа айдың алғаш сессиясында Халықтық жиындарда жаңа заң жобалары ұсынылып отырған. Осы заңнамаларды ұсынған адам олардың әсерлілігіне деген жауапкершіліқті өз мойнына алған.Кінә тағылған заңшыға айыппұл салынып, дауыс беру мүмкіндігінен айырып, кейде іпті өлім жазасына да жетелейтін болған.
Халықтық жиындарда сөз сөйлеймін деген азаматтар жас көрсеткштерінің тәртібіне байланысты құқылы болады.
Афина халқына сөз сөйлеу құқығынан кез-келген азамат шектеуі керек, егер де оларға келесідей көрсеткіштер тиісілі болса:
- жер меншігі болмаса;
- заңдық некеге тұрмағандар;
- балалық парызын мойындамаған жағдайда;
- қоғамдық адамгершілікке залал келтірсе;
- әскери міндеттерден бас тартса;
- ұрыста қалқанын тастағаны үшін;
- мемлекет алдында салықтық немесе басқа да қарыздары болса.
Халықтық жиындарда, әдетте, тек қана жақсы дайындалған ораторлар - демагогтар сөйлеуге құқылы болды. Әр ораторға сөз сөйлеуге нақты уақыт бөлінеді, сол уақытты су сағаттармен өлшеген.
Халықтық жиын әр түрлі мәселелерді қарастыруға құқылы болды:
- салықтарды алу;
- остракизм;
- соғысты жариялау;
- татуласу сияқтылар.
Шешім дауыстың көптігімен немесе консенсуммен қабылданып отырды. Дауыс беру орнында отырып қол көтеру бойынша іске асқан, ал егер де іс тек қана бір азаматқа қатысты болса, онда құпиялы түрде дауыс беру шешімі қабылданған. Мысалға, диктаторлық өжеттілігі үшін күдіктенген азаматқа остракизм соты саздан жасалынған ыдыстардың сыртына күдіктінің атын жазу арқылы жазалаған, егер де он шешім қабылданған болса, онда күдіктінің мүлігі конфескацияға ұшырап, 10 жылға Аттикадан кетуге мәжбүр болды. Халықтық жиынның шешімі нақты болған, оны қайта қарауды немесе мүлдем алып тастау туралы шешімдерді Халықтық жиынның жаңа отырысында ғана ұсынуға мүмкіндік берілетін.
Бес жүздік кеңес (Буле) - бұл Халықтық жиынды өз рангі бойынша асып түсетін, бірақ билік мүмкіндіктерімен төмен тұратын құрылым. Алғашында Кеңес жиынның жоғарғы палатасын құраған болатын, ал Перикл кезеңінде Экклессияның қарапайым заңнамалық комитеті болып қалды. Ең алдымен олар заңнамалық жобалардың және басқа да мәселелердің алдын-ала қаралуына жауап беріп, кейіннен Халықтық жиынның күн тәртібіне қосылып отырған. Сонымен қатар Кеңес мүшелері тәртіпті қадағалайды, діни және әкімшілік қызметшілердің есептерін тындайды, қалалық қаржылар мен құрылыс жұмыстарын бағалайды, және де сыртқы экономикалық қызметпен айналысады. Олар осылардың бәрі бойынша Халықтық жиында есеп береді. Бес жүздер кеңесінің мүшелерін Аттиканың 10 филиаолының ішінен жребия арқылы 50 адамнан тандалып алынады. Олардың билігінің мерзімі бір жылмен ғана шектелетін.
Бес жүздік кеңес 50 адамнан тұратын 10 пританиядан тұрады. Олардың әр қайсысына Кеңесте және Халықтық жиындарда бір ай ішінде төрағалық етуге мүмкіндік берілген. Төрағалық ететін притания әр күн сайын сол күнге арнап Афина полисінің өзіндік президентін, яғни кеңес басшылығының өкілін тандап отырады. Қызметтік тұлғалардың жедел ротациясы - міндетті демократияның маңызды белгісі, Байырғы Афинаға тән құбылыс. Бес жүз Кеңесінің мүшелеріне қатардағы афиналықтың жал ақысына тең көлемдегі қолақы төленгендіктен, кедейлер де мемлекетті басқаруға құқылы болған. Сондықтан да афиналық демократия азаматтық қауымдастық мүшелері үшін саяси шектеулі болған емес.
Жағдайлар жақсы жүрген мезгілдерде қала-мемлекеттің кез-келген азаматы өз өмірінде минимум бір рет болсын үкіметтің мүшесі бола алған. Сондықтан Байырғы Афинада басқарушылар мен басқарылатындар арасындағы айырмашылық көрсеткіштері мүлдем болмаған.
Афинадағы әкімшілік жұмыстармен тек қана архонттар ғана емес, сонымен қатар Халықтық жиналыстың, Бес жүздер Кеңесі мен соттардың бақылауындағы және басшылығындағы комитеттер мен комиссиялардың қатары іске асырады. Аристотель өз кезегінде осындай мекемелердің 25 түрін ашып көрсеткен, оларда 700 жуық адам еңбек еткен. Олардың бәрі жребия бойынша бір жыл мерзіміне тағайындалып отырған.

Себебі Афинаның әр азаматы өз өмірінің бір жылында ғана мемлекеттік қызметкер ретінде бола алады, және екі қайтара бір қызметте жұмыс істей алмайды деген ереже болған. Басқа сөзбен айтқанда, афина демосы мықты мамандардың басқару қағидасына сенген жоқ.
Бірақ бұл ережеден де ауытқулар болды. Ол негізінен стратегтердің қызметіне тән құбылыс еді. 10 стратек немесе әскер басшылары бір жылдық мерзімге тағайындалып, кез-келген уақытта тексеріске және орын ауыстыру үрдістеріне ұшырайтындықтан, олар жребия бойынша емес, Халықтық жиындарда ашық дауыс беру арқылы тағайындалып отырған. Осы қызметке бір адам қайта тағайындала алатындай мүмкіндіктер болды. Оның мансабына, атағына қарай емес, керісінше арнайы мамандандырылған қасиеттеріне байланысты болды.
Американдық тарихшы В. Дюранттың ойы бойынша, өзінің әлеуметтік базасы бойынша афиналық демократия ең тар көлемді болып, ал мемлекеттік басқаруда халықтың белсенді басқаруы бойынша ең кең көлемдісі болып саналады. Хаотикалық және кәсіби емес өзің-өзі басқару адам тарихында ешқашан болмаған адамдардың көрінбейтін шығармашылық белсенділіктерін оятады. Демократия Халықтық жиындарда, соттарда, Бес жүздер кеңесінде және тағы да басқа органдарда азаматтықтың мектебі болып қалыптасқан. Ол қызметтік тұлғалардың азаматтар қауымдастығына шынайы есеп берулерді қамтамасыз етіп отырған. Байырғы Афиналықтардың саяси қатарының жетістіктері мен кемшіліктері барлық жер бетіндегі демократияның саяси теориясы мен практикасының алдағы уақытта дамуына ауқымды әсер еткен болатын.
Әкімшіліктік, қаржылық және соттық басқару жүйелері бар, сатылынып алынған немесе феодалдық басшылармен жаулап алынған орта ғасырлық қалаларда сословиялық қалалық өзің-өзі басқарумен бірге буржуазиялық муниципализмді де дүниеге алып келді. Еуропалық елдерде Ұлы франция көтерілісінің салдарынан туындаған конституциялық қозғалыстар жоғары мемлекеттік басқарудың аймағында билікті басқарудың жаңа үлгілеріне әкеп қана қойған жоқ, сонымен қатар биліктің орталық органдарының мықты бюрократиялық қамқорына бағынышты емес жергілікті басқаруды қалыптастыру мәселесін құрған болатын. Жергілікті басқарудың алғы шарттарын рет-ретімен іске асыруда конституциялық, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларынан логикалық қорытынды жасаумен сипатталады, олар өз кезегінде полициялық, бюрократиялық мемлекеттің абсолютизм дәуірінің орның басып отырады.
Демократиялық, құқықтық мемлекеттердегі тұлға мен мемлекет, жергілікті қауымдастықтар мен биліктің орталықтандырылған органдарының арасындағы қарым-қатынас, абсолюттік мемлекетке қарағанда мүлдем басқа, оларды Кант құлдырау мемлекеттері деп атаған.

Осыдан келесідей ой түйіндеуге болады, яғни мемлекеттік билік жүйесінде негізделген мүмкін болатын белгілі автономиядағы жергілікті өзің-өзі басқару XIX ғасырдың құқықтық реформаларында және саяси қозғалыстарда лозунг түрінде айқындалған.
Еуропалық мемлекеттерде жергілікті өзің-өзі басқару идеясын таратуда маңызды рөлді 1831 жылы құрылған Бельгия Конституциясы алды. Онда қоғамдық басқаруға арналған арнайы бап болатын, заңнамалық, атқарушылық және сот биліктерімен қатар қоғамдық басқаруға арналған төртінші бір биліктің түрі - муниципалды билік пайда болды.
Ертеректе 1790 жылы Францияда өткен Ұлттық жиында жергілікті басқару реформасы туралы заңнамалық жоба бойынша баяндамасында француздық Турэ қоғамдық басқаруды ұйымдастыру идеясын қозғаған болатын. Турэ жергілікті өзің-өзі басқарудың екі негізгі мәселесін құрастырды, олар кейіннен жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі теорияларында дами бастады:
1) табиғаты бойынша муниципалды басқаруға тән меншіктік қоғамдық істер туралы түсінік;
2) мемлекеттік істер туралы түсінік, оларды жүргізу жергілікті өзің-өзі басқарудың мемлекеттік органдарымен іске асырылады.
Жергілікті өзің-өзі басқару мәселелеріне ең алғашқылардың бірі болып көңіл бөлген француз мемлекеттік қызметкері, тарихшы және әдебиетші А. Токвиль болатын.
Тәртіптің консервативтік Партиясының көшбасшысы бола тұра Ұлы француз көтерілісінің қажеттілігін жоққа шығарып, басқарудың бейбітшілік сипатын алға ұстаған. 1835 жылғы Америкадағы Демократия атты еңбегінде былай деп жазды: "Тәуелсіздікті бекіту үшін қоғамдық институттар ғылымға негізделген бастауыш мектептердің қызметін бірдей атқарады, яғни олар халыққа еркіндікке деген жолды ашады, осы еркіндікпен пайдалануға үйретеді, және оның бейбіт сипатымен толыққанды рахаттануға мүмкіндік береді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құра алады, алайда ол толығымен еркіндікке ие бола алмайды. Тез ауыспалы құштарлықтар, бір мезеттік қызығушылықтар, кездейсоқ міндеттер тәуелсіздіктің беткі қабатын ғана көрсетеді, алайда қоғамдық ағзаның ішіне сініп кеткен деспотизм ерте ма кеш па бәрібір қайта үстіне көтеріліп шығады".Жергілікті өзің-өзі басқару теориясын жасауға маңызды үлес қосқан германиялық заң мектебі болатын.
Негізгі теориялық концепцияларды қарастырайық. Жергілікті өзің-өзі басқару теориясы эволюциялық сипатқа ие, яғни соңғылары алдында жасалынған негізгі жайттарды ескеріп отырады.
Алғашқыда неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық өзің-өзі басқарудың пайда болуы мен табиғатының сипаттай отыра қоғамның еркіндік теориясын жасаған болатын (қауымның табиғи құқықтарының теориясы).
XIX ғасырдың басында қауымдық істермен, қауымдық мүлікпен қазыналық, мемлекеттік шенеуниктер айналысатын. Бұл жүйе қауымдық шаруашылықты құлдыратып жіберді.
Сондықтан да бюрократиялық орталықтың шаруашылықты жүргізудің ортақтандырылған жүйесіне араластыруды шектеу қажеттілігін ғылыми негіздеу талап етілді.
Осындай амалдарды қоғамның еркіндік теориясы шешу керек болатын, олардың негізгі бастауларын неміс ғалымдары осы аймақ төңірегіндегі француз және бельгия құқықтарынан алған еді.
Қауымдық еркіндік теориясы қоғамның өз істерімен басқару құқықтарының адамдардың құқықтары мен еркіндігі сияқты табиғи және ажырамайтын сипатқа ие, себебі қоғам тарихи деректерге қарағанда мемлекеттен бұрын пайда болады, және мемлекет қауымдық басқарудың еркіндігін силау керек. Сонымен бұл теория табиғи құқық идеясына сүйенетінін байқауға болады. Ол мемлекетке тәуелді емес органикалық корпорациялардың табиғи құрылуын қауыммен мойындауына бағынышты болады. Қауымның өзіндік басқаруға деген құқығы априорлық жолмен қоғамнан бөлектеніп шығып отырды. Осы теория қауымның еркіндігі мен тәуелсіздігін растай отыра, ортағасырлық қауымдар, яғни еркін қалалардың тарихына, олардың феодалдық мемлекеттерге қарсы тәуелсіздік үшін күресіне көңіл аударған болатын.
Еркін қауым теориясы жергілікті өзің-өзі басқаруды ұйымдастыруға келесідей негіз болатын бастауларды келтірген болатын:
1) қауым мүшелерімен жергілікті өзің-өзі басқару органдарынын сайлануы;
2) істерді бөлу бойынша нұсқаулық, олардың көмегімен қауым өз істері мен мемлекет жүктеген істерді ажыратады;
3) жергілікті өзің-өзі басқару - бұл өзінің табиғаты бойынша мемлекеттік істерден айырмашылығы бар қоғамның өзінің меншікті істерін басқару;
4) жергілікті өзің-өзі басқару органдары - мемлекеттің емес, қауым органдары;
5) мемлекеттік органдар қауымдық меншіктік компетенциясына араласуға құқылы емес. Олар тек қауымның өз компетенциясының шегінен шығып кетпейін қадағалап отыру керек.Алайда тәжірибеде бұл әдіс келесідей себептер бойынша жетістікті болмады.
Қауымның еркіндік теориясының шегінде жергілікті өзің-өзі басқару объектісі нақты анықтамасын таба алмайды. Сонымен, алғашқы өзің-өзі басқарушы бірліктер - ауылдық және қалалық қауымдар, олар өз істерін басқаруды өз бетінше пайдаланады. Адамдар шағын территорияның шегінде өз тағдырын өзі басқарады. Олар өз қажеттіліктерін өздері қанағаттандырып, сырттан төнетін қатерлердің өз күштерімен қорғанатын болған. Өзіндік басқарылатын бірліктерге аса ірі территориялық аймақтарды еңгізу мемлекеттік биліктің ісі екендігі анық көрініп тұр.
Қалыптасқан жағдайларды осындай өздігімен басқарылатын бірліктердің, табиғи сипатына сүйене отыра, және де кішігірім ауылдық және қалалық қоғамдардан басқа өзіндік басқару түрлерінің өзіндігін дәлелдеу логикаға жат нәрсе, ол заттардың шынайы орналасуына сәйкес келмеді.
Қоғамдағы мемлекеттің бар болуы қауымның толығымен еркін бола алмайтының көрсетеді. Қауым мемлекетті қажет етеді, сондықтан да оны құру үшін сыртан төнетін қатерге қорғаныш жасайды, экономикалық байланыстарын дамытады және т.б.
Қауымның еркіндік теориясының орнына қоғамдық өзің-өзі басқару теориясы келеді (немесе өзің-өзі басқарудың қоғамдық-шаруашылық теориясы). Алдындағы теория сияқты, бұл тұжырым да мемлекет пен қоғамның қарама-қарсы келуімен түсіндіріледі, және де жергілікті қауымдастықтар мен бірлестіктердің өз амалдарын іске асыру еркіндігін мойындау қағидасына сүйенеді.
Жалпы осы қарастырылып отырған теория жергілікті өзің-өзі басқарудың негізгі белгілерін көрсете отыра, алғы шарттарға қауымның табиғи және міндетті құқықтарын жылжытқан жоқ, керісінше мемлекеттік емес, жергілікті өзің-өзі басқару органдарының қызметінің шаруашылық табиғатына жақындай түсті. Қоғамдық тұжырымға сәйкес, өзіңдік басқару - бұл жергілікті шаруашылықты істерді басқару деген сөз.
Алайда бұл тұжырым, сарапшылардың айтуынша, территориялық өздігімен басқарушылардың әр түрлі жеке құқықтық бірлестіктермен араластырып жіберген (өндірістік компаниялармен, қайырымдылық қоғамдарымен және т.б.). бірақ та адамның қандай да бір жеке құқықтық бірлестікке жататындығы, немесе одан шығуы өзіне ғана байланысты болады; дәл сол уақытта өздігімен басқарылатын территориялық бірліктерге қатысты болу және олардың өздігімен басқарылатын органдарға бағынышты болуы заңмен бекітіледі, және де адамның тұрғылықты жерімен байланысты болады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жергілікті өзің-өзі басқару органдары меншіктік құқықтық қана емес, сонымен қатар қоғамдық билік органдарына тән қоғамдық-құқықтық сипатқа да ие болған (ортақ міндетті шешімдерді қабылдау, салықтар жинау және т.б.). Қауымның орындауына нақты бекіткен меншіктік қауымдық (жергілікті) істер мен мемлекеттік істерді нақты шектеулерін беру мүмкін еместігі белгілі болды. Жергілікті өзің-өзі басқару органдарымен шешілетін мәселелер таза қоғамдық қана болып санала алмайды, және мемлекеттік мәселелерге қарсы келмеуі керек, сонымен қатар олар өздерінің мағынасы бойынша (жол құрылысы, жергілікті салықтар, білімді, мәдениетті, денсаулық сақтау бөлімдерін басқару және т.б.) мемлекеттік басқарудың жергілікті мәселелерінен айрықша болмауы тиіс. Бұл мәселелер тек қана жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де қызығушылықтарын қанағаттандырады.
Қоғамдық теорияны критикалық тұрғыдан бағалайтын пікірлердің негізінде өзің-өзі басқарудың мемлекеттік теориясы дамиды, бұл тұжырым XIX ғасырда ұлы неміс ғалымдары, Лоренц Штейн мен Рудольф Гнейстпен жасалынған болатын.

2.1 Дамыған елдердегі муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибесі.
Дамыған елдерді жан басына шаққандағы табыс көлемімен, индустриалды дамуымен анықтайды. Дамыған елдерде дүниежүзі халқының 15 пайызы тұрады. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Дамыған елдердің санатына Австралия, Австрия, Бельгия, Ватикан, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Исландия, Ирландия, Израиль, Испания, Италия, БАӘ, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Финляндия, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерешеліктері
Муниципалды құрылым
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
Территориялық басқару жүйесі
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер