Банктік несиенің қайтарымдылығын камтамасыз ету жолдарын жетілдіру



Кіріспе 3
1 Банктік пайыз және несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің теориялық негіздері 5
1.1 Несиелік пайыздың қайтарымдылығының мәні мен маңызы 5
1.2 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету принциптері ... ... . .7
1.3 Банктік несие қайтарымдылығын қамсыздандырудың
шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2 Коммерциялық банктердегі пайыздық несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттары 16
2.1. Несие беру кезеңінде клиенттің несиеге қабілеттілігін талдау 17
2.2 Пайыздық кепіл формасын талдау 21
2.3 Несие ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету процесінде кепіл құқығын жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.4 «БТА.Банк» акционерлі қоғамындағы тәуекелдерді басқарудағы пайыз процесін талдау 51

3 Несие пайызының қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдары 58
3.1 Банктік несиені қайтаруды қамтамасыз ету формалары және оларды жетілдіру 58
3.2 Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк процесiнiң даму болашағы ... ...63
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы банктік жүйе – нарықтық экономикадағы маңызды құрылым. Банктердің дамуы, тауар өндірісі және айналымы бұрыннан бері қарай бірге дамып кележатқандықтан бір-бірімен тығыз байланысты болып кетті. Капиталдарды қайтадан бөлу кезінде банктер делдал ретінде жүріп, өндірістің жалпы тиімділігі жоғарылатады. Коммерциялық банктер іскер кәсіпорындардың ерекше категорияларына жатады. Олар шаруашылық қызмет процесінде жергілікті тұрғындардың капиталдарын, сақтық қорларын өздеріне қарай тартады және оны қосымша капиталға зәру басқа да экономикалық агенттерге уақытша қолдануға ұсынады. Несиені уақытында қайтару кепілдік жүйесінің құрылуы Қазақстанда қазіргі уақытта кәсіпорындағы әр түрлі меншік формасының дамуымен байланысты банктерге ерекше өзектілік береді. Олардың несиеге қабілеттілігін көп жағдайда бағалау қиын, сондықтан несие ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша форманы қолдану несие байланысының орнатқан маңызды шарты болып табылады.
1. Заң күшіне еңген Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы «Банк және банктік іс-әрекеттері туралы», 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісін ережесі «Пруденциалдық нормативтер туралы», 1995 ж.
3. О.И. Лаврушина «Банк ісі», 1992-432 б.
4. Ю.И. Коробов, Ю.Б. Рубин, В.И. Солдаткин. «Банктік портфель-2», 1994-752 б.
5. В.В. Иванов «Банктер үміттік анализі» 1996-320 б.
6. В.Т.Севрук «Банк рисктері» 1995-72 б.
7. Эдвин Дж.Долан. «Ақшалар, банк ісі және ақша-кредиттік политикасы» 1994-496 б.
8. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой «Банк ісі», 1996-480 б.
9. Л.П. Белых «Коммерциялық банктердің тұрақтылығы», 1996-192 б.
10. П. Брук «Банк ісі және инвистицияларды финанстармен қамтамасыздандыру»
11. Рид, Р.Коттер, Р. Смит,Э. Гилл «Коммерциялық банктер», 1983-501 б.
12. «Панорама», №№50-52,1996 ж., №№1-12, 1997 ж.
13. «Іс аптасы», №№1-12, 1997 ж.
14. П. Роуз «Банктік менеджмент», 1994 ж.
15. Гражданский Кодекс РК, Общая часть:1994 г.
16. Банки и банковские организации в Республике Казахстан. Основные законодательные акты (на 1 сентября 2000 г.), Алматы:2000 г.
17. «Банковское дело», Белостоцская Н.Д., Валенцева Н.И., Ершова Т.А. и др.: под.ред. Лаврушина О.И. М.:1992 г.
18. «Банковское дело»/ под.ред. Бабичевой Ю.А. М.:Экономика 1994 г.
19. «Банковское дело»/ под. ред.Колесникова В.И., Кроливецкой Л.П. М.: Финансы и статистика,1996 г.
20. «Банки и банковкие операции»/Пукато В.И., Львов Ю.И. Под. ред. Лапидуса М.Х.М.:Финансы и статистика, 1997 г.
21. Виноградов В.В. «Возможности кредитования и инвестирования в современных условиях»// Деньги и кредит.-1996.-№8
22. Воронин Д.В. «Макроэкономическое регулирование кредитных рисков» // Банковское дело. -1996 г. -№9
23. Дубинин С.В. «Ностальгия по кредитованию» // Экономика и жизнь. – 1997 г.-№7

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Банктік несиенің қайтарымдылығын камтамасыз ету жолдарын жетілдіру
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Банктік пайыз және несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің теориялық
негіздері 5
1.1 Несиелік пайыздың қайтарымдылығының мәні мен маңызы 5
1.2 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету принциптері ... ... . .7
1.3 Банктік несие қайтарымдылығын қамсыздандырудың
шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 Коммерциялық банктердегі пайыздық несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің
негізгі бағыттары 16
2.1. Несие беру кезеңінде клиенттің несиеге қабілеттілігін талдау 17
2.2 Пайыздық кепіл формасын талдау 21
2.3 Несие ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету процесінде кепіл құқығын жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.4 БТА-Банк акционерлі қоғамындағы тәуекелдерді басқарудағы пайыз
процесін талдау 51

3 Несие пайызының қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдары
58
3.1 Банктік несиені қайтаруды қамтамасыз ету формалары және оларды
жетілдіру 58
3.2 Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк процесiнiң даму
болашағы ... ...63
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы банктік жүйе – нарықтық
экономикадағы маңызды құрылым. Банктердің дамуы, тауар өндірісі және
айналымы бұрыннан бері қарай бірге дамып кележатқандықтан бір-бірімен тығыз
байланысты болып кетті. Капиталдарды қайтадан бөлу кезінде банктер делдал
ретінде жүріп, өндірістің жалпы тиімділігі жоғарылатады. Коммерциялық
банктер іскер кәсіпорындардың ерекше категорияларына жатады. Олар
шаруашылық қызмет процесінде жергілікті тұрғындардың капиталдарын, сақтық
қорларын өздеріне қарай тартады және оны қосымша капиталға зәру басқа да
экономикалық агенттерге уақытша қолдануға ұсынады. Несиені уақытында
қайтару кепілдік жүйесінің құрылуы Қазақстанда қазіргі уақытта
кәсіпорындағы әр түрлі меншік формасының дамуымен байланысты банктерге
ерекше өзектілік береді. Олардың несиеге қабілеттілігін көп жағдайда
бағалау қиын, сондықтан несие ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша
форманы қолдану несие байланысының орнатқан маңызды шарты болып табылады.
Несиелік операциялар коммерциялық банктер қызметінде негізгі
белсенділікті құрайды. Біріншіден, олардың сәтті іске асуы негізгі кіріс
көздеріне әкеледі, банктердің тұрақтылығын, беріктілігін жоғарылатады. Ал
несиелеудегі сәтсіздік ойсыратады және банкроттыққа ұшыратады. Екіншіден,
елдің экономикасын дамытуда инвестицияларды несиелеу үшін банктер
қызметінің қайнар көзі екендігін және оның тағдырын шешетінін тәжірибе
айқын көрсетіп отыр.
Банктегі несиелеу – тәжірибедегі анықталған ережелерді сақтау. Оның
мынадай кезеңдегі бар: несиелік мәлімдемелерді қарау және борышқормен
әңгімелесу; оның несиеге қабілеттілігін оқып-үйрену және несие қауіп-
қатерін бағалау; несиелік келісімге қорытынды және дайындау.(1(
Несиелік қауіп-қатер берілген несиенің уақытында өтелмеуімен, пайызды
төлемеуінен туады. Сондықтан, соңғы уақытта борышқорларды мұқият ірікпен,
олардың қаржы – шаруашылық қызметтеріне үнемі бақылау жасалып отырады.
Банктің несие ақшаларының қайтарылуы борышқорға берілген несиенің пайыз
сомасына сәйкес өтелгенін көрсетеді. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету -
бұл күрделі бағытталған банктің қызметі, оған ұйымдастырылған экономикалық
жүйе, несиенің берілуін анықтайтын тәсілдер, қайнар көзі, мерзімі және
өтелу тәсілі, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін құжаттарды құрайтын
ерекше механизм, құқықтық шара кіреді. (2(
Несиені өтеуді екінші қайнар арқылы орындату механизмі банк тарапынан
өндіріп алуға мәжбүр болған жағдайда қолданылады. Мұндай механизм өзінің
құқығын кепілдік туралы келісімшарт түрінде, гарантиялық хат, сақтандыру
полесі арқылы жүзеге асырады. Қосымша қайнар көзді пайдалану заңды құжаттар
көрсетілсе де банктен ерекше шартты және қосымша уақытты талап етеді.
Сонымен, борышқордың кепілдікке қойған мүлігі арқылы несиені қайтару
құқығын жүзеге асыру барысында сотқа немесе арбитражға жүгінуі мүмкін,
сонымен бірге банк тарапынан да, борышқор тарапынан да кепілдік құқық
бойынша анықталған шарттарды сақтау талап етіледі. Нәтижесінде банктің
арызын қанағаттандыру ұзақ мерзімді қарыз процедурасы туады.
Банктің несие ақшаларын өтеудегі механизмінің екінші қайнар көзбен
қайтарудың ұзақ, әрі күрделі жұмыс екенін ескере отырып, несие ақшаларын
беруде бірінші қайнар көздің кірісі негізгі болып табылады. Егер бірінші
қайнар көздің кіріс саласына күдік туған жағдайда, екінші қайнар көз оны
нығайтады, бірақ оның орнын алмастырмайды.
Жоғарыда аталғандарға орай осы диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі
айқын көрінеді. Қазіргі таңда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істеп жатыр.
Олардың несиелердіру үрдісі өте қарқынды дамып отырған кезеңде диплом
жұмысының тақырыбы өте өзекті тақырып екендігін байқаймыз.
Жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Банктік несиелеудің теориялық
негіздері, тұлғаларды несиелендіру механизмдері мен несиелік пайыздың
қайтарымдылығының мәні мен маңызы О.И. Лаврушина, Ю.И. Коробов, Ю.Б. Рубин,
В.И. Солдаткин, В.В. Иванов, В.Т.Севрук, Эдвин Дж.Доланның еңбектерінде
қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының
заңдары мен нормативті-құқықтық актілері, отандық және шетел
экономистерінің монографиялары, баспасөз мақалалары, статистикалық
мағлұматтары табылды.
Диплом жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ең танымал
банктердің қатарынан кіретін ТұранӘлемБанкінің мысалында несиенің
қайтарылу механизмін аша көрсету болып табылады.
Мақсатты орындау үшін диплом жұмысының мiндеттері келесідей:
- несиенің қайтарымдылығының қамсыздандыруды (шетел және отандық
тәжірибеде) аша көрсету;
- несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдарын
зерттеу;
- несие қайтарылуын қамтамасыз етуде кең қолданылатын кепіл, кепілдік,
кепіл болушылық, меншік құқығын табыстау мен талаптан қайту сияқты
формаларын қарастыру.
Зерттеу объектісі – Казақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктердің пайызы және несиенің қайтарымдылық деңгейін талдау.
Зерттеу пәні – Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыздандырудың жолдары.
Диплом жұмысының құрылымы: негізгі бөлімі үш тараудан тұрады және әр
тарау сәйкесінше бірнеше тармақтарға бөлінген. Бұлармен қатар кіріспе,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі 71 беттен тұрады. Ішінде 8 кесте, 6 сурет және
қосымшалары бар.

1 Банктік пайыз және несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің
теориялық негіздері

1.1 Несиелік пайыздың қайтарымдылығының мәні мен маңызы

Несиені қайтаруды қамтамасыз ету мөлшері негізгі сомадан кем болмауы
керек және несиені қолданылғаны үшін пайыз да қосылады. Борышқор кепіл
ретінде мүлік және мүліктік құқық ұсынса, кепіл туралы келісімшарт жеке
дайындалады. Келісімшартқа қосымша кепіл міндеттемелері беріледі.
Несиені қайтаруды қамтамасыз ету формасы дегенде несие ақшаларды оның
пайыздарын есептегенде өтей алатын нақты қайнар көзі деп түсінеміз. Басқа
сөзбен айтқанда, несие келісімін жасаудағы шарт банктің мүддесін қорғауды
қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының банктік заңында коммерциялық банктер беретін
несиелер, несиені қамтамасыз етудің әртүрлі формасында жүргізілуі керектігі
қарастырылады. Банк ұсынатын несиелер мүлік, бағалы қағаздар, гарантия,
кепілші сияқты кепіл түрлерімен қамтамасыз етіледі. Несие ақшалардың
қайтарылуының қамтамасыздығын растайтын құжаттар, несие берілуге дейінгі,
несие келісімшартын жасау кезінде дайындалып, банкке ұсынылуы керек.
Егер қарыз адам банкке белгіленген мерзімде несиені өтей алмаса,
кепілдік құқықты қолдануға мүмкіндік туғызады. (1(
Банк несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кепілдікке борышқордың
меншіктік құқығы бар мүлігі алады. Егер кепілдегі қамтылған міндеттер
орындалмаса, несиені мүліктік (қозғалатын және қозғалмайтын мүлік)
кепілдігі мүлікті жүзеге асыруға құқығы бар. Кепілдік келісімшарты банкке
мынадай құқықтар береді: несие ақшаларды төлеу бойынша мерзімді ұзартқан
жағдайда және кәсіпорын төлеуге қабілеттілігі жоқтығын сотқа, арбитражға
жүгінбей, кәсіпорынның банкрот болғанын хабарлаған жағдайда банк өздерінің
талаптарын қанағаттандырады.
Кепіл тек несие ақшалардың қайтарылуын ғана емес, сонымен бірге
пайыздың төлемге сәйкестігін, келісімшарт бойынша айыпты (келісім-шарттағы
міндеттемелерін орындамағаны үшін төленетін айып) төлеуді қамтамасыз ету
керек.
Кепіл беруші жеке және заңды тұлға болуы мүмкін. Кепіл туралы
келісімшарттағы кәсіпорын, құрылыс, мекеме, тұрғын үй, пәтер немесе жалға
беру құқығы нотариалды түрде куәландырылған және тіркелген болу керек.
Несие ақшалары бойынша кепіл мынадай жағдайда қабылданбайды:
- тез бұзылатын шикізат, бітпеген өндіріс, азық-түлік;
- сақталу жағдайы қанағаттандырылмаған, олардың бұзылып және құрып кету
кауіпі бар бағалылар;
- сұраныста жоқ тауар-материалды бағалылар, өнімдер;
- нарықта сатуға арналмаған бағалы қағаздар.
Кепілдің бағасы несие ақшасының саласымен шектелмейді, көлемі одан
жоғары болуы да мүмкін.
Егер несие ақшалары кепілдікке бағалы қағаздар түрінде ұсынылса, несие
келісімшартына, міндеттеріне немесе кепіл туралы келісімшартқа қол
қойылғаннан кейін, бағалы ағаздардың тізімі жасалып, банкке сақтау үшін
беріледі. Бағалы қағаздар кәсіпорынға (борышқорға) несие ақшаларын және
оның пайыздарын толық өтегеннен кейін қайтадан қайтарылады. Банк несие
ақшаға кепілдікке шығу ережесі және айналымы оны түсіруге немесе басқа
тұлғаға беруге болатын бағалы қағаздарды қабылдайды.
Кепілдің сомасы несие сомасының пайызын есепке алғандағымен сәйкес болу
керек. Несие ақшаларды кепілдікке беруді дайындау техникасының
ерекшеленетін қасиеті бағалы қағаздар кепілінің келісімшарты болып
табылады. Келісімшартта кепілдікке берілген бағалы қағаздар кепілінің
келісімшарты аяқталғаннан кейін ғана клиент несиені алады. Клиент бағалы
қағаздар құнынан 75% көлемінде ғана несие алады.
Банк ұсынатын несие бағалы қағаздар кепілімен қамтамасыздандырылады,
олар: АҚ облигациялары және жоғарғы өтімділіктегі акциялары, коммерциялық
банктердің депозиттік сертификаттары, мемлекеттік билік органдарының
векселдері мен облигациялары. (3(
Сонымен қатар несие банкте ашылған депозиттік шоттағы (шетел валютасы
да жатады) қаражатпен де қамтамасыз етіледі.
Шоттағы сома берілген несие бойынша банк талабын қанағаттандыру үшін
жеткілікті болса болды.
Шетел валютасындағы депозиттік шоттағы қаражат несие келісімшартын
жасаған күнінен бастап шот иесімен келісімшарт негізінде шетел валютасының
курсымен ҚР-ның теңгесіне ауыстырылады.
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің бір формасы сақтандыру
куәлігін (полисін) ұсыну болып табылады. Кәсіпорынның (борышқордың) несие
ақшаларын өтемегендігі үшін сақтандыру жауапкершілігі Қазақстан
Республикасының сақтандыру туралы Заңына сәйкес жүзеге асады.
Кәсіпорын (борышқор) несие ақшаны сақтандыру компаниясына сақтандырып,
несие алу үшін банкке сақтандыру куәлігін (полисін) көрсетуге болады.
Кәсіпорынға (борышқорға) қызмет көрсететін банк, жеке жағдайда өз бетінше,
берілетін несие ақшаларын сақтандыру компаниясымен ерікті түрде несие
қауіпінен сақтандыру келісімшартын жасау жолымен сақтандыра алады. Мұндай
жағдайда банк несие келісімшартына мынадай пункт енгізуі мүмкін банк
төлеген, сақтандыру төлем сомасын кәсіпорынға (борышқорға) қайтарды.
Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін форманың бір формасы – кепіл.
Кепіл жазбаша түрде ұсынылады, ол несие ақшалары бойынша қарызды пайызымен
түгелдей немесе бөлшектеп өтейтін заңды тұлғаның міндеті болып табылады.
Кепіл заңды тұлғаларға беріледі, кепілшінің (гарант беруші) шотына банк
виза қояды. Гарант өзінің шоты бар банк мекемесіне кепіл хатын ұсынады, ол
хат несиенің және оның пайызының түгелдей өтелгенінше сақталады. Кәсіпорын
(борышқор) өзінің банкісіне кепілдің орындалуға қабылданды деген банк –
гаранттың белгісі бар кепіл хаттың көшірмесін ұсынады.
Кепіл (гарантия) несие берілгенге дейін ұсынылады. Сонымен бірге кепіл
кәсіпорын-борышқор банкке несие ақшалары бойынша төлемді мерзімінен
ұзартуды өтінген жағдайда ұсынылады. Гаранттың шотынан қаражатты алу
банктің инкассалық бұйрығымен жүзеге асады.
Кепілдік – банктік тәжірибеде несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету түрі.
Ол жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында банкпен өзара қарым-қатынаста
қолданылады. Заңды тұлғаларымен банктің өзара қарым- қатынаста қолданылады.
Заңды тұлғаларымен банктің өзара қарым-қатынасы жағдайында қолданылса
кепілдік банк мекемесі мен кепілші арасында жазбаша түрдегі келісімшартпен
жасалады. Келісім-шарт бойынша кепілші несие алушының қарызын белгілі уақыт
көлемінде төлеп беруді мойнына алады.
Кепілділік қарыз алушының банктен алынған қарыз ақшаның өз уақытында
қайарылуына жауапкершілік алады. Бұл түрді қолдану кепілшінің несиені
қайтара алу жағдайын мұқият қадағалаудан тұрады, оның мүліктік жағдайы,
репутациясы және сенімділігі ескеріледі. (4(
Бізде кепілділік жергілікті тұрғындарға ұзақ мерзімге несие беру
саласында кең қолданыс тапты, несие көбіне үй салуға және тұрғын үй сатып
алуға беріледі. Кепілділік тұрғылықты халыққа саяжай учаскесін, автомашина,
пәтерді жөндеуге т.б. несие алуға қолданылады. Кепілші ретінде кез-келген
тұрақты жұмысы бар, тұрақты табысы немесе белгілі бір мүлкі (үй, автокөлік,
саяжай, жер учаскесі) бар жеке тұлға бола алады. Кепілділік нотариалдық
кеңседе дайындалады және олар алынған қарызды төлей алмайтын болса, заңды
жауап беруіне әсер етеді. Кепілділікте міндеттемені орындамаса, қарыз
алушымен бірге кепілшіде жауапты болғандықтан, несие берушінің талабын
қарыз алушы орындамаған жағдайда, қарыз алушыға қойылған талапты несие
берушінің алдында бірдей жауап береді. Несие борышқорға мынадай жағдайда
беріледі, егер ол төлеуге қабілеттілігі бар тұлға болса.

1.2 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету принциптері

Кәсіпорындарда және басқа да мекемелерде, өндірістік, әлеуметтік
қажеттіліктерге қажет банктік несиелеу несиелердің қағидаларын қатаң сақтау
түрінде жүзеге асады. Соңғысы несиелеу жүйесінің басты элементі болып
табылады, себебі онда несиенің мәні мен мазмұны көрінеді.
Несиелеудің қағидасына мыналар жатады:
- қайтарудың жеделдігі;
- қайтарымдылық;
- дифференциялдық;
- қамтамасыздық;
- төлемділік.
Бірақ, біраз уақыттан бері экономистеріміз несиені қамтамасыз ету
қағидасын тарылтып жіберді, несиенің материалдық қамтамасыздығы ғана
мойындалды. Яғни бұл дегеніміз несие ақшалары нақты материалдық бағаларымен
берілетін болды, ол несиенің қайтарылуына сенімділік арттырды.
Әлемдік банк тәжірибесінде несиені қамтамасыз етудің түрі материалдық
құндылықтардан басқа кепілдік, заңды және жеке тұлғаларға сәйкес кепілшінің
төлеуге қабілеттілігі, банктің несиесін борышқордың өтей алмаған
жағдайындағы қауіпке байланысты сақтандыру полисі ұсынылады.
Барлық заң міндеттемелері бар форма шаруашылық органы банктен несие
алуды қамтамасыз ету қызметін көрсетеді. Банк қызметі және банктер туралы
заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының коммерциялық
банктері несиелерді өздерінің клиенттеріне әртүрлі форма беру мүмкіндігі ие
болды.
Банктің несие ақшалары бойынша міндеттерімен қамтамасыз ету бір
мезгілде бірнеше формада несие келісімде екі жақта қарастырылады.
Қайтарымдылық несиені басқа экономикалық категориялардан бөліп
көрсететін ерекшелігі болып табылады. Қайтарымдылық болмаса несиенің болуы
мүмкін емес. Қайтарымдылық несиенің атрибуты болып табылады.
Несиелеуді жеделдету несиенің қайтарылуына керекті форма жетістігін
ұсынады. Жеделдету қағидасы несиенің жай ғана қайтарылуының емес, қатаң
түрде белгіленген мерзімде қайтарылуын білдіреді. Жеделдік несиені
қайтарудағы уақытты анықтау болып табылады. Несиелеу мерзімі борышқордың
шаруашылығындағы қаражаттың шегіне жеткендігін білдіреді және уақыттағы
реттік өзгеріс сапалыққа көшеді; егер несие ақшаны қолданудың мерзімі
бұзылатын болса, онда несиенің мәні бұрмаланады, ол өзінің нақты қызметін
жоғалтады, бұл елдегі ақша айналымына кері әсерін тигізеді. (5(
Шаруашылықтың нарықтық жағдайға өтуіне байланысты бұл несиелеу
қағидасына ерекше назар аударуда. Біріншіден, қоғамдық ұдайы өндірістегі
ақша қаражатымен қамтамасыз ету оның көлемі, өсуі, темпі оны сақтаумен
байланысты. Екіншіден, бұл қағиданы сақтау коммерциялық банктердің
өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидасы
несие ресурстарын қайтарылмайтын етіп қаржыны жұмсауға мүмкіндік
тұғызбайды. Үшіншіден, әрбір жеке борышқор жедел қайтарылуы қағидасын
сақтайтын болса, банктен жаңа несие алу мүмкіндігі туады. Несиелеудің
мерзімін банкттер белгілейді. (6(
Несиенің жедел қайтарылу қағидасымен, несиелеудің басқа екі қағидасы
тығыз байланысқан, олар: дифференциялдық және қамтамасыздық.
Несиенің дифференциялдығы коммерциялық банктердің несие алуға үміткер
өз клиенттеріне несие беру туралы мәселеге жоламауды білдіреді.
Несие тек өз уақытында қайтару мүмкіндігі бар шаруашылық органдарға
берілуге тиіс. Сондықтан несиелеу дифференциалдығы несиеге қабілетті
көрсеткіштер негізінде жүзеге асады, оған кәсіпорын қаржы жағдайы,
борышқордың несиені келісімге көрсетілген мерзімде несиені қайтаруы және
дайындығы кіреді. Потенциалды борышқорлардың бұл сапалары өтімділікке
талдау жасаумен, шаруашылықтың меншік қайнар көзбен қамтамасыз
етілгендігімен, қазіргі уақыттағы және келешектегі пайдалылық деңгейімен
бағаланады.
Несиені қажет ететін шаруашылық органдардың несиеге қабілеттілігін
бағалау, несие келісім шартын жасағанға дейін жүргізіледі, ол белгілі
мөлшерде несиенің өз уақытында қайтарылмау қауіпінен сақтандырады,
шаруашылық органдардың жедел несиелеу қағидасын сақтауды болжайды. Несиелеу
дифференциалдығы шаруашылық органдардың несиеге қабілеттілігінен шығып,
олардың шығындарды несие есебінен жабуға кедергі жасайды және қайтару мен
төлеу негізінде дұрыс жұмыс істеудің қажетті шарт ретінде қызмет көрсетеді.
Несиенің мерзімінде қайтарылуы борышқордың несиеге қабілеттілігі және
несиенің қамтамасыздығымен тығыз байланыста болады.
Несие төлеу қағидасы әрбір борышқор банкке өзіне керекті уақытша алған
қаражатқа белгілі төлем кіргізуі керектігін білдіреді. Бұл қағида
тәжірибеде банктің пайыздық механизмі арқылы жүзеге асады. Банк пайызының
ставкасы – пайыздың бағасы. Төлемділік кәсіпорынның шаруашылық
(коммерциялық) есебінен меншік ресурстарын кеңейтуге және қаражаттарын
үнемді пайдалануға жағдай жасайды. Несиені төлеу банкке өздерінің
шығындарын жабуды қамтамасыз етеді. Оларға: депозит пайыздары, өз
аппараттарының шығындары және басқада өз қажеттіліктеріне жұмсауы жатады.
1988ж дейінгі еліміздің мемлекеттік банкі жүргізген пайыздық саясатта
көптеген кемшіліктер болды. Біріншіден, шаруашылықтың барлық салалары
бойынша банктік несиенің барлық түрі бойынша пайыздық ставка үкімет
деңгейінде орталықтандырылған тәртіпте қойылды. Екіншіден, несиелеудің
мерзімі объективті түрде қойылмады, нәтижесінде ұзақ мерзімге берілген
несиенің пайызы, қысқа мерзімге берілген несие пайызынан аз болды. Бұл
әлемдік банк тәжірибесімен қарама-қайшы келді. Үшіншіден, банктік несиенің
пайыздық ставкалары төмен болды. Несиенің арзандылығы басқа қайнар
көздермен салыстырғанда шаруашылықта оған деген жөнсіз сұранысты туғызды.
Банктік несиелеудің барлық қағидаларын тәжірибеде жинақтап қолдану
жалпы мемлекеттің және несие келісімін жасаған екі субъектінің банкпен
борышқордық пайдасын қарастырады.
Банктердің негізгі мақсаты – несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету.
Осы мақсатта банктер әртүрлі формаларын қолданады.

1.3 Банктік несие қайтарымдылығын қамсыздандырудың шетел тәжірибесі

Несиенің бұл түрінің әртүрлі елдердегі дамуын салыстыру оның жалпы даму
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Италия және Жапонияда халық қарызының
жалпы сомасының осы елдердің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) қатынасы 10%
мөлшерінде, ГФР мен Францияда 30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-дан жоғары
мөлшерде. Тұтыну несиесі, ең бастысы, қымбат тауарларды сатып алуда
қолданылады: автокөліктерді, электро – тұрмыстық құралдар, жиһаздар және
тағы басқа. Неғұрлым тауар қымбат болған сайын, соғұрлым несие жиі
қолданылады. Капиталистік елдердегі несиенің жартысынан көбі автокөлік
сатып алу үлесіне келеді. Қалған тауарлар, әдетте, қолма – қол түрінде
салынады.
АҚШ пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға
Персональды несие берумен шұғылданады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір
түрі ретінде қарастыруға болады сол себептен де кәдімгі сатып алынатын
тауарға төлемді кейінге қалдыруға қарағанда қолайлы; үшіншіден мұнда тек
қана банк пен қарыз алушы қатысатындықтан және аралық делдалдардың болмауы
осындай несие жүйесін неғұрлым қолайлы, әрі қарапайым етеді.
Несие пайызы әр елде әр түрлі мөлшерде: мысалы, АҚШ – та автокөлікті
кейінге қалдырып өтеу арқылы сатуда – 6-12% жылдық, тұрмыстық құралдар 7-
10%, орташа алғанда 10-20%. Ал, социалистік елдерде сол кезде пайыз мөлшері
тұтыну несиесіне: 0,5% - жедел және 3% - кейінге қалдырып өтеуде
қолданылған. Тұтыну несиесін әлі де болса алса да, оған деген сұраныс
жоғары пайыздардың болуынан белгілі бір мөлшерде төмендеп кетеді. (7(
Дамыған елдердегі тұтыну несиесі жүйесін ТМД елдерімен салыстыруға
болмайды. Өйткені, нарықтық экономикаға енді – енді аяқ басып отырған
бұрынғы КСРО елдері бұл несиенің түрін енді ғана кең масштабта енгізу
үстінде. Мысалы: Ресейдегі тұтыну несиесі жүйесінің және оның негізгі
мәселелерін қарастырсақ Ресейдің аймақтық банктер Ассоцияциясының
Вицепрезиденті Александр Хандруевтің келтірген мәліметтері бойынша қазіргі
күні банктердің жиынтық несиелік портфелінің 7% ғана халыққа берілетін
несие үлесіне тиеді, ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 30-40%.
2002 жылы Ресейде жеке тұлғаларға берілетін банк несиесінің көлемі бір
жарым есеге, яғни 142 млрд. рубльге өсті. Банктер осындай қарыздарды алуды
жеңілдетті, пайыз қойылымдарын төмендетіп, нарықта қызмет көрсетудің бұл
түрін белсенді іске қоса бастады. Ірі қала тұрғындары тұрмыстық техника
ретінде төлем қабілетті сұраныстың өсуін, азаматтардың өмір сапасын
жоғарлауын, сондай-ақ қаржы институттарының инвестиция үшін тартымды
құралға ие болуын атап өтуге болады. Ал, қолайсыз жағына, біріншіден,
көбінесе, сатып алынатын тауарлардың импортталатын тауарлар екендігі,
екіншіден, қарыз берушілер де, қарыз алушылар да тәуекелге бел буып отыру.
Ал несиеге өмір сүру мәдениеті төмен Ресей үшін бұл қауіп тіптен мүмкін.
Дегенмен де, оның көбі тек қана декларациямен ғана шектелуде, ал кейбіреуі
ғана 20-30 минут ішінде тұрмыстық техника мен жиһазды несиеге толтырып бере
алады. Соған қарағанда Русский стандарт банк басқармасының төрағасының
орынбасары Дмитрий Руденконың келтірілген мәліметтері мен ұсыныстары дұрыс
сияқты: Жобаны жүзеге асыру ақпараттық технология, өнім маркетингі, нарық
зерттеуіне, сондай-ақ, несиелік тәуекелді анықтап онымен жұмыс істеуді
түсіну үшін үлкен қаражат қана және жұмсалған инвестициялар өзін тек несие
санын 500 мыңнан асса ғана ақтай алады, ал 10 немесе 50 мың несие беру үшін
бұл істі бастаудың қажеті жоқ дейді. Осыған байланысты, қызметкерлерді
оқыту және ең бастысы автоматтандырылған жүйе мен нарықтық зерттеу қажет.
Мұның барлығына 5-7 млн.8-ден кем емес мөлшерде қаражат қажет, ал бұған кез
келген банктің шамасы кем берметіндігін айтады.
Ресей банктерінде тұтыну несиесімен қамтамасыз ету жүйесін
ұйымдатырылуы. Ресейдің Владивостоктағы жеті ірі банкісі тұтынушыларға
(халыққа) тұтыну несиесін беруге әзір, олар: Дальневосточный банк,
Дальрыббанк, Востокбизнесбанк, Конэкагропромбанк, Примтекомбанк,
Примсоцбанк және Сбербанк.
Дальневосточный банкі ұсынатын тұтыну несиелерін осы банкпен клиенттік
қатынастары байланыстыратын компания жұмысшыларына алу тиімді. Мұндай заңды
тұлғаның кепіл болуы қажетті қаржы қаражаттармен қамтамасыз ету туралы
шешім қабылдауда маңызды рөлге ие. Егер, қарыз алушы клиент жұмысшысы
болмаса, онда тұтыну несиесін кепіл затпен қамтамасыз ету тиімді. Кепіл зат
ретінде банк және қозғалмайтын мүлікті, көлік құралдарын, әшекейлік
бұйымдар және валютаны қабылдайды.
Дальрыббанк қозғалмайтын мүлікті иеленуге, құрылысына және қайта
құруға, қымбат тұратын тауарлар мен қызметтерді алуға, соның ішінде ақылы
емделу үшін тұтыну несиесін береді. Несие алудың ең басты шарты, мұнда
тұрақты жұмыс орнының болуы. Дальрыббанкте кепілзат ретінде қозғалмайтын
мүлік объектілері, көлік құралдары, міндетті депозиттік салымдар және
өтімді бағалы қағаздар бола алады.
Ал, Востокбизнесбанктегі тұтыну несиесінің мөлшері қарыз алушының
жалақы, тағы басқа тұрақты табыстары сияқты табыстар деңгейімен анықталады.
Несие сомасы несие берілетін мерзім ішінде қарыз алушының жиынтық табысының
50% - нан жоғары болмауы тиіс. Мұнда кепілзатың негізгі түрі ретінде
қозғалмайтын мүлік, ең алдымен пәтерлер болып табылады. Жеке жағдайларда
кепілзат ретінде басқа да заттар болуы мүмкін. (8(
Конэкагропромбанк халықта ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар мен
қамтамасыз ету үшін несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Оның
тұтыну несиесі нарығындағы іс-әрекеті басқа банктер іс-әрекетіне қарағанда
бірқатар ерекшеліктерге ие. Олардың ішіндегі ең бастысы – тек нақты
тауарларды таңдау ғана емес, сондай-ақ сатушыларды таңдаудағы қатаң
мақсатты сипатта болуы. Бүгінгі күні Конэкагропромбанкпен бірге жиһаз,
компьютер, оргтехника тағы басқа заттарды сатумен айналысатын бірнеше ірі
компаниялар жұмыс істейді. Бұл банкте, тұтыну несиесін соңғы жұмыс орнында,
бір жылдан кем емес уақыт жұмыс істейтін кез келген адам ала алады. Мүмкін
болатын несие сомасы, оның ақшалай табыстарына тәуелді. Есептеу тәсіліне
шекті сипат тән, яғни бір адамның немесе жанұяның нақты табыстарынан ең
төмен өмір сүру минимумын алып, комуналды шығындары қосылады. Нәтижесінде,
несие өтеліміне бағытталатын максималды сома алынады. Банкпен шарт
жасасқанға кейін қарыз алушы Конэагропромбанктегі өзінің жеке шотына кепіл
ретіндегі тауар құнының 30% - нан кем емес мөлшерде ақша сомасын салады.
Банк сондай-ақ, кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктерді несиелеуді
жүзеге асырады. (9(
Примсоцбанк пәтер алуға қарызбен қамтамасыз етеді. Төрт жылдан бері бұл
банк Бизнес Дом компаниясымен бірігіп, пәтерлерді өтелімін кейінге
қалдырып сату бағдарламасын жүзеге асыруда. Тұтыну несиесін алудағы
кепілзат ретінде қозғалмайтын мүлік, автокөлік құралдар, тұрмыстық және
оргтехника бола алады.
Ресейдің банктік қызмет көрсету нарығында жаңа экономикалық қызмет
көрсету түрі дамуда. Газпромбанк тұтыну несиесін берудің жаңа тәсілін ойлап
тапты: ресми түрде ол клиенттерге ақшаны тегін береді деуге болады. Яғни,
қарыз алушылар несиені қолданғаны үшін пайыз төлемейді, бірақ сатып алуды
ол тек белгілі бір дүкендерде ғана жүзеге асырады. Алдыңғы жылдан бастап
банк 25 мың пайызсыз тұтыну несиелерін берген. Бірақ несиені алу үшін
Газпромбанкпен бірге жұмыс істейтін дүкендерден ғана алуға болады.
Эксперттердің айтуынша, ресми түрде клиент төлемейтін пайыз бәрі бір де
тауар бағасына кіреді. Сауда ұйымдары мұндай бағдарламаларға өте мүдделі,
өйткені олар өзінің сату көлемін ұлғайту мүмкіншілігіне ие. Дүкендер өзінің
сауда айналымын ұлғайта отырып толығымен өзінің сатып алушылардың несиелік
пайыздарын өтеуге кеткен шығындарын толығымен өтейді. Біріншіден, айналым
ұлғайған кезде табиғи түрде пайда да өседі. Көлемін ала отырып, қосымша
жеңілдіктерге ие болады. Дегенмен пайызсыз несие сызбасын банк үшін өте
тиімді, өйткені тәуекелді толығымен сауда үйі көтереді, яғни егер клиент
сатып алған тауар үшін төлемейтін болса, банк несиесін сауда желісі
қайтаруы тиіс болады. Эксперттердің айтуынша, Газпромбанк стандартты
тұтынушылық несиелеудің бір тәсілін қолданған, несие пайызы сауда ұйымының
тауар бағасына қосылған. Ал, мұндай несиелеудің мәні мынада: психологиялық
түрде клиентке мұндай несиені алу оңай, өйткені пайыздарды өтеу бойынша көп
ойланып басын қатырмайды.
Енді ипотекалық несиелеудің шетел тәжірибесін қарастырайық.
Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесін шет ел тәжірибелерінде әрекет
етіп отырған негізгі үлгілері бар. (10(
Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі
шартты түрде айтсақ қарапайым ашық үлгі. Бұл үлгінің бастапқы принциптік
сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің жалпы
өтініші банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттары: депозиттерде
жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және тағы сол сияқты
есебінен қамтамасыз етіледі.
Қарапайым ашық үлгінің принциптік сипаты ипотекалық ссудалары бойынша
белгіленетін пайыз мөлшерлемелері елдегі несие қаржы нарығындағы жалпы
жағдайға тікелей тәуелді болып табылады. Бұл тәуелділік банктердің
ипотекалық несиелеуге байланысты олардың активтеріне және ауқымына мәнді
әсер етеді.
Бұл үлгі негізінде ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру, әсіресе қаржы
нарығы мен бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болмаған көптеген
елдерде іс жүзінде кеңінен тараған.
Бұл қарастырылған үлгіден ажыратылатын келесі үлгі кеңейтілген ашық
үлгі деп аталады. Бұл үлгі бойынша банктердегі ипотекалық несиелеу жүйесі
үшін несиелік ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылатын, жылжымайтын
мүліктермен қамтамасыз етілетін екінші реттегі бағалы қағаздар нарығы
арқылы жүзеге асырылады. Кеңейтілген ашық үлгісі тек кеңейтілген ипотекалық
нарық құрылымының құрылған жағдайында, екінші нарықта айналыста жүретін
бағалы қағаздардың эмиссиясына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін және
жиі бақылауға алу жағдайында ғана іске асырылады. Бұл үлгі іс жүзінде
тұрақты экономикасы бар елдерде кеңінен таралған. Әсіресе, бұл үлгінің
дамуы АҚШ – та қанат жайды. Осындай себептерге байланысты бұл үлгіні
көбінесе ипотеканың американдық үлгісі деп атап кеткен. Бұл үлгі 1-
суретте көрсетіледі.

Р1

3 Несие
үшін
толенетін пайыз
(7-9% жылдық)
Р

2

Ипотекалық несие
(70-75% үйдін

бағасынан )

1
Бірмезгілдік
бастапқы салым
(25-30%)

0 15-30 жыл

Сурет 1 - Ипотекалық несиелеудің американдық үлгісі
Р- нарықтан тұрғын үй сатып алу бағасы;
Р1- несиені есепке алғандағы тұрғын үйдің нақты құны;
Абцисса осінде – баға, ординат осінде – жылдар.
Американдық үлгінің қағидасы бойынша әр жылда белгілі бір табысы бар
адам тұрғын үйдің құнына жартылай нақты ақшамен, ал қалған бөлігін
клиенттің иелігінде бар немесе сатып алғалы отырған жылжымайтын мүлікті
кепілге ала отырып, берген арнайы ипотекалық ссудасы есебінен төлеп, бірден
тұрғын үй ала алады. Мұндай несиенің қайтарылуы ипотеканың типіне және
қарыз алушының әр жылдық табысына байланысты 15-30 жылдың ішінде жүзеге
асырылады.
Бұл тұрғын үйді қаржыландыруды ұйымдастыру үлгісінің дамуы берілген
ипотекалық салынған мүлік актілерін сатуға мүмкін болатын нарықтың болуын
талап етеді. Американдық үлгі ипотекалық эмиссиондық компаниялар үшін ұзақ
мерзімді қаржы тәуекелі мәселесін шешетін қолайлы тәсіл ретінде көптеген
банктерді өзіне таратады.
Қарапайым ашық және кеңейтілген ашық үлгілердің сипаты белгісі олар
таза нарықтық ипотекалық несиелеу механизмін білдіреді. Мұндай жағдайда,
ақшаға деген – сұраным мен ұсыным балансы және ауқымы көбіне екі өзара
байланысты көрсеткіштермен реттеледі: 1) ссудалары бойынша банктік пайыз
мөлшері және екінші нарықта орналасқан бағалы қағаздардың табыстылығына
байланысты анықталатын несиелік ресурстар бағасымен; 2) сақтандыру
компанияларын қоса алғандағы ипотекалық нарықтық барлық кәсіби
қатысушыларының қызметтеріне төленетін аударымдар мөлшерімен.
Ипотекалық несиелеудің келесі бір үшінші белгісі – бұл балансталған
автономды үлгі. Бұл үлгінің ең басты белгісі оның қызметінің жинақ –ссуда
принципіне негізделуінен көрінеді. Мұндай принцип барысында банктердің
жиынтық несиелік портфелі капиталдардың ашық нарығынан қарызға алу арқылы
емес, оның орнына өзара кассалық көмек принципі бойынша болашақ қарыз
алушының қаражаттарын тарту есебінен құралады. Бұл үлгі бойынша қарыз алушы
алдын-ала өзінің уақытша бос қаражаттарын сұрайтын несиенің жартылай сомасы
мөлшерінде жинақтағаннан кейін барып ссуда алуға құқылы.
Мұндай шектеулілік алдындағы қарастырылған үлгілермен салыстырғанда
басты кемшілік болып табылады. Өйткені, бұл үлгі нақты қарыз алушының
жылжымайтын мүлікті сатып алудағы кешеуілдетеді.
Бірақ та, бұл балансталған автономиялық үлгінің өзіндік артықшылығы да
бар, яғни бұл үлгі өзінің автономиялық күшіне байланысты жалпы қаржы –
несие нарығының жағдайына тәуелсіз. Балансталған автономиялық үлгінің іске
асырылу барысында ипотекалық банк үшін қай жерден және қандай бағада
несиелік ресурс табу сұрағы мазалайды, банкке тек өзінің көрсететін қызметі
үшін ақыл – ойға сыйымды маржаны белгілеуі ғана қажет құрылыс қаражаттары
салымы бойынша табыс мөлшері және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз
мөлшері еркін жағдайда белгіленеді. Банк мақсаты жинақтарға табыс төлемей –
ақ сол төленетін табыс мөлшерінде несиенің бағасын қысқарта белгілеуіне
болады. (11(
Мысалға айталық, жинақтарға төленетін табыс 10%, ал несиеге қойылатын
пайыз мөлшері 13% десек, онда банк жинаққа төленетін табысты несие
бағасынан шегеру арқылы маржаны 3% деп хабарлауы мүмкін.
Демек, бұл үлгі қарызға алатын ақшалардың нарықтық бағасына да, сол
сияқты бұл бағаны жалпы деңгейіне тәуелсіз болып табылады. Балансталған
автономиялық үлгінің бұл сапасы экономикасы тұрақсыз елдерде ипотекалық
несиелеудің дамуы үшін аса маңызды. Бірақ та, бұл жерде барлық өзара есеп
айырысулар еркін аумастырылатын валютада жүргізілгенді қалайды. Сондай-ақ
аталған үлгінің тағы да бір артықшылығы, мұнда несие беруші несиенің
қайтарылуында ең төменгі тәуекелге барады.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
P1

4
Несие үшін төленетін
Пайыз (5-9%
жылдык) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
P

3

Ипотекалык несие
(45-50% үйдің

бағасынан)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2
Мемлекеттік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... дотация

1

Максатты салым
(45-50% үйдің

бағасынан)

0

2-10 ; тұрғын үй сатып 7-8 жыл
алу уақыты

Сурет 2 - Германияның құрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі

Р – нарықтан тұрғын үй сатып алу бағасы; Р1 – несиені есепке алғандағы
тұрғын үйдің нақты құны; Абцисса осінде – баға, ординат осінде – жылдар.
Қазіргі кезде Германияда бұл үлгі іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Мұнда
қорлану (құрылыс қаражаттары) механизмімен нақты азаматтарды несиелеу
механизміндегі сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатты қаражат
жинақтау және пайдалануымен байланысты болатын азаматтардың инициативасына
қаржылық қолдау көрсетуге байланысты мемлекеттік механизмдердегі
сәйкестіктерді ескеретін, барлық елді қамтыған құрылыс жинақтарының
жүйесі құрылған.
Тұрғын үй алғысы келген азамат, тұрғын үйді сатып алатын уақыттан
бұрын, яғни 2-10 жыл бұрынырақ арнайы қаржы – несие жүйесімен өзара
қатынасқа түседі. Өзінің мүмкіндігіне қарай арнайы банктерге немесе жинақ
кассаларына (Bausparkasse, Schwabisch Hall және т.б. құрылымдарға кіретін)
болашақта сатып алатын үйдің 45% жинақтайды. Содан кейін барып, ол,
мемлекеттік дотация алуға (үйдің құнының 10% шамасында) және қалған
төлейтін бөлігінің шамасында банктен жеңілдікпен 10-15 жылға несие алуға
құқылы болып табылады. Германияның үлгісі 2-суретте берілген. (8(
Бірінші кезеңде мақсатты салымдар есебінен жинақталған қаржылық
ресурстарды банк бұл осы жүйемен ертерек қатынас орнатып, несие алу
кезеңіне өткендерге, яғни ссуда сұрап отырған клиенттер үшін пайдаланады.
Басқаша айтқанда, Германияның құрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі
жылжымайтын мүліктердің салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етіліп
шығарылатын бағалы қағаздардың екінші нарығымен байланыспайды және оған
тәуелді емес. Германияның құрылыс қаражаттары жүйесінің ең басты бір
артықшылығы оның шегінде пайдаланылатын мақсаты құрылыс қаражаттарына,
берілетін несиеге байланысты есептелетін пайыз мөлшері автономиялық
болғандықтан да, несие- қаржы нарығының жалпы жағдайына тәуелсіз болып
табылады. Бұл сызбаның басты сипаты оның шектеулігін көрсетеді, яғни
несиенің берілу көзі ретінде құрылыс қаражаттарын жинақтау келісім –
шартына қатынасушы – салым иелерімен жинақталатын қаражаттардың
қолданылуынан байқауға болады. Бұл жүйені пайдаланатын банктер мақсатты
салымдар бойынша нарықтан төменгі жағдайда, пайыз төлеумен қатар, нарықтан
төменгі жағдайда несиелер беру мүмкіндігі бар.
Германияда құрылыс жинақ жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау бар.
Мемлекет меншікті капиталдың жинақталуына тұрғын үй құрылысына сыйақы беру
немесе салықтық жеңілдіктер жасау арқылы ынталандырып отырады. Салым
иесінің ынталандыру түрін таңдау құқы бар. Егер ол сыйақы (субсидия) жолын
таңдаса, онда оның жинағы 300 неміс маркасына (жалғыз бастылар үшін) немесе
1600 маркаға (жанұялылар үшін) жеткенде мемлекеттен 10% көлемінде қосымша
сыйақы алады.

2 Коммерциялық банктердегі пайыздық несиенің қайтарылуын қамтамасыз
етудің негізгі бағыттары

2.1 Несие беру кезеңінде клиенттің несиеге қабілеттілігін талдау

Несиелеуді жеделдету, қайтарымдылық, төлемділік жағдайында қамтамасыз
етумен жүзеге асыру. Тікелей несие келісімшартымен несиені мен борышқор
қарым-қатынасын регламентациялау арқылы өтей алмау қаупін болдырмау үшін,
берілген қаражаттың өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында
коммерциялық банктер несие ақшаларын сенімді клиенттерге ұсынуды қалайды.
Банк пен борышқор арасындағы несиелік қарым-қатынас несиелік
келісімшартпен дайындалады. Борышқор өтінішпен расталған құжаттармен
коммерциялық банкке барады, ол құжатта мыналар көрсетілген: несиенің
мақсаттық бағыты, оның сомасы және қолданылу мерзімі (нақты өтеу мерзімі
көрсетілген), несиелейтін іс-шараның қысқаша мінездемесі және оның жүзеге
асқандағы экономикалық эффектісі. Өтінішпен бірге борышқор: құрушы
құжаттардың көшірмесін, жарғыларды, қаулыларды, жалға беру
келісімшарттарын, тіркелген жеке куәлікті немесе патенттерді, жер учаскесін
қолдануға құқығы барын куәландыратын құжаттарды, клиенттің несие алудағы
тең құқылығын растайтын құжаттарды, өнімді жүзеге асырғандағы түсімін
есепке алып, несиеленетін іс шараның техника-экономикалық негіздегі
келісімшарт көшірмелерін, несиеленетін іс шараға қатысты барлық құжаттарды,
жылдық, тоқсандық пайда және шығын туралы бухгалтерлік, статистикалық есеп,
кіріс туралы декларацияны, шот бойынша көшірмені, несие ақшаларды өз
мерзімінде қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа міндеттерді (кепілдік
міндет, кепіл, кепілділік, сақтандыру куәлігі) ұсынады.
Банк өтінішті және керекті құжаттарды қабылдағанда борышқордың несиеге
қабілеттілігін талдайды, сұрап отырған несие ақшаларын қайтаруға
қабілеттілігін және дайындығын анықтайды. Сонымен бірге борышқордың
репутациясы, капиталдық бар жоғы (активтерді иеленді) және қарызды
қамтамасыз ету, экономикалық конъюктура жағдайы икемсіз.
Борышқордың қабілеттілігі – бұл тек қарызды өтеу қабілеттілігі емес, ең
алдымен несие алуды растайтын заңдылық. (12(
Сондықтан заңды немесе жеке тұлғаларға несие ақшаларын ұсыну мәселесін
шешуде, банк ең алдымен несие алудың заңдылығын анықтайтын жарғылармен,
қаулылармен, төлқұжаттармен танысу керек. Банктер заңды тұлғаларға несие
ақшаларын алуға құқығы бар құжаттарды көрсетуді талап етеді.
Борышқордың репутациясы қарыз ақшаны қайтару мүмкіншілігімен
шектелмейді және несие келісімі жағдайынан шығатын барлық міндеттерді
орындауға деген ықыласы да жатады. Кәсіпорын басшылығының, борышқордың
репутациясы бағалау критериені басқару факторы, кәсіпорынды басқару
біліктілігі өндіріске қажетті тауарларды, шикізатты, қаражатты, адамдарды
табуы, сонымен бірге түскен түсім де жатады.
Капиталдың бар болуы активтерді иеленуін және несиемен қамтамасыздығын
болжайды. Егер кәсіпорында несие ақшаларды қамтамасыз етуге капиталдары
болмаса, оған несие ұсынылуы мүмкін емес. Кәсіпорынның қаржы жағадайының
көрсеткіші – кәсіпорынның жарғы капиталы.
Конъюктуралық жағдайы – бұл экономикалық орта, онда банктің несие
ақшаларын алған кәсіпорындар мен жеке борышқорлар иемдену кезеңінде жұмыс
істейді. (13(
Борышқордың несиеге қабілеттілігін талдауда және несиеге үнімдеме
сапасын бағалауда банк қызметкері кәсіпорын – борышқор басшылығынан банк
тізімдемесіне сәйкес пакет толы құжаттарды тікелей алады, несие
мәлімдемесіне оның жеке тұлға екендігін төлқұжат бойынша растайды,
борышқордан алынған ақпарат бойынша экономикалық талдау жүргізіледі, онда
банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас кіреді.
Белгіленген мерзімде банктің міндеттерін клиенттің орындауына, нарықты
дайын өніммен қамтамасыз ету, несие іс шаралары бойынша бағалыны жүзеге
асыру келісімінің бар-жоғына, есептеу формасына, сатып алушының келісімшарт
міндеттерін орындамағаны үшін айып санкцияларын көрсетудің мүмкіндігінің
бар-жоғына ерекше назар аудырылады. Өнім көлемін жүзеге асыруда мына
мәселелер қаралады: техникалық қарым-қатынас және оның жағдайы, негізгі
жабдықтың амортизация дәрежесі, сақтау қоймасының бар-жоғы, клиенттің
қызметі және т.б.
Несие келісімшартын дайындау кезеңінде борышқордың несиеге
қабілеттілігі, нақты айтқанда, клиент несие акцияларын және оның пайызын
белгіленген уақытта қайтаруға жағдайы бар ма?
Несиеге қабілетті, төлеуге қабілетті деген ұғымдарды ажырату керек.
Борышқордың несиеге қабілеттілігі төлеуге қабілеттілігіне қарағанда төлеу
уақытын белгілемейді, жуық арадағы төлеуге қабілеттілігін болжайды. Несиеге
қабілеттілігі көрсеткіш жүйесінің негізінде бағаланады.
Несиеге қабілеттілікті талдауда әртүрлі қайнар көздің ақпараты
қолданылады. Несиеге қабілеттілік мына коэффициенттермен бағаланады:
- өтімділік
- өтеу
- айналымдылық
- меншік қаржы айналымымен қамтамасыз ету көрсеткіші және қаржы
тәуелсіздігінің көрсеткіші
- жүзеге асқан өнімнің түсімі.
Борышқордың өтімділігі дегеніміз оның ақша міндеттерін өз уақытында
орындау мүмкіндігі. Өтімділік коэффициенті және өтеу оның меншігін қарызды
өтеуге айналу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл екі коэффициентте актив пен пассив
баланстарды салыстыру жолымен есептелінеді.
Қысқа мерзімді қарыз міндеттерінің құрамында, яғни пассивтерде мына
баптар ескеріледі:
- қысқа мерзімді несие ақшалары бойынша қарыз;
- ұзақ мерзімді несие ақшалары бойынша қарыз;
- барлық несиелік қарыз.
Бір жолғы мақсатты несие алуға келген клиенттің несиеге қабілеттілігін
анықтауда, қысқа мерзімді қарыз міндеті бойынша сұралған несие сомасын
көбейтеді.

Өтімділік коэффициенті (өк) былай есептелінеді:

өк = өтімділік қаражаты
қысқа мерзімді қарыз міндеттері
(2.1)
Өтеу коэффициентін (өк) есептегенде өтімділік қаражаты ескеріледі:
өк = қаражат өтімділігі
қысқа мерзімді қарыз міндеттері
(2.2)

Өтімділік коэффициенті борышқордың қайтаруға тиіс қарыздың қай бөлігі
өзінде бар қаражатпен өтеуге болмайтынын, яғни бұл коэффициент клиенттің
жақын арады банкке қарызды жедел түрде өтеу мүмкіндігін болжау үшін
қолданылады.
Өтеу коэффициенті қаражаттың материалдық қамтамасыз етуіне әсерін
тигізеді және оның төлеуге қабілеттілігінің көрсеткіші болады. Ол
несиелеуді бағалау үшін де қолданылады. Егер Өк бірлігі аз (1) болса,
қаралатын несиені қауіпті деуге болады, оның қайтарымдылығын қамтамасыз
ететін қорғанудың қосымша формаларын қарастыру керек.
Айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті АҚ ағымдағы активтердің
айналу жылдамдығын және активтерге қойылған қаржының жылдам шындық ақшаға
айналуын сипаттайды. Олар мына мәліметтерді қолдану арқылы ескерімді:

АҚ = айналым активтерінің х кезеңдегі орта көлемі
өз бағасы бойынша тауар айналымы (өнімді жүзеге асырғандағы
түсім)
(2.3)

АҚ есебі несиелеу мерзімін анықтап, айналымдылығын болжауға мүмкіндік
береді.
Айналым активтерінің айналымдылық көрсеткіші сапалы көрсеткіш болып
табылады және өтеу коэффициентінің динамикасын бағалауда да қолданылады.
Қаржылай тәуелсіздік коэффициенті (ҚТК) кәсіпорын қызметінің қандай
бөлігін меншік капитал шотынан қаржылатындыратындығы формула бойынша
көрсетілген:

ҚТК = меншік қаражатының қайнар көзі
баланс сомасы Х 100%
(2.4)

Банк үшін АК және ҚТК несие келісімін жасағанда қауіп дәрежесін анықтау
үшін маңызды. Меншік қаражатының қайнар көзі көп болса, қарыз міндеті
бойынша клиенттің мерзімінде төлеу мүмкіндігін артады.
Меншік айналым қаражатымен қамтамасыз ету коэффициенті (МАҚҚеК) актив
айналымына қойылған клиенттің меншік айналым қаражатының жартысын
сипаттайды.

МАҚҚеК= айналым қаражатының болуының фактісі
запастағы, шығындағы, есептегі және Х
100 %
ақшалай формадағы айналым активтерінің
жалпы өлшемі

(2.5)

Жүзеге асқан өнімнің пайдалылық коэффициенті (ЖаӨПК) жүзеге асқан әрбір
өнімнен кәсіпорынға түсетін түсімнің қаншалықты екенін көрсетеді.
ЖаӨПК түсуі кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметіндегі жағымсыз
өзгерістерді куәландырады. ЖаӨПК есебіне мына мәліметтерді қолданады:

ЖаӨПК = өнімді және асырудың нәтижесі
өнімді жүзеге асырғандағы түсім (тауар айналым)
(2.6)

Жоғарыда келтірілген коэффициенттер негізі мен оларға сәйкес бағалау
несиеге қабілеттілік класын анықтайды. Несиеге қабілетті класына байланысты
борышқормен қарым-қатынас қалыптасады: несиені ұсыну жағдайы (қарыз
мөлшері, мерзімі, қамтамасыз ету формасы, пайыздық ставка).
Кейбір банктерде клиенттер мен олардың несиеге қабілеттілігі бес класс
бойынша дифференциалданады:
- 1-ші, 2-ші кластағылар тұрақты қаржы жағдайы бар несие ақша алушылар
жатады. Олардың несиені төменгі пайыздық ставкамен қолдануға құқықтары
бар;
- 3-ші кластағы клиенттердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы жеткілікті,
олардың несиелері жалпы негізде, ең жоғары ставканы қолданумен жүзеге
асады;
- 4-ші кластағы клиенттердің тұрақты қаржы жағдайы жоқ. Оларға
ұсынылатын несиенің қауіпі жоғары, сондықтан банк несиенің
қайтарымдылығын қамтамасыз ететін, қорғанудың ерекше формасын
қолданады, пайыздық ставка өседі;
- 5-ші кластағы клиенттердің несиені қайтаруға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан
оларға несие ұсынылмайды.
Несиеге қабілетті класс есебі баланстық мәлімет негізінде жүргізіледі
яғни статистикадағы клиенттің шаруашылық-қаржы қызметін сипаттайды.
Борышқордың беріктілік дәрежесімен тереңірек танысу үшін бұл көрсеткіштерің
мақсатқа сәйкес талдауын жүргізіліп, себебімен оқып танысу керек.
Коэффициенттердің сәйкестік деңгейін өзгерткен себебінің талдауы
клиенттілігін бағалау процедурасында міндетті элемент болып табылады.
Несие портфелін қалыптастыруда тек активті операциялардың жоғарғы кіріс
бағытын анықтау емес, олардың бар ресурстармен сәйкестігі де маңызды.
Активтер мен пассивтерді басқарудың бірнеше икемділігі бар, әртүрлі
активтер тобының арасында ресурстар әртүрлі бөлінеді. (14(
Бір әдіс банк ресурстарының біріккен сомасын бөлу әртүрлі актив
түрлерінің ресурстарды жасау қайнар көзіне тәуелденбейтінін қарастырады.
Мұндай әдісте актив операцияларын жүзеге асыруда қаражаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен нысандары
Банктік қызметтегі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету
Несие беру кезеңі
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы
Несие қоржыны
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметінің қайтарымдылық операциялары
Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
Пәндер